«Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаратын (билік құратын) және шешім шығаратын адам бір мағыналы түрде кәпір болып табылады», — дейтіндердің негізгі дәлелдеріне жауаптар

Шейх Бәндар әл-Утәйбидің «Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және  шешім шығару» тақырыбындағы ғылыми-ағартушылық пікірталас» кітабын жариялауды жалғастырамыз

ТӨРТІНШІ БӨЛІМ

ҚАРСЫЛАСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ДӘЛЕЛДЕРІНЕ ЖАУАП

Бірінші дәлел

Аллаһ Тағала былай деген: «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер».[1]

Біздің қарсыластарымыз былай дейді: Осы аяттан Шариғатпен емес, өзгемен басқарған (билік құрған) және шешім шығарған адам кәпір болып табылатыны келіп шығады.

Жауап

Аталған жағдайда діннен шығаратын үлкен күпірлік (куфр акбар) емес, кіші күпірлік меңзеліп тұр (куфр асғар) және осыған үш дәлел бар.

1. Аятты сөзбе-сөз түсінбеу қажет екендігі туралы ғалымдардың бірауызды пікірі, бұл туралы жоғарыда айтылғандай.

2. Ибн Аббастың, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, түсіндіруі.

3. Сахабалардың, нақтырақ айтқанда Ибн Аббастың кейбір ізбасарларының, Аллаһ олардың барлығын рахым етсін, түсіндіруі.[2] Олардың заманында оларға ешкім қайшы келмеді.

Біздің қарсыластарымыз былай дейді: Егер күпірлік түсіндірмесіз аталса, онда негіз ретінде үлкен күпірлікті (куфр акбар) алу қажет.

Жауап

Тіпті егер бұл осылай болғанда да, аталған жағдайда осы ереже қолдануға жарамсыз, өйткені аталған жағдайда мұнымен кіші күпірлік (куфр асғар) меңзелетінін түсіну қажет деген  Ибн Аббастың түсіндірмесі бар.

Біздің қарсыластарымыз былай дейді: Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, «куфр» сөзі «әл» деген белгілі артиклімен қолданылса, онда ол үлкен күпірлікті (куфр акбар) білдіреді деп айтқан. Және ол осыған орай былай деген: «Егер «куфр» «әл» деген белгілі артиклімен қолданылса, онда оны діннен шығаратын күпірлік деп түсіну керек».[3]

Жауап

Бұл ереже етістіктен жасалған зат есімге қатысты («куфр», күпірлік), ал аятта онымен түбірлес болған сөз, яғни әрекетті істеп жатқанды білдіретін сабақты етістің есімшесі – («кафир», кәпір) қолданылған.  Екі сөздің арасында айырмашылық бар, өйткені етістіктен жасалған зат есім тек әрекетке нұсқайды, ал сабақты етістің есімшесі әрекеттің өзіне де, оны жасаушыға да нұсқайды.

Сондықтан Ибн Таймийяның өзі де, Аллаһ оны рахым етсін, аятта кіші күпірлік (куфр асғар) меңзеледі деген пікір – бұл «көптеген Сүннет имамдарының» пікірі, бұдан қалса, тіпті «біздің салиқалы саләфтарымыздың барлығының пікірі» екендігін айтқан.[4]

Ибн Усаймин, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Шейхуль-Ислам Ибн Таймийяға «Егер қосымшасыз тек күпірліктің өзі ғана аталған болса, онда үлкен күпірлік (куфр акбар) меңзелген болады» деген сөздерді телу және осы сөздерді аятта үлкен күпірлік (куфр акбар) меңзеліп тұр дегенге дәлел келтіру – бұл нашар түсініктің салдары. Өйткені аятта бұл «куфр» деп аталмаған ғой! Ал шейхтың сөзіне келер болсақ, ол тек белгілі артиклімен қолданылған «әл-куфр» сөзінің мағынасы мен белгілі артиклісіз қолданылған «куфр» сөзінің мағынасы арасындағы айырмашылыққа нұсқаған.  «Кафирун» (кәпірлер) сөзіне келер болсақ, оны біз «әл-кафирун» артиклімен де, онсыз да діннен шығармайтын күпірлік тән болған адамдарға қатысты қолдана аламыз. Сөйтіп, әрекет пен оны істеушінің арасында айырмашылық бар».[5]

Екінші дәлел

Аллаһ Тағала былай деген: «Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, содан соң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай толық бой ұсынғанға дейін мүмін бола алмайды».[6]

Біздің қарсыластарымыз былай деп айтады:  Аллаһ Тағала Шариғатты басшылыққа алмайтындар туралы олар иман келтірмейді деген, ал бұл олардың кәпір болып табылатынын меңзейді.

Жауап

Бұл жағдайда иманның тұтас болмауы емес, оның толыққанды болмауы аталып тұр.  Яғни, аятқа сәйкес, мұндай адамның иманы толыққанды емес болып табылады, бірақ тұтас жоқ болмайды.

Шариғатта кейде белгілі әрекеттерді жасаушылар иман келтірмейді деп айтылады және сонымен бірге иманның тұтас болмауы емес, оның толыққанды емес болуы меңзеледі.

Мысал ретінде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерден ешкім өз бауырына өзіне тілегенді тілемейінше иман келтірмейді», — деп айтқан хадисті келтіруге болады.[7]

Басқа бір мысал. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Аллаһпен ант етемін, иман келтірмейді, Аллаһпен ант етемін, иман келтірмейді, Аллаһпен ант етемін, иман келтірмейді!» Адамдар: «Кім, уа, Аллаһтың елшісі?», — деп сұрады. Ол: «Көршісі оның жамандығынан қауіпсіздікте болмаған (адам)», — деді. [8]

Сөйтіп, Шариғатта «иман келтірмеген» деген сөздердің астарында иманның жоқтығы емес, оның толыққанды еместігі түсінілетін мәтіндер бар. Демек, біз аталған аятта аталғандарды күпірлікте айыптауымыз қажет емес, өйткені бұл «иман келтірмейді» деген сөздердің астарында иманның жоқтығы емес, оның толыққанды еместігі меңзелетін дәл сол жағдай болуы да ықтимал.

Бірінші жағдай:

Аяттағы «иман келтірмейді» деген сөздер адамдардың үш санатына қатысты етілген.  Олар — Аллаһтың Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өздерінің істерінде үкім шығарушы етіп сайламайтындар; оның шешімдерінен қысылыс сезетіндер; және Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шешімдеріне толық бағынбайтындар.

«Бұл аятта «иман келтірмейді» деген сөздердің астарында иманның толыққанды болмауы емес, оның (тұтас) болмауы түсініледі», — дейтіндердің пікіріне сәйкес үш санаттағы барлық адамдар кәпірлер болып табылады және діннен шығады. Алайда бізде соңғы екі санаттағыларға қатысты олар кәпір болып табылмайды дегенге дәлел бар. Нақты айтқанда бізде екі дәлел бар.

