Негізсіз такфирдің таралуының себептері

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Salaf-forum.ru сайты «Тізбекті такфир» деп аталатын ауыруды емдеу мақсатымен дайындаған мақаланың соңғы бөлімін жарияламыз.

Негізсіз такфирдің таралуының себептері

1. Білімнің және тақуалықтың болмауы

‘Умар ибн ‘Абдуль-‘Aзиз былай деген: “Аллаһқа білімсіз ғибадат етуші пайдаға қарағанда көбірек зиян келтіреді”. Ахмад “әз-Зуһд” 365, иснады сахих.

Шейх Ибн әл-Қайим өзінің танымал өлең жолдарында мынандай ұлы сөздерді айтқан: “Надандық – өлтіретін ауру, оның шипасы екі нәрседе: Құран мен Сүннетте және оның дәрігері – дана ғалым!” Қз.: “Шарху усули сәләсә” 18.

Бұл үмметтің имамдары: “Егер білімсіз (адам) сөйлеуін тоқтатқанда, келіспеушіліктер жойылар еді!”, – деп ақиқатты айтқан. Қз.: “әл-Ләтаиф” 41.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Күпірлікте айыптаудағы асығыстық надандықтың билеуінде жүргендерге тән!” Қз.: “Буғйя әл-муртад” 1/345.

Шейх ‘Абдуль-Ләтыф ибн ‘Абдур-Рахман Әли Шейх: “Кім Исламды сырттай танытатын адамға, шариғат көзіне және айқындығы жеткілікті болған дәлелге сүйенбей, такфир жасауға батылы жеткен болса, ол сонысымен білім иелері болған әһлю-Сунна уәл-жама’а имамдары ілесетін нәрсеге қайшы келді! Бұл – өз сөздері мен амалдарында қорқудан және бой ұсынушылықтан жұрдай болған бидғатты және адасушылықты жақтаушылардың жолы!” Қз.: “әр-Расаиль уәл-мәсаиль ән-Нәдждия” 3/20.

2. Әуес-қалауға (құмарлыққа) ілесу

Абу Умамадан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Үш нәрсе опат болып табылады: сараңдыққа бағыну; әуес қалауға ілесу; адамның өз-өзіне таңарқауы». Әт-Табарани 54/52, әл-Қада’и 325. Шейх әл-Әлбани хадисті сахих деді.

Тек екі  басшылық бар, олар: білім және әуес-қалау — әрі олардың үшіншісі жоқ! Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Ақиқатында, көбісі білімге ие болмай, өз әуес-қалауларымен адастырады» (әл-Ән’ам 5: 119).

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия: “Білімнің соңынан ілеспеген ірбір адам әуес-қалаудың соңынан ілеседі!” — деп айтатын. Қз.: “әл-Әмру биль-мә’руф” 37.

Имам әл-Әжурри былай дейтін: “Алғашқы және одан кейінгі ұрпақтан болған ғалымдардың арасында хауариждер – Аллаһқа және Оның Елшісіне бағынбаған ең жаман адамдар екендігіне келіспеушілік болмаған. Олардың сан-алуан оразалары, намаздары және ыждағатты ғибадаттары оларға ешқандай пайда келтірмейді. Және тіпті олардың ашық түрде жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыюы да оларға көмектеспейді, өйткені олар Құранды өздерінің әуестері мен қалауларына сәйкес тәпсірлейді! Бізді олардан Аллаһ пен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және ізгі халифалар мен сахабалар, сондай-ақ олардың ізбасарлары да сақтандыратын!” Қз.: “әш-Шәри’а” 1/21.

3. Құран мен Сүннеттің мәтіндерін бұрыс түсіну

‘Али ибн Абу Талиб былай дейтін: “Білімсіз (жасалған) ғибадатта қайыр жоқ, және дұрыс түсінік болмаған білімде қайыр жоқ!” Абу Хайсама: “Китабуль-‘ильм” 144, әл-Ажжурри: “Әхләқуль-‘уләмә” 45. Иснады сахих.

