Сауд Арабиясы Королдігі Ірі ғалымдар Комитетінің ИШИМ (ИГИШ), «әл-Каида» және солар сияқты лаңкестік топтар туралы қаулысынан

Categories: Жиһад,ИГИШ (ИГИЛ),Хауариждер

(Комитеттің һ. 22.11.1435 ж. (17.09.2014 ж.) өткен 8-сессиясында қабылданған).

 

«Лаңкестік ислам үмметінің мүдделерін өте үлкен қауіптерге салуда, әрі кімде-кім осыны – жиһад деп мәлімдесе, сол – адасқан надан болып табылады. Бұл (іс-әрекеттің) Аллаһтың жолындағы жиһадқа қатысы жоқ, әрі Ислам да кейбір елдерді қантөгіске, тұрғын үйлерді, көлік құралдарын, инфрақұрылым нысандарының және жеке меншіктерді жарып жіберулерге ұшыратқан бұл адасқан, ауытқыған идеологияға қатыссыз. Бұл – бұған Аллаһ Тағаланың: «Адамдардан кейбіреуінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да, (ол) Аллаһты жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол – өте сотқар қаскүнем. Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге, сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады, ал Аллаһ жауыздықты жақсы көрмейді. Ал қашан оған: «Аллаһтан қорық!», — делінсе, оның паңдығы ұстап, өзін күнәкар етеді. Оған Тозақ жетеді[1], (ол) нендей жаман орын!» (әл-Бақара сүресі, 204-206 аяттар), — деген сөздерінің жалпы мағынасы айғақ болатынындай, шариғат пен адами болмыс (фитра) тәрк ететін бұзықтық таратудың және қылмыстық іс-әрекеттің нағыз өзі болып табылады.

Әрі ИШИМ (ИГИШ), «әл-Каида», «Әһл-әл-хаққ отрядтары», «Хизб-Аллаһ», хусайилер сияқты белгілі топтардың жасап жатқан лаңкестік актілері; немесе израилдік басқыншылық режимінің жасап жатқан лаңкестік қылмыстары; немесе өзін Исламға жатқызатын кейбір топтар мен секталардың жасап жатқан қылмыстары туралы айтар болсақ – олардың барлығы харам әрі қылмыс, өйткені олар қолсұғылмаушылықты тыйым салынған бұзу болып табылады: жазықсыз адамдардың қолсұғылмаушылығын бұзу, өзгенің мал-мүлкінің қолсұғылмаушылығын бұзу, қауіпсіздікті, тұрақтылықты бұзу және осыған дейін азық-түлік пен өздерінің үй-жайларына байланысты үрейленудің не екенін білмеген бейбіт тұрғындардың тыныс-тіршілігін бұзу, — әрі бұл туралы білмеу мүмкін емес. Бұған сондай-ақ адамдар өз тыныс-тіршілігінде соларсыз амалдай алмайтын қоғамдық игіліктерге қастандық жасау да жатады. Ендеше, Аллаһтың тыйымдарына қастандық жасайтынның, Оның құлдарын жәбірлейтіннің, мұсылмандар мен олардың қарамағындағыларды қорқытатынның қылмысы нендей ауыр әрі жиіркенішті! Оған Аллаһтың жазасынан және азаптауынан және оны жан-жағынан қоршаған оған қарсы айтылатын дұғалардан қасірет болсын. Біз Аллаһтан оның жасырынған жерін ашыуын және оны әшкерелеуін сұраймыз.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Ірі ғалымдар Комитеті

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Біріншіден: жоғарыда сипатталған лаңкестік – бұл шариғат мен адами болмыс оның кез-келген түрін тәрк ететін кесірлі қылмыс, зұлымдық және басқыншылық. Оған қатысы бар адам тоқтатушы және бөгет болушы жазаға лайық болады, әрі бұл (жазалау) Ислам шариғатының айқын мәтіндеріне және сол жазалардың шынайы күшке ие болуын сақтау міндеттілігіне, сондай-ақ елбасшыға (билеушіге) қарсы шығуға деген тыйымға негізделеді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім (елбасшыға) бағынудан шықса және (елбасшының) айналасындағы біртұтас жамағаттан бөлінсе, әрі осы күйінде қайтыс болса, (жаһилиет) дәуірінің өлімімен өлген болады. Кім өзінің соқыр берілгендігінің (фанатизімінің) себебінен (өзгелерге) ашуланып, соқыр берілгендікке (фанатизмге) шақырып, немесе соқыр берілгендікке (фанатизмге) көмектесіп, бұлыңғыр-түсініксіз тудың астында соғысса және өлтірілсе, оның өлімі – Исламға дейінгі надандық өлімі болады. Кім менің үмметіме қарсы шығып, мүминнен қолын тартпай және жасасқан келісім-шарттарын орындамай, (үмметімнің) ізгі-салиқалысын да, бұзығын да (қоса) соққыға алатын болса, соның маған қатысы жоқ, әрі мен де оған қатыссызбын», — деген. Мұны Муслим жеткізген.