Бірінші дәлел: Анас ибн Малик, Аллаһ оған разы болсын, Мекке бағындырылғаннан кейін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олжаны құрайштықтардың арасында бөлгені және ансарлар: «Таң қаларлық жайт! Біздің қылыштарымыздан әлі де олардың қандары тамшылап тұр, ал біздің олжамыз оларға беріліп жатыр!», — деп айтқаны жеткізіледі. Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардың айтқан сөздері туралы мәлім болған кезде, ол оларды жинап: «Сендерден маған жеткен сөздер нендей сөздер?», — деп сұрады. Олар: «Барлығы – тура саған жеткізілгендей», — деп жауап берді. Ал олар өтірік айтпайтын. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Адамдар өздерінің үйлеріне дүние игіліктерімен, ал сендер Аллаһтың Елшісімен оралатындарыңа разы емессіңдер ме? Егер адамдар (бір) алқаппен және саймен жүрсе, ал ансарлар өзге алқаппен және саймен жүрсе, мен ансарлардың (жүрер) алқабымен және ансарлардың (жүрер) сайымен жүрер едім», — деді.[9]

Содан соң ансарлар: «Уа, Аллаһтың Елшісі, біз разымыз», — деді.[10] Аллаһ ансарларға және Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлық сахабаларына разы болсын және оларды разы етсін! Олар өз имандарында қандай ізгі және ықыласты еді және Аллаһтың Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қалай сүйді!

Екінші дәлел:

Аиша, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі және сәлемі болсын) әйелдері одан «әділеттілікті ұстануды және ол Абу Кухафаның қызына[11] қандай қатынас жасаса, оларға да сондай қатынас жасауын» сұрағанын жеткізген.[12] Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдеріне Аллаһ разы болсын және оларды разы етсін!

Егер екінші және үшінші санаттағылар кәпір болып табылмаса және «иман келтірмейді» деген сөздердің астарында иманның тұтас болмауы емес,  оның толыққанды болмауы ғана түсінілсе, онда біз тура соны бірінші санаттағылар туралы да айтуымыз қажет болады, өйткені үш санаттағылардың барлығына бір нәрсе уәде етілген, ал бұл олардың жағдайы бірдей дегенді білдіреді.

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бұл аятты хауариждер «Аллаһтың түсіргеніне сәйкес басқармайтын (билік құрмайтын) әмірлер кәпір болып табылады» дегенге дәлел ретінде келтіреді».[13]

Екінші жағдай:

Бұл аят Бадр шайқасының бір қатысушысы туралы түскен еді, ал Бадр шайқасына қатысушылардың арасында үлкен күпірлікке (куфр акбар) түскендер жоқ, өйткені Аллаһ оларды бұдан сақтап қалды. Бұл адам бір нәрсе жөнінде әз-Зубайрмен тартысып қалды. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардың ісі бойынша шешім шығарды, ал әлгі кісі оған наразы болып, Аллаһтың Елшісіне: «Бұл – ол сенің әпкеңнің баласы болғандықтан», — деді.[14]

Бадр шайқасының қатысушысы Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шешімімен қалайша қанағаттанбағанына қараңыз. Ол «толық бой ұсынбады».

Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, Аллаһ Тағаланың «Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, содан соң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай толық бой ұсынғанға дейін мүмін бола алмайды»[15] деген Сөздеріне түсіндірме беріп, былай деген: «Кім: «Шариғатқа сәйкес емес билік етуге де болады, — немесе, — шешім (шығару) үшін ата-бабаларға немесе адамдар ойдан шығарған заңдарға — мейлі олар Шығыстың немесе Батыстың заңдары болсын — жүгінуге рұқсат етіледі», — деп айтса, сол бір мағыналы түрде кәпір болып табылады және бұл үлкен күпірлік. Ал: «Шариғатқа қайшы келетін заңдарға немесе қаулыларға жүгінуге және оларға сәйкес басқаруға (билік құруға) және шешім шығаруға болмайды», — деп санаса, алайда сонымен бірге шешім шығарып жатқан адамына деген сүйіспеншіліктің яки жеккөрушіліктің, немесе пара алуының яки саяси т.с.с. себептерімен Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес шешім шығарса және сонымен бірге өзінің әділетсіз әрекет пен қателік жасап, Аллаһ Тағаланың Шариғатына қайшы келіп жатқанын мойындаса, мұндай адамның иманы толыққанды емес және ол кіші күпірлікке (куфр асғар),  кіші зұлымдыққа (зульм асғар) және кіші бұзақылыққа (фисқ асғар) түсті».[16]

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Аллаһ Тағала және Оның Елшісі адамда болуы міндетті болған қандай да бір нәрсенің болмауы туралы айтқан кезде, — мысалы, иманы, діні, намазы, оразасы, дәреті, қажылығы т.с.с. — бұл оның осы әрекеттер міндеттейтін нәрселерді істемей жатқанын білдіреді. Мысал ретінде Аллаһ Тағаланың мына Сөздерін келтіруге болады: «Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, одан соң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай толық бой ұсынғанға дейін мүмін бола алмайды».[17]  «Иман пәлен немесе пәлен нәрсе болмайынша болмайды» деген хабарды «бұл нәрсе міндеттілік болып табылады, әрі кім сол міндеттілікті орындамаса, онда Аллаһ Тағала уәде еткен Жәннатқа алдын ала жазалаусыз кіру үшін міндетті болған иман жоқ» деп қабылдау керек».[18]

Ол, Аллаһ оны рахым етсін, сондай-ақ былай деген: «Құрандағы және Сүннеттегі қандай да бір әрекеттерді мойындамау олар міндеттейтін нәрселердің ішінен қандай да  бір нәрселердің жоқ екендігін меңзейді. Мысал ретінде Аллаһ Тағаланың «Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, содан соң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай толық бой ұсынғанға дейін мүмін бола алмайды»[19] деген сөздерін келтіруге болады».[20]

Егер біреу бізден Аллаһ Тағала Бадр шайқасына қатысушыларды үлкен күпірліктен сақтап қалғанына дәлел келтіруімізді талап етсе, біз келесідей етіп жауап береміз. Аллаһ Тағала оларға Жәннатқа кірулеріне кепілдік берді. Хатыбтың, Аллаһ оған разы болсын, оқиғасын еске алайық. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Мүмкін, Аллаһ Бадр шайқасының қатысушыларына қарады да, былай деді: «Қалағандарыңды істеңдер, өйткені мен сендерге Жәннатты кепілдік еттім!»[21]

Ал кім Бадр шайқасы қатысушыларының осы ерекшілігін және Аллаһ Тағала Бадр шайқасының қатысушыларын үлкен күпірліктен сақтап қалғанын мойындамаса, ол хадис пен Аллаһ Тағаланың «Расында, Аллаһ Өзіне серік қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге күнәларды қалаған кісісіне жарылқайды. Ал кім Аллаһқа серік қосса, расында жала қойып, зор күнәлі болды!»[22] деген Сөздерінің арасында қайшылық жасады. Өйткені үлкен күпірлік пен үлкен көпқұдайшылық (ширк) кешірілмейді ғой, ал Аллаһ Тағала олардың Жәннатқа кірулеріне кепілдік берді!

