Шейх ‘Али әт-Тууайжиридің Кавказ жастарына айтқан насихаты

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Шейх Ибн Баз бен шейх Ибн Усайминнің шәкірті, тафсир докторы — шейх ‘Али әт-Тууайжириге қойылған сұрақ:

«Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен. Аллаһқа мадақ, Мухаммадқа Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және әрі қарай…

Аллаһ Сізге есендік берсін, уа, шейх. Менде мынандай сұрақ: Шариғат заңдарын құқық қорғау органдарының қызметкерлерін  күпірлікте айыптау арқылы іске асырып жатқан Кавказдық бауырларға айтар насихатыңыз қандай?  Бұл милиция қызметкерлері — халқымыздың перзенттері болып табылады және өздерін мұсылман деп санайды, бірақ олардың арасында коммунизм жүйесінің қоластында тәрбиеленгендері де бар әрі олардың көпшілігінде надандық басым. Алайда көбісі намаз оқиды, ораза ұстайды және жұма намаздарына қатысады. Әрине, олардың арасында бидғат істейтіндері де бар, бірақ олардың бидғаттары оларды Исламнан шығаратын деңгейге дейін бармайды. Соғысып жатқан бауырлардың қатарынан болған кейбір уағыздаушылар: «Милицияшыларды діннен шыққан муртад деу қате болып табылады, өйткені олар ешқашан мұсылман болмады, — дейді де, — Сондықтан оларды өлтіру және жару міндетті болады», — деп уағыздайды. Ия, милицияшылардың барлығы, әрине, шыншыл адамдардан бола бермейді, олар да бауырларымыз бен қарындастарымызды өлтіріп, зорлық-зомбылықтың астына алып, жазықсыз темір торға жабуда. Өкінішке орай, олардың мұндай озбырлыққа баруына тауда жүрген соғысушы бауырлардың әрекеттері себепші болып отыр.

Негізінен олардың көсемдері – жастар, соған қарамастан өздері үлкен ғалымдар сияқты пәтуалар шығарады. Олар Құран мен Сүннеттен дәйектер келтіріп, айналасындағы жастарды шабыттандырады,«өзін құрбан ету» актілеріне үгіттеп-итермелейді. Солардың бірі — Әбу Мухаммад әль-Мақдиси әл-Барқауи. Ол өздерінің интернет сайттары арқылы сенімдерін насихаттап, түрлі сұрақтар бойынша шешім шығарады.

Біз фитна және қантөгіс жайлаған кезеңде өмір сүрудеміз. Себебі діни ілімі толық емес адамдар шариғат заңдарын білімнің емес білектің күшімен орнатуды қалайды. Оларға: «Жиһад даналықтың, білімнің көмегімен жүргізіледі және күштің болуымен шартталады,  сондай-ақ жиһад жасауда пайда мен зиян мәселелері ескерілу қажет», — деп айтылса да мойындамайды, өз пікірлеріне қарсы келетіндерді қорқақ, муржия және жеңілуді жақтаушылар деп есептейді. Дәл осындай жағдай бүгінгі күні Кавказда орын алуда. Сіз бұл туралы не ойлайсыз? Жауап беруіңізді өтінемін, Аллаһ сізге сауабынан жазсын!»

Шейх ‘Али әт-Тууәйжиридің жауабы:

«Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен! Әлемдердің Раббысы – Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһқа мадақ! Мухаммад Пайғамбарға, оның отбасына және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!

Біріншісі: Күпірлікте айыптау – бұл  Аллаһтың және Оның Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) ғана құқығы. Тек Аллаһ және Оның Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) тарапынан кәпір деп аталғандар ғана күпірлікте айыпталады. Сондықтан ешкімді Құран мен Сүннеттен дәлелдер келтірмей, күмәнді нәрседе шариғатқа қайшы түрде күпірлікте айыптауға болмайды, бұл жөнінде шейх уль-Ислам Ибн Таймия (Аллаһ оған разы болсын) да қатаң ескерткен болатын.

Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Меккеде бірінші кезекте бастаған нәрсесі – бірқұдайшылыққа шақыру, адамдарға діннің ережелерін оқыту, оларды намазға үйретіп  Исламның қағидаларын үйрету еді.  Сондықтан күпірлікте айыптау мәселесін тастап, Аллаһқа шақырумен айналысу уәжіп болады. Сол елдердегі өмір сүрушілердің көпшілігі, менің ойымша, Исламның ережелерін  білмейтін надандықта болған. Оларды күпірлікте айыптауға асықпау керек, алдымен оқытып, оларға дәлелдерді жеткізу қажет, Құдіретті Аллаһтың дінін түсіндіріп, күмәндарды алшақтату қажет, міне осы – Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жолын қалайтындар үшін дұрыс жол болады.

