Хауариждер туралы

Эльмир Кулиевтің «Құран мен Сүннет әмірлерге мойынсыну туралы» атты кітабын жариялауды аяқтаймыз.

Хауариждер туралы

Араб елдерінде тараған Исламдағы қауіпті адасқан ағымдардың бірі – бұл хауариждер. Оған ілесушілер күнә жасаушылардың барлығын, сондай-ақ өздерінің көзқарастарына қосылмайтындардың барлығын кәпір деп санайды. Олар өздеріне басқалардың өміріне, ар-намысына және мал-мүлкіне қол сұғуына рұқсат етілген деп есептейді және күнәһарлар, тіпті егер олар Аллаһқа серік қоспаса да, Тозақта мәңгі болады деп сенеді.  Олар өздерінің көзқарастарына қайшы келетін көптеген хадистерді тәрк етеді және әмірлер оларды қанағаттандырмаса, адамдарды оларға қарсы көтеріліске шақырады.

Хауариждер бұрын да Исламдағы ең үлкен қасіреттердің себепкерлері болған және қазір де оның абыройына нұқсан келтіруде.

Дәл солар халифа Усман ибн Аффанның өліміне және мұсылмандардың арасында соған байланысты пайда болған келіспеушіліктерге айыпты болды.

Дәл солар халифа Алидің билік құру тұсында мұсылмандар арасындағы соғыстарды араңдатты. Дәл солар халифа Али ибн Абу Талибті күпірлікте айыптап, намаздың үстінде өлтірді.

Бүгін олар лаңкестікпен айналысып, әйелдер мен балаларды өлтіріп жүр, ал Құран мұндай іс-әрекеттерге тыйым салады. Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһ  дін жайында сендермен соғыспаған және елдеріңнен қуып шығармағандарға жақсылық қылуларыңа, әділдік етулеріңе тыйым салмайды. Расында, Аллаһ әділ болғандарды жақсы көреді» (әл-Мумтахина 60:8).

Олардың кесірлі көзқарастары қасиетті Құран мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеттінің іліміне сәйкес келмейді, бірақ осыған қарамастан, олар тек өздерін ғана шынайы мұсылман деп есептейді. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осындай адамдардың пайда болуын алдын ала айтып және біз үшін олардың кейбір сипаттарын суреттеп берген.

Бірде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдардың арасында алтын бөліп жатқан кезде, оған бір адам келіп: «Уа, Мухаммад, Аллаһтан қорықсайшы!», — деді. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен Аллаһқа бағынбағанда – кім бағынады? Маған жерді мекендеушілердің барлығы сеніп тапсырылды, ал сендер маған сенбейсіңдер ме?», — деді. Кейін ол: «Міне осындай адамдардан Құранды оқитын, бірақ ол кеңірдектерінен әрі өтпейтін халық шығады. Олар мұсылмандарды өлтіретін және көпқұдайшылдарды шақыратын болады. Олар жебе аңды тесіп өтетіні сияқты Исламнан шығып кетеді. Егер сендер оларды көріп үлгерсеңдер, кезінде ‘Ад тайпасы өлтірілген сияқты, оларды өлтіріңдер» (әл-Бухари және Муслим).

Абу Са‘ид әл-Худри Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Менің үмметімде намазды сондай орындайтын және оразаны сондай ұстайтын адамдар пайда болады: сендер өздеріңнің намаздарыңды, оразаларыңды және барлық игі амалдарыңды олармен салыстырғанда болмашы деп есептейсіңдер. Олар Құранды оқиды, алайда ол кеңірдектерінен әрі өтпейді. Олар діннен жебе аңды тесіп өтетіндей етіп шығып кетеді» (әл-Бухари және Муслим).

Али ибн Абу Талиб Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Ақырзаман жақындаған кезде тістері майда және ақылы қысқа адамдар пайда болады. Олар өте әдемі сөздер айтады. Олар Құранды оқиды, бірақ ол кеңірдектерінен әрі өтпейді. Олар діннен жебе аңды тесіп өтетіні сияқты шығып кетеді. Егер сендер оларды кездестірсеңдер, өлтіріңдер, өйткені оларды өлтірген (адам) Аллаһтан Қиямет Күні сый алады» (әл-Бухари және Муслим).

Мұсылмандар осыны естен шығармаулары қажет және осы сияқты адасқан ағымдардан қашықтаулары қажет. Ислам – бұл жер бетіне бейбітшілік және бірлік алып келуге мақсатталған дін. Ол әмбебап және барлық замандар мен халықтарға сәйкес келеді. Оның тағдыры белгіленген және бұлтартпас: ол басқа барлық діндердің: соның ішінде бұзақы адамдардың қолынан  бұрмаланған иудаизм мен христиандықтың да жалған екендігін әшкерелейді. Аллаһ Тағала былай деді:  «Ақиқат келді. Жалған нәрселер жойылды. Сөзсіз, жалған нәрселер жойылады» (әл-Исра 17:81).

Сондықтан да жүректерін өшпенділік жайлағандардың барлығы Исламға дұшпандықпен қарайды. Олар надан мұсылмандардың лаңкестікке жүгінуін пайдаланады да, Исламды бүкіл дүние жүзіне дәл осылай деп көрсетуге тырысады.

Барша мүміндердің міндеті — адамзатқа шынайы ақиқатты жеткізу. Ал ол – Ислам хауариждердің көзқарастарына қатыссыз екендігінде.

Біздің дініміз адамдарға Раббыларының бұл дүниеде де, болашақ өмірде де жетістікке жеткізетін жолына түсуге көмектесу үшін түсірілген. Ол ізгілік пен адамгершіліктің заңдарына негізделген, мүміндерді Аллаһқа және салиқалы әмірлерге бағынуға үйретеді, мұсылман халықтарын өзара түсінушілікке және келісімге жетелейді.

Исламның шынайы келбеті осындай, ал оның дұшпандарының кір қолдары оны ешқашан ластай алмайды.

Жылдар өтер, бір ұрпақтардың орнына өзгелері келер, бірақ олар әр кезде адамдар болып әрі Раббысының құлдары болып қала береді. Сондықтан да олар Оның Жоғарғы басшылығына үнемі мұқтаж болады. Тек соны ұстанып ғана олар ұлы жауыздықтан құтыла алады және игілікке қол жеткізеді. Аллаһ бізді осы тура жолға салсын және Өзінің сынақты жолдарынан аман-есен өтуге көмектессін!

Әрі соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһты мадақтаймыз!

Алынған көзі: salaf-forum.ru

You may also like...