Біреу былай деп келіспеушілік білдіруі мүмкін: «Бадр шайқасы қатысушыларының біреуі үлкен күпірлікке түсіп, бірақ кейін тәубе еткен болуы мүмкін емес пе? Мұндай жағдайда аяттар мен хадистің арасында қайшылық болмайды ғой».

Мұндай жағдайда жауап екі тармақтан тұрады.

1. Аллаһ Тағала Бадр қатысушыларына олардың күнәларын кешіріп қойды және Ол сонымен бірге тәубені осы кешірудің шарты етіп атамады.  Ал Аллаһ Тағала ешқандай шарттармен шектемеген нәрселерді біз тура солай етіп түсініп, өз шарттарымызды ойлап шығармауымыз қажет.

2. Егер біз осы пікірмен келіскенде, онда Бадр шайқасына қатысушылардың басқа адамдардан ешқандай айырмашылығы жоқ болар еді, өйткені ғалымдар тәубе кез келген күнәның, соның ішінде күпірліктің де кешірілуінің себебі болып табылатынына бірауызды келіскен. Ал егер Бадр шайқасы қатысушыларының күнәлары алдын ала тәубе ету Аллаһ Тағала тарапынан шартымен кешірілгенде, онда Бадр шайқасының қатысушыларының басқа адамдардан еш айырмашылығы болмас еді.  Яғни бұл пікірмен келісу арқылы біз іс жүзінде Аллаһ Тағаланың Бадр шайқасының қатысушыларына берген ерекшілігін жоққа шығарамыз.

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Егер біз: «Аллаһ Тағала Бадр шайқасының қатысушыларына: «Қалағандарыңды істеңдер, Мен сендерді кешіріп қойдым», — деп айтып, кіші күнәларды немесе тәубе ету шартымен кешіруді меңзеді», — деп айтсақ, онда олар мен басқа адамдардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ болған болып қалар еді. Сондай-ақ біз: «Хадисте үлкен күпірлік (куфр акбар) меңзеледі», — деп айтуға да құқықты емеспіз, өйткені үлкен күпірлік адамның өзінің тәубе етуінсіз кешірілмейтіні белгілі. Тура сол сияқты біз: «Адам үлкен күнәлардан аулақ болғаны үшін кешірілетін кіші күнәлар меңзеліп тұр», — деп те айта алмаймыз».[23]

Егер біреу: «Аятта: «Шешім үшін Шариғатқа жүгінбейтінде иман жоқ», — деп айтылып тұр және Шариғаттың бұл үкімінде «айтылғаннан осы нақты сахаба кәпір болды» деген тұжырым мүлде шықпайды, өйткені біз нақты бір адамды күпірлікте айыптауымыз үшін белгілі шарттар орындалуы керек және кедергілер болмауы қажет!» — деп айтса,  біз оған келесідей етіп жауап береміз.

Нақты осы сахаба басқа адамдардан бұл аят сол туралы түскендігімен ерекшеленеді, ал біз аятты ол кімге қатысты түскеніне қарамай тәпсірлей алмаймыз. Әрине, біз айтылғанның жалпылығы оның түсірілу себебінен маңыздырақ екенін білеміз, алайда оған қатысты белгілі бір үкім түскен адамға ол бірінші кезекте күшке енеді дегенге ешқандай келіспеушіліктер болуы мүмкін емес.

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Егер аяттың түсірілуінің нақты себебі болған болса, онда егер аятта бұйрық, не тыйым болса, олар ол туралы осы аят түскен адамға және басқа адамдарға қатысты күшке ие болады. Егер аятта мақтау, не сөгіс білдіру болса, олар да ол туралы осы аят түскен адамға және сол сияқтыларға қатысты күшке ие болады».[24]

Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Белгілі бір адамға қатысты түскен үкім басқаларға қатысты күшке ие болып, бірақ оның өзіне қатысты күшке ие болмауы мүмкін емес».[25]

Әз-Заракши, Аллаһ оны рахым етсін, тіпті бұл туралы ғалымдардың бірауызды келісімі бар деп жеткізген: «Біз өзіміздің ижтихадымызға сәйкес: «Белгілі бір адамға қатысты түсірілген үкім басқа адамдарға қатысты күшке ие болады да, бірақ оның өзіне қатысты күшке ие болмайды», — деп айта алмаймыз, бұл жөнінде қадый Абу Бакр «Мухтасар әт-такрибте» айтқанындай, өйткені белгілі бір адамға қатысты түсірілген үкім, барлық адамдарға қатысты күшке ие болады».[26]

Үшінші дәлел

Аллаһ Тағала былай деген: «Саған түсірілгенге және сенен бұрын түсірілгенге иман келтірдік деп, бірақ тағутқа үкім үшін жүгінуді қалайтындарды көрмейсің бе? Оларға оған иман келтірмеу бұйырылған болса да. Шайтан оларды терең адасушылыққа кіргізуді қалайды».[27]

Біздің қарсыластарымыз былай дейді: Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаратын (билік құратын) және шешім шығаратын адам кәпір болып табылады, өйткені Аллаһ оны екіжүзді деп атады, ал екіжүзділер кәпірлер болып табылады.

Жауап

1. Бұл аят екіжүзділерге қатысты түскені дұрыс айтылған. Алайда егер оның мағынасы туралы айтар болсақ, онда екі ықтималдылық бар.

1 — Бұл адамдар үкім шығару үшін тағутқа жүгінуді қалағандығы себепті екіжүзділерге айналғаны. Бұл қарсыластардың пікірі.

2 — Екіжүзділердің сипатына үкім үшін тағутқа жүгіну жатады, ал мүміннің екіжүзділерге олардың бір сипатындағы, мысалы өтірік айтудағы ұқсастығы, оны кәпір етпейді.   Сөйтіп, егер мүмін Аллаһтың түсіргеніне сәйкес басқармаса (билік құрмаса) және шешім шығармаса, ол осынысында екіжүзділерге ұқсайды, алайда осы себепті кәпір болмайды, тек егер оның кәпір болғанына басқа дәлелдер жоқ болса.

