Ринат абу Мухаммад: Ақтөбедегі уақиғалар туралы бірер сөз

Categories: Бүлік,Джамаат «Джихад»,ИГИШ (ИГИЛ)

Бірінші сөз:

Ақтөбедегі уақиғалардың орын алуына күнәлі болған адамдар сияқтылар туралы Аллаһ Тағала былай деген:

إِنَّمَا جَزَاء الَّذِينَ يُحَارِبُونَ اللّهَ وَرَسُولَهُ وَيَسْعَوْنَ فِي الأَرْضِ فَسَاداً أَن يُقَتَّلُواْ أَوْ يُصَلَّبُواْ أَوْ تُقَطَّعَ أَيْدِيهِمْ وَأَرْجُلُهُم مِّنْ خِلافٍ أَوْ يُنفَوْاْ مِنَ الأَرْضِ ذَلِكَ لَهُمْ خِزْيٌ فِي الدُّنْيَا وَلَهُمْ فِي الآخِرَةِ عَذَابٌ عَظِيمٌ
» Ақиқатында, Аллаһ және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің жазасы: өлтірілулері, не асылулары, яқи қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері немесе жерден айдалулары. Бұл олардың дүниедегі жапасы. Және олар үшін Ақыретте ұлы азап бар» («әл-Мәида» сүресі, 33-аят).

Құранның атақты тәпсіршісі шейх Абдуррахман әс-Саъди былай деген: «Аллаһ және Оның Елшісіне қарсы соғысу дегенде Оған және оның Елшісіне дұшпандық қатынаста болу, сондай-ақ күпірлік, АДАМ ӨЛТІРУ, ӨЗГЕЛЕРДІҢ МАЛ-МҮЛКІН ИЕМДЕНУ немесе ЖОЛДАРДА ТОНАУШЫЛЫҚ жасау арқылы жер бетінде бұзақылық тарату меңзеледі. Бұл көркем аят қалалар мен елсіз мекендерде адамдарға шабуыл жасап, олардың мал-мүлкін тартып алатын, оларды өлтіретін, адамдарға үрей мен қорқыныш салатын әрі оларды жолдар арқылы сапар жасаудан бас тартуға мәжбүрлейтін   үлкен жолдарда (тонаушылық жасайтын) қарақшылар туралы түскені жақсы белгілі.  Олар жолдарды кесіп тастайтын сияқты еді, әрі Аллаһ Тағала мұның жазасы ретінде аталған жазалардың бірі болатынын хабарлады…
Бұл аяттан әрбір қылмыс түрі үшін Аллаһ Тағаланың даналығымен анықталатын тиісті жаза орнатылғаны келіп шығады. Егер қарақшылар адам өлтіру немесе тонаушылық жасаған болса, онда олар ел алдында қорлануы және абыройсыздануы үшін әрі басқа адамдар мұндай іс-әрекеттерден тыйылу мақсатында, оларды өлтіру және керу арқылы жазалау керек… Бұл жаза қарақшылар үшін бұл дүниедегі қорлық және абыройсыздық болып табылады, ал Ақыретте оларды ұлы жаза күтуде.

Осыдан жолдардағы қарақшылық жасау адамдарды жердегі тіршілік ету кезінде қорлыққа әрі өлгеннен кейін жазалауға душар ететін ауыр күнәларға жататыны келіп шығады, әрі осы орайда адам осыны істеу арқылы Аллаһпен және Оның Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) соғыс бастаған болады. Ал егер осы қылмыс осыншалықты ауыр болатын болса, онда жер бетін жүгенсіз бұзақылық жасаушылардан тазарту, жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрі адамдарды өз өмірлері мен мал-мүліктері үшін қорқу мен үрейге түсуден құтқару жер бетіндегі үлы игі істерге және Аллаһқа ұнайтын керемет  амалдарға жатады.  Мұндай        іс-әрекет жер бетінде бейбітшілік пен салиқалылықты қамтамасыз етеді әрі жер бетінде бұзақылық таратудың толық қарама-қайшысы болып табылады.

Екінші сөз:

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олар (хауриждер) туралы: «Егер мен оларды көріп үлгерсем, онда оларды, Ғад қауымы қалай жойылған болса, солай жоямын», — деген (әл-Бухари).

