Мұсылмандарды күпірлікте айыптауға қатаң тыйым салынғандығы туралы

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Salaf-forum.ru сайты «Тізбекті такфир» деп аталатын ауыруды емдеу мақсатымен дайындаған мақаланы жариялауды жалғастырамыз.

Мұсылмандарды күпірлікте айыптауға қатаң тыйым салынғандығы туралы

Мұсылмандарды күпірлікте айыптаудың о бастағы үкімін білу үшін, шариғаттың қайнар көздеріне жүгіну керек.

Құран мен Сүннет, сондай-ақ ғалымдардың бірауызды пікірі (ижма`) кәпір деп есептеген адамды ғана кәпір деп санау міндетті болатындығын ескертіп кету қажет, өйткені Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтып кеткендей, бүкіл үммет тұтас адасушылықта болуы мүмкін емес.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия өзінің көптеген еңбектерінде: «Білім иелерінен болған Сүннеттің жақтаушылары өздеріне қайшы келетіндерді күпірлікте айыптамайды, тіпті егер әлгілер олардың өздерін күпірлікте айыптаса да, өйткені такфир – бұл шариғи үкім және адам бұл арқылы өш ала алмайды. Егер, мысалы, біреулер саған өтірік жапса немесе сенің отбасы мүшелеріңнің біреуімен зина жасаса, сен оларға қатысты тура соны жасамауың керек, өйткені өтірік және зина харам етілген! Сол сияқты такфир де Аллаһ Тағаланың құқығы болып табылады және Аллаһ пен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  күпірлікте айыптағаннан өзге ешкімді күпірлікте айыптауға рұқсат етілмейді!” Қз.: “Мәжму’уль-фатауа” 3/245, “Минһажжу-Ссунна” 5/244, “әр-Радду ‘алә әл-Бакри” 254.

Шейх Ибн әл-Қайим былай дейтін: “Күпірлікте айыптау – біреудің сөздеріне емес, шариғатқа негізделетін, Аллаһтың, содан соң Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құқығы”. Қз.: “Мухтасар әс-Сауа’иқ” 494.

Шейх ‘Абдур-Рахман әс-Са’ди былай деген: “Күпірлік – бұл тек Аллаһтың және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құқығы және Аллаһ пен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кәпір деп атағаннан өзге ешкім кәпір болып табылмайды!” Қз.: “әл-Иршәд” 1/198.

Мысалы, бізде Перғауын – кәпір, Иблис – кәпір, Кітап иелері, көпқұдайшылдар, немесе атеистер сияқты өзге кәпірлер де – кәпір екендігі туралы шариғи мәтіндер бар. Міне, осыған күмәндануға болмайды, және Аллаһ пен Оның Елшісі (оған Аллаһтың Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) кәпір деп атағанды кәпір деп есептемеу – үлкен күпір болып табылады! Алайда мұндай адамның күпірлікке түсуінің себебі – оның такфир жасамауында емес, Аллаһтың және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) белгілі бір адамдар немесе категориялар туралы айтқан сөздеріне күмәнданғанында, немесе оларды қабыл алмағанында!

Бұл – өз негізінде (болмысында) кәпір болып табылатындарға қатыстысы. Бірақ, өз негізінде (болмысында) мұсылман болған және оның Исламы айқын[1] адамға келер болсақ, мұндай адамға қатысты бұл ереже ешқандай қолданыла алмайды, тек егер оны ғалымдар тиісті дәлелдерді ұсынғаннан кейін бірауызды Исламнан шығармаған болса! Өйткені мұсылманды күндей айқын дәлелдерсіз кәпір деп есептеу – күпірлік  және мұндай адамды күпірлікте айыптағанның өзі күпірлікке түседі! Енді мұның дәлелдеріне назар аударайық:

Аллаһ Тағала Өзінің Ұлы Кітабында былай дейді: «Әй, мүминдер! Аллаһ жолында (соғысқа) шықсаңдар, өте анықтаңдар. Сәлем бергенді дүние-мүлікке қызығып: «Сен — кәпірсің», — демеңдер» (ән-Ниса 4: 94).

Ибн ‘Аббас бұл аятқа қатысты былай деген: “Аллаһ Тағала мүміндерге өлексені тыйым салған сияқты, оларға «Лә иләһә илләллаһ» деп куәлік бергенге: «Сен – кәпірсің!», — деп айтуға тыйым салды!” Қз.: “Тафсир Ибн Аби Хатим” 5829.

Ибн ‘Умардан Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Егер қандай да бір адам мұсылманға: «Әй, кәпір!», — десе, бұл екеуінің біреуіне қайта оралады». Әл-Бухари 6104, Муслим 60.

Абу Заррдан жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кім өзінің бауырына: “Кәпір, — немесе, — Аллаһтың дұшпаны”, – десе, ал ол ондай емес болса, онда айтылған нәрсе осыны айтқанға қайта оралады!» Муслим 1/79.