Ал егер осы жағдайда адам кәпір болуы да, болмауы да мүмкін екені белгілі болса, біз оны кәпір деп санауға құқықты емеспіз, өйткені  егер адамның кәпір болып табылмауы ықтимал болса, оны күпірлікте айыптауға болмайды. Біз адамды кәпір деп мұны абсолютті нақты білген кезде ғана және оның әрекеттерін өзгеше түсіну мүмкін болмаған жағдайда ғана айта аламыз. Бұл мәселеде өте күшті сақтық керек, әсіресе, егер бізде бұл адамдар дәл  үкім үшін Аллаһқа жүгінбегендігі және Шариғатты басшылыққа алмағандығы себепті екіжүзділер деп аталғандығына дәлел жоқ болса.

2. Олардың үкім үшін тағутқа жүгінуді қалауы шектеусіз болып табылмайды. Керісінше, ол шектеулі болып табылады және онда олардың оған иман келтіруден бас тартпауына нұсқайтын нәрсе бар. Ал кім тағутқа иман келтірмеу міндетті емес деп есептесе, сол, ешбір күмәнсіз, кәпір болып табылады және бұл енді — адамды діннен шығаратын үлкен күпірлік (куфр акбар).

Әт-Табари, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: ««Тағутқа», яғни өздері ұлықтайтынға және оның пікірі олар үшін беделді болғанға, және олар оның үкіміне разы болып, оны Аллаһтың үкімінің орнына қабылдайтынға “үкім үшін жүгінуді қалайтындарды”, яғни өздерінің келіспеушіліктері мен тартыстарында. “Оларға оған иман келтірмеу бұйырылған болса да ”, яғни Аллаһ Тағала оларға өздері үкім үшін жүгінетін тағуттың алып келген нәрселеріне иман келтірмеуді бұйырды, ал олар Аллаһтың әмірін тастап, Шайтанның әміріне бағынды».[28]

Төртінші дәлел

Аллаһ Тағала былай деген: «Расында, шайтандар өз сыбайластарына сендермен тартысуды сыбырлайды. Егер оларға бой ұсынсаңдар, көпқұдайшылдарға айналасыңдар».[29]

Біздің қарсыластарымыз былай деп айтады: Кім Аллаһқа мойынсұну болған нәрседе Аллаһқа емес, өзгеге бағынса, сол Аллаһқа серік қосады, яғни ширк жасайды.

Жауап

1. Егер аятты сөзбе-сөз түсінер болсақ, онда Аллаһқа деген кез келген мойынсұнбаушылық Оған серік қосу (ширк) болып шығады.   Алайда аятта бұл меңзелмейтіні айқын-ақ және мұндай тәпсірлеуді ғалымдардан ешкім мақұлдап айтпаған.

2. «Бағыну» дегенде сенімдер меңзеледі. Яғни шайтандар мұндай адамға халәл нәрсені харам деп, ал харам нәрсені халәл деп есептеуді бұйырады және ол осыда оларға бағынады.

Абду-ль-Латыф ибн Абду-р-Рахман ибн Хасан, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Аллаһ Тағаланың «Расында, шайтандар өз сыбайластарына сендермен тартысуды сыбырлайды. Егер оларға бой ұсынсаңдар, көпқұдайшылдарға айналасыңдар» деген аяттары туралы ойланыңдар.[30] Аллаһ Тағала: «Шайтандарға бағынатын және Аллаһ тыйым салған (харам еткен) нәрсені рұқсат етілген (халәл) деп санай бастайтын адам Аллаһқа серік қосушы (мүшрик) болып табылады», — деп бекітті».[31]

Бесінші дәлел

Аллаһ Тағала былай деген: «Немесе дінде Аллаһ бүйырмаған нәрсені олар үшін заңдастырған ортақтары бар ма?»[32]

Біздің қарсыластарымыз былай деп айтады: Кім Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқарса (билік құрса) және шешім шығарса, кәпір болып табылады, өйткені Аллаһқа серік қосады.

Жауап

Бұл аят тек Аллаһтың үкімін басқа үкіммен алмастыратын (табдиль жасайтын)  адам кәпір болып табылатынына нұсқайды, өйткені аяттан мына екі әрекетті: 1)  «олар үшін заңдастырған» сөздерінде — заңдарды жасап шығаруды; 2) «дінде» деген сөзде соны дінге телуді — біріктірген адам кәпір болып табылатыны ғана келіп шығады.

Бұл — біз жоғарыда ол туралы айтқан тура сол «табдийльдің» өзі. Ал табдийль жасаушы адам, ғалымдардың бірауызды пікірі бойынша кәпір болып табылады, бұл туралы біз жоғарыда айтып кеткеніміздей.

Алтыншы дәлел

Аллаһ Тағала былай деген: «Ол өз үкіміне ешкімді ортақ қылмайды».[33]

Біздің қарсыластарымыз былай деп айтады: Кім Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқарса (билік құрса) және шешім шығарса, кәпір болып табылады, өйткені шешім шығаруда өзін Аллаһқа серік етеді.

Жауап

1. «Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқарушы (билік құрушы) және шешім шығарушы шешім шығаруында барлық жағдайда өзін Аллаһқа серік етеді» дегенге келісу мүмкін емес.  Егер адам Шариғат үкімін өзге үкіммен алмастырса (табдийль) немесе өзін Алаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаруға (билік құруға) және шешім шығаруға құқықты деп санаса (истихләл), онда ол шынында да шешім шығаруда өзін Аллаһтың серігіне айналдырады. Ал басқа жағдайларға қатысты айтар болсақ, оларға аятта аталған үкім күшке ие болмайды.

2. Кім мұны мойындағысы келмесе, Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаратын (билік құратын) және шешім шығаратындарды «барлық жағдайда Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқарушы (билік құрушы) және шешім шығарушы шешім шығаруда өзін Аллаһқа серік етеді» деген сылтаумен кәпір деп есептеуі қажет.  Алайда Әһлю-Сунна өз басқаруында (билік құруында) немесе шешім шығаруында әділетсіздікке жол беретін адам кәпір болып табылмайтынына келіскен.

Жетінші дәлел

Аллаһ Тағала былай деген: «Билік Аллаһқа ғана тән».[34]

Біздің қарсыластар былай дейді: Кім Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқарса (билік құрса) және шешім шығарса, кәпір болып табылады, өйткені Аллаһ Тағалаға ғана тән нәрсеге таласады.

Жауап

1. «Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқарушы (билік құрушы) және шешім шығарушы, егер ол өзін осыған құқықты деп мәлімдемесе, тек өзінің әрекетімен Аллаһқа ғана тән нәрсеге таласады» дегенмен келісуге мүмкін емес.

2. Кім мұны мойындағысы келмесе, сол өзінің басқаруында (билік құруында) немесе шешім шығаруында әділетсіздікке жол беріп жатқан адамды кәпір деп есептеуі қажет. Алайда Әһлю-Сунна өзінің басқаруында (билік құруында) немесе шешім шығаруында әділетсіздікке жол беретін адам кәпір болып табылмайтынына бірауызды келіскен.

