Шейх Мухаммад ибн Салих әл-‘Усайминнің әмірлерге такфир жасайтындарға берген насихаты

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Әмірлерді күпірлікте айыптайтындарға білім иесінің берген ізгі насихаты.

Бұл жолдау әмірлердің күпірлігі туралы шешім шығару әзәзілдігіне бой бергендердің қатарынан болған объективті және әділ түрде ойланатын адамдарға — пікірлері ақиқатпен тура келетіндеріне де, қателескендеріне де — бағытталған.

Ол қарапайым адамнан емес, алайда жақсылыққа үндеп, жамандықтан тосатын көрнекті ғалым, фиқхтың білгірі, ақиқаттың табанды жақтаушысы — шейх Мухаммад ибн Салих әл-’Усәйминнен, Аллаһ оны рахым етсін шықты.

Шейхқа мынандай сұрақ қойылды:
«Мен кейбір ғалымдардан күпірлік — сенімде және амалдарда болады деп, және амалдардағы күпірлік – тек кіші күпірлік болып табылады және өзіне үлкен күпірлікті қамтымайды деп естідім, тіпті егер адам намазды орындауды, немесе басқа кез-келген іс-әрекетті жасаған болса да».

Шейх Усайминнің жауабы:

Шындығында да, кейбір ғалымдар күпірлік амал арқылы емес, тек сенім арқылы болады деген ережені ұстанады. Алайда, дұрысы болып — керісіншесі табылады. Күпірлік амалдарда да, мысалы, намазды қалдыруда көрініс табуы мүмкін, өйткені, Құран, Сүннет және сахабалардың айтқан сөздері намазды қалдырған адам діннен шығады, тіпті оны орындау міндетті (уәжіп) деп санаса да дегенге нұсқайды. Салмақтылау болған пікір осындай.

Алайда, осыған байланысты, бауырларымызға және жастарымызға, олар «Әмірлер, немесе басқа да адамдар – кәпір болып табылады ма, әлде жоқ па?» деген сұрақты өздерінің басты қамына айналдырмауы қажет екендігін ескерткіміз келеді. Олар кімнің – кәпір, ал кімнің – кәпір еместігін анықтау үшін және белгілі бір адам — кәпір болып табылады ма, әлде жоқ па дегенді анықтау үшін ғана жаратылғандай! Мұның орнына олар Аллаһ Өз Елшісіне ғибадатқа және басқа да мәселелерге қатысты түсірген үкімдерді оқып-үйренумен айналысуы керек.

Ал өзін «Пәлен, немесе пәлен адам — кәпір ме, әлде жоқ па?» — дегенді анықтаумен алдандыру – қателік және уақытты бос ысырап ету болып табылады. Тіпті олар нәтижесінде белгілі бір әмір – кәпір екендігін біліп, осындай қорытындыға келсе де, не істей алады?!

Олар тек бүлік ұйымдастыра алады, адамдарды қауіпсіздіктен жұрдай қыла алады және соңы болмайтын жауыздыққа бастау бере алады. Сондай-ақ, жиі жағдайда әмірлерді дәлелдің негізінде емес, өздерінің әуестері мен қалауларының негіздерінде күпірлікте айыптайды.

Олар діни және діни емес сипаттағы эмоцияларын басшылыққа алады. Белгілі бір адам туралы: «Ол – кәпір!» — деп айтады. Алайда күпірлік сөздерін айтқанның, немесе күпірлік амалды жасағанның әрбірі кәпір болып табыла бермейтінін ескермейді. Бұған Құран мен Сүннет нұсқайды.
Мысалы, Құранда Аллаһ Тағала: «Жүрегі иманнан орныққаннан кейін зорлық көрген біреуден басқа біреу иман келтіргеннен кейін Аллаһқа қарсы келсе, сондай-ақ, біреу көкірегін имансыздыққа өзі ашып берсе, оларға Аллаһтың ашуы және зор азап бар», — дейді.