Ендеше, сорлы, адасқан және ақылдан азған адамнан өзге біреу осы үрейлі ескертулерді білгеннен кейін де мұсылмандарға такфир жасауға жеңіл-желпі қарай алады ма?! Өйткені  мұндай адам осы арқылы өзіне-өзі такфир жасайды ғой! Имам Ибн Хәжар әл-Хайтами адамды күпірлікке кіргізетін сөздерге арналған өзінің танымал кітабында былай деген: “Әр-Рафи’и: «Мұсылмандарға дәлелсіз «кәпір» дегеннің өзі күпірлікке кіреді, өйткені ол Исламды күпірлік дейді!», — деп айтқан! Мұсылманды күпірлікте айыптаған адам өзі кәпір болады! Және оның сөзінен кейін тура осыны имам ән-Науауи де айтқан”. Қз.: “әл-И’ләм би қауаты’ әл-Ислам” 98.

Және бұл көпке белгілі мына хадиспен расталады: «Егер кімде-кім өзінің мұсылман бауырына: «Әй, кәпір!» — десе, онда күпірлік олардың біреуіне міндетті (уәжіп) болады». Абу ‘Ауана 1/23. Хадис сахих.

Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Бір адам басқа бір адамды бұзақылықта, немесе күпірлікке айыптаса, және егер оның айыптаған адамы іс жүзінде ондай болмаса, онда айыптау міндетті түрде оның өзіне қайта оралады». Әл-Бухари 6045.

Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы сөздерін бекер айтты ма, әлде өздерін Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үмметіндегі жоғарғы сот деп санайтын кез келген асыққыш ақымақтар ой тоқтатулары үшін бе?!

Имам Ибн ‘Асакир мұсылмандарды күпірлікте айыптауға тыйым салатын хадистерге қатысты былай деген: “Бұл хабарлар мұсылмандарға такфир жасауға тыйым салады, ал кім мұны жасаған болса, ол елшілердің Мырзасын (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тыңдамаған болады!” Қз.: “Табәйин кизб әл-муфтара” 405.

Хафиз Ибн ‘Абдуль-Барр былай дейтін: “Мұсылманға такфир жасаған (адам) ұлы және ең ұлы күнәға түсті! «Кім өзінің бауырына: «Әй, кәпір!» — десе…»  деген бұл хадис қандай да бір мұсылманға: «Әй, кәпір!», — деп айтуға ең салмақты ескерту әрі тыйым болып табылады”. Қз.: “әт-Тамхид” 17/22.

Имам Ибн Дакық әл-‘Ид былай дейтін: “Бұл – айыптауға лайықты болмаған мұсылман адамды такфир жасаушыға деген қорқынышты ескерту! Бұл – өздерін Сүннет пен хадиске телитін көптеген адамдар түсіп қалған қауіпті нәрсе, олар ақида мәселесінде бөлінген кезде, өздеріне қайшы келетіндердің әрбірін күпірлікте айыптай бастады!” “Ихкамуль-ахкам” 4/76.

Имам әз-Заркаши былай дейтін: “Такфирге салынып жүргеннің өзі мұсылманға такфир жасауының себебінен күпірлікке кіріп кетуден қорықсын!” Қз.: “Тухфатуль-мухтаж” 9/88.

Кімге бұл да жеткіліксіз болса, онда Аллаһтың Елшісінің  (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарды такфир жасауға тыйым салатын мына тікелей хадисін оқысын: «Мұсылманды күпірлікте айыптаған — оны өлтірген сияқты!»  Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-жәми’» 6269.

Имам әл-Мунауи бұл хадиске қатысты былай деген: “Осыда бұл әрекеттің Аллаһтың алдындағы үлкен маңыздылығына нұсқау бар және күпірлікте айыптауды адам өлтірумен салыстыру  мұсылманды күпірлікте айыптаушы оның ар-намысына қол сұғатынына нұсқайды, ал мүміннің ар-намысы, оның қаны сияқты, қол сұғылмайтын нәрсе, және иман келтірген адамды күпірлікте айыптаған (адам) оның қанын төккен сияқты болады! Немесе хадистің мағынасы: иман келтірген адамды күпірлікте айыптаған (адамның) Қияметтегі үкімі оны өлтірген адамның үкіміндей болады да, ол сол үшін Отқа кіреді!” Қз.: “Файдуль-Қадир” 6/328.

Ал осы адасқан такфиршілерге мұсылманды өлтірген адамның үкімі мәлім бе? Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Кім бір мүмінді қасақана өлтірсе, оның жазасы  — ішінде мүлде қалатын Тозақ болады. Сондай-ақ, Аллаһ оған ызаланады, лағынеттейді және зор қинау әзірлеп қояды» (ән-Ниса 4: 93).