3. Кім мұны мойындағысы келмесе, тірі жандардың бейнесін сомдайтындарды кәпір деп есептеуі қажет. Алайда Әһлю-Сунна тірі жандардың бейнесін сомдаушы кәпір болып табылмайтынына бірауызды келіскен.

Сегізінші дәлел

Аллаһ Тағала былай деген: «Олар Аллаһтан өзге иелері етіп машайыхтары мен монахтарын алды».[35]

Біздің қарсыластарымыз былай дейді: Кітап иелері өздерінің ғалымдары мен монахтарына олардың Аллаһтың үкімдеріне қайшы келетін үкімдерінде бағынды және Аллаһ Тағала олар соларды Аллаһтан өзге иелері етіп алды деп айтылатын  осы аятты түсірді, ал осы Аллаһқа серік қосудың (ширктің) өзі.

Жауап

Егер машайыхтар мен монахтарға бойсұнушылық туралы айтар болсақ, онда біз тек екі жағдайды ғана қарастыра аламыз.

1. Оларға сенімдердегі бойсұнушылық. Яғни машайыхтар мен монахтар мұндай адамға халәл нәрсені харам деп, ал харам нәрсені халәл деп есептеуді бұйырады және ол осыда соларға бағынады. Бұл – адамды діннен шығаратын күпірлік, бұған қатысты ғалымдардың арасында келіспеушілік жоқ.

2. Оларға Аллаһқа мойынсұнбаушылықта, бірақ тиісті сенімдерсіз бойсүну. Яғни олар соларға бойсұнады, бірақ сонымен бірге халәлды харам, ал харамды халәл деп есептемейді. Бұл бір мағыналы түрде күпірлік болып табылмайды және адамды діннен шығармайды, өйткені біз адам бұл жағдайда кәпір болады деген ешқандай дәлелдерге ие емеспіз. Ал егер керісінше айтсақ, онда өздерінің әуестері мен қалауларына немесе күнә жасауға шақырушыларға бойсұнып, күнә жасайтын күнәхарларды кәпір деп есептеу керек болатыны шығады. Бұл біз Әһлю-Сунна тарапынан кәпір деп есептелмейтін, мысалы, өзінің әйеліне, балаларына және т.б. бойсұнып, күнә жасайтын адамдарды, кәпір деп есептеуіміз қажет дегенді білдіреді.

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бұл өздерінің машайыхтары мен монахтарына, олар Аллаһ харам еткенді халәл деп, ал халәл еткенді харам деп  санауға бұйырғанда, бойсұнып, соларды Аллаһтан өзге иелері етіп алған адамдарды  екі санатқа бөлуге болады.

Біріншісіне машайыхтар және монахтар Аллаһтың үкімдерін өзге үкімдермен алмастыратынын және оларды Аллаһтың үкімдері деп көрсететінін (табдийль жасайтынын) білетін, бірақ сонда да оларға ілесетін және өздерінің жетекшілеріне еріп, Аллаһ тыйым салғанды (харамды) рұқсат етілген (халәл) деп және Аллаһ рұқсат еткенді (халәлды)  тыйым салынғанған (харам) деп, елшілердің дініне қайшы келіп жатқандарын біліп тұрса да, есептей бастаған адамдар жатады. Бұл — діннен шығаратын күпірлік.

Екінші санатқа Аллаһтың тыйым салғанын (харам еткенін) тыйым салынған (харам) деп, ал Оның рұқсат (халәл) еткенін рұқсат етілген (халәл) деп сенетін, алайда  Аллаһқа мойынсұнбауда өздерінің жетекшілеріне ілесіп кеткен, өздерінің Аллаһқа мойынсұнбаушылық жасап жатқанын мойындайтын күнәхарлар сияқты әрекет жасайтын адамдар жатады.  Шариғаттың мұндай адамдарға қатысты үкімі басқа күнәхарларға қатысты үкіміндей».[36]

Тоғызыншы дәлел

Аллаһ Тағала былай деген: «Сендер тартысқан нәрсе турасында шешім жасау Аллаһқа тән».[37]

Біздің қарсыластарымыз былай дейді: Кім шешім үшін Аллаһқа емес, өзгеге жүгінсе, сол Аллаһ Тағаланың әміріне қайшы шықты.

Жауап

Аят үкім үшін Аллаһқа жүгінудің міндеттілігіне нұсқайды. Мұнымен ешкім таласпайды. Сондай-ақ ешкім үкім үшін Аллаһқа емес, өзгеге жүгінетіндер күнәхар болып табылатынына да таласпайды. Бұдан қалса, олар үлкен күнәға түсті. Алайда бұл аятта олар кәпірлер болып табылатындығына ешқандай нұсқаулар жоқ.

Оныншы дәлел

Аллаһ Тағала былай деген: «Олар жәхилиет дәуірінің үкімін іздейді ме? Анық сенген ел үшін Аллаһтан жақсы үкім беруші кім?»[38]

Біздің қарсыластарымыз былай дейді: Аллаһ Тағала Шариғатқа сәйкес емес шешім шығару Исламға дейінгі жәхилиет дуірінің үкімі болып табылады деді, ал бұл оның күпірлік болып табылатынын білдіреді.

Жауап:

Белгілі нәрселерді Исламға дейінгі жәхилиет дәуірімен байланыстыруды немесе қандай да бір іс-әрекетті Исламға дейінгі жәхилиет дәуіріне қатысты деп хабарлауды күпірлікке нұсқау ретінде қарауға болмайды.

Бұған дәлел ретінде бір адамды оның шешесінің қаратүсті екенін айтып кемсіткен Абу Заррға, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен әлемі болсын): «Расында, сен — бойында Исламға дейінгі надандық (жәхилиет) сақталып қалған адамсың», — деп айтқан сөздерін келтіруге болады.[39]  Бұдан тыс, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Исламға дейінгі жәхилиет дәуірінің амалдарына Әһлю-Сунна бірауызды түрде олар адамды кәпір етпейді дейтін іс-әрекеттерді, мысалы, шыққан тегін балағаттауды және өлген адамды дауыстап жоқтауды жатқызған. [40]

•    Кім: «Іс-әрекеттің жәхилиет дәуірінің амалдарына телінуі оны жасайтын адамның күпірлігін меңзейді», — деп тұрып алса, сол Әһлю-Сунна олар туралы:  «олар адамды кәпір етпейді», — деп бірауызды келіскен түрде айтатын кейбір амалдарды, мысалы, шыққан тегін балағаттауды немесе өлген адамды дауыстап жоқтайтын адамдарды да кәпір деп санауы қажет.

