Мәдиналық шейх, мухаддис, доктор Абдуллаһ әл-Бухаридің Кавказ мұсылмандарына берген жауабы

Мәдиналық шейх, мухаддис, доктор Абдуллаһ әл-Бухариге қойылған сұрақ:

«Құрметті шейх, біз, инша Аллаһ, сәлафтардың мәнһажына ілесетін сіздің Кавказдық бауырларыңыз боламыз. Біз сіздерді Аллаһ үшін жақсы көреміз, сіздер – біздің үмметіміздің ғалымдарысыз, оның ұстаздары әрі тәрбиешілерісіз, және біз Аллаһтан бізге ғалымдарымызда береке беруін тілейміз. Шейх, сіздің насихатыңыз топтық батыранқылық жағдайымызды түзетеді деп үміт етеміз, өткені бүгінгі біздің жағдайымыздың негізі – надандық, бидғат және әуес-қалауларға ілесу болып тұр. Және біз сізге екі сұрақ қойғымыз келіп тұр.

Бірінші сұрақ: Өлген адамдардан көмек тілеуі және олардың қабірлерін ұлықтауы себепті күпірлікке жетуге дейін жақындап қалған біздің отанымыздағы бидғаттардың жақтаушыларымен біздің қарым-қатынасымыз қандай болуға тиіс? Сондай-ақ көп жағдайда саләфтардың манһажына ілесетін, алайда өздеріне лаңкестік идеяларды қамтыған және билікке қарсы соғысуға шақыратындар да бар. Біз осы топтарға қандай қатынаста болуымыз қажет? Сынақтарға сабыр етіп, күшіміз және мүмкіндігіміз жеткенше осы екі топты да түзелуге шақыруымыз керек пе, әлде біздің Ресейге бағынатын билігімізге қарсы соғысуды бастауымыз  және шығу жолды тек шайқасуда көріп тұрғандардың жолына ілесуіміз керек пе?

Шейх ‘Абдуллаһ әл-Бухари: «Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Қалай болғанда да, кім бұл дүниеде де, ана дүниеде де құтылуды және жетістікке жетуді қаласа, Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), оның сахабаларының, табиғиндердің және дұрыс жол имамдарының  жолына ілессін! Міне, біз намаздарымыздың әр ракағатында: «Ихдинәс-сырат әл-мустақим», — деп сұрайтын тура жол (сырат әл-мустақим) – дәл осы. Және бұл — имам Ибн Жәрир (Аллаһ оны рақым етсін) өзінің тәпсірінде атап кеткен тура жол. Ол хасан иснадпен келтірген мына деректі келтірген: бірде бір кісі табиғин-имам  Абуль-‘Алияға келіп: «Аллаһтың «Ихдинә сыратәл-мустақим» сөздеріндегі «сырат әл-мустақим» деген не?», — деп сұрағанда, ол: «Сырат әл-мустақим – бұл Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған иілігі мен сәлемі болсын) және одан кейінгі оның сахабалары – Абу Бакр мен Умар!», — деген. Сонда бұл адам Хасан әл-Басриге барып: «Абуль-‘Алия: «Сырат әл-мустақим – бұл Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған илігі мен сәлемі болсын) және одан кейінгі оның екі сахабалары – Абу Бакр мен Умар!», — деп айтты», — деді. Хасан әл-Басри: «Ол ақиқатты айтты!», — деді.

Мұның мағынасы  «Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және сахабаларына, нақтырақ айтқанда, Абу Бакр мен Умарға, және қалған ізгі халифаларға, Аллаһ оларға разы болсын, ілесу – міне осы құтылу» дегенде!

Ал, сіздерге қатысты айтар болсақ, өздеріңізгее қайғы-қасірет пен қиындықтар алып келетін істерге кіріспеңіздер.

Қазір біз барлық адамдар және әмірлер туралы сөз етіп тұрмыз. Ал, қарапайым адамдарға келер болсақ, сіздер оларды (дінге) шақыруларыңыз, оларға ақиқатты түсіндірулеріңіз және насихат айтуларыңыз қажет, өйткені Муслимнің «Сахихында» Тамим әд-Дариден жеткеніндей, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Дін – бұл ықыластылық (ізгі ниеттілік) таныту!», — деп айтты ғой. Одан: «Кімге қатысты?», — деп сұрағанда, ол: «Аллаһқа, Оның Елшісіне, Оның Кітабына, мұсылмандардың әмірлеріне және жалпы  барлық мұсылмандарға қатысты!», — деп жауап берді.