Сондай-ақ Хузайфа да Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Ақиқатында, мен сендер үшін Құранды оқитын, әрі оның әдемілігі оның келбетінде тұратын және ол Исламның қорғаушысына айналатын адамнан қорқамын. Кейін ол Құранды артына тастап қалдырады да, өз көршісін көпқұдайшылықта (ширкте) айыптап, оған қылыш көтеріп тап береді». Хузайфа: “Уа, Аллаһтың пайғамбары, олардың қайсысы көпқұдайшылыққа жақын: айыптаушысы ма, әлде айыпталушысы ма?!”,  — деп сұрады. Ол: «Жоқ, айыптаушысы», — деді. Әл-Бухари “әт-Тарих” 297, Ибн Хиббан 81. Хадистің сахихтығын имам әл-Хайсами, хафиз Ибн Касир және шейх әл-Әлбани растаған. Қз.: “әс-Сильсилә әс-сахиха” 3201.

Осы хадистер де оған жеткіліксіз болып табылатын біреу бар ма екен?! Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қауіптенген нәрселері біздің уақытымызда орын алып жатқанына біздің барлығымыз куә емеспіз бе?! Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қорыққан нәрседен қорқу — барлық мұсылмандар үшін міндетті емес пе?! Және ақиқатқа ілесіп жүргендердің өздері де: «Біз дұрыс істеп жүрміз» — деп жүргенде, көп жағдайда өздерінің ақидасы мен манһажын толық өзгертіп алды емес пе!

Ал аталған хадистегі ең  таң қаларлық нәрсе – бұл «…олардың қайсысы көпқұдайшылыққа жақын: айыптаушысы ма, әлде айыпталушысы ма?» деген сұрақтың «Жоқ, айыптаушысы» деген жауабы.

Сондай-ақ Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарды такфир жасауға тыйым салынған жолына сахабалар да ілесетін және осыдан (өзгелерді) сақтандыратын. Абу Суфьян былай деп баяндайтын: “Бірде мен Жабирден: “Сіз мұсылмандардан біреуді кәпір деп атағансыз ба?”, – деп сұрадым. Ол: «Жоқ», — деді. Мен: «Ал мүшрик деп ше?», — деп сұрадым. Ол: «Аллаһ бізді бұдан сақтасын!», — деді де, бұдан қорқып кетіп: «Ал сендер мұсылмандардан біреуді кәпір дейсіңдер ме?», — деп сұрады. Мен: «Жоқ!», — дедім, ал ол кетіп қалды”. Абу Я‘лә 2317, әт-Табарани 2/107, Ибн ‘Абдуль-Барр 17/23. Хафиз Ибн Хәжар сахихтығын растаған.

Бұл үмметтің атақты имамдарының мұсылмандарды такфир жасаудың қауіптілігі туралы айтқан сөздерін тағы келтірейік.

Құранның атақты тәпсіршісі болған әл-Қуртубидің ұстазы имам Абуль-‘Аббас әл-Қуртуби былай деген: “Такфир – оның алдына көптеген адамдар келіп, сүрінген қауіпті есік, ол есіктің алдында таңдаулылар ғана тоқтап, құтылды. Ал құтылумен не теңдесе алады!” Қз.: “әл-Муфхим” 3/111.

Имам Ибн ‘Абидин былай дейтін: “Күпірлік – қауіпті нәрсе! Және егер мен мүміннің күпірлікке түспейтініне бір ғана ақтау тапсам, оны күпірлікте айыптамаймын”. Қз.: “Фатауа-ссуғра” 4/224.

Хафиз Ибн ‘Абдуль-Барр былай деген: “Келіспеушілік жоқ болған нәрседен өзге нәрсенің негізінде күпірлікте айыптамау керек”. Қз.: “әт-Тамхид” 17/22.

Хафиз Ибн Хәжар былай деген: “Кімнің Исламы айқын болса, ол одан сондай айқын дәлелдердің негізінде ғана болмаса, өзге жағдайда шықпайды”. Қз.: “Фәтхуль-Бәри” 2/314.

Имам Ибн әл-Уәзир былай дейтін: “Мұның барлығы (мұсылмандарды такфир жасауға тыйым салатын хадистер) мұсылмандарды күпірлікте айыптаудың және оларды Исламнан шығарудың қауіптілігіне нұсқайды! Егер адам таухид туралы куәлік берсе және жолдауды мойындаса, бұларға қоса оның Исламның тіректерін орындауы және ауыр күнәлардан қашқақтауы және шыншылдық сипаттарын танытуы туралы айтпағанның өзінде, онда оны адасушылығы және бидғаты үшін Исламнан шығармайды! Өйткені оны күпірлікте айыптаушының өзі осындай қылық жасаудан сақтандырылмаған болуы да мүмкін ғой, өйткені, ешкім күнәсыз емес қой!” Қз.: “Исаруль-хаққ ‘алә әл-хәлқ” 385.

Шейх ‘Абдуллаһ ибн Мухаммад ибн ‘Абдуль-Уаххаб былай деген: “Өз-өзіне қатысты ықыласты адамға бұл мәселе (такфир) туралы білім мен Аллаһтың дәлелдерінен өзге нәрсенің негізінде сөйлемеу міндетті (уәжіп) болады.  Және әркім өзінің түсінуінің және өз ақылының қалауының негізінде біреуді  Исламнан шығарудан сақ болсын! Ақиқатында, адамды Исламнан шығару немесе оны Исламға телу – діннің ең маңызды істерінен!” Қз.: “әд-Дурару-ссәнийя” 8/217.