Ислам жастарына қатысты:

Олар өз іс-әрекеттерінде естілік пен ақыл-парасаттылық танытулары және Ислам үмметін бөлуге және оны бұзақылық пен іріп-шіруге салуға бағытталған кесірлі үгіттер мен ұрандарға бой бермеуі керек. Олардың (сол үгіттер мен ұрандардың), шындап келгенде, дінге қатысы жоқ, (бұл) осыда өз мүдделерін көздеп жүрген надандардың фактілерді бұрмалауы болып табылады. Шариғат мәтіндерінде осындай істермен айналысатындарды жазалау туралы нұсқаулар да, сондай-ақ осындай әрекеттерді жасаудан тосу мен оларға бөгет жасаудың міндетті екендігі туралы нұсқаулар да бар. Ал бұл туралы жеке үкімдерге келе болсақ, олар соттар тарапынан шығарылады.

Екіншіден, осыдан алдын айтылған сөздердің негізінде Комитет САК Мемлекетінің – Аллаһ оны Ислам арқылы ұлықтасын – жүзеге асырып жатқан ИГИШ, әл-Каида, хусәйилер, әрі «Хизб-Аллаһ» деп аталатын, сондай-ақ сыртқы саяси қолдаудың астында жүргендер тәрізді лаңкестік әрі қылмыстық топтарға қатысы барлардың ізіне түсу  және оларды әшкерелеу істерін қолдайды, бұл мемлекетті және (Аллаһтың) құлдарын олардың жамандықтарынан сақтап-қорғау үшін, бүліктерді жою және (Аллаһтың құлдарының) намысын қорғау үшін жүргізіледі. Және баршаның мойнына  осы қауіпті құбылысты жазалау ісінде өзара ынтымақтасу міндеттілігі жатады, өйткені бұл Аллаһ Тағала бізге Өзінің сөздерінде: «Бір-біріңе жақсылық пен тақуалыққа көмектесіңдер. Бірақ күнә мен дұшпандыққа көмектеспеңдер. Аллаһтан қорқыңдар! Күдіксіз, Аллаһтың азабы қатты!» («әл-Мәида» сүресі, 2-аят), — деп бұйырған жақсылық пен тақуалықта өзара көмектесуге жатады. Әрі комитет осындай адамдарды жасырудан немесе оларға пана беруден сақтандырады, өйткені бұл – үлкен күнәлардың бірі, әрі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ қылмыскерге пана берген адамды лағынеттеді», — деген сөздерінің жалпы мағынасына қатысты. Бұл хадисті әл-Бухари және Муслим келтіреді. Осы хадистегі «қылмыскер» — бұл жер бетінде арсыздық пен бүлік тарататын адам. Әрі егер оларға пана бергендерге қатысты осындай қатал ескертпе айтылған болса, онда оларға көмек көрсеткендердің немесе олардың істерін қолдағандардың жағдайы қандай болмақ?

Әрі қарай Комитеттің қаулысында былай делінеді:

“Төртіншіден: …Ал енді кімде-кім, қандай тәсілмен болмасын, лаңкестікті рұқсат ететін пәтуалар шығарған немесе пікірлер білдірген болса, онда елбасшы мұндай адамды, оған қатысты шариғат тарапынан талап етілетін (үкім) қолданылуы үшін, сотқа беруі керек болады, әрі осы арқалы ол Ислам үмметіне деген ықыласты қатынасын іске асырған, өзіне жүктелген жауапкершілікті орындаған әрі дінді қорғаған болады.

Ал Аллаһ Тағала (тарапынан) білім берілгендердің  мойнына (адамдарды) негізсіз (орынсыз) тұжырымдардан сақтандыру, олардың жарамсыздығын түсіндіру әрі өтірік екенін әшкерелеу міндеті жүктеледі. Әрі бұл іс  – ең маңызды міндеттердің бірі екені, әрі ол Аллаһқа, Оның Кітабына, Оның Елшісіне, мұсылмандардың имамдары мен ислам үмметіне ықыласты қарым-қатынас таныту болып табылатыны жасырын емес.