Ал Ғад қауымы қалай жойылды?
Аллаһ Тағала былай деді:
وَأَمَّا عَادٌ فَأُهْلِكُوا بِرِيحٍ صَرْصَرٍ عَاتِيَةٍ
«Я, Ғад елі де куілдеген қатты боранмен жоқ етілді».
سَخَّرَهَا عَلَيْهِمْ سَبْعَ لَيَالٍ وَثَمَانِيَةَ أَيَّامٍ حُسُومًا فَتَرَى الْقَوْمَ فِيهَا صَرْعَىٰ كَأَنَّهُمْ أَعْجَازُ نَخْلٍ خَاوِيَةٍ
«Аллаһ оларға сол боранды жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде естірді. Сонда ол елді құрманың қуыс дөңбегінше құлағанын көрер едің».
فَهَلْ تَرَىٰ لَهُم مِّن بَاقِيَةٍ
«Ал енді олардан бір қалған нәрсе көресің бе?» («әл-Хаққа» сүресі, 6-9 аяттар).

ОЛАРДАН ЕШ НӘРСЕ ҚАЛМАДЫ.
Аллаһ Тағала мұсылман елдерінің билеушілеріне олардың барлығын біреуін қалдырмай жоюын нәсіп етсін.
Амин!

Үшінші сөз:

Терактілерді (лаңкестік актілерді) жасаушылар кім екендігі туралы ғалымдардың пәтуалары.

Шейх Ибн Баз былай деп айтатын: “Бұл терактілерді Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірмегендер жасайтынына күмән жоқ. Аллаһқа және Ақыретке шынайы иман келтіргендердің арасында сен  осындай орасан зор зиян мен ұлы бұзақылық алып келетін жиіркенішті қылмысты жасаушыларды көрмейсің. Мұндайды тек өшпенділікке, ызаға, көре алмаушылыққа және зиянкестікке толы болған  кесірлі (бұзық) жүректерінде Аллаһқа және Оның Елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шынайы иманы болмағандар ғана істей алады!” Қз.: “Фатауа Ибн Баз” 7/120.

Шейх Ибн Базға «Сіз «жама’ат әл-жихад» атты топ туралы және олармен ынтымақтастықта болу туралы не айта аласыз?» деген сұрақ қойылғанда, ол: “Біз олармен ынтымақтастықта болмауымыз керек, тіпті оларға сәләм беруге болмайды. Олар еленбеуге тиіс және адамдарды олардың жауыздығынан сақтандырып ескерту керек, өйткені олар – мұсылмандар үшін фитна (бүлік) және зиян, және олар – шайтанның бауырлары!” Қз.: “Кәйфә ну’алижжу уәқи’анәл-алим” 108.

Шейх Ибн ‘Усаймин былай деп айтты: “Адамдардың арасында жарылыстар жасап, осыны Аллаһтың жолындағы жихад деп айтатындар іс жүзінде Ислам мен мұсылмандарға пайдадан көрі көп зиян тигізуде. Олардың нәтижелері қандай екендігі сендерге сұрақ: кәпірлер Исламға жақындады ма, әлде олар Исламнан одан сайын алыстады ма?!  Адамның, оны басқалар осы үрей туғызушы және сұмдық жиіркенішті топқа жатқызбауы үшін, өз бетін жабуы қалайша Исламнан болмақ?! Ислам мұның барлығынан алыс, Ислам мұның барлығынан алыс!” Тыңдаңыз “Шарх усул әт-тафсир” 1-таспа, «А» беті.

Шейх әл-Әлбани былай деді: “Мұсылман әмірлеріне қарсы шығуға бүгіңгі күні рұқсат беруге болмайды, бұл – кесімді сөз! Осы себептен біз шығуға (хурудж) шақырып жатқандар, немесе өздері шығып жатқандар – не Исламға жасырын жіберілгендер (тыңшылар), не болмаса  шындығында да мұсылмандар, бірақ Аллаһ Мухаммадтың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, жүрегіне түсірген Ислам туралы надандықтың шегінде болған мұсылмандар екендігін көрудеміз!” Қз.:  “Фатауа ‘уләма әл-акабир фи мә ухдира мин димә фи әл-Жәзәир” 94-96 (беттер).

