Мұсылмандардың әмірлерін істеген күнәлары, бұзақылықтары және зұлымдығы үшін балағаттауға тыйым салынғандығы жөнінде

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен!

Біз Оны ғана мадақтайтын және Одан ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Біз Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына күәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы және Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.

Содан соң:

Ақиқатында, ең жақсы сөз – бұл Аллаһтың Кітабы, ал ең жақсы жол – бұл Мухаммадтың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жолы. Ал ең жаман амалдар – бұл бидғаттар, әрбір бидғат – бұл адасушылық, ал әрбір адасушылық – Тозақта.

Ал, мұсылман әмірлерін істеп жатқан күнәлары, бұзақылықтары мен зұлымдығы үшін балағаттауға және қаралауға қатысты айтар болсақ, шариғат бұған қатаң тыйым салады! Бұл – бүгінгі күні, шындығында да, біздің үмметіміздің  қасіреті! Ал мұның себебі – біздің өзіміздің Пайғамбарымыздың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жолынан ауытқуымызда болып тұр. Бұл әмірлер аспаннан түскен жоқ қой?! Олар біздің ортамыздан шықты және мұсылмандардың өздерінің себебінен олар осындай, және бұған Аллаһ Тағаланың мына сөздері дәлел болады: «Осылайша залымдардың істегендері себепті бірін-біріне үстем қыламыз». (әл-Ан’ам 6: 129)

Бұл аятқа қатысты Қатада былай деп айтатын: “Ақиқатында, Аллаһ адамдардың үстінен билікті олардың амалдарына сәйкес береді! Мүмин мүминге билік етеді, олар қай жерде және қай кезде болса да, ал кәпір кәпірге билік етеді, олар қай жерде және қай кезде болса да!” Қз.: «Тафсир Ибн Әби Хатим» № 7899, “Тафсир Ибн Касир” 2/446.

Мансур ибн Абиль-Асуад былай деп баяндайтын: «Мен А’маштан «Осылайша залымдардың істегендері себепті бірін-біріне үстем қыламыз!» деген аят туралы: «Сен бұл аят жөнінде айтылған (нәрселер) туралы не айта аласың?!»- деп сұрадым. Ол: «Мен бұл жөнінде: «Егер адамдар бұзылса, онда олардың үстінен билік ең жамандарына беріледі!» — дегенді естідім», -деп жауап берді». Қз.: «Тафсир әд-Дурруль-мансур» 3/358.

Ал, ендеше, неліктен мұсылмандар өздерін де балағаттап айыптамайды, өйткені мұндай әмірлер Ислам үмметіне мұсылмандардың өздерінің бұзық болғандықтарының салдарынан басшы болды!

Біздің кезімізде көп адамдар жиналыстарында, жұма құтпаларында т.б. жерлерде өздерінің жасап жүрген мұсылмандардың әмірлерін балағаттауды Аллаһқа жақындататын амал деп санауға дейін барып жатады, және бұл істің кең таралғаны соншалықты – кейбір мұсылман әйелдер де бұл іске түрлі интернет-форумдар арқылы қатысатын болды.

Олар әмірдің қандай да бір діни мәселедегі адасуы туралы айтса – мейлі ғой, өйткені саләфтар да әмірлерді, егер олар белгілі бір шариғат үкімін бұрмалаған болса, жиі әшкерелеген.

Мысалы, халифа Маруан ибн әл-Хакам айт намаздарын намаздан емес, құтпадан бастайын деген кезде Әбу Са’ид, Аллаһ оған разы болсын, Маруанды қолынан тартып: “Неліктен сен намаздан бастамадың?!” – деді. Бұған Маруан: “Жоқ, я, Әбу Са’ид! Сен білетін нәрсе қалдырылған (тасталған)!” – деп жауап берді. Әбу Са’ид бұған: “Керісінше, жаным Қолында Тұрғанмен ант етемін, сендер мен білген нәрседен жақсы нәрсені келтіре алмайсыңдар!” – деп, өзінің сөздерін үш рет қайталады. әл-Бухари 304, Муслим 889.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді:  “Пайғамбарлар, оларға Аллаһтың сәлемі болсын, салмақты қателіктер жасаудан қорғалған еді, ғалымдар мен әмірлерден айырықша. Ақиқатында, олар (ғалымдар мен әмірлер) бұдан қорғалмаған. Сондықтан да соңынан ілесуге тиісті ақиқатты түсіндіру міндетті болып табылады, тіпті түсіндірудің барысында ғалымдар мен әмірлердің қателіктерін нұсқауға тұра келсе де. Қз.: “Маджму’уль-фатауа” 19/123.