Абу Убәйд әл-Қасим ибн Саләм, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Сендер Аллаһ Тағаланың «Олар жәхилиет дәуірінің үкімін іздей(ді) ме?»[41] деген сөздерін естімедіңдер ме? Құранның тәпсірлеушілері бұл аяттың мағынасы мынадай деп айтады: кім Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқарса (билік құрса) және шешім шығарса, сол мұсылман болып қалып, сол мезетте Исламға дейінгі жәхилиет кезінде өмір сүргендерге ұқсайды, өйткені Исламға дейінгі жәхилиет кезінде өмір сүргендер осылайша үкім шығарған және осындай заңдармен өмір сүрген. Тура соны Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Үш амал Исламға дейінгі жәхилиет кезінің амалдарына жатады: шыққан текті сөгу, өлген адамды дауыстап жоқтау және жұлдыздарға сену» деген сөздеріне де қатысты айтуға болады. Бұл хадисте осы амалдарды жасаушы адам надан, кәпір және екіжүзді болып табылады дегенге нұсқау жоқ. Оның мағынасы мынада: бұл – Құран мен Сүннет тыйым салған кәпірлердің амалдары».[42]

Әл-Бухари, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Аллаһқа мойынсұнбау Исламға дейінгі жәхилиет дәуірінің амалдарына жататындығы, бірақ, ширктен өзгесі, адамды кәпір етпейтіндігі туралы тарау, өйткені Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, сен бойында Исламға дейінгі жәхилиет сақталған адамсың», — деп айтқан және Аллаһ Тағала:  «Расында, Аллаһ Өзіне серік қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге күнәларды қалаған кісісіне жарылқайды. Ал кім Аллаһқа серік қосса, расында жала қойып, зор күнәлі болды!»[43] — деген».[44]

Он бірінші дәлел

Аллаһ Тағала былай деген: «Саған түсірілгенге және сенен бұрын түсірілгенге иман келтірдік деп, бірақ тағутқа үкім үшін жүгінуді қалайтындарды көрмейсің бе? Оларға оған иман келтірмеу бұйырылған болса да. Шайтан оларды терең адасушылыққа кіргізуді қалайды».[45]

Әш-Шә‘би, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Екіжүзділерден бір адам мен бір яхудидің арасында тартыс болды және яхуди: «Бізге Мухаммад үкім шығарсын», — деді, өйткені ол Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) пара алмайтынын білетін.  Ал екіжүзді: «Жоқ, бізге яхудилер үкім етсін», — деді, өйткені ол яхудилердің пара алатынын білді.  Нәтижеде олар Жухайна тайпасындағы бір сәуегейге баратын болып және ол оларға үкім шығаратын  болып келісті. Осы оқиғадан кейін Аллаһ Тағала осы аятты түсірді».[46]

Біздің қарсыластарымыз былай дейді: Олар үкім үшін сәуегейге жүгінгендіктен Аллаһ Тағала оларды екіжүзді деп жариялады.

Жауап

1. Бұл хадис әлсіз (да‘иф — ضعيف). әш-Ша‘би, Аллаһ оны рахым етсін,  табиғиндерден еді. Хадис мурсәл[47] санаттағыға жатады.

2. Тіпті егер осы хадис сахих деп тұспалдағанның өзінде де, жоғарыда келтірілген аят екіжүзділерге қатысты түскені есте болуы қажет. Ал мүмін адамда екіжүзділерге тиісті кейбір сипаттардың болуы оның өзін екіжүзді етпейді, яғни үлкен екіжүзділік (нифақ акбар — نفاق أكبر) болып табылмайды, егер тек біздің қолымызда осы сипаттауды – екіжүзділікті – қолданудың себебі үкім үшін Аллаһқа емес өзгеге жүгіну болып табылатындығының өзге дәлелі болмаса.

Он екінші дәлел

Бұл аяттың түсуінің өзге себебі: Екі адам тартысып қалды да, олардың біреуі үкім шығару үшін Мухаммад Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) баруды ұсынды, ал басқасы  Ка‘б ибн әл-Әшрафқа баруды талап етті. Кейін олар араларында төрелік ету үшін Умарға жүгінді. Олардың біреуі болған жағдайды оған баяндап берді және Умар үкім шығару үшін Аллаһтың Елшісіне жүгінуді қаламаған әлгі адамнан: «Осылай ма?», — деп сұрады. Ол: «Иә», — деп жауап берді.  Сонда Умар оны қылышпен шауып, өлтіріп тастады.[48]

Жауап

Бұл хабар «әл-Кәлби арқылы Абу Салих Базамнан» жолымен жеткізіледі және онда төрт кемшілік бар.

1. Мухаммад ибн әс-Саиб әс-Субки — қабылданбайтын жеткізуші (мәтрук — متروك), бұл жөнінде Йяхья ибн Са‘ид және Ибн Мәхди, Аллаһ оларды рахым етсін, айтқандарындай. Абу Хатим, Аллаһ оны рахым етсін, тіпті былай деген: «Оның хадистері қабылданбайтынына ғалымдар бірауызды келіскен».[49]

2. Базам – әлсіз жеткізуші, бұл туралы әл-Бухари және Ибн Хажжәр, оларды Аллаһ рахым етсін, айтқанындай. Ибн Ади, Аллаһ оны рахым етсін, тіпті былай деген: «Мен ердетегі ғалымдардың бірде-біреуінің оны жеткізуші ретінде мақұлдағанын білмеймін».[50]

3. Базам мен Ибн Аббастың, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, арасында хадистің иснады үзіледі.   Ибн Хиббан, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Ол Ибн Аббастан хадистер жеткізеді, алайда өзі Ибн Аббастан хадистер естімеген».[51]

4. Базамнан әл-Кәлби арқылы жеткізілген хадистердің ешқандай салмағы жоқ. Йяхья ибн Мә‘ин, Аллаһ оны рахым етсін, Базам туралы былай деген: «Егер одан әл-Кәлби жеткізсе, онда мұндай хабар ешқандай салмаққа ие емес».[52]

Он үшінші дәлел

Аяттың түсірілуінің тағы бір себебі: Абу Барза әс-Суләми сәуегей болатын және ол өзіне жүгінетін яхудилердің тартыстарын және таластарын шешетін. Оған мұсылмандар да бара бастады, содан кейін Аллаһ Тағала «Саған түсірілгенге және сенен бұрын түсірілгенге иман келтірдік…» деген аяттарды түсірді.[53]

Әл-Хайсами, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Оның жеткізушілері — сахих хадистің жеткізушілері».[54]

Ибн Хажжар, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Жақсы (хасан) иснадпен жеткен хадис». [55]

Біздің қарсыластарымыз былай дейді: Олар үкім шығару үшін сәуегейге жүгінгендері себепті Аллаһ Тағала оларды екіжүзді деп жариялады.