Сөйтіп, Аллаһ Тағала күштеудің (мәжбүрлеудің) астында күпірлік сөздерін айтқанға, немесе күпірлік амалын жасағанға қатысты күпірлікті қабыл алмады.

Сүннетте Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, бір күнәхар адам өлсе, мәйітін өртеп, күлін желге ұшырып жіберуді өзінің балаларына өсиет еткені жайлы хадисі келтіріледі. Ол: «Аллаһпен ант етемін, егер менің Ием (Раббым) мені қайта тірілте алса, ол мені бұған дейін басқа ешкімді жазаламағандай етіп жазалайды!» — деп айтты. Ол өлгеннен кейін, оның балалары онымен тура өзі өсиет еткенді істеген соң Аллаһ Тағала оны қайта тірілтіп, одан: «Сені былай істеуге не мәжбүрледі?» — деп сұрады. Ол: «Уа, Ием, Сенен қорқуым», — деді, және Аллаһ оны кешірді.
Іс жүзінде мұндай өсиет не нәрсеге күмәндану болып табылады? Аллаһтың құдыреттілігіне! Бұл адам Аллаһ оны қайта тірілте алмайды деп ойлады.
Басқа хадисте Аллаһ Өзіне тәубе етіп жалбарынатын құлының тәубесіне түйесімен шөл далада келе жатып, кейін түйесі одан қашып кеткен, ал ол оны табудан үмітін үзіп, бір ағаштың түбіне келіп жатқан, және ол осындай жағдайда болған кезде бір мезетте жоғалтқан түйесі тура алдына келіп тұра қалған, және сонда ол оның жүгенінен ұстап, өзін баурап алған қатты қуаныштың себебінен сасқан бойда: «Уа, Аллаһ, Сен — құлымсың, ал мен –Раббыңмын!» — деп қателесіп айтқан адамның қуанышынан да артық қуанады деп айтылады.

Іс жүзінде «Уа, Аллаһ, Сен – құлымсың, ал мен – Раббыңмын!» деген сөздер күмәнсіз күпірлік болып табылады, бірақ адам оларды өте үлкен қуаныштың қызулығымен айтқандығынан кешірілді.

Сондықтан, мен балаларымызға, жастарымызға Аллаһтың алдында ұстанатын насихатымды айтамын. Олар оған ілеседі деп ойлаймын:

Бұл мәселені, яғни «Сен пәлен әмір туралыне айтасын?», «Пәлен әмір кәпір ме?» деген сияқтыларды, өздеріңнің басты қамдарыңа және айналысатын істеріңе айналдырмаңдар.

Бұл ешқандай пайда әкелмейді және ешнәрседен құтқармайды. Алжирдағы таяуда орын алған оқиғалар – бұған мысал. Алжирда не болды? Менің пайымдауымша бес миллион адамның өлтірілуі орын алды. (Шейхтың жауап беруіне қатықан бір кісі: «Елу мың», — деп айтып, оның сөзін бөлді).

Үш жылдың ішінде қақысыз өлтірілген елу мың адам? Өмірлеріне қол сұғылмау құқығы болғандар және үкімет немесе басқалар тарапынан өлтірілгендер?!

Мұның барлығы — жамандық пен қасірет. Жастарға, игілікке ұмтылушы адамдарға осының барлығынан бас тарту керек, өйткені бұл ешқашан пайда әкелмейді, тек жамандық, бүлік және тәртіпсіздік туғызады. Барлық мақтау Аллаһқа тән! Егер біз тіпті Аллаһтан келіп тұрған бұлтартпайтын дәлеліміз болған анық күпірлікті көріп тұрсақ та, ешнәрсе өзгерте алмасақ, одан не пайда?

Кассета № 127 «Ликә әл-бәб әл-мафтух» аудиотаспалар сериясынан.
27 мухаррам 1417 жыл.

Жинақтаған Абу Умар Салим.

Алынған көзі: salaf-forum.ru

You may also like...