Ғалымдарға жүгіну әмірі туралы

Categories: Дінге шақыру,Жиһад

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Аллаһ Тағала былай деді: «Егер өздерің білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар» (ән-Нахль 16: 43).

Бірде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір топ адамдардың Құранға байланысты айтысып жатқанын естіп, былай деді: «Ақиқатында, осы — сендерге дейін болып өткендерді опат еткен еді. Олар Аллаһтың Кітабының аяттарын біріне-бірін соғыстыратын[1]. Ақиқатында, Аллаһ Тағала Кітапты бірі мен екіншісін жоққа шығару үшін емес, бірімен екіншісін растау үшін түсірді. Оның ішінен өздеріңе анық болғанды алыңдар да, ал білмейтіндеріңді соны білетіндерге қалдырыңдар!» Ахмад 2/181, ‘Абдур-Раззақ 20367. Хадистің сахихтығын Ибн Касир, әл-Бусайри және әл-Әлбани растаған.

Жәбир ибн ‘Абдуллаһ былай деп баяндайтын: “Бірде бір адам біз сапарда  кезімізде тасқа  соғысып, басын жарып алды, кейін ұйқыда жатқанда ол ихтилям (поллюция) болды да, сапарластарынан: «Мен құммен тазару (тайямум) жасасам болады ма?», — деп сұрады. Олар: «Біз саған (мұны рұқсат ететін) бір ерекшелік көріп тұрған жоқпыз, өйткені сен сумен де шомыла аласың», — деп жауап берді. Кейін ол шомылды да, өліп қалды. Ал біз Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп осыны айтып бергенде, ол: «Олар оны өлтірді, Аллаһ оларды опат етсін! Олар білмеген нәрсесін сұрай алмады ма не?! Өйткені, ақиқатында, білмеудің емі — сұрақ қой!», — деді”. Абу Дауд 284, әд-Дарақутни 1/69. Имам Ибн әс-Саккан және шейх әл-Әлбани хадисті сахих деді.

Ижтихад  жасауға (шешім шығаруға) қақысы жоқтардың қате ижтихад жасауының салдарынан бір мұсылманның өлуіне  Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көрсеткен қатынасына және ызалануына назар аударыңдар! Ал біздің күндерімізде (кезімізде) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларымен салыстыруға келмейтін адамдар өздерінің құмарлықтарының негізінде жүздеген және мыңдаған мұсылмандарды опат етуде!

Ибн Мас‘уд былай деп айтқан: «Бүгін маған бір адам келіп, маған мен жауабын білмейтін сұрақ қойды. Ол: «Маған мынаны айтшы: егер жақсы қару-жарақталған және жігерлі адам әмірмен бірге әскери жорыққа шықса, ал ол бізге орындауға күшіміз жетпейтін нәрселерді бұйырса, онда қалай болмақ?», — деді». Мен былай дедім: «Аллаһпен ант етемін, саған  біз Пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге болған кезімізде ол белгілі бір нәрсені бір-ақ рет бұйырса болды – біз оны орындайтынымыздан басқа не айтарымды білмеймін. Ақиқатында, сендердердің кез келгендеріңнің жағдайы ол Аллаһтан қорқып жүргенше түзу болады, ал егер біреуде белгілі бір нәрсенің дұрыстығы жөнінде күмәндар пайда болса, онда оның күмәнін алып тастайтын жауап бере алатын адамнан сұрасын, алайда тез арада сендер осындай адамдарды таппайтын уақыт келіп жетеді”». әл-Бухари, 2964.

Мешіттерде үйірмелер құрып отырып алып, топ-топпен Аллаһты зікір ететін адамдар туралы ‘Амр ибн Саләма баяндап берген деректі еске түсіріңіздер. Оларды көрген Абу Муса бұл туралы өзінен білімдірек Ибн Масъудтан сұрамайынша ешнәрсе деп айтқан жоқ. Ибн Мас’уд Әбу Мусадан: “Ал сен оларға не деп айттың?”,  – деді. Ол: “Мен ешнәрсе деп айтпадым, алдымен сен бұл жөнінде не айтатыныңды біліп алайын дедім”, — деп жауап берді.  әд-Дарими 1/68, әт-Табарани 8628. Хафиз әл-Хайсами және шейх әл-Әлбани иснадының сахихтығын растаған.

Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) атақты сахабасының сөздеріне назар аударыңыздар. Ол бұл жөнінде өзінен білімді адамнан сұрап білмейінше ешнәрсе деп айтпады! Ал енді бүгінгі күні діндегі білімде Абу Мусаға тіпті жақын тұрмайтын адамдардың мұсылман үмметінің ғаламдық мәселелерін шешуді өздеріне өздері рұқсат етіп қойғандығына назар аударыңдар!

Біздің ізгі алдынғы буынымыздың өкілдері (салиқалы саләфтар) белгілі бір нәрсені білгісі келгенде, әркез ең білгір адамнан сұрауға тырысқан. Имам  әл-Ләләкәи кейбір табиғиндардың былай деп баяндағандарын жеткізеді: “Біз Мәдинаға келген кезімізде, ансарлардан болған адамдарды кездестіретін едік, бірақ біз Ибн Умарды немесе Абу Саъидті кезтестірмейімізше, олардан ешнәрсе сұрамайтынбыз”. әт-Табарани 12/430, Ибн Мандах 11.

Имам Ибн әл-Мани’ былай деп айтатын: “Білім тап болатын қасіреттердің бірі – өз өзімен қанағаттанған және білімі мен алғырлығында  өзіне сенген адамның ғалымдарға жүгінуді, олардан білім алуды және ойларының жарығынан қасықтап алуды қажет емес деп санауы”. “Иршаду-ттуләб” 93.

Сондай-ақ,  шейх Мухаммад ибн ‘Абдуль-Уаххаб «Таухид кітабы» деген танымал еңбегінде тағдыр туралы тарауға мына мәселені қосты: «Саләфтардың күмәндарды жою үшін ғалымдарға сұрақ қою әдеті». “Китабу-ттаухид” 89.



[1] Мұндай нәрсе білімсіз айтысу болған кезде орын алады. Біреу бір аятты, ал екіншісі екінші аятты келтіреді, әрі сырттай олар бір-біріне қайшы келетіндей болып көрінеді. Ал шындығында, Аллаһ Тағаланың шариғатында қарама-қайшылық жоқ, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқандай: «Егер ол (Құран) Аллаһтан болмағанда еді, онда олар оның ішінде көптеген қайшылықтар табар еді» (ән-Ниса 4: 82). Ал мұндай сырттай көрінетін «қайшылықтарға» келер болсақ, олар білімнің жоқтығынан және бұрыс түсініктен осылай болып көрінуі мүмкін.