Шейх Салих әл-Фаузан былай деді: “Бұл мұсылмандарға қарсы шыққан топ (терактілер жасаушылар) — ғалымдардан және мұсылман әмірлерінен алшақтаудың салдары болды және кәпірлер мен екіжүзділер олардың бастарына осындай идеяларды құйды, сөйтіп олар мұсылман қауымдастығындағы ауытқу болды! Бұл, күмәнсіз, — хауариждер, әрі олардың амалдары – хауариждердің амалдары! Қала берсе, олардың амалдары хауаридждердің амалдарынан да жаман, және бұл – кәрамилер (бәтынилер) сектасының амалдарына көбірек ұқсайды, өйткені, кәрамилердің амалдары құпия операцияларға негізделеді, әрі бұл адамдардың амалдары да құпия. Алайда, хауариждердің амалдары құпия болмады, өйткені олар барлық істерін ашық түрде істеді, сондықтан да, мұндай адамдар (теракт жасаушылар) – хауариждерден де жаман!” Тыңдаңыз  “Мәуқыф әл-муслим мин әл-фитән”.

Шейх Салих әс-Сухайми былай дейтін: “Өзін «әл-жихад» деп атайтын, бірақ жихадқа еш қатысы жоқ топ – бұл біздің ғасырымыздың хауариждері! Хауариждер олар тарапынан ‘Усман мен ‘Али өлтірілген кезде пайда болды, әрі олар тіпті Дәжжәл шыққанға дейін болады, бұл жөнінде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтқанындай. Олар пұтқа табынушыларды тастап қояды да, мұсылмандарды өлтіреді. Олар Құранды оқиды, бірақ ол олардың кеңірдегінен төмен түспейді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оларды «Тозақтың иттері» деп атады. Олар ислам елдерінде, оларды кәпірлердің жері деп, мұсылмандарды өлтіреді!  Өздерінің әрекеттерімен олар кәпірлерді Исламға және мұсылмандарға қарсы басып кіруге араңдатты және олар кейбір мұсылман қалаларын басып алуына жол берді. Осының барлығының арғы жағында кімдер тұрғанын: сионистер ма, массондар ма, әлде басқа біреулер ме, олар осыларға тікелей басшылық етеді ма, әлде жоқ па —  Аллаһ жақсы біледі.  Олардың бұзақылығы таралмауы үшін, әрбір мұсылман олардың адасушылықтарын ашуға және көрсетуге міндетті болып табылады. Және олардың қай-қайсысын да жасырып-қорғауға болмайды, өйткені бұл күнә мен дұшпандыққа көмектесу болады, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп бұйырғанындай: «Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер» («әл-Мәида», 2). Ал оларды жасырып (пана бергенге), немесе қорғағанға, немесе олардың амалдарын істегенге келер болсақ, ол олардың істеріндегі, бейбіт келісімдегі мұсылмандардан және кәпірлерден болған жазықсыз адамдарды өлтіру ісіндегі қолдаушысы және серіктесі болады. Және мұндай адам Аллаһтың лағынетіне түседі, бұл жөнінде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһ бидғат істеушіні және бидғатшыны жасырушыны лағынеттеді», — деп айтқанындай (әл-Бухари 4/73, Муслим 1371)». Қз.:  “әл-Ирхаб асбабуху уә ‘иләжжух” 7.

Төртінші сөз:

(Бірде) Хасан әл-Басри, Аллаһ оны рахым етсін, бір хауарижден: «Ислам не?», — деп сұрады.

Ол: «Екі куәлік, намаз, ораза, зекет», — деді де, тағы бір нәрселерді атап кетті.

Бұған Хасан:

«Расында, сен сен осы дінді ұстанатындарды өлтіріп жатсың», — деп жауап берді («әл-Мусаннаф», 18050).

p.s. Аллаһ Тағала осы жексұрын жаратылыстарды, олардың алғашқысынан соңғысына дейін жойсын. Әмин!

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көпқұдайшылдармен соғысқан кездерінде әлдебір елді мекенде азан шақырмайтынына көзі жетпейінше оған шабуыл жасамайтын.

Ал бұлар болса мешітке намазхандар толғанына көз жеткізіп, оны жарады.

———————————

Біреулер үшін Жәннат аналардың аяғының астында, ал біреулер үшін ол жарылыстардан қаза тапқан мәйіттердің үйіндісінің үстінде.

Бұл адам емес кімселер қай жерімен ойланатынын білмеймін.

