Шейх ‘Абдуль-‘Азиз әр-Ражжихи өзін-өзі жарудың зияны туралы

Categories: Жиһад

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Біз Оны ғана мадақтайтын және Одан ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы және Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.

Содан соң:

«Жарылыстар – бұл бұзақылық және қылмыс! Бұзақылық және қылмыс! Ал үйлерді жарып және жазықсыз жандарды өлтіріп өзін-өзі жарушы, Аллаһ бізді бұдан сақтасын, көптеген қылмыстарды жасайды:

Оның бірінші қылмысы – ол өзін-өзі өлтіреді, ал бұл – осыны істеген адамды Отқа тастайтын өте үлкен күнә болып табылады! Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Кім өзін-өзі бір нәрсемен өлтірсе, Қиямет күні сонысымен азапталады!» әл-Бухари және Муслим.
Екінші қылмыс – ол иман келтірген мұсылмандарды қақысыз өлтіреді. Бұл да өте үлкен күнәлардың қатарына жатады. Аллаһ бұл жөнінде былай деп айтқан: «Кім бір мүмінді қасақана өлтірсе, оның жазасы ішінде мүлде қалатын Тозақ болады. Сондай-ақ оған Аллаһтың ашуы, қарғысы болып және зор қинау әзірлеп қойылған!» (ән-Нисә сүресі, 93-аят).

Үшінші қылмыс – келісім-шарты бар кәпірлерді өлтіру. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім келісім-шарт жасасқан кәпірді өлтірсе Жәннәттің хош иісін сезбейді!», — деген. әл-Бухари және Муслим. Ал бұл тіпті мұсылмандармен соғысып жатқан кәпірге де қатысты, егер ол мұсылмандардың жеріне қауіпсіздік кепілдігін алып кірген болса!

Төртінші қылмыс  – бұл мал-мүлікті жою және бүлдіру. Олар жарып жатқан ғимараттар мен құрылыстар: оларға қанша миллиондар шығын болды?! Ал бұл – үлкен ақша ғой!

Бесінші қылмыс – жер бетінде бұзақылық тарату, ал Аллаһ Тағала: «Ақиқатында, Аллаһпен және Елшісімен соғысқандардың және жер бетінде  бұзақылық таратуға ұмтылып жүргендердің жазасы — өлтірілулері, не асылулары, яки қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері, немесе елден айдалулары. Бұл — олардың дүниедегі жазасы. Ал Ақыретте олар үшін ірі азап бар» (әл-Мәида сүресі, 33-аят).

Алтыншы қылмыс – мүміндерге қорқыныш (үрей) салу.

Жетінші қылмыс – қауіпсіздікті бұзу.

Сегізінші қылмыс – бұл іс-әрекеттер бұзақылар мен екіжүзділерге мұсылмандар туралы жаман сөздер айтуға сылтау береді. Ал, ендеше, мұсылман адам осындай амалымен нені қалайды?! Аллаһтың жолындағы жихадты қалайды ма?! Кейбіреулер осылай деп айтады. Бірақ осы – жихад па?! Бұл — қандай жихад?! Өзіңді өзің өлтіру, тіпті өзіңді кәпірлердің ортасында жарып тастасаң да, қалайша жихад болмақ? Бұл – жихад емес!» Тыңдаңыз: “Шарх Усуль әс-Сунна”.

Уа-Ллаһу а’ләм.

Ал соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ!

Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

шейх әр-Ражихидің бұл сөздерін толығымен мына жерден тыңдауға болады:  http://www.fatwa1.com/anti-erhab/Irhabi … afgirat.rm

 

http://islam-forum.ws/