Мұндай адамдарға  ең абзал және ең дұрыс тәсілдермен насихат жасау – міндетті болып табылады. Қарапайым адамдар, әсіресе, түрлі қалаларда шариғаттың көптеген үкім-ережелерін білмейді. Олардың көбі өздерін Исламға телиді, өйткені өздерінің ата-бабаларын Исламда көріп үлгерді және: «Мен – мұсылманмын!», — деп айтады. Алайда олардың көбі Исламның ақиқаттығын білмейді! Сондықтан да, осындай нәрселер түсіндірмелерге мұқтаж. Ал бұл мұсылмандарда надандықтың сақталуының себебі – оларды дұрыс Исламға оқытып-үйрететіндердің  болмауында, және соған қоса адасушылықтарға, күмәндарға кіргізетіндердің, тәртіпсіздік енгізіп, мұсылмандарды күпірлікте айыптайтындардың болуында.  Ибн Бәдис деген ғалым, Аллаһ оны рақым етсін, Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға екі бағыттағы шақырумен келгенін: кәпірлерді Исламға кіргізу үшін шақыру – бұл біріншісі;   және екінші түрі – мұсылмандардың өздерін дінде табандылыққа шақыру — деп  айтатын, және осы – имам Ибн әл-Қайимнің сөздерінің қысқа нұсқасы болып табылады. Және біз қазір назар салып қарайтын болсақ, онда көптеген адамдар шақырудың бірінші түрінде де, екінші түрінде де кемістік жібергенін көреміз. Және олардың басты ойы дінді түсіндіру емес, адамдарды діннен шығару болды. Ал, Құдіретті Аллаһ Мухаммадты (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  жібергенде, оған: «Сен адамдарға оларға түсірілгенді түсіндіруің үшін, Біз саған Ескертуді түсіріп отырдық», — деп, түсіндіруді міндет етіп жүктеді.

Сондықтан да жаратылыс үшін ақиқатты түсіндіру қажетті болып табалады. Осы (қалыптасқан) жағдайда сіздер адамдарға түсіндіруге және оларды оқытуға мұқтажсыңдар. Және адамдарды оқытқан Аллаһтың Елшісі де (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай болды. Ол Му’азды,  Йеменнің тұрғындарына жіберген кезде, бұл жөнінде екі сахих жинағында келтірілгендей, оған: «Сен Кітап иелеріне барасың, және оларды ең бірінші кезекте шақыратын нәрсең…», — деп, шақыру – бұл оқыту екендігін айтты, және: «Оларды ең бірінші кезекте шақыратын нәрсең – лә иләһә иллә Ллаһ болсын. Егер олар саған осыда бағынса, онда Аллаһ оларды күніне бес уақыт намазды орындаумен міндеттегенін білдір деді. Егер олар саған осыда да бағынса, онда Аллаһ байларды олардың кедейлеріне зекет берумен міндеттегін айт», — деді. Және бұл – яғни басқаларды да оқыту — қалаға кірген немесе одан шыққан, немесе онда тұратын, Аллаһ оған білім сыйлаған және тура жолмен жүргізген адамға міндетті нәрсе.

Ал, мұсылман қалаларында билік жүргізетін әмірлерге келер болсақ, оларға да қарау және оларға қатысты жалпы сөздерді қолданбау қажет, әсіресе, оларды күпірлікте айыптауды, өйткені оларды күпірлікте айыптау және діннен шығару – өте салмақты іс болып табылады! Біз: «Әмірлердің арасында мұсылмандар да бар және кәпірлер де бар», — дейміз, мен жалпы барлық әмірлерді айтып тұрмын. Мұсылман болып табылатынның өз үкімі, кәпір болып табылатынның өз  үкімі бар. Бірақ қалай болған жағдайда да, әмірге қарсы шығуға және халықты соған үндеуге болмайды, әсіресе бұл әмір – иман келтірген мұсылман болса, әрі мұның тыйым салынғандығына (Сүннеттің) мәтіндеріндегі нұсқаулар ап-айқын.  Ал, егер әмір – кәпір болып табылса, мен, мысалы, Американың, Францияның т.с.с. елдердің әмірлері сияқты, өз негізіндегі кәпірді айтып тұрмын, онда біз бұл елдерде өмір сүретін бауырларға: «Мұны істемеңдер, хурудж (қарсы шығу) жасамаңдар, халықты бұған айдап салмаңдар,өйткені бұл әмірлерде сендерде жоқ күш пен билік бар. Және «Әлсіздік кезінде міндеттілік жоқ және қажеттілік кезінде тыйым жоқ» — деген шариғи ереже белгілі, және бұл оған қатысты барлық ғалымдар бірауызды келісімде болған фиқх негіздерінің ережесі болып табылады. Әлсіздік кезінде міндеттілік жоқ, өйткені «Аллаһ біреуге Өзі оған бергенінен артық жүктемейді» (әт-Тәлақ 65:7). Және «Аллаһ кісіге шамасы келмейтінді жүктемейді» (әл-Бақара 2:286).

