Шейх әл-Әлбанидің жас мұсылмандарға берген насихаты

Сұрақ: «Кейбір ислам елдерінде кейбір бұзақылық орындарын жоюмен айналысып немесе кейбір бұзақыларды және кәпірлерді өлтіріп, осы —  жиһад және жақсылыққа бұйырып, жамандықтан қайтару дегенге сүйеніп жүрген кейбір жас мұсылмандарға, осы нәрселердің тигізетін зиянын ескерген түрде, қандай насихат айтар едіңіз?»

Жауап: «Ақиқатында, кейбір Ислам елдерінде кейбіреулер жасап жүрген адам өлтіру, қирату, қан төгу т.с.с. амалдар – тыйым салынған (харам) болып табылады, өйткені мұны рұқсат ететін себеп жоқ! Ал мұны рұқсат ететін себеп – Аллаһтың заңы, бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), ізгі халифалардың және мұсылмандардың басқа да әмірлерінің кезінде болғандай. Егер мұсылмандардың әмірі сұрақта аталған жазаға лайықты кейбір күнәһарларды немесе мұсылмандармен соғысып жатқан кәпірлерді өлтіру сияқты нәрселерді орындауды бұйырса, сонда ғана осылай істеу керек». Тз.:  “Силсилатул-һуда уә-н-нур” № 691.

Шейх әл-Әлбанидің шын ықыласпен жиһад жасағысы келетіндерге берген насихаты:

«Егер адам шын ықыласымен Аллаһ үшін жиһад жасауды ниет етсе, ол осы үшін лайықты сыйын алатынына күмән жоқ. Алайда біз сөз етіп тұрған жиһад  — Аллаһ жүргізуді бұырған жиһад емес.  Мен ниеттің өздігінше өте жақсы болып тұрғанын айтып тұрмын, өйткені адам жиһад жасағысы келіп тұр ғой, алайда жиһадты жүргізу үшін міндетті түрде Аллаһ Тағала көпке белгілі аятта: «Сендер де шамаларың келгенше әр түрлі күш әрі ат байлаумен әзірлік көріңдер (сондай-ақ заманауи техникалық құралдар дайындаңдар). Аллаһтыңның дұшпанын және өз дұшпаңдарыңды қорқыту үшін» (әл-Әнфәл 8: 60), — деп айтқанындай, дайындық қажет.

Жиһад тек жарияланған кезде және оны жүргізуге дайындық болған жағдайда ғана жиһад болады. Осы шарттар орындалғанда, жиһадтан бас тартуға болмайды.

Ал жеке біреулер, мейлі өзінің жерін қорғау мақсатымен болса да, көтеріп жүрген көтерілістерге келер болсақ, олар – жиһад емес. Әрине, дұшпан шабуыл жасағанда мұсылман жерлерін қорғау міндетті болып табылады, бірақ пайдаға қарағанда көбірек зиян әкелетін шабуылдаулар барлық мұсылмандар шығуға міндетті болған жиһад болып табылмайды.   Мұндай жиһад туралы Аллаһ Тағала былай деген: «Егер олар шығуды қаласа, осыған дайындалар еді» (әт-Тауба 9: 46).

Сондықтан да, біз бұған бірнеше рет нұсқағанымыздай, мұсылмандар ақыл тоқтатып, Шариғатты дұрыс түсініп, Аллаһтың заңына және дініне сәйкес келетін ықыласты және дұрыс амалдар жасауы керек. Міне, сонда мүміндер Аллаһ Тағаланың көмегімен қуанады».

Тз.: “әт-Тахарри филь-Фатуа” 2-аудиотаспа.

You may also like...