Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің Әр-Рияд қаласында орын алған жарылыс туралы шешімі

Categories: Бүлік,Жанкештілер,Жиһад,Такфир

Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ! Өзінен соң басқа пайғамбарлар келмейтін Мухаммадқа, оның отбасына және оның сахабаларына салауаттар мен сәлем болсын.

Комитет:  «Бұл қастандық — күнә, жиіркенішті қылмыс, қиянаттың көрінісі, сатқындық және адамдардың өмірі мен мал-мүлкіне қол сұғылмаушылыққа қатысты, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатысты діни тыйымдарды бұзу болып табылады», — деп шешті.

Мұндай қылмысты бойын өшпенділік, қиянатшылық, көралмаушылық, әділетсіздік, дұшпандық және өмір мен игілікке деген жиіркеніш баулап алған пасық қана істей алады. Мұсылмандар бұл қылмыстың тыйым салынғандығы, жиіркеніштілігі және өте үлкен күнә екендігі жөнінде бірауызды пікірді ұстанады, ал осы және осы сияқты қылмыстарға тыйым салынғандығына нұсқайтын Құранның аяттары мен хадистер өте көп және көпшілікке аян.

Осыдан шыға келе, Комитет бұл қылмысқа тыйым салынатындығы жөнінде шешім шығарады,  жаман ағымдарға,  бұзақы идеялық көзқарастарға және опатқа соқтыртатын бағыт-бағдарларға ілесуден сақтану керектігін ескертеді, өйткені егер адам жамандыққа үндейтін өз нәпсісіне ерік берсе, ол оны опатқа жетектейді. Тұла бойын жеккөрушілік баулап алған адамдар осы әрекеттерде өздері үгіттеп жүрген жақсаруға шақыру түріндегі өздерінің мақсаттары мен қалауларын іске асыруға мүмкіндік табады.  Ал осы қопарғыш элементтер туралы бір нәрсе болса да білген әрбір адам олар туралы құзырлы органдарға хабарлауы керек.

Құранда  Аллаһ адамдарды жамандыққа шақыратындардан және жер бетінде бұзақылық пен пасықтық жасап-таратушылардан сақтануды ескертті. Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Аллаһпен және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің жазасы — өлтірілулері, не асылулары, яки қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері немесе елден айдалулары. Бұл — олардың дүниедегі жазасы. Және олар үшін Ақыретте ірі азап бар» (әл-Маида сүресі, 33-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Адамдардан кейбіреуінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да, (ол) Аллаһты жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол — өте сотқар қаскүнем. Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге, сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады, ал Аллаһ жауыздықты жақсы көрмейді. Ал қашан оған: «Аллаһтан қорық!», — делінсе, оның паңдығы ұстап, өзін күнәкар етеді. Оған Тозақ жетеді[1], (ол) нендей жаман орын» (әл-Бақара сүресі, 204-206-аяттар), — деді.

Біз Оған ғана мадақтар айтатын және Одан ғана дұға тілейтін Аллаһ Тағаладан бейтбіт тұрғындарға қастандық қылатындарды әшкерелеуін, бізден және барша мұсылмандардан зұлымдықтың бетін кері бұруын, осы және өзге де мұсылман елдерін барша жаман және айыпты нәрселерден қорғауын және біздің мұсылман  әмірлерімізге, сондай-ақ барлық мұсылман мемлекеттерінің әмірлеріне адамдар мен мемлекеттерге пайда беретін амалдар жасауға көмектесуін жалбарынып сұраймыз. Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

 Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің Кеңесі



[1] Яғни оған, осы жасағаны үшін, Тозақ жеткілікті жаза болады.