Ал соғысып жатқан және Барқауиге (әл-Мақдисиге) сүйенген бауырлар, біз оларға айтатынымыз: «Құдыретті Құдіретті және Ұлы Аллаһтан қорқыңдар! Егер  сендер «такфир» істемеуде қателессеңдер, бұл сендер үшін «такфир» (мусылмандарды күпірлікте айыптау) жасауда қателескеннен жақсырақ болады, өйткені Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кім өзінің бауырына: «Кәпір!» — десе, оның екеуінің біреуі сондай болады», — деп біреуді білімсіз кәпір деп айтудан сақтандырды. Кім қателессе (күпірлікте айыпталуға лайықтыны кәпір деп атамаса), бұл айыптауға лайықты емес адамды кәпір деп айыптауынан жақсырақ, өйткені екі ердің арасында не күпірлікте айыптағаны не айыпталушысы, яғни олардың біреуі сондай болуы керек.

Кейін бұл адамдарға мынаны айту керек: «Шариғат білімдерін алыңдар, білімді ғалымдардан алыңдар!» Жиһад білімге мұқтаж, өйткені білімсіз жиһад жоқ! Ал кім надан болған күйінде жиһад жасаса, ол көп қателіктер жасайды.

Олар Ұлы және Құдіретті Аллаһтан қорқып, өздері ілесіп бара жатқан жолдан сақ болуы қажет, өйткені олар опат болуға бара жатыр!

Аллаһтың діні әуес-қалаулардың және құмарлықтың пайымы болып табылмайды, Аллаһтың діні толығымен қабылданады, ол мақұлданатын нәрселерді орындауды және айыпталатын нәрселерден бас тартуды бұйырады. Олар такфир мәселелерін ғалымдарға қайтаруы қажет, өйткені олар (ғалымдар) күпірлікте айыптаудың шарттарын, талаптарын жақсы біледі.

Өздерінің жандары үшін сақ болсын, өйткені олар опат етуші жолмен ілесіп кетуде, олар ұлы қылмыс жасауда. Соған қарамастан өздерін «Жәннатқа апаратын жол таңдадық» деп есептейді. Аллаһтың діні ізгі алдынғы буынның (салиқалы саләфтардың) түсінуіндегі  Құран мен Сүннеттен, ғалымдардан алынады.

Ал жас мұсылмандарға қатысты айтар болсақ, олар Аллаһтан қорықсын,  сондай-ақ ақиқаттың білімпазы болу үшін білімді оның иелерінен алсын. Себебі біз ауырғанда құрылысшыға немесе көлік жүргізушісіне барып емделмейміз ғой, дұрыс ем қабылдау үшін сол істің маманы — дәрігердің көмегіне жүгінеміз, жай ғана дәрігерден гөрі оның білікті әрі жоғары санатты маманға барғанды қалаймыз, бұл — шындық. Сондықтан шариғи білімді тек өз ісінің нағыз білгірі ғұлама-ғалымдардан үйренуіміз міндет.  Өйткені шариғаттық білімдер — Аллаһтан және Аллаһтың Елшісінен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын).  Мен бүкіл әлемдердің Раббысынан қорқуға және білім алуға, әл-Мақдисиден аулақ болуға насихат беремін, ақиқатында, ол – атақты хауариж және адасқан идеялардың жақтаушыларынан!

Аллаһқа шүкір, бұл үмметтің ғалымдарында кітаптар да, таспалар да жеткілікті. Сондықтан оларды Құран мен Сүннет негізінде, тура жол ғалымдарының еңбектері негізінде Аллаһқа шақыру керек және мұсылмандарды күпірлікте айыптаудан, қауіпсіздікті бұзып, оларды жарудан аулақ болуы қажет, өйткені бұл күнәлары үшін олар Қиямет Күніне дейін де жазалануы мүмкін.  Ал барлық нәрсе тек Аллаһқа жақсырақ мәлім!

Аудио таспаны тыңдау: www.youtube.com/watch?v=HdOy_WzWOlc

Алынған көзі: www. salaf-forum.ru

You may also like...