Сондай-ақ қаулыда былай деп айтылған:

«Алтыншыдан: … Осының негізінде Ірі ғалымдар Көмитеті қақтығыстар, жауласу мен бүліктер орын алып жатқан аумақтарға кетудің тыйым салынғандығын растайды, әрі бұл мұсылман әмірлеріне берілген антты орындау міндетін тәрк ету болып табылатынын да растайды. Комитет мұндайды істеуші адамды оның іс-әрекетінің (кесірлі) салдарынан, әрі соңы мақтаусыз болатын жағдайға түсіп қалуынан  сақтандырады.

(САК) Мемлекеті қарсыласу, жауласу және бүліктер орын алып жатқан аумақтарға кетуге шақырушыларды жазалауы қажет, (өйткені) олар мұсылмандардың елбасшыларына бойсұнбауға әрі оларға қарсы шығуға ынталандыратын адасушылық пен жікшілдікке шақырушылар болып табылады, ал бұл – ең үлкен күнәлардың бірі. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «…Үммет біртұтас кезінде, оның ісіне іріткі салғысы келетін адамды кім екеніне қарамастан, қылышпен ұрыңдар», — дейді (хадисті Муслим келтірген).

Бұл хадисте адасушылыққа, бөлініп-жікшілденуге және бүліктерге шақырушыларға әрі олардың соңынан ілескендерге ескертпе-сақтандыру қамтылған. Осы дүниеде де, Ақыретте де ол үшін жаза тиісті болатын адасушылықта қасарысып тұрып алудан сақтандыру (бар).

Ірі ғалымдардың Комитеті осы түсіндірмені жариялай отырып, баршаға Құран мен Сүннеттің үстінде, салиқалы сәләфтардың әрі оларға ең көркем түрде ілескендердің түсінуіне сәйкес құрылған осы шынайы діннен берік ұстануды насихаттайды. Әрі өскелең ұрпақ пен жастар Аллаһтың көмегімен бүлік таратушы ағымдардан және адасушылыққа, бүліктерге әрі жікшілдікке шақырушылардың әсерінен қауіпсіздікке қалулары үшін, оларды осы шынайы манһаж бен тура жолдың үстінде тәрбиелеудің міндеттілігін еске салады. (Бұл) Аллаһ олардың көмегімен ислам үмметіне пайда әкелуі үшін, әрі олар ілім-білімнің иелеріне, пайғамбарлардың мұрагерлеріне әрі жақсылық жасаушыларға, тура басшылықтың салиқалы ұстанушыларына айналулары үшін (қажет). Комитет осы елдің (САК) басшылары мен оның ғалымдарының айналасында бірігудің міндеттілігін растайды, әсіресе, осы уақыттар секілді бүліктер кезеңінде. Сондай-ақ Комитет баршаны: билеушілерді де, олардың қол астындағыларды да – күнәлардан, Аллаһқа бойсұнбаудан әрі Аллаһтың бұйрықтарына салғырттық танытудан сақтандырады».

Ірі ғалымдар Комитетінің басшысы:

Абдул-‘Азиз ибн АбдуЛлаһ ибн Мухаммад Али әш-Шейх.

Мүшелері:

Салих ибн Мухаммад әл-Люхәйдан,

д. Салих Ибн Фаузан әл-Фаузан,

д. Абдуллаһ ибн Абдул-Мухсин әт-Турки,

д. Абдуллаһ ибн Мухаммал Али әш-Шейх,

д. Абдул-Уаххаб ибн Ибраһим Абу Суләйман,

д. Ахмад ибн Али Сейр әл-Мубараки,

д. Салих Ибн Абдуллаһ ибн Хумәйд,

д. Мухаммад ибн Абдул-Кәрим әл-‘Иса,

д. Я’қуб ибн Абдул-Уаххаб әл-Ба-Хусәйн,

д. Абдуллаһ ибн Мухаммад әл-Мутләк,

Абдуллаһ ибн Мухаммад ибн Ханин,

д. Мухаммад ибн Хасан Али әш-Шейх,

д. Абдул-Кәрим ибн Абдуллаһ әл-Худәйр,

д. Али ибн Аббас ибн Усман әл-Хаками,

д. Мухаммад ибн Мухаммад әл-Мухтар (әш-Шанқыти),

д. Кейс ибн Мухаммад Али әш-Шейх Мубарак,

Абдур-Рахман ибн Абдул-Азиз әл-Куллия,

д. Са’д ибн Турки әл-Хаслән

Қараңыз:

1. http://www.assakina.com/center/systems/53209.html…

2. http://www.alriyadh.com/977266

3. http://sabq.org/iolgde

[1] Яғни оған, осы жасағаны үшін Тозақ жеткілікті жаза болады.