Біздің кезімізде кең таралған «шәһид» деген атау туралы

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен!

Шейх Ибн ‘Усәймин біздің кезімізде кең таралған, белгілі мұсылманға қатысты қолданатын «шәһид» деген атау туралы былай деп айтқан: «Адам шәһид болуы үшін, ол Аллаһтың сөзі барлық нәрседен үстем болуы үшін соғысуы керек, ал бұл — ниеттің біз білмейтін жасырын болған жағы. Ал егер біз белгілі бір адам туралы: «Ол – шәһид!» — деп айтсақ, біз оның Жәннәтта екендігіне күәлік берген боламыз, ал бұл — әһлю-Суннә ұстанымына қайшы келеді. Сондықтан да, белгілі бір адам туралы Қасиетті мәтіндер болғаннан өзге жағдайда: «Ол — шәһид», — деп айтуға рұқсат етілмейді!» “Мәджму’уль-фәтауә уә расаиль” 3/116-117.

Бүгінгі күні көпшілік айтып жүрген, бірақ саләфтар бұл жөнінде бізге ешнәрсе айтып қалдырмаған «шәһидтік сипаттар» дегенге қатысты үкім де — тура осындай. Мысалы, мұндай сипаттардан деп беттің нұрлануын, мәйіттің ешқашан шірімеуін және қан хош иіс шығаруын т.с. с. айтады. Мұның барлығының шариғатта ешқандай негізі жоқ және олар — жақсы, немесе жаман өлімнің белгісі болып табылмайды, ал кім керісінше айтса – Құран мен Сүннеттен, немесе сахабалардың сөздерінен сахих дәлел келтірсін. Біздің саләфтарымыздың арасында онша жақсы болмаған жағдайларда өлгендері де болған. Мысалы, дәрет сындырып жатқан кезінде жындар өлтіріп, мәйітін қорлап кеткен кісі туралы дерек т.б.

Осыған 2005 жылдың соңында Интернетте таралған намаз орындамай өлген және өлгенінен кейін әкесі оны қайта қазып алса, мәйіті ұсқынсыз етіп қорланған мыс Сауд Арабиялық жас жігіттің суреттерін де жатқызуға болады. Бұл суреттерді қазір де көптеген сайттарда қабір азабының дәлелі ретінде көруге болады. Мұның барлығы – бидъат болып табылады және қабір азабының бар екендігіне нұсқамайды. Қабір азабына иман келтіру Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінен келген деректерге негізделеді, ал біз өлгендердің бейнесі, түрлі түс көрулер, әртүрлі ғылыми сенсациялар, Айда азанның айтылғанын есту, тағы сол сияқты ойдан тоқылған дәлелдерге емес, Аллаһ Өзінің Пайғамбарына (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) түсірген нәрсесіне ілесуіміз және дәлелді Құран мен Сүннеттен алуымыз қажет. Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Раббыларыңнан сендерге түсірілгенге ілесіңдер де, Одан өзгені қамқоршы тұтып ілеспеңдер». (әл-Ә’раф 7: 3).
Ал Аллаһтан түсірілген болып тек Құран мен Сүннет табылады, ал Аллаһтың шариғатында қалған нәрселер күшке ие емес!
Шейх әл-Әлбәниден: “Кейбіреулер шәһидтердің денелері, пайғамбарлардың денелері сияқты, шірімейді, бұл солай ма?” – деп сұрағанда, шейх былай деп жауап берді: “Шариғатта, пайғамбарлардың денелерінен ерекше, шәһидтердің денелері шірімейді дегенге нұсқайтын бірде-бір дәлел жоқ. Бізде: «Ақиқатында, Аллаһ Тағала жерге пайғамбарлардың денелерін жеуді харам етті», — деп айтылған хадис бар. Ал шәһидтерге келер болсақ, оларға қатысты мұндай мәтін келмеген. Алайда Исламның алғашқы жылдарында шәһидтердің арасында мәйіттері шірімегендері де болған, ал бұл — ерекше жағдай болатын. Бірақ біз осыдан «Барлық шәһидтердің денелері шірімейді» деген ереже жасамаймыз. Адамдардың арасында шәһид болмаған, бірақ Аллаһ оның мәйітінің шірімейтінін ғажайып еткен адамдар болуы мүмкін. Алайда біз тек пайғамбарлардың денесі ғана шірімейді деп айтуымыз керек, ал пайғамбарлардан өзге кімге болсын қатысты айтар болсақ, олардың денесінің шірімейтініне бізде дәлел жоқ” “Сильсиләтуль-худа уә-ннур” № 317.