Такфир – бұл өте салмақты нәрсе және оның ізінен, Ибн әл-Уәзирдің сөзімен айтқанда, бұл адамның мал-мүлкін тәркілеу, оны өлім жазасымен жазалау және оның Тозақта мәңгі қалуымен куәлік ету ұласады! Қз.: “әл-‘Ауасым уәл-қауасым” 4/178. Өйткені мұндай ұлы және маңызды мәселелерге салғырттықпен қарау Аллаһтың дінімен онайтын адамнан өзге  ешкімнен шықпайды!

Күмәнді немесе анық емес мәселерде тіпті жазалау да (хадд) орындалмайтынын көпшілік жақсы біледі. ‘Умар ибн әл-Хаттаб былай дейтін: “Күмәні бар жазалауды (хаддты) тастау мен үшін күмәні бар хаддты жасаудан жақсы!” Ибн Аби Шайба 11/70. Хафиз әс-Сахуаи иснадын сахих деді.

Имам Ибн әл-Мунзир былай дейтін: “Барлық білім иелері түсініксіздіктер мен күмән тұрған тұста жаза орындалмайтынына бірауызды келіскен!” Қз.: “әл-‘Удда” 537.

Егер жазаланушының Исламы сақталатын кездегі жазалау үкімі осындай болса, онда жорамалдардың, күмәндардың, әуес-қалаулардың және өшпенділіктің негізінде Исламнан шығару туралы не айтуға болады?!

Сөйтіп, аталғандардың барлығы «негіз – мұсылманды күпірлікте айыптауға тыйым салынғандығында!» дегенге нұсқайды. Хафиз Ибн ‘Абдуль-Барр былай деген: “Кұран мен Сүннет күмән қалуы мүмкін емес  айқын дәлелдің  негізінен өзге жағдайда мұсылманды фасиқ және кәпір деп атауға рұқсат етпейді!” Қз.: “әт-Тамхид” 17/21.

Әрі осы жоғарыда аталғаның бәрінен кейін де пәленше деген біреу пайда болады да, адамдардың арасындаңы өзінен де ізгі және Аллаһқа сүйікті болуы мүмкін болған кісілерге жасаған такфирін қабылдауды талап етеді, ал егер өзгелер бұдан бас тартса, ол өзімен келіспейтіннің барлығын күпірлікте айыптай бастайды!  Аллаһтың түсіргеніне негізделмеген нағыз сот – міне, осы! Бұл адамдар басқалар оларға мойынсұнбағандықтары үшін және олармен келіспегендіктері үшін кез келген адамды Исламнан шығарып тастай алатын шариғат заңдарын бекітетін адамдардың санатына қосып қояды.  Олардың көпшілігінің соңы жаман болған, өйткені  олардың такфирлері өздеріне оралып, өздерін опат ететін, әрі бұл адасқан адамдардың өздерінің күпірлігінде күмән жоқ!

Және осы такфиршілер бізге күпірліктің, діннен шығудың шариғи анықтамаларын және олардың түрлерін келтірсінші!

Такфиршілердің көбі күпірліктің түрлі болып жіктелетінін және ол  сөздерде, амалдарда және сенімдерде болатынын мүлде білмейтініне біз күмәнданбаймыз. Күпірліктің діннен шығаратын және діннен шығармайтын түрлері бар екендігін және осыда әһлю-Сунна ішінде келіспеушілік жоқ екендігін де (білмейді). «Куфр» сөзі араб тілінде өзіне «имансыздық» деген мәнді қамтымайтын мағынаға да ие болуы мүмкін екендігін білмейтініне де күмәніміз жоқ.

Имам Ибн әл-Жәузи былай деген: “Құранның тәпсіршілері «куфр» сөзінің Құранда бес мағынасы бар екендігін атап өткен.

Олардың біріншісі: Таухидке қатысты күпірлік, әрі Аллаһтың «Ақиқатында, кәпірлерге бәрібір, сен оларды ескерттің бе, әлде ескертпедің бе. Олар бәрібір иман келтірмейді!» (әл-Бақара 2: 6) деген сөздері осы туралы айтылған.

Күпірліктің екінші мағынасы: шүкіршілік етпеу (қайырымсыздық), бұл жөнінде Аллаһ былай деген: «Мені еске алыңдар, және Мен де сендерді есте сақтаймын. Маған шүкірлік етіңдер және маған шүкір етпеуші (такфурун) болмаңдар» (әл-Бақара 2: 152).

Күпірліктің үшінші мағынасы: қатыссыздық, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп хабарлағандай: «Сосын Қиямет Күні бір-біріңе қарсы боласыңдар (якфур)» (әл-‘Анкәбут 29: 25).