———————————

Егер Ислам бойынша тіпті аңға шыққанда аң ұстауға үйретілмеген итті салуға тыйым салынған болса, онда қалайша біреу Ислам жиһадқа аң иті түсінетін нәрсені ұқпайтын біреулерді жібереді деп ойлай алмақ?!

Еріксіз Абдуллаһ бин Аббастың хауариждермен кездескені, әрі оларға ең бірінші келтірген қарсы дәлелі «Сендердің араларыңда бірде-бір сахаба (яғни ғалым) жоқ», — деп айтқан сөздері еске түседі.

Бесінші сөз:

Көптеген ғалымдар хауариждерді кәпір дегендерін білесіздер ме?

Олар дәлел ретінде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына сөздерін алады:  Али ибн Абу Талиб былай деп баяндайтын: “Мен Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естігенмін: «Соңғы замандарда жаратылыстардың ең абзалының (Пайғамбардың)  сөздерін айтатын жас және ақылы бойынша зердесіз (парықсыз) адамдар пайда болады, алайда олар садақтан атылған жебе сияқты Исламнан шығып кетеді. Бұл адамдардың иманы олардың кеңірдектерінен төмен түспейді, сондықтан да, оларды қай жерде кездестірсеңдер де өлтіріңдер, өйткені оларды* өлтірген (адам) осы үшін Қиямет Күні сый алады».  әл-Бухари 3611; Муслим 1066.

*Ескертпе: Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хауариждерді өлтіру туралы бұйрығы кез келген адамдардың емес, мұсылмандардың елбасшыларының (үкіметінің) ерекше құзыреті болып табылады. Имам әл-Бухари өзінің “Сахихындағы” тарауды «Хауариждерді оларға дәлел келтіргеннен кейін өлтіру туралы» деп атап, мына аятты келтірген: «Аллаһ адамдарды тура жолға салғаннан кейін, олар сақтануға тиіс нәрселерді ашық білдірмейінше, оларды адастырмайды»  (әт-Тауба 9: 115). Сондай-ақ «‘Умдатул-қариді» 19/369 қараңыз.

Имам Ибн Хәжар «әл-Фатх әл-Бәри» еңбегінің 12-томында хауариждерді кәпір деп санаған ғалымдарды атап айтқан. Олардың қатарында:

— әл-хафиз Абу Бакр әл-‘Араби,

— әл-хафиз әс-Субки,

— имам әл-Қуртуби,

— Хасан бин Мухаммад бин Али

— имам әш-Шәфии (одан келетін риуаяттардың бірінде),

— имам Мәлик (одан келетін риуаяттардың бірінде),

— имам Ибн Баз

-және әһл-әл-хадистен болған басқа да көптеген ғалымдар (Аллаһ оларды рахым етсін).

p.s. Хауариждердер туралы жалпы үкім шағару, олардың қатарына түскен әрбір жеке тұлға кәпір болып табылады дегенді білдірмейді. Жалпыға мәлім болғандай, күпірлік туралы үкім шығару өзінің шарттарына ие. Сондықтан да біз сияқты қарапайым адамдарға хауариждердің обасын жұқтырып алмау үшін, олардың үкімін білген соң олардың сенімдерінен және олармен кездесуден аулақ жүру керек болады. Ал жеке тұлғаға такфир шығару шариғи соттардың ісі (құзыреті) болып табылады.

Алтыншы сөз:

Жоғарыда келтірілген бес сөзден оқырманға мұндай лаңкестік іс-әрекеттердің жалпы Исламға да, жеке айқанда әһлю-Сунна уәл-жамаа мен сәләфияның шақыруына да ешқандай қатысы жоқ екені айқын болады.

Бірақ ислам жастарына мұндай адамдармен араласудың және қарым-қатынаста болудың кез-келген түрінен, мейлі бұл тікелей олармен араласу немесе олардың сайттары мен әлеуметтік торлардағы паракшаларын кіру болсын, аулақ болу қажеттігін ескертіп кеткен жөн болады.

Хауриждердің (ИГИЛшылардың) күмәндарынан сақ болыңыздар!

Жетінші сөз (соңғы):

Бұл нәрселердің орын алғаны үшін үлкен жауапкершілік осы ақтөбелік лаңкестер ИГИЛ (ИШИМ) мүшелері  немесе осы банданы қолдап, солардың көзқарастарын ұстанатындардан екендігі туралы білсе де, олар жайында билік органдарына хабарламағандардың мойындарына жүктеледі.