Құранның аяттарын және хадистерді бастан-ақ олардың сыртқы мағынасына сәйкес түсіну қажет екендігіне қарамастан, ерекше жағдайлар болуы мүмкін екендігін, және бұл барлық жағдайда міндетті емес екендігін білу керек! Кейбір шариғи мәтіндерде алғашқы қарағаннан өзге нәрсе меңзеліп тұрған болуы мүмкін, өйткені мұндай аяттар мен хадистерді дәл айтылған мағынасында қабылдауға рұқсат бермейтін өзге шариғи мәтіндер бар. Ал такфиршілер көптеген шариғи дәлелдерге көңіл бұрмай, Құранның кейбір аяттарының үстүртін мағынасын ғана пайдаланады. «Үкім Аллаһқа ғана тән» деген аяттың үстіртін мағынасына сүйеніп, Алиді күпірлікте айыптаған хауариждер де дәл осылайша амал етті. Абу Рафи’ былай деп баяндаған: “Хауариждер Алиге қарсы қару алып шыққанда: «Үкім Аллаһқа ғана тән! Үкім Аллаһқа ғана тән!»,  — деп үнемі қайталай берді. Ал Али: «Өтірікті тұспалдап, ақиқатты айтып жатыр!», — деді”. Муслим 1774.

Шейх Ибн әл-Қайим: “Кітап иелері арасындағы бөлінудің және мұсылмандар арасында жетпіс үш топқа бөлінудің себебі бұрыс түсіндерме жасау (тауиль) болып табылады”, — деген. Қз.: “И’ләмуль-мууәкқи’ин” 4/308.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деген: “Хауариждер Құранның аяттарын өздері сенетіндей етіп тәпсірлегенде, олар осыған қайшы келетіндерді кәпір деп атайтын болды!” Қз.: “Мәжму’уль-фатауа” 20/164.

Имам әл-Хатыб әл-Бағдади: “Білім – бұл дұрыс түсінік пен  хабардар болу, бірақ ол — көптеген деректер мен жаттаулар емес!», – деп айтатын. Қз.: «әл-Жәми’» 2/174.

4. Ғалымдарға жүгінбеу

Такфирдің таралуының негізгі себебіне сондай-ақ надан мұсылмандардың пайғамбарлардың мирасқорлары болған ғалымдарға жүгінбей, өздерінің түсініктерімен шектелуі  де жатады. Аллаһ Тағала Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үмметіне білім болмаған кезде, өзіндік шешімдер мен жеке тұжырымдар орын алмауы үшін, ғалымдарға жүгінуді бұйырды, бұл жөнінде Аллаһ Өзінің Кітабында былай деп айтқандай: «Егер өздерің білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар» (ән-Нәхл 16: 43).

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бұл білімді әр ұрпақтан болған әділетті ғалымдар алып жүреді, олар оны шектен тыс асырып айтушылардың бұрмалауларынан, адасқандардың қосқандарынан және надандардың түсіндірмелерінен қорады»,  – деген. Әл-Бәйһақи 10/209, әл-Хатыб 1/29. Бұл хадис көптеген жолдармен риуаят етіледі, олардың әрқайсысы бірін-бірі күшейтеді және сондықтан хадистің сахихтығын Ахмад, әл-Ләләкәи, хафиз Ибн ‘Абдуль-Барр, әл-‘Уқайли, Ибн әл-Уәзир, әл-Қасталәни, әл-Әлбани және ‘Абдуль-Қадир әл-Арнаут сынды имамдар растаған.

Ибн ‘Аббастың (Аллаһ оған разы болсын) хауариждермен болған пікірталасы туралы келген танымал деректе Ибн ‘Аббас оларға: “Мен сендерге Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары – мухажирлер мен ансарлардан және оның көкесінің баласынан (‘Алиден) келіп тұрмын. Құран оларға түсірілген еді және олар оның мағынасын сендерден жақсы біледі, ал сендердің араларыңда олардың біреуі де жоқ!”, – деп айтқаны жеткізіледі. Ахмад 1/621, әл-Хаким 2/150. Иснады сахих.

Және Ибн ‘Аббастың хауариждерге олардың адасушылықтарын түсіндіруінің нәтижесінде олардың көпшілігі тәубеге келіп, тура жолға қайта оралды. Ибн ‘Аббас былай деп баяндайтын: “Олардан (хауариждерден)  екі мың адам қайтты және адасушылықта қалғандар өлтірілді. Және оларды мухажирлер мен ансарлар өлтірді”. Ахмад 1/621, ‘Абдур-Раззақ 10/157-158. Әл-Хаким 2/150-152, әт-Табарани 10/312-314, әл-Бәйһақи 8/309, Ибн Са’д 3/231.

