Ғалымдардың Усама Бин Ладен туралы айтқан сөздері

Categories: Бүлік,Жамағаттар,Жиһад,Такфир

Шейх Абдуль-Азиз Ибн Баз былай деді: “Усама бин Ладен – жер бетінде бұзақылық таратушылардан! “Жәридатуль-муслимин” № 607. 8/5/1417х.ж.

Шейх Салих әл-Фаузанға  былай деп сұрақ қойылды: “Құрметті шейх! Аллаһ сізге игілік берсін! Сұрақ қоюшы адам былай дейді: «Менің сұрағымды тура мен жазғандай етіп оқып беруіңізді қалаймын. Аллаһпен ант етемін, керісінше болған жағдайда, мен кешірмеймін және Қиямет күні Аллаһтан өзімнің хақымды талап етемін! Әл-Мас’ари, әл-Фақихи және Усама бин Ладен — жамаъадан аутқып кеткендер болып табылады ма? Сіз «Шейх Ибн Баз Усама бин Ладен туралы жаман пікірді ұстанбаған, ал оның атынан ол туралы берілген пәтуа өтірік», — дейтін адамдар туралы не айта аласыз? Өйткені олар бұл сөздерді дәлел ретінде келтіреді»”.

Ол былай деп жауап берді: “ әл-Фақихиге, әл-Мас’ариге және Бин Ладенге қатысты айтар болсақ, сіздер олар туралы олардың сөздері мен істері бойынша үкім етіңдер. Алайда оларға жалғанды телімеңдер, бірақ олар туралы қорытындыны олардың ауытқуларына сәйкес жасаңдар! Ал: «Шейх Ибн Баздың пәтуасы өтірік», — деп айтатынға келер болсақ, оның өзі – өтірікші! Бұл пәтуа ойдан шығарылмаған, біз өзіміз бұл сөздерді шейхтан, Аллаһ оған рақым етсін, естідік, ол оның пәтуаларында жазылған және бұл оған ол әлі тірі болған кезінде оқып берілген еді. Сондықтан «Бұл пәтуа – өтірік», — дейтіннің өзі – өтірікші!

http://www.alfawzan.ws/AlFawzan/FatawaS … ageID=7071

 

Шейх әлФаузанға тағыда мынындай сұрақ қойылды: “Құрметті шейх, Аллаһ сізге есендік берсін. Усама бин Ладен жер бетінде бұзақылық таратып жатқаны және жастарды осыған шақырып жатқаны сізге сыр емес. Менің сұрағым мынандай: біз бұл адамды хауариж деп атай аламыз ба? Өйткені ол біздің елімізде де, басқа елдерде де жарылыстар жасауды қолдайды ғой».

Ол былай деп жауап берді: “Осындай сенімдерді бойында алып жүрген кез келген адам хауариж болып табылады! Сондай-ақ хауариждерге осындай сенімдерді өз бойында алып жүріп, адамдарды оларға шақырып-үндейтіндер де жатады, олардың тұратын жері және тұлғасы қандай болуына қарамастан! Әрі бұл — ереже, яғни кім адамдарды мұсылман әмірлеріне қарсы шығуға, мұсылмандарға такфир жасауға (күпірлікте айыптауға), мұсылмандарды өлтіруге шақырса, сол хауариж болып табылады!»

http://www.youtube.com/watch?v=QOxECDhihLQ


Шейх әл-Фаузанға сондай-ақ мынандай сұрақ та қойылған: “Құрметті шейх! Сұрақ қоюшы адам: «Неліктен ірі ғалымдар Комитеті хауариждердің Усама бин Ладен, әз-Зуахири,әл-Фақихи сияқты басшылары туралы пәтуа шығармайды, және сол арқылы олар адамдарды, әсіресе олар алдайтын жастарды, олардан тосып қалмайды?»

 Жауап: “Ірі ғалымдар Комитеті мұндай шешімді бірнеше рет шығарған және мұндай іс-әрекеттерді де, оларды жасайтындарды да сынаған. Бұған байланысты бірнеше шешімдер шығарылған, және бұл санаттағы адамдарға, күмәнсіз, осы әрекеттерге басшылық жасайтындар және іс-әрекеттердің жоспарларын әзірлейтіндер де кіреді».

http://www.alfawzan.ws/AlFawzan/FatawaS … ageID=7071

http://www.alfawzan.ws/AlFawzan/FatawaS … ageID=6587

http://www.alfawzan.ws/AlFawzan/FatawaS … ageID=1309

 

Шейх Ахмад әнНажмиден: “Кейбір адамдар Бин Ладенді ел күтіп жүрген Махди дейді және оны «мүміндердің әмірі» деп те атайды. Сіздің осыған деген түсіндірмеңіз қандай?

Ол былай деп жауап берді: Бұл адамдар – шайтандар! Бин Ладен – жексұрын шайтан және хауариж, әрі оны мақтау ешкімге рұқсат етілмейді! Ал оны мақтаушыларға келер болсақ, бұл – олардың сол сияқты хауариждер екеніне дәлел!»

http://www.youtube.com/watch?v=Kc3_y8q6BSM

 

Шейх-мухаддис ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббадқа “Кейбір адамдар біздің кезіміздегі «әл-Каида» ұйымы – хауариждер дейді, ал кейбіреулер оларды мужәхидтер деп атайды. Сіздің пікіріңіз қандай?» деген сұрақ қойылды.

Ол былай деп қысқа әрі анық жауап берді: «Иә, олар – шайтанның жолындағы мужәхидтер!»

http://www.youtube.com/watch?v=lakUvtyR7jk

 

Шейх Салих әл-Люхайданға сұрақ: “Мұсылманның Бин Ладен басқаратын «әл-Каида» ұйымына деген қатынасы қандай болуға тиіс?”

Ол былай деп жауап берді: «Бұл ұйымда игілік жоқ! Олар мұсылмандарды бөліп-айырды, қайғы-қасіреттер мен жауыздықтардың себепкері болды және қан төге бастады!»

http://www.sohari.com/nawader_v/fatawe/ … a3edah.ram

Дереккөзі: www.salaf-forum.ru