Күпірліктің төртінші мағынасы: мойындамау, қарсы шығу, бас тарту, бұл жөнінде Аллаһ былай деп айтқандай: «Оларға өздерінің танығаны келген заманда, оған иман келтуруден бас тартты» (әл-Бақара 2: 89).

Және күпірліктің бесінші мағынасы: жасыру, бұл туралы Аллаһ былай деп айқанындай: «Біліңдер! Шын мәнінде, дүние тіршілігі бір ойын, ермек, сән және өзара мақтанысу, сондай-ақ, малдарды, балаларды көбейту ғана. Мұның мысалы: өсірген өсімдігі егіншілерді (куффар) таңырқатқан жаңбыр сияқты» (әл-Хадид 57: 20)”. Қз.: “Нузхатуль-ә’юн” 516.

Діннен шығуға («әр-ридда») келер болсақ, ғалымдар оның анықтамасына қатысты былай деген:

Имам Ибн Муфлих былай деген: “Бұл — сөзбен, сеніммен немесе күмәнданумен Ислам дінінен күпірлікке қайта оралу,  ол сондай-ақ амалмен болуы да мүмкін”. Қз.: «әл-Мубди’» 9/175.

Имам әс-Субки былай дейтін: “Такфир – бұл шариғи үкім, оның себебі – Аллаһ Тағаланың Раббылығын және пайғамбарлық жолдауды мойындамау немесе Заң шығарушы (Аллаһ) күпірлік деп атаған сөздер мен істерді орындау болып табылады, тіпті егер бұл күпірлік тек мойындамаумен ғана (жухуд) байланысты болмаса да”. Қз.: “Фатауа әс-Субки” 2/586.

Имам әл-Бухути «әр-ридда» (діннен шығу) сөзіне берген анықтамасында былай деген: “Бұл – Исламнан кейін сөздерімен, сенімдерімен, күмәнімен немесе амалымен үлкен күпірлікке түскен (әлдебіреу)”. Қз.: «Кәшәф әл-қанә’» 6/167.

Тізбекті такфирді жақтаушылардың негізгі дәлелі

Тізбекті такфир авторларының басты дәйегіне келер болсақ, бұл олардың мына сөздері: «Мүшриктерді қабыл алмау және олардың күпірлігіне такфир жасау – таухидтің (бірқұдайшылықтың) ажырамас бөлігі және оның жарамдылығының шарты болып табылады. Ал кім мүшриктерді кәпір деп есептемесе, сол арқылы өзінің таухидін жарамсыз етеді де, өзі де мүшрик болады».

Бұл – дұрыс қорытынды және бұл — іс жүзінде де солай! Алайда тізбекті такфирді жақтаушылардың бар қасіреті олардың түсінігіндегі мүшрик пен шариғат анықтамасындағы мүшриктің барлық жағдайда бір болмауында болып тұр! Өйткені ізгі және тақуа мұсылмандардан болған біреу олар үшін кәпір де, мүшрик те болуы — оп-оңай. Мәлик ибн Динар өз кезінде нендей жақсы сөздерді айтып кеткеніне назар аударыңыздар: «Адам үшін оның өзі ізгі болмай тұра, алайда ізгілер туралы жаман сөйлеуде  жауыздық жетіп асады!” Әл-Байһақи: “Шу’абуль-имән” 5/316.

Ал бұл саләфи ғалым такфирді емес, мұсылмандарды жай балағаттаудың өзін меңзеп тұр.

Такфиршілер атап кеткен бұл ережеге келер болсақ, ол ақиқатында да кәпір болып табылатындарды, оларды Аллаһ, Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және үмметтің бірауызды пікірі кәпір деп атағандарды кәпір деп атамайтындарға қатысты.  Және мұндай кәпір — яһудилер мен христиандар, немесе буддисттер, атеистер т.с. сияқтылардай өз негізінде мүшрик және кәпір ме, әлде бұрын мұсылман болып, кейіннен кәпірге айналған кәпір ме – маңызды емес.

Алайда діннен шығудың түрлерінің ішінде әрбір мұсылман үшін айқын және анық болғандары, мысалы, Исламнан саналы түрде бас тарту немесе христиандыққа, буддизмге т.с.с. өзге діндерге өтіп кету де бар, Аллаһ бізді бұдан сақтасын. Діннен шығудың мұндай түріне ешқандай күмән жоқ.

Имам әш-Шафи’и былай дейтін: “Кім ширктен (Аллаһқа серік қосудан) иманға келсе, содан соң иманнан ширкке өтсе, онда, егер ол кәмелетке толған ер немесе әйел болса, оны тәубе етуге шақыру керек. Егер ол тәубе етсе, оның тәубесі қабыл болады, ал тәубе етпесе, онда оны өлім жазасымен жазалау керек!” Қз.: “әл-Умм” 3/363.

Сондай-ақ әш-Шафи’и былай деген: “Мұсылман Исламды қандай дінге ауыстырғанының: ол — танылған ба, танылмаған ба — айырмашылығы жоқ”. Қз.: “әл-Умм” 6/202.

