“Соғыс — бұл айлакерлік” хадисінің дұрыс түсінігі

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Абу Хурайра және Жәбир Аллаһ Елшісінің, оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын: “Соғыс – бұл айлакерлік”, — деп айтқанын жеткізеді (әл-Бухари 3029, 3030, Муслим 1739, 1740).

Осы хадиске сүйене отырып, көптеген мұсылмандар жиһадтағы әскери әрекеттердегі айламен «сатқындық» және «опасыздық» түсініктерін шатастырып алды. Дегенмен Құран аяттары мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін дұрыс түсіну үшін, әсіресе, осындай маңызды мәселелер жөнінде сөз болғанда, осы үметтің имамдарының сөздеріне назар аудару қажет:

Қады Ийяд жоғарыда айтылған хадис жөнінде былай дейді: “Ғалымдар осы хадистің негізінде: «Егер соғыста келісімшарт (`ахд) және қауіпсіздік кепілдігі (аман) сақталатын болса, онда алдаудың мүмкін болған барлық түріне рұқсат етіледі», — деген”. Қз.: “әл-Икмал” 6/42.

Имам ән-Нәуауи былай деп айтқан: “Ғалымдар «Егер соғыста келісімшарт пен қауіпсіздік кепілдігі бұзылмайтын болса, онда кәпірлерді кез келген әдіспен алдауға болады» дегенге бірауызды келіскен. Одан басқа жағдайда рұқсат берілмейді. Өтірік айтуға үш жағдайда, соның бірі-соғыста, рұқсат етілгендігі хасан хадистерден белгілі”. Қз.: “Шарх Сахих Муслим” 12/45.

Ғалымдар жиі айтатындай, соғыстағы алдаудың да шегі бар. Мысалы, имам Ибн Жәузи фиқһ бойынша аса танымал “әл-Қауанинул-фиқһия” кітабында былай деп жазған: “Қауіпсіздік кепілдігін бұзу мен әскери қулықтың арасындағы айырмашылық қауіпсіздік кепілдігі дұшпандарға қауіпсіздікке деген сенімділік ұсынатынында. Ал әскери қулық әскери құпияларды жасыруға арналған шаралар болып табылады. Бұл шаралар дұшпанды жаңылыстырады және оны қарсыласы шегініп жатыр немесе соғысқысы келмей жатыр деген қате ойға салады.  Бұл – дұшпанды абайсызда қалдырып, оның үстіне кенеттен түсу үшін жасалады. Әскери қулықтың түрлеріне (қарсыластың) назарын негізгі мақсаттан басқа жаққа аударып алып кету мақсатында (белгілі бір іс-әрекетті) симуляциялау, дұшпанның қатарына бөлінушілік салу, торуылдар ұйымдастыру, ұрыс барысындағы тактикалық шегіну т.б. жатады. Оған (әскери қулыққа) өзіңді солардың бірі деп көрсету, дұшпанның дінін өтіріктен ұстану, дұшпан алдында ықыласты кеңесші рөлін ойнап, сол арқылы дұшпанның сенімін пайдаланып, қиянатшылдықпен оны жәбірге ұшырату жатпайды. Бұл тәсілдерді қолдануға болмайды және олар сатқындық болып табылады”.  Қз.: “Кашфу шубухат фи масаил әл-`ахд уәл-жиһад ” 57.

Хафиз Ибн Абдул-Барр: Имамдар «Опасыздық жасауға тыйым салынған» дегенге бірауызды  келіскен, — деп айтқан. Қз.: “әт-Тамхид” 24/233.

Имам Абу Бакр ибн әл-`Араби: “Мұсылмандармен соғысып жатқандарға да, соғыспағандарға да әділеттілік таныту парыз!”, деген. Қз.: “Әхкамул-Қур`ан” 4/288.

Дереккөзі: www.Salaf-forum.ru

 

You may also like...