Шариғат ғалымдары орындаған бұл шариғат мәтіндері мен ережелерін бізде мүмкіндік пайда болғанға дейін орындау және қолдану керек.

Бұл — жалпылама сипатта айтып өтуге болатыны. Сіздің мәселеңіз өте ауқымды, бірақ бұл – әһли Суннә уәл-жәма’а  негіздерінің негізінде қысқаша айтып өтуге болатыны.

Сұрақ қоюшы: «Аллаһ сізге игілігін берсін, шейх, екінші сұрақ: Ресейдің аумағындағы және оның аумағынан тыс жерлердегі (орын алып жатқан) үйлерді, поезддерді, метроларды және адамдарды жару сияқты іс-амалдар – жиһад және Аллаһтың сөзін ұлықтау болып табылады ма? Бұл істерді жасайтындар: «Бұл – кәпірлердің жәбірлеуіне және олардың өшпенділігіне жауап!», — деп дәйектейді. Олардың кейбіреуі спирттік, немесе есірткі заттарды сатушыларды, немесе мұсылмандардан болған бұзақыларды шариғат сотынсыз өлтіреді. Сондай-ақ Кавказдағы арнайы қызмет қызметкерлерін де, олардың органдарда жұмыс істегендігі себепті жалпылама және атымен атап такфир жасап, өлтіреді. Бірақ арнайы қызметтердің бұл жақтаушылары өздерін мұсылмандарға телиді және олар надандықта, олардың көбі бұл органдарда тек жалақы үшін ғана жұмыс істейді. Біз атағандардың ішінен болған жастар бір немесе екі полицейді өлтіру үшін қоғамдық орында бомба жарып жіберуі мүмкін. Және олар Аллаһтың «Үкім Аллаһқа ғана тән!» деген сөздерін басшылыққа алады. Сондай-ақ олар Кавказдың барлық мұсылмандарын біздің қалаларымызды Кавказ Әмірлігі деп жариялаған өздерінің әміріне ант беруге шақырады. Алайда осылай бола тұра, бұл бауырлар таулардағы және ормандардағы бірнеше телімдерден басқа Кавказ жерлерінің бөлігіне де ие емес. Және біз олар тыңдайтын және оларға пәтуа беретін Абу Мухаммад әл Мақдиси деген адамнан өзге қандайда бір ғалымның олардың Кавказды Әмірлік деп жариялауын қолдағанын білмейміз. Ол Сауд Арабия ғалымдарын «үкіметтік» деп атайды және осыған көптеген жас мұсылмандар еліктеп кеткен. Құрметті шейх, біз өз сұрағымызды тағы да қайталаймыз және бізге насихат беруіңізді сұраймыз: біздің бұл жамағаттарға деген қатынасымыз қандай болуға тиіс, біз олармен болуымыз керек пе, әлде олардан қашықтауымыз қажет пе? Және айтылғанға байланысты сіздің насихатыңыз қандай болмақ?

Шейх ‘Абдуллаһ әл-Бухари: «Мен бұл сөзге, Аллаһ саған береке берсін, «Бұл әдетті мен Ахзамнан бері білемін» деген арабтың мақалымен жауап беремін. Мен сендерге олармен ынтымақтастық жасамауға кеңес беремін! Өз әуестері мен қалауларының жақтаушыларымен ортақ істер жасауға және олармен ынтымақтас болуға рұқсат етілмейді, өйткені Сүннеттің жақтаушылары көне заманнан бері Сүннеттің жақтаушыларының бидъаттың жақтаушыларымен қарым-қатынасы қандай болуы керек ендігін түсіндіріп өткен. Бұл адамдар қазір қанды хәлал етті, ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Адам, харам етілген қанды төкпейінше, өз дініндегі кеңшілікті сезінуді тоқтатпайды!», — деп айтқан,  бұл хадисті имам әл-Бухари өзінің жинағында келтіреді.