Язид әл-Фәқир былай деп баяндаған: “Бірде маған хауариждердің пайымдауларының бірі ұнап қалған еді.  Біз қажылық жасауды және содан соң адамдарға қарсы шығуды қалап, көп адамнан тұратын топтың құрамында сапарға шықтық. Біздің жол Мәдинаның үстінен өтті, онда мен күтпеген жерден Жәбир ибн Абдуллаһты көріп қалдым. Ол бағананың жанында адамдарға Аллаһтың Елшісі туралы (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хабарлар жеткізіп отырған болатын. Өзге нәрселер қатарында ол жәханнәмийюн  туралы да айтты.

Мен оған былай дедім: «Уа, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың иглігі мен сәлемі болсын) сахабасы, сен не туралы айтып отырсың?! Аллаһ: «Раббымыз! Сен кімді отқа салсаң, расында оны қорладың. Залымдардың еш жәрдемшісі жоқ!» (Әли ‘Имран 3: 192), — деді ғой. Және Ол, сондай-ақ: «…Қашан олар, Тозақтың бейнетінен шығуды қаласа, оған қайта итеріледі…» (Хаж 22: 22), — деді. Ал сендер не деп отырсыңдар?!»

Ол: «Сен Құранды оқисың ба?», — деп сұрады.  Мен: «Иә», — дедім. Ол: «Ал сен Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) орны туралы естіп пе едің, яғни оған оны Аллаһ алып келетін орын туралы?», — деп сұрады. Мен: «Иә», — дедім. Сонда ол: «Бірақ,  міне, осы — Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) иеленетін мақтаулы орны ғой (мақамун Махмуд), Аллаһ ол арқылы Оттан шығаратындарды Оттан шығарады!», — деді.

Ал содан кейін ол Сырат көпірі қалайша құрылатыны және адамдар  одан қалайша өтетіні туралы айта бастады. Басқалар оның сөздерін жақсырақ есте сақтап қалды деп қорқамын, алайда ол кейбір адамдар Отқа түскеннен кейін одан шығатындығын айтты. Ол деген сөз – олар, күнжіттің сабақтары жер бетіне шығатыны сияқты, шығады және Жәннаттың өзендерінің біріне кіреді, ал содан соң олар сол өзенде жуынады, ал одан шыққан кезде (тап-таза) парақ сияқты болады. 

Біз қайттық та, былай дедік: «Өкініш сендерге! Сонда сендер осы қария (Жәбир) Аллаһтың Елшісі туралы (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өтірік сөйледі деп ойлайсыңдар ма?!»  Және қайтып келген соң бір-ақ адамнан басқа біздің ешқайсымыз ашық түрде (хауариждердің жағына) шыққан жоқпыз”. Муслим 191.

Шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббад былай дейтін: “Бұл хабарда осы топтың (хауариждердің) үлкен күнәләр істейтін мұсылмандарды күпірлікте айыптауға және осындайлар Отта мәңгі қалатынына қатысты көзқарастарымен әуестенгеніне нұсқау бар. Алайда олар Жәбирді, Аллаһ оған разы болсын, кездестіргенде және ол оларға адасқан нәрселерін түсіндіріп берген кезде, олар өз көзқарастарын өзгертті және өздері түсіп жүрген адасушылықтан бас тартып, ол нұсқаған ақиқатты қабылдады. Бұған қоса, олар қажылықтан кейін жоспарлаған мұсылмандарға қарсы шығудан да бас тартты. Және бұл мұсылман адам ғалымдарға жүгінген кезде алатын ұлы пайда болып табылады!” Қз.: “Би әйи ақли уә-ддин якуну тафжир уә тадмир жиһадән” 14.

Қорытынды

Бұл – мұсылмандарды орынсыз такфир жасау тақырыбында қысқаша еске салғымыз келген нәрселеріміз.