Сөйтіп, әмірдің қатесін түсіндіру — рұқсат етілген (джаиз) және тіпті қажетті де! Бірақ мұсылман әмірлерін істеген күнәлары, бұзықтықтары және зұлымдықтары үшін балағаттау мен қаралауға келер болсақ, бұл – мүлде басқа нәрсе, және шариғат бұған қатаң тыйым салады!

Дәлел ретінде Анас ибн Малик жеткізген мына жалғыз хабар жеткілікті: «Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларынан болған ересектер бізге әмірлерді балағаттауға тыйым салатын, және олар: «Әмірлеріңді балағаттамаңдар, оларға айла танытпаңдар және оларды жек көрмеңдер! Аллаһтан қорқыңдар да, сабыр етіңдер, өйткені, ақиқатында, жеңілдік жақын!» — деп айтатын». әт-Табарани “әл-Кабир” 7609, Ибн Әби ‘Асым “әс-Сунна” 1015, әл-Байһақи “әш-Шу’аб” 6/96. Шейх әл-Әлбани, доктор Басим әл-Джауабра және доктор Ридауллах әл-Мубәракфури иснадының сенімділігін растаған.

Бұл хадисте Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларының арасында мұсылмандардың әмірлерін балағаттауға тыйым салынғандығына қатысты бірауызды келісім (иджма’) болғандығына анық және тікелей нұсқау бар! Және бұл хабарда ерекшеленетін жағдайлар жоқ, және тек қана сенің әмірің туралы емес, жалпы әмірлер туралы айтылуда. Шейх ‘Абду-Ссалям ибн Барджис: “Бұл хабарда Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларының арасындағы жасы үлкендері мұсылман әмірлерін балағаттауға тыйым салынғандығы жөнінде бірауызды келісімде болғанына нұсқау бар! Және бұл тыйым – олардың әмірлерді өздігінен ұлықтауларының салдарынан емес. Ақиқатында, бұл тыйымның мәні шариғат әмірлерге жүктеген сол ұлы жауапкершілікте. Өйткені әмірлерді балағаттау оларға тіпті игі нәрселерде де бағынбаушылыққа алып барады, және бұл олардан халықтың жүректерінің теріс бұрылуына ықпал болады, ал бұл адамдарға тек жамадық болып айналатын анархияға соқтырады!” Қз.: “Му’амалятуль-хукам” 75.

Шейх айтқан нәрсе – ақиқат екендігі саләфтардың сөздерімен де расталады.  ‘Абдуллаһ ибн ‘Укайма бірде былай деді: “‘Усманның өлімінен кейін ешкімге адам өлтіруде көмектеспеймін”. Одан: “Сен ‘Усманды өлтіруге қатыстың ба, не?!” – деп сұрағанда, ол: «Оның кемшіліктері туралы әңгімелер оның өлтірілуне болысу болды деп ойлаймын», — деп жауап берді. Ибн Әби Шайба 12/47, Ибн Са’д “әт-Табақат” 6/115. Иснады сахих.

Ибн Кусайб әл-‘Адауи былай деп баяндайтын: “Бірде, мен  Әбу Бакратпен бірге жұқа киімде құтпа айтып тұрған Ибн ‘Амирдің мінберінің жанында болғанымда, Әбу Биләл былай деді: “Бұзақылардың киімін киетін біздің әмірімізге қараңдар!” Ал Әбу Бакрат оған: “Үніңді өшір, өйткені мен Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кім әмірді қорласа, Аллаһ оны қорлайды!» — дегенін естігенмін!» — деді”. Ахмад 5/42, әт-Тирмизи 2224. Шейх әл-Әлбани хадисті хасан деді.

Яғни бұл Әбу Биләл әмір киген киім жібектен деп ойлады. Бұл хадис мұсылман әмірін балағаттауға айқын түрде тыйым салынғандығын нұсқайды!

Сондай-ақ, Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, басқа сахабасы – ‘Умар әл-Букали: “Егер сендердің намаз бен зекетті бұйыратын әмірлерің болса, онда сендерге олардың артында тұрып намаз орындауларыңа рұқсат етіледі және оларды балағаттауларыңа тыйым салынады!” – деген. әл-Бухари “әт-Тарих әл-кәбир” 1/203, Әбу Ну’айм “Марифа әс-сахаба” 4/202. Хафиз Ибн Хаджар иснадын сахих деді.

‘Умар әл-Букали сахабалардың қатарынан болғаны жөнінде хафиз Ибн әс-Сакан айтады. Қз.: “әл-Исаба” 7/152.

