Видео: Шейх Салих әл-Фаузан: «Біз жихадты жақсы көреміз, бірақ бұл – жихад емес»

Сұрақ:

Сұраушы былай деді: «Құрметті шейх, жихадқа деген  мұндай жеккөрушілік пен адамдарды оған қатыспауға ынталандыру қайдан (келуде)? Ислам үмметі жихадқа мұқтаж екендігі, ал дұшпандар оны қаламайтыны белгілі ғой. Біз неліктен олармен (дұшпандармен) келісеміз? «Турхибун»/ «қорқытыңдар»  (8:60) деген сөздің мағынасы қандай? Аллаһ сізге игілікпен қайырсын!»

 

Жауап:

» Біз жихадты жақсы көреміз, бірақ бұл жихад емес! Біз алдын да мұның жихад еместігін айтқан болатынбыз. Бұл қирату! Адамдарды қақысыз өлтіру жихад болып табылады ма? Ал кейде адам тіпті өзін өзі қақысыз өлтіріп жатады!   Бұл – жихад емес! Жихадтың өз ережелері, шарттары және қағидалары бар. Оған мұсылман әмірі шақырады және ол оған басшылық жасайды. Тіпті Бану Исраиль де өз пайғамбарына: «Біз Аллаһтың жолында шайқасуымыз үшін бізге патша тағайында» (2:246), — деп айтты. Олар соғысу үшін өздерімен өздері қаруланып шықпады, бірақ: «Біз Аллаһтың жолында шайқасуымыз үшін бізге патша, — яғни басшы, — тағайында», — деді. Олар мұны кімнен сұрады? Өздерінің пайғамбарларының біреуінен, әмірден!   Билік мәселелеріне қатысты жихад  әмірдің құзыры болып табылады. Ол – жихад жасауға бұйрық беруші және оны басқарушы. Ол әскерді мобилизациялайды, қару-жарақ дайындайды. Ал «қорқытыңдар» деген сөзге келер болсақ, бұл Аллаһтың дұшпандарына қатысты. «Аллаһтың дұшпанын қорқытыңдар» (8:60). Аллаһ мұсылмандарды немесе олармен келісімі барларды  (муахадин) қорқытыңдар деп айтқан жоқ. Аллаһ: «Аллаһтың дұшпанын және өз дұшпандарыңды қорқытыңдар», — деді. Ия.

Көру үшін сілтеме

You may also like...