Такфир мәселесінде екі түрлі шекке шығушылық бар. Олардың біреуі жайлы түгел осы жолдаудың барысында айтылды.  Ал, оған қарама-қайшы болған басқасына келер болсақ, бұл — тіпті яһудилер мен христиандардың күпіріне күмәнданатын кейбір мұсылмандарда такфирдің мүлде бомауы, мұны «такфирсіздік» деп атауға да болады.

Кейбір бауырлардың осы қате түсінігін де атап өту қажет. Мысалы, ғалымдар: «Дәлел жетпеген адамды күпірлікте айыптауға болмайды», — деген кезде, олар өз негізінде мұсылман болып табылатын адамды нақты меңзейді! Ал өз негізінде кәпір болып табылатынға келер болсақ, ол — Ислам туралы еш нәрсе білмесе де, кәпір болып қала береді және бұған дәлел  — Аллаһ Тағаланың мына сөздері: «(Мухаммад) егер мүшриктерден біреу сенен пана тілесе, ол Аллаһтың сөзін естуі үшін пана бер» (әт-Тауба 9: 6).

Бұл аятта Аллаһ осындай адамдарды, олар бұған дейін Аллаһтың сөздерін естімеген болуына қарамастан, көпқұдайшылдар деп атайды. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “«Ширк» деген атау Кітап түскенге дейін белгілі еді, адам жолдауға дейін де өзінің Раббысына серік қосатын еді, Онымен бірге басқа құдайларға жалбарынатын еді және бұл атаулар (ширк, мүшрик, күпірлік, кәпір) жолдауға дейін де бар еді ”. Қз.: “Мәжму’уль-фатауа” 20/37.

Уа, мұсылмандар, егер адам Исламы анық болған басқа адамды кәпір деп атамаған болса, оған Қиямет Күні білмегендігін және ол адамның тарапынан Исламды көргендігін, және оны білімінің болмауы және мұсылмандарды кәпір деп айтуға тыйым салатын көптеген хадистердің болуы себебімен кәпір деп айтуға қорыққандығын айтып, ақталу жеңіл болады. Алайда мұсылман адамды өзінің түсінуінің негізінде кәпір деп айтқанға, мұсылмандарға такфир жасауға тыйым салатын Құранның және Сүннеттің  қаншама мәтіндері бар екендігін ескерген жағдайда, ақталу қиын болады!

Имам Ибн Хазм былай дейтін: “Ақиқат — әрбір Исламға кірген (адам) одан (Исламнан) Құранның, Сүннеттің немесе бірауызды келісімнің (ижмә’) негізінде ғана шығатындығында! Және мұсылман адам Исламнан дәлелсіз, мәлімдемелер мен ой-тұжырымдардың негізінде шықпайды!” Қз.: “әл-Фисәл” 3/392.

Имәм әл-Бақиләни былай дейтін: “Адам, мұсылмандардың бірауызды келісімі болған нәрселердің негізінен өзге, біреулердің сөздері мен пікірлерінің себебімен кәпір болмайды!” Қз.: “Фатауа әс-Субки” 2/578.

Имәм әл-Қуртуби былай дейтін: “Кәпір иманды күпірліктен абзал көрмейінше иман келтірген болмайтыны сияқты, иман келтірген де күпірлікті өзінің таңдауы бойынша қаламайынша кәпір болмайды, бұған бірауызды пікір (ижмә’) нұсқайды!” Қз.: “Тафсир әл-Қуртуби” 16/203.

Имам әл-Қуртубидің осы сөздеріне ерекше назар аударыңыздар!

Уа, мұсылмандар, өздерінің әуестері мен қалауларының және Құранды өзінің жеке түсінуінің негізінде мұсылмандарды күпірлікте айыптайтын әртүрлі надандардан сақ болыңыздар! Ізгі халифа ‘Умар ибн әл-Хаттаб: “Мен бұл үммет үшін оны иманы ұстап қалатын мүміннен немесе оның бұзақылығы айқын болған бұзақыдан (пасықтан) қауіптенбеймін. Алайда мен Құранды оқуын кемелдендіргенге дейін оқитын, ал содан соң оны шынайы мағынасына қарсы тәпсірлейтін адамнан қорқамын!», — деп, ақиқатты айтты”. Қз.: “Жәми’ әл-бәйән әл-’ильм” 2/238.

Және соңында Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!

Дереккөз: www.anti-irhab.ru

You may also like...