«АКЖАЙЫҚ» үшін түсініктеме

(Аса Мейірімді , ерекше Рахымды) Аллаһтың атымен…

«Ақжайық» газеті өзінің мақалаларының бірінде қылмыскерлердің ҚІІБ (ГУВД) ғимаратына жасаған шабуылы туралы баяндай келе, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне араша түсіп, бүгінгі күні тек құқық қорғау органдары ғана терроризмге қарсы қарсы тұратын жалғыз күш екендігіне оқырман назарын бұрады.  Жеке маған газет редакциясының пікірімен келісу өте қиынға соғады, әсіресе мына сөздермен: « … олардан басқа ешкім қазір лаңкестерге қарсы тұра алмайды…» (сөзбе-сөз: «…никто кроме них сейчас не сможет противостоять террористам….»).

Не үшін полициядан басқа ешкім? Ал біздің ҚМДБ (Қазақстан мұсылмандараның діни Басқармасы) қайда? Өйткені проблема бірінші кезекте (діни) идеологиялық болып тұр ғой , яғни оларды (лаңкестерді осы әрекеттерге) қылмыстық пиғылдарын іске асыру ниеті емес, идеология итермелейді. Ал, ендеше, идеологияны кім емдеуге тиіс?! Кім о бастан осы жас жігіттерге Құран мен Сүннеттен алынған дәлелдерге сүйенген дұрыс көзқарастарды қондыруға тиісті еді?! ҚМДБ рөлі мына үш құрамдас бөліктертерден тұруға тиіс емес пе?:

1)          Мұсылмандардың бүкіл жамағатын біріктіретін шоғырлаушы орталық;

2)          Біздің мәдениетіміз бен салттарымыздың бірдей болуын сақтаушы орган;

3)          Діни кейіптегі  экстремизмге қуатты қарсылас және оппонент.

Сеніңіз, діни амалдар жасап жүрген және діни тұлға ретінде дамуға талпыныс жасап жүрген адам ҚМДБ-ны республикамыздың мұсылмандарын біріктіретін орталық ретінде қабылдамайды, өйткені бұл құрылымда беделді де, шыншылдықты да, білімді де, жамағатқа деген ықыласты қарым-қатынасты да көре алмайды (сіз лаңкестік үшін сотталған біздің 47 жерлестерімізбен жай байланысуға тырысып, олардан өздерінің алғаш дін жолына келген кезінде мешітке келді ме деп, әрі мешіт туралы қандай пікірмен астыртын іс-әрекетке көшкендігі туралы сұраңыздаршы). Біздің аймақтағы  дін ұстанушы әлеуметтің басым пайызы өздерін ҚМДБ-мен тек намазбен байланысты, (яғни мешітке) келіп, имаға ұйып намаз оқып кететін тәуелсіз мұсылмандар ретінде қабылдайды. Осы орайда олар лаңкестікке де, басқа да (осы сияқты) нәрселерге де мүлде қатыссыз болса да, бірбір өздерін тәуелсіз деп санай береді.   Сондықтан да жұмылу мен бірігу ешкімнің ойына да кіріп шықпайды.

Сондай-ақ еліміздің діндарлығы шамалы-ақ болған қарапайым тұрғыны үшін де ҚМДБ – бұл жерлеу рәсімін өткізетін мекеме ғана, болғаны осы. Оның бар қызметі – құдайы тамақ пен ас беруге қатысып, Құран бағыштау немесе садақа жинау ғана.

Ал ҚМДБ-ға біздердің өзара сәйкестігімізді сақтаушы ретінде қарайтын болсақ, онда дін ұстанатын әлеуметтің тілімен айтар болсақ,  халықтың да, діннің де мәдениеті болады. Егер белгілі бір халықтың мәдениеті парасаттылық пен Құдайы өсиеттердің шеңберінен шығып кетсе, Раббымыз (Аллаһ) оның мәдениетін түзеу үшін Өз пайғамбарларын жіберіп отырды. Егер (белгілі бір қауымның) мәдениетінде халықты тұлғалық денгейде ірітетін (бұзатын) шаманизм, каннибализм, еркекқұмарлық (гомосексуализм), адам өлтіру, ұрлық, ұлшылдық және басқа да күнәлар болған болса, онда пайғамбарлардың міндеті мәдениетті жақсартуда болатын.  Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Мен мінез-құлықтарды (яғни мәдениетті) жақсарту үшін жіберілдім!» деген сөздерімен әрбір мұсылман адам таныс болса керек.

Ал дінге сенетін адамдар атеизм мен көпқұдайшылықтың қалдықтарынан мешітке жақсару (ізгілену) мақсатымен, қоғамдағы кейбір (ескілік) сарқыншақтарынан, әулиелерге табынушылықтан, өтіріктен, қиянатшылдықтан құтылу табу ниетімен келеді емес пе?! Ал олар не тауп жатады?  Олар сол жерден оларды шын мәнісінде мәдениетті, Аллаһқа және Елшіге (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шынайы берілген әрі кәзіргі билік алдында өзінің міндеттемелерін орындауға ынталы бірқұдайшылдар ететін кеңесші әрі тәрбиеші таба алады ма? Ал бұл — өз үкіметіңе сатқындық жасамауға және оған насихат айтуға, немесе келісім-шарттар мен міндеттемелерді орындап, қиянатшыл болмауға үйрететін біздің мұсылмандық немесе қазақи мәдениетіміздің құрамдас бөлігі ғой. Бірақ, (өкінішке орай) жиі жағдайда өзгеше болып жатады. Көп жағдайда мешіттерден ізгілік пен тәрбие емес, өзіңе деген дұшпандық қатынасты кездестіріп жатасың.  Ал кейде ескінің айыпталатын қалдықтары мен мәдениетсіздік теріске шығарылудың орнына, керісінше, міндеттеліп те жатады.

