Шейх Салих әл-Фаузанның барлық араб елдерінің әмірлерін күпірлікте айыптайтындар туралы айтқан сөздері

Categories: Жамағаттар,Такфир

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Шейх Салих әл-Фаузанға, Аллаһ оған есендік берсін, қойылған сұрақ:

«Франциядан қойылған сұрақ: Мұсылмандардың әмірлерінің (билеушілерінің) барлығын  және белгілі біреулерін күпірлікте айыптайтындарға деген сіздің қатынасыңыз қандай? Олар хауариждер болып табылады ма? Жауап беруіңізді сұраймыз, Аллаһ сізге игілік берсін!»

Шейх былай деп жауап берді:

«Мұсылмандарды жалпылама күпірлікте айыптайтындар хауариждерден де жаман! Өйткені олар ешкімді ерекшелеген жоқ және күпірлік туралы үкімді барлық мұсылман әмірлеріне қатысты шығарды. Бұл хауариждердің мазхабынан да жаман, өйткені бұл адамдар жинақтап қорытындылады!»

Қараңыз:  “әл-Ижәбат әл-мухимма” 11.