Жауап

1. Аяттардан бұл  адамдар екіжүзділер болып табылатыны және оларда (аяттарда) екіжүзділерге тән сипаттардың бірі аталғандығы шығады. Алайда аятта да, оның түсірілу себептерінде де Аллаһ Тағала бұл адамдарды дәл сәуегейге үкім шығару үшін жүгінгендігі себепті екіжүзділер деп атағанына нұсқау жоқ.  Ал мүмін адамда екіжүзділерге тән кейбір сипаттардың болуы оның өзін екіжүзді етпейді, яғни діннен шығаратын үлкен екіжүзділік (нифақ әкбар) болып табылмайды.

2. Олардың үкім үшін тағутқа жүгінуді қалағаны шектелген болып табылады және онда олардың оған иман келтірмеуден бас тартатынына нұсқайтын нәрсе бар. Ал кім тағутқа иман келтірмеу міндетті болып табылады деп санамаса, сол, ешбір күмәнсіз, кәпір болып табылады және бұл енді адамды діннен шығаратын үлкен күпірлік болып табылады.

Он төртінші дәлел

Ибн Касир, Аллаһ оны рахым етсін, моңғолдардың Ясақ деп аталатын заңдар жинағындағы кейбір үкімдерге түсіндірме жасап, былай деген: «Мұның барлығы Аллаһ Тағала Өзінің құлдары — пайғамбарларға, оларға Аллаһтың сәлемі болсын, түсірген заңдарына қайшы келеді. Кім пайғамбарлардың мөрі Мухаммад ибн Абдуллаһқа түсірілген айқын Шариғатты қалдырып, үкім үшін күші жойылған заңдарға жүгінсе, сол кәпір болып табылады. Ал Ясақты басшылыққа алатын және оны Шариғаттан абзал деп санайтын адам туралы не айтуға болады? Кім осылай істесе, мұсылмандардың бірауызды пікірі бойынша кәпір болып табылады».[56]

Біздің қарсыластарымыз былай дейді: Бұл – ғалымдардың «Кім Шариғатты қалдырып, басқа заңдарға жүгінсе, кәпір болып табылады» деген пікірі.

Жауап

Осы бірауызды пікір екі жағдайға қатысты:

1. Адам: «Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) немесе шешім шығару рұқсат етілген», — деп есептеген жағдайға (истихләл).

2. Адам: «Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес шешім шығару, Аллаһтың түсіргеніне сәйкес сәйкес шешім шығарудан жақсырақ», — деп есептеген жағдайға (тафдыйль).

•    Ғалымдардың арасында истихләл мен тафдыйль жасаушылар кәпір болып табылатындығына қатысты және бұл оларды Исламнан шығаратын үлкен күпірлік (куфр әкбар) екеніне ешқандай келіспеушіліктер жоқ.

Бұған Ибн Касирдің, Аллаһ оны рахым етсін, мына сөздері дәлел болып табылады. Ол моңғолдар — Ясақты басшылыққа алып, Шариғатты басшылыққа алудан бас тартқандардың дәл өздері екендігін және кім олардың істегендеріндей әрекетті істесе, кәпір болып табылатындығын айтқан. Олардың жағдайы оған түскен адамдар бір мағыналы түрде кәпір болатын жағдайға жатады.

Біріншіден, олар Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) немесе шешім шығару рұқсат етілген деп санайтын (истихләл).

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Олар (яғни моңғолдар – ред.) Ислам дінін яхудилердің және христиандардың дініне теңестіреді және олардың барлығын, мұсылмандардың фиқхындағы төрт мазхаб сияқты, Аллаһқа апарар жол деп санайды. Олардың кейбіреулері яхуди немесе христиан дінін Исламнан жақсы деп, ал кейбіреулері Исламды жақсырақ деп санайды…»[57]

Екіншіден, олар: «Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес шешім шығару Аллаһтың түсіргеніне сәйкес үкім шығарудан жақсырақ», — деп санайтын (тафдыйль).

Ибн Касир Аллаһ Тағаланың «Олар жахилиет дәуірінің үкімін іздейді ме?»[58] деген сөздеріне тәпсір жасап,  былай деген: «Аллаһ Тағала қандай игілік болса, барлығын түгел қамтыған және кез келген жамандыққа тыйым салған Өзінің дана және әділ шешімдерінен адамдардың ойдан шығарған түрлі пікірлерін, қисынсыз қалауларын және заңдарын абзал көргендерді сөгеді. Олар оларды жасап шығарғанда Исламға дейінгі жәхилиет кезінің адамдары сияқты Шариғатқа сүйенбейді және өздерінің адасушылықтары мен надандығына, пікірлері мен қалауларына сәйкес шешім шығарады. Мұндайды өздерінің әмірі Шынғысханнан мирас етіп алған заң шығару жүйесіне сәйкес  шешім шығаратын моңғолдар істейді. Ол соларға Ясақты – бір бөлігі яхудилерден, христиандардан, мұсылмандардан т.б. алынған заңдардан жинақталған кітапты қалдырды. Онда Шыңғысханның өзі жеке көзқарастары мен қалауларын басшылыққа алып, ойдан шығарған үкімдер аз емес.  Ол оның ұрпақтары үшін Ясақ Аллаһтың Кітабынан және Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінен жақсырақ деп есептеп, абзал көретін бұлтартпас заңдарға айналды.  Олардан кім мұндайды істесе, сол кәпір болады және онымен ол Аллаһтың және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заңдарына қайта оралмайынша және үлкен де кіші де мәселелерде басқа заңдарға жүгінбейтін болғанға дейін шайқасу керек».[59]

Бұл сөздерді зерделеген адамға Ибн Касирдің сөздері Әһлю-Сунна имамдарының тәфдыйль мен истихләл жасаушы адам кәпір болып табылатындығы және олар адамды Исламнан шығаратын күпірлік екендігі туралы бірауызды пікірдің бар екендігі туралы айтқан сөздерімен үйлесетіні айқын болады.

Бұған қоса, егер «Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаратын (билік құратын) немесе шешім шығаратын және сонымен бірге осыны рұқсат етілген және Шариғаттан жақсырақзаңдар бар деп санамайтын, яғни истихләлға да, тафдыйльге түспеген адам кәпір болып табылады» деген бірауызды пікір бар болғанда, онда ертедегі де және қазіргі замандағы да ғалымдар, әрине, осы бірауызды пікірді жеткізер еді және ол туралы айтар еді. Бірақ, бұл жоқ. Бұдан қалса, олар «Өзінің басқаруында (билік құруында) немесе шешім шығаруында әділетсіздікке жол беретін адам кәпір болмайды» деген осыған тікелей қарама-қарсы бірауызды пікірді жеткізеді, біз бұл жөнінде бірнеше рет айтқанымыздай.