Мысалы, біздің түрлі агенттіктеріміз бен ҚМДБ мәдениетіміз бен өзара сәйкестігіміздің тарихи құрамдас бөлігі ретінде тілге алатын ханафи мазһабын алайықшы. Ендеше, осы мазһаб кімнің түсіндірмесінде болуы керек, (яғни біз оны) кімнің түсінігімен (түсінуіміз керек)?  Ауған-пәкістан түсіндірмесімен бе? Өйткені Талибанның ханафи мазһабының құқықтық мектебіне берілгендігі сыр емес қой, әрине, олардың өздерінің түсінуіндегі (ханафи мазһабына), бірақ мен жеке басым ауғандық ханафи мазһабын қаламаймын.

Ал, бәлкім, биліктің адам ар-намысы мен бостандықтары қорланатын баламасын құруды, өздерінің Пір, Ұстаз т.с.с. түріндегі соған толық бағынатын басшы тұлғаға ие болуды үйрететін осы мазһабтың сириялық-нақшбандиялық мектебі шығар.  Мұндай ханафи мазһабын да мен қаламаймын.

Немесе қазіргі келбеті Саид Нурси деп аталатын біреудің идеяларына негізделген, шын мәнінде «Ихуануль-муслимин» сияқты экстремистік сектаның жұмсақтау  жолы болып табылатын түркі түсіндірмесіндегі мазһаб па? Мазһабтың мұндай сектанттық түсінуі де маған керек емес.

Немесе ең дұрысы — осы мазһабтың негізін салушылары болған Абу Ханифаның өзінің, оның Абу Юсуф, Мухаммад бин Шәйбан, Зуфар, имам әт-Тахауи секілді ізбасарларының түсіндіруіндегі мазһаб па? Бірақ осы күнге дейін әркез Құран мен Сүннетті және Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының асарларын (хабарларын) негізге алатын алғышқы буын ханафилерінің еңбектерінің, айтқан сөздерінің және көзқарастарының насихатталуын естімеппіз.

Ал енді үшінші құрамдас бөлікке, яғни еліміздегі кесірлердің ең кесірлісі болған діни келбеттегі экстремизмге қарсы күресуге келер болсақ,  мен қалыптасқан жағдайдан көз алмай отырған адам ретінде біздің имамдар тарапынан іске және жағдайды түсіндіруге қатысты сауатты тәсілдер қолданғандарын кездестірмеппін: барлығы да «лаңкестік – бұл жаман», «патриот болыңдар», «қылмыскерлерге айналмаңдар» т.с.с имам лауазымдық міндеттемелеріне сәйкес айтуға тиіс кезекші әрі жалпылама сөздердің деңгейінде қалуда.

Ал экстремистік пиғылдағы діни топтарға келер болсақ, олардың идеологиясы тіпті кейде спецназдың өзінің де олардың бос қолмен және көкірегін керіп оларға қарай екпіндеуіне қарсы қорғасыны жетпейтіндей қаншалықты қуатты екеніне және оларды ешнәрсе тоқтата алмайтынына назар бұрыңыздар.
Мұндай санаттағы адамдар үшін кезекші сөздердің жетпейтіні ап-анық, оларға қарсы өте қуатты идеологиялық күрес, джихадшылар мен экстремисттердің идеяларын сындыратын идеология қажет. Оны жаңадан жасаудың қажеті жоқ, ол бар әрі жақсы әсер етеді, бұл уақытпен дәлелденген, бірақ оны не білімсіздікпен пайдаланғысы келмейді, не бәлкім ол ыңғайсыз шығар…

Сөзді қорытындылай келе, әрине, құқық қорғау органдарымызға сый-құрмет: егер кәсіпқойлық пен лаңкестікті болдырмау туралы айтар болсақ, олар өздерінің жұмыстарын аса кәсіпқойлықпен жүргізуде.  Әрі ең қызығы дәл солардың діни пікір сайыс арқылы, немесе әрбір экстремиске оң ықпал ететін ашық ақпаратқа шығуды ашып беру арқылы, немесе халықтың дін ұстанатын топтарымен дұрыс тақтикалық жұмыс жүргізу арқылы көп адамдардың идеологиясын түзеткенінде. Ал идеологиялық жұмыс пен бақылау жүктелген басқа құрылымдарға келер болсақ, оларға жұмыстары үшін құрмет көрсеткің келмейді, олар өз міндеттерін атқара алмай отыр.

http://blogs.mail.ru/mail/alaikumbilathar/

You may also like...