Тізбекті такфир бидғаты

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен.

Назарларыңызға salaf-forum.ru сайтының редакциясы  көптеген жас және жігерлі, бірақ өз дініне қатысты надан болған мұсылмандардың шалдыққан «Тізбекті такфир» деп аталатын ауыруды емдеу мақсатымен дайындаған мақаласының кіріспе бөлімін ұсынамыз.

Кіріспе

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!

Содан соң:

Соңғы кезде баяғыда бастан өткен және ұмытылып кеткен такфиршілер фитнасы, нақты айтқанда «тізбекті такфир» деп аталатын фитна қайта оянып жүр. Тізбекті такфирдің  көрініс табуы төмендегідей:

Белгілі  бір надан өзінің надандығына және Құран мен Сүннеттің мәтіндерін өзінің түсінуіне ғана негізделіп,  белгілі бір мұсылманға такфир жасайды (оны кәпір деп айыптайды), ал содан соң мұсылмандарға «Сен осындай нәрселерді істеп және осындай нәрселерді айтып жүрген пәленшені кәпір деп санайсың ба?» деген сұрақ қойып, емтихан өткізе бастайды.  Ал егер сұрақ қойылған адам: «Жоқ», — десе немесе тіпті күмәнданса, онда әлгі надан үшін оның өзі кәпірге айналады, және бұл тізбек тоқтаусыз жалғаса беруі мүмкін. Бұл, өз нәтижесінде, әлгі сорлы сияқты біреудің дүние жүзінде өзінен және өзінің бір-екі жақтастарынан басқа мұсылман жоқ деп есептеуіне алып келеді.

Аллаһ Пәк, бұл — алғашқы хауариждердің сеніміне нендей ұқсас! Имам Абуль-‘Аббас әл-Асам былай деп баяндайтын: “Бірде екі хауариж Қағбаны айналып тауап жасап жүріп, бірі екіншісіне: «Менен және сенен өзге бұл жаратылыстардың біреуі де Жәннатқа кірмейді!», — деді. Екіншісі: «Жәннаттың кеңдігі көктер мен Жердің кеңдігіндей, ал ол тек сен және мен үшін ғана жаратылған ба?», — деп сұрады. Біріншісі: «Иә!», — деп жауап берді! Сонда екіншісі оған: «(Онда) Ол сен үшін», — деді де, оның сенімдерінен бас тартты”. Әл-Ләләкәи: “Шарх усуль әл-и’тиқад” 2317.

Және таң қаларлығы – бұл осы сияқты тәкфиршілердің өздерінің де басқа адасқан жамағаттың такфиршілері үшін кәпір болып табылатындығы. «Әһлю-Сунна уәл-жама’а, бірін-бірі күпірлікте айыптайтын хауариждер, рафидилер және қадарилер сияқты бидғатты жақтаушылардан ерекше, бір-бірін күпірлікте айыптамайды! Егер олардың жетеуі бір мәжілісте бас қосса, онда міндетті түрде бір-бірін күпірлікте айыптауы себебінен тарап кетеді. Олар — Аллаһ Тағала олар туралы: «Яһудилер: «Христиандар тура жолмен жүрмейді», — деді, ал христиандар: «Яһудилер тура жолмен жүрмейді», — деді» (әл-Бақара 2: 113), — деп айтқан яһудилер мен христиандар сияқты». Қз.: “әл-Хужжә” 2/255.

Имам Хатыб әл-Бағдади былай дейтін: “Әһлю-Суннаға қайшы келетіндердің қатарында, бұл хауариждермен, рафидилермен және қадарилермен орын алатынындай, бір-біріне такфир жасамайтын және бір-бірінен бас тартпайтын адасушы топ жоқ!”. Қз.: “әл-Фәрқ бәйнәл-фирақ” 361.

Имам Ибн Абиль-‘Изз: “Бидғаттарды жақтаушылардың сөгіске лайық сипаттарының қатарына олардың бір-біріне такфир жасауы жатады. Ал білім иелерінің мақтауға лайықты сипаты туралы айтар болсақ, олар күпірлікте айыптамай, адасушылық туралы айтады ”, — деп айтқан. Қз.: “Шарх әт-Тахауи” 439.

Өкінішке орай, бұл такфиршілер тіпті осы үмметтің атақты ғалымдарын да күпірлікте айыптауға дейін барды! Мұндай адамдар туралы шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Ал мұсылман ғалымдарын күпірлікте айыптайтын надандардың жөнсіздігіне келер болсақ, бұл — айыптауға лайықты амалдардың ең зоры болып табылады және мұның бастамасын өздерінің болжамдарына сүйеніп, мұсылмандардың имамдарын, олар дінде қателік жіберді деп есептеп, кәпір деп атаған  хауариждер мен рафидилер бастады ”. Қз.: “Мәжму’уль-фатауа” 35/100.

Ал ең таң қаларлығы – бұл такфиршілердің, фиқх мәселесіндегі қандай да бір қарапайым үкімді білмеген жағдайда, өздері кеше ғана кәпірге шығарған ғалымдарға жүгінетіндігі. Мысалы, біз ғаламтор кеңістігінде шейх Ибн Базды немесе әл-Әлбаниді күпірлікте айыптаған, ал кейін басқа айдарларда фиқх мәселелерін талқылағанда дәлел ретінде тура солардың пікірін келтірген адамдарды да кездестіріп тұрамыз. Нәдждық шейх Абу Батын: “Егер сен күпірлікте айыптаумен айналысатындардың біреуінен дәрет алу немесе сауда және сол сияқты мәселелер жөнінде сұрасаң, ол саған жауап бере алмайтыны, өйткені оның бұл жөнінде білімі жоқ екендігі таң қалдырады. Ол бұл мәселеге қатысты ғалымдардың пікірлерін іздей бастайды және тура солар жауап бергендей етіп жауап береді. Ал, такфир сияқты ұлы және қауіпті мәселе туралы не айтуға болады?!», — деп ақиқатты айтады.  Қз.: “Минһаж әһль-әл-хаққ” 77.

Аллаһ нұр сәулесін және білімді сыйлаған кез келген мұсылман адам тізбекті такфир – бұл осы адамдар онда сахабалардың кезіндегі хауариждерден де озып өткен, шынайы адасушылық екенін түсінеді, өйткені тіпті олардың өзі де осындай емтихандар өткізбеуші еді!

жалғасы бар

You may also like...