Имам әл-Мауарди былай деген: “Әһлю-рридда (діннен шыққандар) – бұл мұсылман болып, күпірлікке қайта оралған діннен шыққан (адамдар), әрі бұл олардың мұсылман болып туылғандығына немесе Исламды қабылдап мұсылман болғандығына байланысты емес. Және (адамдардың) бұл екі санаты да (ата-анасынан мұсылман болып туылғандар және Исламды қабылдап мұсылман болғандар) діннен шығушылықта бірдей болады. Және олар христиандар мен яһудилердің немесе көпқұдайшылдар мен пұтқа табынушылардың дініне өтті ме – оның айырмашылығы жоқ!” Қз.: “әл-Ахкам әс-сультания” 92.

Имам әл-Мунауи «Өзінің дінін ауыстырғанды өлтіріңдер!» (әл-Бухари 6922) деген хадиске жасаған түсіндірмесінде былай деген: “Яғни күпірлік сөзімен, немесе амалымен Исламнан басқа дінге өтіп, осынысында қасарысып тұрып алған (әлдебіреу)”. Қз.: “Файдуль-Қадир” 11/59.

Мұндай діннен шығушылықта адамның күпірлігіне ешқандай күмән болмайды. Алайда өзін мұсылман деп санай беретін және: «Лә иләһә иллә-Ллаһ», — деп айтатын адамның діннен шығуы туралы айтар болсақ, онда ол тіпті өзінің кәлимәсын бұзатын күпірлік жасаса да, бұл жөнінде баршаға бірдей түсінікті де, айқын да бола бермейді! Мұны тек білімі бар  ғалымдар ғана түсіндіре алады, бірақ ешқандай надан такфиршілер емес!

Ал, ендеше, тізбекті такфирдің жақтаушылары бізге мүшриктерді такфир жасаумен емес, такфиршілердің жасаған нақты такфирімен келіспейтіндер күпірдің нақты қай түріне кіретінін нұсқасыншы! Өйткені адам шынайы кәпірлерге жасалатын жалпы такфирмен емес, осындай надандардың жасаған такфирімен келіспеуі мүмкін ғой, ал бұл дұрыс болып табылады. Өйткені күпірлігі айқын және түсінікті болғанды кәпір демеу қауіпті болып табылады ғой. Ал егер адамға намаз оқитын және калиманы айтатын (өзге) бір адамның күпірлігі түсінікті болмаса ше?! Қалайша ол (күпірлікте айыптамаушы) мұндай жағдайда кәпірге айналмақ?!

Осы жерде шейх әл-Әлбанидің сөздерін келтіру өте орынды. Шейх әл-Әлбаниге “«Кәпірді кәпір деп есептемейтіннің өзі кәпір. Мубтади’ті (бидғатшыны) мубтади’ деп есептемейтіннің өзі мубтади’. Кім бізбен болмаса, ол бізге қарсы» деген ереже туралы сіздің пікіріңіз қандай?” деген сұрақ қойылды.

Шейх былай деп жауап берді: “Бұл ереже қай жақтан келген?! Және оны тағайындаған кім?!

Егер біреу басқа біреуге такфир жасаса және  оған дәлел келтірсе, барлық адамдар оның жасаған такфирінде оған ілесуі шарт болып табылмайды! Өйткені ол қателесуі мүмкін, ал басқа ғалым бұл адамға такфир жасауға болмайды деп есептеуі мүмкін. Және бидғатта айыптау (табди’) мен  бұзақылықта айыптау да (тафсиқ) тура осы сияқты! Ал іс жүзінде бұл – осы ғасырдың бүліктері (фитналары) қатарынан, және оның себебі «білімді» деп аталуға таласатын кейбір жас адамдардың асығыстығы болып табылады. 

Іс жүзінде бұл мәселе ауқымдырақ. Мысалы, бір ғалым белгілі бір нәрсені міндетті деп есептейді, алайда басқа бір ғалым өзгеше санайды. Және ғалымдар бұрын да келіспеушілікте болған, және әркез  өзара келіспеушілікте болады да, және біреудің ижтихадына еру барша үшін міндетті емес. Біреудің пікіріне ілесуге қалғандарды міндеттейтін — тек ешқандай білімі жоқ муқаллид (соқыр түрде ілесуші) ғана. Ал, мысалы, такфир жасаған, яки біреуді бұзақылықта, немесе  бидғатта айыптаған, ал біреу оның пікірімен келіспейтін ғалымға келер болсақ, оның пікіріне ілесу ешуақытта міндетті болмайды”. Тз.: “Сильсиләтуль-һуда уә-ннур” № 778.

Егер тіпті ғалымның білім негізінде жасаған такфирі бүкіл үмметті оның пікіріне ілесуге міндеттемейтін болса, онда жеке және жалпы үкім-ережелердің айырмашылығын түсінбейтін, дәлел келтіру және күмәнді шеттету т.с.с. шарттарға назар бұрмайтын, сыбыстар мен өсектердің негізінде такфир жасайтын барып тұрған ақымақтар мен надандардың такфирі туралы не айтуға болады?!

