Нағыз ғалымдар ең бастысынан бастайды

Categories: Дінге шақыру

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Ғалымдар өз шақыруын ең басты нәрседен бастайды, ал ол – бірқұдайшылық (таухид)! Олар дінді үйретуде негізгі және жеңіл мәселелерден бастап, кейін бірте-бірте мейлінше күрделілеріне өтеді.

Аллаһ Тағала былай деді: «Бірақ рухани ұстаз болыңдар, өйткені сендер Кітапты үйретесіңдер және оны зерттеп үйренесіңдер» (Әли ‘Имран 3: 79).

Имам әл-Бухари «Рухани ұстаз болыңдар», — деген сөздерге қатысты Ибн ‘Аббастың былай деп айтқанын жеткізеді: (Яғни) дана ғалым. Имам әл-Бухари былай деді: «Рухани ұстаз» («раббәни») бұл адамдарды оқыту барысында көп білімге көшпестен бұрын, ең аз білімнен бастайтын адам. әл-Бухари “Сахих” 1/345.

Мухаммад (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) адамдарды Исламға шақыруды қырық жасқа келген кезінде бастады. Кейін, он жыл өткен соң, ол жетінші аспанға көтерілді де, ол жерде Аллаһ Тағала мұсылман үмметіне күніне бес рет намазды орындауды парыз етті. Осы жерде мынандай сұрақ туындайды: Осы он жылдың ішінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) не нәрсеге шақырды? Ораза мен зекет кейінірек, хижраның екінші жылы  парыз  болып жүктелген етін. Кейін қажылық та парызға айналды. Тура осы — тыйымдарға да қатысты. Көп уақыт бойы өсімқорлық, зинақорлық, ұрлық және тіпті адам өлтіру сияқты ұлы күнәларға тыйым салынбаған еді, ал шарап ішуге келер болсақ, ол тек он үш жылдан кейін ғана харам етілді.

Ал, ендеше, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және сахабалар осы уақыт бойы не істеді?! Жауап біреу: Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы уақыт бойы адамдарға «Лә иләһә иллә-Лллаһ» деген не екенін түсіндіріп, осы күәлікке қалайша сәйкес өмір сүру керек екендігін насихаттап және оларды Жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етуге шақырды. Танымал хадисте Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарды Исламға шақыру үшін, Муъазды Йеменге жіберген кезде, оған кезінде өзі бастаған нәрседен бастауды бұйырып, былай деді: «Сен Кітап иелеріне барасың. Сенің оларды шақыратын ең бірінші нәрсең “лә иләһә иллә Ллаһ“ болсын. Егер олар саған осыда бағынса, онда Аллаһ оларды күніне бес уақыт намазды орындаумен міндеттегенін хабардар ет. Егер олар саған осыда да бағынса, онда Аллаһ байларды олардың кедейлеріне зекет берумен міндеттегін айт». әл-Бухари 3/225, Муслим 19.

Ибн әл-Қайим бұл хадисті еске салып, былай деді: ”Бірқұдайшылық -пайғамбарлардың шақыруына кілт болып табылады! ” “Мадарижу-ссаликин” 3/443.

Исламның барлық заң-ережелері маңызды болып табылады, алайда әркезде ең маңызды және ең бастыларынан бастау керек. Өйткені көп нәрселер бірте-бірте парыз етілді  және бірте-бірте харам етілді емес пе? Құран да тұтас бір-ақ пәсте түспей, Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бүкіл пайғамбарлық миссиясының барысында жиырма үш жыл бойы түсіріліп тұрды.

Ал, қандай да бір араб елінде оқып келген біздің кезіміздің көптеген студенттері туралы айтар болсақ, олар пайғамбарлар мен олардың мирасқорлары – ғалымдардан айырмашылығы,  өздерінің шақыруларын ең басты нәрседен бастамайды. Және, өкінішке орай, адамдарды бірқұдайшылыққа (таухидке) үйретудің орнына, бірден тыйымдарға және қайтарылған нәрселерді түзетуге кіріседі де, мұнысымен халықты өздерінен алыстатады және дағуатының басында-ақ сабақ беруге тыйым салыну мен осыдан туындайтын барлық басқа нәрселер сияқты мәселелерге тап болады. Біз мұндай уағыздаушылардан: «Не маңыздырақ: сол үшін Аллаһ барлық болмысты жаратқан және пайғамбарларды жіберген бірқұдайшылықтан бастау ма, әлде пайда мен зиян мәселелерін ескермей, адамдарға әдетті болып қалған өмір салтын тыйым салудан және қайтарылған нәрселерді түзетуден  бастау ма?», — деп сұраймыз.[1] Барлық пайғамбарлар өздерінің шақыруын бірқұдайшылықтан (таухидтен) бастаған және көпқұдайшылық арқылы ырымшылдыққа шалдыққан ауру жүректерді емдеген, ал содан соң ғана басқа күнәларды түсіндіруге және игі істерді нұсқауға көшкен.

Аллаһ Тағала былай деді: ««Менен басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ. Ендеше Маған ғана құлшылық қылыңдар!» — деп уахи етілмеген сенен бұрын бірде-бір пайғамбар жібермедік» (әл-Әнбия 21: 25).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Біз әрбір қауымға «Аллаһқа құлшылық қылыңдар және Тағуттан[2] аулақ болыңдар!» деген (әмірмен) елші жібердік!»(ән-Нахль 16: 36).



[1] Айтылған нәрселер ешқандай секталарға кірмеген және дұрыс негіздері бар, бірақ даналықтың болмауынан шақыруды бірінші кезектегі нәрселерден бастамаған студенттерге қатысты. Ал ендеше, «жама’ат таблиғ», «хизбу-т-тахрир», «ихуануль-муслимин», «нурсишілер», «такфир» т.с.с. секталар мен топтарға кіріп кеткен студенттер туралы не айтуға болады? Олар өздерінің шақыруларын неден бастап жүр?

[2] Тағут – адамдар Аллаһтан өзге құдайлық сипатқа болеген және құлшылық ететін нәрсенің барлығы. Біздің уақытымызда бұл сөз діни сауаты аз адамдардың арасында өте көп таралып кетті, олар кез келгеннің барлығын, әсіресе араб елдерінің әмірлерін осылай атап жүр. Адамды «тағут» деп атау оны «кәпір» деп атағанмен бірдей. Тағут деген сөз адамға қатысты мына жағдайларда қолданылады: егер ол өзін құдайлық сипатқа бөлегенді мақұл көрсе; немесе өзіне құлшылық қылуға шақырса, мысалы Перғауын сияқты; немесе сиқыршылар мен балшы-сәуегейлер сияқты Аллаһпен бірге көместі білуге таласса; немесе Аллаһтың түсіргенінен өзге нәрсемен үкім етуді халал деп, немесе шариғаттан жақсырақ заң бар деп есептеп, үкім етсе. Алайда өзінің қалауынан тыс құдайлық сипатқа бөленгенді Тағут деп атауға болмайды, мұның мысалы – христиандар олардың қалауынсыз табынатын Иса (алейһиссаләм) және оның анасы Мариям.  Қараңыз: шейх Мухаммад ибн ‘Абдуль-Уаххаб:  “Ма’нә әт-тағут” 9-24, шейх Салих әл-Фаузанның түсіндірмесімен.