Адамға харам қанды төгуге тыйым салынған! Олар өздеріне қанды жорамалдарының негізінде хәлал етті, ал «Жорамал ақиқатты еш ауыстыра алмайды ғой» (әл-Юнус 10:36).   Және олардың осындай амалдарды жасауы мұның хәлал екендігіне нұсқамайды! Керісінше, олардың бұл жағдайында апат болып табылатын бұл шиеленіскен тығыршықтан  шығу үшін, Құдіретті де, Ұлы Аллаһтан қорқу, Аллаһтың дінін үйрену міндетті болады.

Мұндай адамдардың біреуі пайда болады да, «Имарат» жариялап және оны исламдық деп ойлап, сарайлар салады және адамдарды өзіне ант беруге міндеттейді, мұндай ант беру – бидғатшыл және мұндай Имарат – бидғат екендігіне қарамастан. Барлық аталған жарулар, құпия залымдық әрекеттер және адам өлтірулер — бұлардың барлығы шариғатқа қайшы келеді! Және олар шариғатқа қатысты надан бола тұра,  осындай істерді өздерінше хәлал деп есептеуіне болмайды. Ал олардың «Бұл – дұшпандардың жәбірлеуіне жауап!» деген сөздеріне қатысты біз оларға: «Сіздер ақиқатты айналып өттіңдер!», — дейміз. Олар (сұрақта аталып кеткендер) сендермен, немесе сендерден болған басқалармен жауласатын адамдардан емес. Бұл — сендер оларды базарларда өлтіретін, жолдарда, немесе қоғамдық орындарда, немесе серуең ететін, немесе басқа да орындарда өлтіретін бұқара халық. Кім сендерге мұны  жалпы рұқсат етті?! Мұсылманның қаны, Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқандай, үш себептің бірінен өзге жағдайда, рұқсат етілмейді. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ: «Мұсылманның мал-мүлкі оның рұқсатынсыз рұқсат етілмейді», — деген. Сонда, осы хәлал етудің барлығы ненің негізінде болып жатыр өзі?! Олардың әрқайсысы осындайды жорамалдың негізінде хәлал етіп береді. Бірақ кімнің Исламы нық сенімнің негізінде орнатылған болса, ол одан нық сенімнен өзге нәрсемен шықпайды. Бұл – шариғи ереже. Алайда бұл адамдар келеді де, өзге адамдарды өлтіруді, олардың пәленшеде, немесе түгеншеде жұмыс істейтіні туралы айтып ақтайды.  Олардың (өздерін Исламға телитін арнайы қызмет қызметкерлерінің) арасында надандар бар…, мен оларға ақтау іздеп тұрған жоқпын, мен іс жүзіндегі жағдай туралы айтып тұрмын! Олардың арасында надан да бар, Аллаһтың шариғаты туралы білмейтіні де бар, және олардың арасында ақшамен алданғандар немесе ақшаның алдында әлсіздік танытатындар бар, сен бұл жөнінде сұрағыңда айтқаныңдай. Және мұндайдың күпірлігі туралы бірден үкім шығаруға болмайды. Имам Ибн әл-Кайим өзінің «әл-Фәуаид» деген кітабында кейбір адамдардың харам етілген нәрселерді, кейде тіпті көпқұдайшылықты өздері осыған сенбей және осыны қаламай, алайда өзінің  әлсіздігінің себебімен істейтіні туралы ескертіп кетеді. Және Ибн әл-Қайим, Аллаһ оны рақым етсін, өзінің осы кітабында Аллаһтың әмірлеріне қайшы келу туралы айтқанында «тыйым салынған істердің ең ұлығы»  дегеннен кейін, сегізінші түрін атап, иман келтіруге шақырылған адам: «Мен сенбеймін де,өтірікпен айыптамаймын да, жақсы да көрмеймін, жек те көрмеймін, Аллаһқа құлшылық етпеймін, бірақ Одан өзге де ешкімге құлшылық етпеймін», — десе, мұндайды айтқан адам қалдырғандығы және бетін кері қаратқандығы үшін (и’рад) кәпір болатыны туралы айтады. Ал: «Мен Елшіге сенемін және оны жақсы көремін, және оған иман келтіремін, және маған әмір етілгенді орындаймын, алайда менің әуес-қалауым, болмысым маған үстем болуда және мен маған тыйым салынғанды тастай алмаймын. Мен мұның тыйым салынған екендігін білемін, және маған харам етілген нәрсені істеу жағымсыз, бірақ мен осыны істеуден өзімді өзім ұстап қала алмаймын» , — дейтін адамның жағдайы өзгеше болады, және бұл адам осы себепті кәпір болып есептелмейтінін айтады Ибн әл-Қайим. Және оның жағдайы (үкімі) біріншісінің жағдайындай (үкіміндей) емес, өйткені мұндай адам біржақты мойынсұнған болып табылады. Және барлық әмірлерді қалдырған қандай жақтан болмасын мойынсұнған болып табылмайды. Осымен Ибн әл-Қайимның, Аллаһ оны рақым етсін, сөздері аяқталды. Және сол адамдардың кейбіреуінің  жағдайы (үкімі) дәл осыған ұқсас.