Осының барлығының себебімен: «мұндай адамдар шындығында да кәпір болған адамға емес, өздеріне қайшы келгендерге немесе өздерімен келіспейтіндерге такфир шығарады, әрі бұл әркезде  Ислам тарихындағы ең жаман секталардың сипаты болып табылатын еді» деп айқын айтылған.  Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Хауариждер, рафидилер, қадарилер және жәхмилер сияқты бидғаттарды жақтаушылардың көбі адасушылық болып табылатын, алайда олардың өздері оны ақиқат деп санайтын сенімге ие болды. Және олар өздерінің сенімдерінде оларға қайшы келетіндерді кәпір деп есептейді!” Қз.: “Мәжму’уль-фатауа” 12/466.

Имам әш-Шәукани хауариждер туралы былай дейтін: “Олар өздері секілді есептемейтіннің әрбірі күпірлікке түсті дегенде бірікті және оның мал-мүлкін, қанын және отбасын хәлал етті!” Қз.: “Найлюль-аутар” 7/304.

Жалпы жағдайлар мен нақты оқиға арасындағы айырмашылық

Құран мен Сүннет амал мен сол амалды атқарушының арасында айырмашылық жасайды, өйткені күпірлік жасаушышының әрбірі кәпір бола бермейді. Мысалы, Исламның қандай да бір үкімі-ережесін жоққа шығарушы мен оны қате түсінушінің (тауиль) арасында айырмашылық бар, өйткені оның біріншісі, екіншісінен ерекше, кәпір болып табылады. Сондай-ақ жалпы жағдай мен нақты жағдайдың арасында да айырмашылық бар, мысалы:  «Құран жаратылған (махлұқ)», — деп айтқан адам кәпір болады дегенге бірауызды келісілген пікір (ижмә’) бар, бірақ, бұған қарамастан, осыны нақты бір мұсылман айтса, бұл мәселені жеке қарастыру қажет.

Мұны саләфтар қалайша түсінгенінің мысалы мынау:

Имам әл-Харауи былай деп баяндайтын: “Әл-Азхариден «Құран жаратылған» деп айтушыға қатысты: «Сен осындай адамды кәпір деп есептейсің бе?», — деп сұрағанда, ол: «Оның айтып жатқаны — күпірлік», — деді. Одан бұл жөнінде үш рет қайталап сұрады, және ол осылайша жауап беруін қайталай берді де, үшінші ретте: «Мұсылман да күпір сөзін айтуы мүмкін!», — деді”. Ибн әл-Асир: “ән-Ниһая” 806.

Сондай-ақ бұл мәселенің өте жақсы түсіндірмесін шейхуль-Ислам Ибн Таймия да берген: ”Мұсылмандардың кейбір әмірлері «Құран – жаратылған, және болашақ өмірде ешкім Аллаһты көрмейді» дейтін жәхмилердің айтатын нәрсесін айтатын. Олар осыны адамдардың арасында тарататын, және өзінің  шақыруына жауап бермегендерді қинап жазалайтын, әрі өздеріне ілеспегендерді күпірлікте айыптайтын. Біреуді тұтқынға алса, ол солардың «Құран – жаратылған» деген сенімдерін мойындамайынша, босатпайтын. Олар өздерінің әкімдері етіп тек осыны мойындағандарды ғана тағайындайтын және тек осындай адамдарға ғана қазынадан көмек беретін. Осыған қарамастан, имам Ахмад Аллаһтан оларға рақым етіуін және оларды кешіруін сұрайтын, өйткені ол: «Олардың өздері осынысымен Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен слемі болсын) қайшы келіп жатқанын түсінбейді», — деп есептейтін. Олар Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алып келген нәрсесін тікелей жоққа шығармайтын, алайда, олар мәтіндерге қате түсіндірме  (тауиль) жасайтын және өздерін осыған үйреткендерге соқыр түрде ілесетін”. Қз.: “Мәжму‘уль-фатауа” 3/229-231.

«Жалпы жағдай мен жеке жағдай арасында айырмашылық бар» дегенге шариғи дәлел келтірейік.  ‘Умар ибн әл-Хаттаб Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көзі тірісінде Химар деген атағы бар Абдуллаһ деген бір кісінің болғанын баяндайтын. Ол Аллаһтың Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) күлдіретін, ал Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келер болсақ, оны шарап ішкені үшін ұруға бұйыратын.  Бірде (адамдар) оны Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алып келді де, оны Пайғамбардың бұйрығы бойынша ұра бастады, ал бір адам: «Уа, Аллаһ, оны лағынетте! Оны нендей жиі келтірілуде!», — деді. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Оны лағынеттемеңдер, өйткені, Аллаһпен ант етемін, мен оның Аллаһты және Оның Елшісін жақсы көретінін білемін!», — деді». Әл-Бухари 6780.