‘Аун әс-Сахми: “Бірде, мен Әбу Умамаға келгенімде, ол маған: «Хажжажды балағаттама, өйткені, ақиқатында, ол – менің әмірім болмаса да, сенің әмірің», — деді” – деп баяндайтын. әл-Бухари “әт-Тарих әл-кабир” 7/18.

Яғни Әбу Умама сол кезде  Шамда еді, ал Хажжаж Иракта әмір еді. Және бұл хабарда тек өзіңнің әміріңді ғана емес, жалпы мұсылмандардың әмірлерін балағаттауға тыйым салынғандығына айқын нұсқау бар!

Әбу Хамза әд-Даб’и мынаны баяндаған: “Маған Хажжаж Қағбаға отпен тиіп кеткендігі жөнінде (әз-Зубайрмен болған шайқаста) хабар жеткенде, мен Ибн ‘Аббасқа қарай шықтым, және оның алдында Хажжажды сөге бастағанымда, Ибн ‘Аббас: «Шайтанға көмекші болма!» — деді”. әл-Бухари  “әт-Тарих әл-кабир” 8/104.

Му’аз ибн Джабаль: “Мұсылмандардың әмірі Аллаһ Тағаланың рұқсатымен солай (әмір) болады, және кім әмірді балағаттаса, Аллаһтың әмірін балағаттаған болады!” – деп айтатын. Әбу ‘Амр әд-Дани “әл-Фитан” 1/404.

Өйткені әмірлерді балағаттау және қаралау – хауариждердің сипаты. 

‘Укба ибн Уасадж былай деп баяндайтын: “Маған хауариждер туралы және олар қалайша әмірлерді қаралайтындары туралы баяндайтын. Ал, бірде мен ‘Абдуллаһ ибн ‘Амрды кездестіргенімде, оған: «Сен Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қалған сахабаларының қатарынансың, және Аллаһ саған білім берді. Осы Иракта адамдар өздерінің әмірлерін қаралап, олардың адасушылықтары туралы ашық жария етіп жатыр. Сен бұл туралы не айтасың?» — дедім. Ол: «Олар – Аллаһтың, періштелердің және барлық адамдардың  лағынетінің астындағылар!» — деп жауап берді”.  Ибн Әби ‘Асым 933, әл-Баззар 207. Шейх әл-Әлбани бұл хадисті имам Бухаридің талаптарына сәйкес келетін сахих хадис деді.

Мұсылмандардың әмірлерін балағаттау – екіжүзділіктің белгілерінен

Әбу әд-Дарда былай деді: “Ақиқатында, екіжүзділіктің алғашқы көрінісі – бұл мұсылман әміріне қатысты балағат!” Ибн ‘Абдуль-Барр “әт-Тамхид” 21/287.

Саләфтар мұсылман әмірлерін балағаттауды бидғатты жақтаушылардың белгісі етті. Имам әл-Барбахари былай деді: “Егер сен мұсылман әмірлерін балағаттап тұрған адамды көрсең, ол – өз құмарлықтарының жақтаушысы екендігін біл. Ал, егер Аллаһтан өзінің әмірі үшін игілік тілеп жатқан адамды көрсең, ол – Сүннетті жақтаушылардан екенін біл”. Қз.: “Шарху-Ссунна” 113.

Мұсылман әмірлерін балағаттауға деген тыйым, немесе олар үшін дұға етуге деген үндеу — оларды мадақтау керек деген сөз емес! Бұл екеуі бір нәрсе емес. Имам әл-Фудайль ибн ‘Ийяд былай деп айтатын: “Менде міндетті түрде қабыл болатын дұға болса, онымен әмір үшін дұға етер едім”. Одан: “Бұл – қалайша, я, Әбу ‘Али?!” – деп сұрағанда, ол: “Егер мен оны өзіме ғана пайдалансам, бұл жеткіліксіз болады, ал егер оны әмір үшін қолдансам, бұл барша үшін игілік болады. Өйткені егер әмір салиқалы болса, онда халықтар да, қалалар да салиқалы болады!” – деп жауап берді. Қз.: «әл-Хилья» 8/91 и «Табақат әл-ханәбиля» 2/36.

Әбу Усман әз-Захид былай деп айтатын: “Әмірге насихат айт және ол үшін, ол салиқалы болсын және амалдарында, сөздерінде және шешім қабылдауында тура жолға ілессін деп дұға ет! Өйткені, ақиқатында, егер әмірлер ізгі болса, соның себебінен халық та ізгі болады. Және әмірлерді лағынеттеуден сақ бол, өйткені олар өздерінің жауыздығы мен мұсылмандар үшін қайғы-қасіретті көбейтеді! Бірақ олар үшін кешірім  және олар жауыздық пен мұсылмандарға зиян тигізуді тастауларын тіле!” әл-Байһақи “әл-Джами’ ли шу’аб әл-иман” 13/99.