[1] «Әл-Мәидә» сүресі, 44-аят.

[2] Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, сахабалардың ізбасарларының тәпсірлеуі туралы былай деген: «Егер олар белгілі бір нәрседе бірауызды келісімде болса, онда бұл, ешбір күмәнсіз, дәлел болып табылады. Ал егер олардың арасында белгілі бір мәселеде келіспеушілік болған болса, онда олардың біреулерінің сөздерін басқаларының, сондай-ақ олардан кейін өмір сүргендердің сөздеріне қарсы дәлел ретінде пайдалануға болмайды. Құран мен Сүннеттің тіліне, сондай-ақ жалпы араб тіліне немесе осы мәселеге қатысты сахабалардың айтқан сөздеріне жүгіну қажет болады». «Мажму‘ әл-фатауа», 13-том, 370-бет.

Ол сондай-ақ былай деген: «Кім сахабалардың және олардың ізбасарларының тәпсірлеуінен (түсіндірмесінен) оларға қайшы келетін нәрсе үшін бас тартса, қателік жасайды және тіпті бидғаттардың жақтаушысына айналады. Ал егер ол муджтахид болып, осылай істесе, оның қателігі кешіріледі». «Мажму‘ әл-фатауа», 13-том, 361-бет.

[3] Ибн Таймийя, «Шарх «әл-‘Умда»», «Намаз туралы тарау», 82-бет.

[4] Ибн Таймийя, «Мажму‘ әл-Фатауа», (7/312).

[5] «Фитна әт-такфир», 25-бет, 1-ескертпе.

[6] «Ән-Ниса» сүресі; 65-аят.

[7] Әл-Бухари, «Сахих», № 13; Муслим, № 168.

[8] Әл-Бухари, «Сахих», № 1016.

[9] Әл-Бухари, «Сахих», № 3778; Муслим, № 2437.

[10] Әл-Бухари, «Сахих», № 4331; Муслим, № 2438.

[11] Сөз Аиша туралы, Аллаһ оған разы болсын, болып тұр.

[12] Әл-Бухари, «Сахих», № 2581; Муслим, № 6240.

[13] Ибн Таймийя, «Минһаж әс-Сунна», 5-том, 131-бет.

[14] Әл-Бухари, «Сахих», № 2359, 2362, 2708, 4585; Муслим, № 6065; Абу Дауд, № 3637; әт-Тирмизи, № 1363; ән-Насаи, № 5431.

[15] «Ән-Ниса» сүресі; 65-аят.

[16] Ибн Баз, «әл-Фатауа», 6-том, 249-бет.

[17] «Ән-Ниса» сүресі; 65-аят.

[18] Ибн Таймийя, «Мажму‘ әл-фатауа», 7-том, 37-бет.

[19] «Ән-Ниса» сүресі; 65-аят.

[20] Ибн Таймийя, «Мажму‘ әл-фатауа», 22-том, 530-бет.

[21] Әл-Бухари, «Сахих», № 6939.

[22] «Ән-Ниса» сүресі, 48, 116  аяттар.

[23] Ибн Таймийя, «Мажму‘ әл-фатауа», 7-том, 490-бет.

[24] Ибн Таймийя, «Мажму‘ әл-фатауа», 13-том, 339-бет.

[25] Ибн әл-Қайим, «Заад әл-ма‘ад», 5-том, 317-бет.

[26] Әз-Заракши, «әл-Бурхан», 1-том, 117-бет.

[27] «Ән-Ниса» сүресі, 60-аят.

[28] Абу Жа‘фар әт-Табари, «Тафсир», 5-том, 96-бет.

[29] «Әл-Ән‘ам» сүресі, 121-аят.

[30] «Әл-Ән‘ам» сүресі, 121-аят.

[31] «‘Уйун әр-расаиль», 1-том, 251-бет.

[32] «Әш-Шура» сүресі, 21-аят.

[33] «Әл-Каһф» сүресі, 26-аят.

[34] «Әл-Ән‘ам» сүресі,  57-аят және «Йусуф» сүресі, 67-аят.

[35] «Әт-Таубә» сүресі, 31-аят.

[36] Ибн Таймийя, «Мажму‘ әл-фатауа», 7-том, 70-бет.

[37] «Әш-Шура» сүресі, 10-аят.

[38] «Әл-Мәидә» сүресі, 50-аят.

[39] Әл-Бухари, № 30 хадис; Муслим, № 4289 хадис.

[40] Муслим, № 2157 хадис.

[41] «Әл-Мәида» сүресі, 50-бет.

[42] Абу Убайд әл-Қасим ибн Саләм, «әл-Иман», 90-бет.

[43] «Ән-Ниса» сүресі, 48, 116-аят.

[44] Әл-Бухари,  № 30

[45] «Ән-Ниса» сүресі, 60-аят.

[46] Әл-Уахиди, «Асбаб ән-нузуль», 119-бет.

[47] «Мурсәл» хадис –»жіберілген». Бұл сөз »арсалә» (жіберу) етістігінен жасалған. Термин ретінде бұл сөз жеткізуші кездескен немесе оның замандасы болған адамның сөзінен жеткізген хадисті белгілеу үшін қолданылады. Сонымен бірге іс жүзінде бұл жеткізуші оны тыңдамаған, бірақ әйтсе де жеткізу барысында ол осы хадисті тікелей одан немесе ол адамнан оны естіген кісіден тыңдаған деп түсінуге болатындай сөздерді қолданған, мысалы, «Ол: «….», — деп айтты» (редакцияның ескертпесі).

[48] әл-Уахиди, «Асбаб ән-нузуль», 119-бет.

[49] әл-Миззи, «Тахзиб әл-кәмәл», 6-том, 318–319-бет.

[50] Ибн Хажжәр, «Такриб әт-тахзиб», 163-бет.

[51] Ибн Хажжәр, «Тахзиб әт-тахзиб», 1-том, 211-бет.

[52] әл-Миззи, «Тахзиб әл-кәмәл», 1-том, 326-бет.

[53] әл-Уахиди, «Асбаб ән-нузуль», 118-бет. Әт-Табарани «әл-Кабир», №12045.

[54] әл-Хайсами, «Мажма‘ әз-зауаид», 7-том, 6-бет, № 10934 хадис.

[55] Ибн Хажжәр, «әл-Исаба», 7-том, 32-бет. Абу Барзаның, Аллаһ оған разы болсын, өмірбаяны.

[56] Ибн Касир, «Әл-бидайя уән-нихайя», 13-том, 128-бет.

[57] Ибн Таймийя, «Мажму‘ әл-фатауа», 28-том, 523-бет.

[58] «Әл-Мәидә» сүресі, 50-аят.

[59] Ибн Касир, «Тафсир әл-Қуръан әл-‘Азим», 2-том, 67-бет.

You may also like...