Бұл хадиске ой салыңыздаршы! Өйткені Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерде шарап ішкендерді лағынеттегеніне қарамастан, ол нақты бір адамды лағынеттеуге тыйым салды. Бұл хадистің талқыланып жатқан мәселемен байланысын шейхуль-Ислам Ибн Таймия өте жақсы түсіндіріп, былай деді: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл адамды лағынеттеуге тыйым салды, өйткені ол Аллаһты және Оның Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақсы көретін еді, дегенмен, ол спирттік ішімдік ішуін қоймайтын, ал спирттік ішімдік үшін хадисте он адам лағынеттеледі. Алайда лағынет туралы жалпы мәтіннен нақты бір адамды лағынеттеу міндеттілігі туындамайды,  өйткені бұл адамды лағынеттелгендердің санатынан шығаратын кедергі болуы мүмкін. Күпірлікте айыптаудың жалпы мәтіндері мен қорқытуы бар мәтіндер де осы сияқты. Дәл сол үшін де Құран мен Сүннетте қорқытуы бар жалпылама мәтіндер белгілі шарттардың болуымен және белгілі кедергілердің болмауымен шартталады!” Қз.: “Мәжму’уль-фатауа” 10/32.

Мұқият оқыдыңыздар ма, уа, мұсылмандар?!

Мұның барлығы – Құран мен Сүннеттің жалпы мәтіндеріне қияс жасап, оларды нақты оқиғаға немесе белгілі бір адамға қатысты қолдануға болмайтындығына айқын дәлел. Бір мысал келтірейік: «Хош иістерді сеуіп, көшеге шыққан және еркектер бұл иісті сезген әйел зинақор болып табылады», — деген хадис бар. Ал, енді осының негізінде хош иісті әтірлерді сеуіп, көшеге шыққан нақты әйелді зинақорлықта айыптауға болмайды! Сондай-ақ «Іш ауруынан өлген адам шахид болып табылады!» деген хадис бар. Алайда іш ауруынан өлген нақты бір мұсылман туралы: «Ол шахид болды!», — деп айтуға  болмайды, бірақ Аллаһ оған осыны нәсіп еткен шығар деп үміт ету керек.

Нақты жағдай мен жалпы (жинақталған) мәтіндердің  айырмашылығы жайындағы атақты имамдардың айтқан сөздерін де келтірейік.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деген: “Күпірлікте айыптау нақты тұлғаның хал-ахуалына (жағдайына) байланысты ерекшеленуі мүмкін, өйткені қателік жасаған адамның әрбірі бидғатшы немесе надан бола бермейді және кез келген адасушы да кәпір, бұзақы (фәсиқ) немесе тіпті жай күнәһар да бола бермейді”. Қз.: “Минһажжу-Ссунна” 5/250.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия сондай-ақ былай деген: “Күпірлікте айыптаудың жалпы ережелері белгілі адамға (нақты жағдайларда) қатысты шешім шығаруда күшке ие болуы міндетті емес. Кейбір ғалымдар белгілі бір мәселеде ижтихад жасауы әрі онда қателесуі мүмкін, бірақ олар, ақтаудан айыратын дәлел жеткеннен кейін де осы пікірді білімсіздік себебімен айта беретін адамнан ерекше, кәпір болмайды”. Қз.:  “Мәжму’ әл-фатауа” 35/99.

Шейхуль-Исламның басқа да мына сөздеріне назар аударыңыздар: “Ақиқатында, күпірлікте айыптауға (такфир), бұзақылықта айыптауға (тафсиқ) және сол сияқты айыптауларға қатысты өзіне қорқытуды қамтыған Құран мен Сүннеттің мәтіндері, сондай-ақ имамдардың сөздері, белгілі шарттарды (дәлелді ұсыну т.с.с.) орындаудан басқа жағдайда, бірден нақты адамға қатысты қолданылмайды.  Және бұл діннің негіздеріне қатысты ма, әлде оның тармақтарына ма – мұның айырмашылығы жоқ!” Қз.: “Мәжму‘уль-фатауа” 10/372.

Сөйтіп, жоғарыда аталғанның барлығы – егер мұсылмандардан әлде-біреу күпірлік жасаған болса немесе күпірлік сөздерін айтқан болса, онда: «Кім осылай деп айтса – кәпір болады, — немесе, — Бұл – үлкен күпірлік болып табылады», — деп айту керек. Алайда нақты бір мұсылманды осындай амалы үшін, оған дәлел ұсынбай, Исламнан шығармайды. Қз.: “әд-Дурару-с-сания” 8/244.

Шариғаттың жалпы үкім-ережелері мен нақты жағдайлардың арасындағы әрі адамдар арасындағы айырмашылықтарды ұғынған соң, Аллаһ Тағаланың рұқсатымен, нақты мұсылмандарды күпірлікте айыптауға не кедергі болып табылатынына өтейік, біз осы жөнінде білуіміз үшін және  адасқан хауариждердің жолына ілеспеуіміз үшін.

 


[1] Яғни ол Исламның тіректерін орындайды және баршаға мұсылман ретінде таныс

жалғасы бар

You may also like...