Мұсылмандардың әмірлерін балағаттау – бұл мұсылмандардың өздеріне жамандық пен қасірет алып келетін нәрсе.

Әбу Миджляз былай дейтін: “Әмірді балағаттау — бұл опат!” Ибн Занджауайх “әл-Амуал” 1/78.

Әбу Исхақ әс-Сәби’и: “Қандай да бір халық өзінің әмірін балағаттай бастаған болса, ол міндетті түрде оның игілігінен айырылатын!” – дейтін. Әбу ‘Амр әд-Дани  “әл-Фитан” 1/405, Ибн ‘Абдуль-Барр “ат-Тамхид” 21/287.

Бұл – дәл біз көріп жатқан нәрсе – мұсылмандардың әмірлерін балағаттаудың және лағынеттеудің жемісі!

Әбу Идрис әл-Хауляни былай деп айтатын: “Әмірді балағаттаудан сақ болыңдар, өйткені бұл — опат! Ақиқатында, балағаттаушылар – жамандардың жамандары!” Ибн Занджауайх  “әл-Амуал” 1/78.

Саләфтар әмірлерді балағаттап-сөгушілерді кім деп есептейтініне назар аударыңыздар!

Имам әл-Мунауи, әмірді қаралауға тыйым салатын хадиске берген шархында былай деді: “Саләфтар әмірлерді лағынеттеуден сақтандыратын, өйткені, ақиқатында, бұл жауыздықты және мұсылмандар үшін қасіретті тек көбейтеді!” Қз.: “Файдуль-Қадир” 6/499.

Бұл үмметтің көптеген имамдары мұсылмандардың әмірлерін балағаттауға және қаралауға тыйым салынғандығы жөнінде саләфтардың пікірлері келтірілетін тіпті жеке кітаптар мен жеке тараулар құрастыратын.

Хижра бойынша 83 жылдың өзінде Меккенің әмірі болған Халид ибн ‘Абдуллаһ әл-Қасри бірде өз құтпасында былай деді: “Мен Аллаһпен ант етемін, маған өзінің әмірін балағаттайтындардан кімді алып келсе де, мен, міндетті түрде, оны керіп шегелеп тастауды бұйырамын!” Ибн әл-Джаузи “әл-Мунтазым фи тарих әл-мулюк” 6/299.

Мұның барлығы әмірлерді балағаттаудың және қаралаудын маңыздылығы мен рұқсат етілмегендігін нұсқайды! Ендеше, өзін аһлю-Сунна және саләфи деп жариялайтын әрбір мұсылман, өзінің құмарлықтарын тастап, бұл үмметтің саләфтары ұстанған нәрсеге ілессін! Ал осы жоғарыда айтылғандарды біле тұра, әмірлерді, мейлі олар бұзақы және күнәхар болса да, қаралауды жалғастыратын адамға қатысты айтар болсақ, ол тура жолдан ауытқыды және Аллаһ пен Оның Елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мойынсұнбады!

Мұндай адамдарға мен мынандай сұрақ қоямын: Сендердің біреулерің бірнеше адамдардың көзінше қандай да бір ұятсыздық немесе күнә жасады деп, содан соң мұны сізден байқап қалғандардың біреуі осы жөнінде сіздің сыртыңыздан атыңызды атап, жұма құтпасында жария етіп баяндап берді деп елестетіп көріңдер ші? Аллаһ үшін айтыңдаршы, бұл сіздерге ұнайтын бе еді?! Әрине, ұнамайтын еді, өйткені, бұл – ешкімге де ұнамайды! Ал енді Аллаһ оған билік бергенді оның сыртынан бүкіл халықтың алдында талқылау туралы не айтуға болады?!

Шейх ‘Абдур-Рахман әс-Са’ди былай деп айтатын: “Адамдар мұсылмандардың әмірлерінің кемшіліктерін талқылаудан тыйылуы керек, және оларды қаралаумен айналыспауы қажет. Керісінше, олар Аллаһтан әмірді ақиқатта бекемдетуін сұрауы керек. Ақиқатында, мұсылмандардың әмірлерін балағаттауда қоғам үшін де, жеке адамдар үшін де ұлы жамандық бар. Әмірлерді балағаттайтын, бірақ оларға насихат айтуға тіпті ниеттенбеген де біреулерді көруге болады, ал бұл – оларға қатысты сатқындық болып табылады!” Қз.: “Нур әл-басаир уәл-әлбаб” 66.