Тура осы — шәһидтердің қанының иісіне де қатысты. Көптеген сахих хадистерде Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге шаһидтердің қаны бұл дүниеде емес, алайда Киямет күні мисктің хош иісіне ие болады деп айтады. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Адамдардан кімде-кім Аллаһтың жолында жарақат алса, міндетті түрде Қиямет Күні түсі — қанның түсіндей, ал иісі — мисктің иісі болған қанмен қансыраған жарасымен келеді». әл-Бухари 5533, Муслим 1876.

Шейх мухаддис Әхмәд ән-Нәджми «ихуәнуль-муслимин» ағымының сөздеріне қарсы пікір білдіріп былай деген: «Егер біз саләфтардың өмірбаяндарын оқумен айналыссақ, оларда өлген адамдардың қаны хош иісті болады дегендей шәһидтердің сипаты туралы ешнәрсе таппаймыз. Мұндай нәрсе Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) соғысып, шәһид болған бірде-бір сахабасы туралы да, пайғамбардан кейін де соғысып, шәһид болған сахабалар туралы да, джихад жүргізген және кәпірлермен шайқасқан алғашқы ең абзал үш ұрпақтың мұсылмандары туралы айтылмаған! Олардан кейін де ешкім осындай нәрселер туралы айтпаған. Бірақ «ихуануль-муслимин» нен болған шаһидтер Пайғамбармен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бірге соғысқан сахабалардан, немесе сахабалардың ізбасарларынан (табиъун) болған шаһидтерден жақсырақ шығар, егер біз олардың қаны, саләфтардың қанынан ерекше, бұл дүниенің өзінде мисктің иісі шықса?! ‘Абдуллаһ ‘Азамның «Ауғаныстан джихадындағы әр-Рахманнің белгілері» деген кітапқа және ол Абу Ну’аймнан келтіретін сахабалар Са’д ибн Му’аздың қабіріне жақындаған кезде мисктің иісін сезді және Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ Пәк! Аллаһ Пәк!» — деген дерекке келер болсақ, бұл хабар сахих болып табылмайды, ал Әбу Ну’айм «әл-Хилия»да көптеген сахих емес деректерді келтіреді. Мен Аллаһтың қалауы бойынша Оның жақын құлдарымен орын алатын мұғжизаларға (кәрамәттарға) сенемін, алайда Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының муғжизасы болмаған нәрсе — ешқашан олардан кейін болғандардың және болатындардың муғжизасы болмайды!» “әр-Раду шәр’ийюль-мә’қуль ‘аләл-муттасылиль-мәджхуль” 89-91.

Тура осы — сақтанған сияқты болып: «Ин шә Аллаһ (Аллаһ қаласа) пәлен – шәһид!» — деп айтатындарға да қатысты! «Ин шә Аллаһ» сөздері аталған жағдайда оларды ешқандай ақтамайды. Бұл: «Ин шә Аллаһ, пәлен Жәннәтта», — деп айтумен бірдей.

Ал егер біреу осымен Аллаһқа Ол оны шәһид етсін деп дұға жасап жатырмын дегенін келтірсе, бұл да – ақтау бола алмайды, өйткені, Аллаһ онсыз-ақ қалағанын істейді және, әрине егер Аллаһтың қалауы болса, адам не Жәннәтта, не Тозақта болады, алайда бізге осылайша етіп («ин шә Аллаһ» — деп) Аллаһтан сұрауға тыйым салынады, өйткені Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерден ешкім ешқашан: «Уа, Аллаһ, қаласаң мені кешір, уа, Аллаһ, қаласаң мені рахмет ет», — деп айтпасын, бірақ табандылық танытсын, өйткені Аллаһты ешкім ешнәрсеге мәжбүрлей алмайды». әл-Бухари 6339, Муслим 4/2063.

«Белгілі адамның Жәннәтта, немесе Тозақта екендігі туралы куәлік етуге тыйым салынғандығы туралы» мақаласынан алынған («әд-да’уәту-ссаләфия» сериясы, 7-бөлім, «К Исламу», toislam.com сайтының редакциясы дайындаған).

You may also like...