Сондықтан біз осы ауыр және опат етуші күнәларды істеп жүрген бауырларымызға: «Аллаһтан қорқыңдар! Және Ұлы да, Құдыретті Аллаһтың алдына барып тұратындарыңды және Ол сендерді жауапқа тартатынын біліңдер. Және адамда мұндай жағдайда қашар жері болмайды және оны әл-Бәркауидің – Абу Мухаммад әл-Мақдисидің пәтуалары құтқармайды!», — деп айтамыз. Бұл адамдардың надандығы шекке шыққан болып табылады, және олар өздерінің жәхил екендіктерін және Аллаһтың шариғатына қайшы келетіндіктері туралы біледі! Олар дәлел ретінде астарлы мағыналы аяттарға сүйенеді де айқын мағыналы аяттарды тастайды. Олардың түсініксіз аяттарға сүйенуі оларға ешқашан көмектеспейді, өйткені ғалымдардың шариғи ережесі: «Түсініксіз болғанды (муташабих) айқынға (мухкам) қайтару керек», — деп айтады. Ал, бұл адамдар айқын нәрселерді тастап, түсініксіз нәрселерге ілеседі. Абдуллаһ ибн Умар хауариждерді сипаттап, былай дейтін: «Бұл адамдар кәпірлерге қатысты түскен аяттарды алып, оларды мұсылмандарға қатысты қолданады!» Уа, бауырым, хауариждер тіпті Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының қанын да күмәннің негізінде хәлал етті, бұл пікірдің үстінде сарайлар құрды және Аллаһтың Елшісінен кейінгі Аллаһтың ең абзал жаратылыстарына қарсы соғысты!

Ал, бұл адам (Абу Мухаммад әл-Мәқдиси), мен әл-Барқауиді айтып тұрмын, мен Аллаһтан оны тура жолмен жүргізуін немесе оның омыртқасын сындыруын және үмметті оның жауыздығынан және айқын надандығынан сақтауын тілеймін! Аллаһпен ант етемін, олар Исламды да ұлықтамады, кәпірлерді де талқандамады! Ол біледі ме, әлде жоқ па, бірақ оның надан пәтуалары кәпірлерге көмек берді, ол оны сезінсе де, сезінбесе де! Иә! Өйткені, ол өзінің надан пәтуаларымен және бұзақы мақалаларымен кәпірлерге мұсылмандардың кейбір қалаларында бұзақылық таратуға сылтау берді! Осы сияқты бұзақы пәтуалар қалалардың (кәпірлерге) бағындырылуына себеп болды. Ол опат болу есіктерінің есігін ашты, ол және ол сияқтылар, зұлымдыққа, күнәға, надандыққа және Сүннеттен қашықтауға толы осындай пәтуаларды берушілер! Олардың осындай істерінде хауариждерден өзге саләфтары жоқ. Және олардың әһлю Суннадан болған саләфтары болмайды да, сахабалардан да, табиғиндерден де, ең жақсы ғалымдардан да!

Аллаһтан жүректеріңде қорқыңдар, дінге сүңгіңдер және адамдарды оларға пайда беретін нәрсеге үйретіңдер. Адамдар дінге мұқтаж, және осы сияқты дүниелік болған нәрселерге мұқтаж емес. Адамдармен соғысып, оларды өлтіреді және өздеріне ант беруді талап етеді?! СубханАллаһ! СубханАллаһ! Міне осы – дүние игіліктерін іздеу, тіпті олар осымен бірге Ислам Имараты туралы айтса да, а’узубиЛләһ! Бұл дағуатшылар қанды, мал-мүлікті және ар-намысты хәлал етті! А’узубиЛләһ! Және мен: «Олар мұны түсініксіздіктің негізінде хәлал етті», — деп айтпаймын, ол жерде ешқандай түсініксіздік жоқ, бұл тек әуес-қалау және надандық қана. Аллаһтан мұсылмандарды олардан сақтауын тілейміз».

http://www.youtube.com/user/Talibulilm99#p/a/u/1/y8Otmg0kses

http://www.youtube.com/user/Talibulilm99#p/a/u/0/j8eOagZ28fU

You may also like...