Шейх Ибн ‘Усаймин былай деді: “Ғайбат — тыйым салынған (харам) және үлкен күнәлардың бірі, және мұсылмандардың әмірлері мен ғалымдар туралы сөз болғанда, ол тіпті жаман болады. Ақиқатында, әмірлерге және ғалымдарға қатысты ғайбат қарапайым адамдарға қатысты ғайбаттан едәуір салмақтылау. Мұның себебі – ғалымдарға қатысты ғайбат олар өздерінде сақтап жүрген және оған адамдарды оқытып жүрген білімнің артықшылығын кемітеді. Осыдан кейін адамдар олар ие болған білімді тәрк етеді, және бұл — дінге зиян тигізеді!  Ал мұсылмандардың әмірлеріне қатысты ғайбатқа келер болсақ, ол олардың ықпалын әлсіретеді және адамдар оларға қарсы көтерілістерге шыға бастайды. Ал адамдар мұсылмандардың әмірлеріне қарсы бүлік көтерген кезде, анархия таралады”. Қз.: “Шарх Рияд әс-салихин” 1/340.

Алайда эмоцияларының жетегінде кеткен жастар, ғалымдар әмірлерді балағаттауға және талқылауға тыйым салған кезде, олар мұның барлығының ауыр зардаптарын білетіндігінен және әмірлерге ұнау мақсатында емес, мұны мұсылмандар үшін қам жеп істейтінін түсінбейді! Ал әмірлердің күнәларына және бұзақылығына наразы болғандарға келер болсақ, Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, мұндай жағдайларда мұсылмандардың не істеулері керектігін және қандай амал жасаулары керектігі туралы хабарлап, былай деді: «Ең жақсы джихад бұл – әмірдің бетіне айтылған ақиқат сөз». әт-Тирмизи, Ибн Маджаһ, әл-Хаким. Хадистің сахихтығын хафиз әд-Дымьяты және шейх әл-Әлбани растады. Қз.: «Сахих әл-джами’» 1100.

Сондай-ақ,  Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын,  әмірге қалайша насихат айту керектігін де нұсқап: «Кім әмірге насихат айтқысы келсе, оны жария емес, құпия жасасын», — деді. Ахмад 3/403, Ибн Әбу ‘Асым 1097. Имам әл-Хаким, шейх Ибн Баз және шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растады.

Кейбір замандастарымыздың соңғы хадиске, оны әлсіз (даиф) деп, қарама-қайшы амал жасайтындықтарына қарамастан, оның мағынасы одан алдынғы хадиспен және сахабалардың амалдарымен расталады. ‘Умар ибн әл-Хаттаб, халифа болған кезінде былай деп айтатын: “Я, адамдар! Ақиқатында, біздің сіздерде, сендер бізді құпия насихаттауларыңда және бізге игі нәрселерде көмектесулеріңде, хақыларымыз бар! ” Ханад ибн әс-Сарий “аз-Зухд” 2/602.

Шақиқ былай деп баяндайтын: “Бірде Усама ибн Зайдқа: “Сен не үшін ‘Усманға, онымен сөйлесу үшін, кірмейсің?!” – деп сұрақ қойылғанда, ол былай деді: “Сендер мен онымен сөйлесетін барлық нәрсе туралы баяндап беруімді қалайсыңдар ма?! Аллаһпен ант етемін, мен онымен оңаша сөйлестім, және мен біздің арамызда болғанды жария етушінің алғашқысы болғым келмейді”. әл-Бухари 3267, Муслим 2989.

Ибн ‘Аббастан әмірге насихат айту жөнінде сұраған кезде, ол былай деді: “Мұны істегің келсе, онда араларыңда ешкім болмайтындай етіп істе, және өзіңнің имамың (әмірің) туралы өсектеме!” Ибн Әбу Шайба 15/74, Са’ид ибн Мансур 4/1657. Иснады сахих.

Аллаһтың дінін дұрыс түсінген біздің үмметіміздің ғалымдарының сөздері де осындай еді. Ибн ән-Нухас, әс-Синди, әш-Шаукани, Ибраһим ибн ‘Абдул-Латыф тағы да басқа имамдар: “Әмірге насихатты жария емес, құпия түрде жасау керек”, — дейтін. Қз.: «әл-Матбу’» 24/50 и “Сайлюль-джарар” 4/556, “әд-Дарару-ссания” 9/119.

Бұл – көптеген мұсылмандардың араб елдерінің әмірлерін жұма құтпаларында және өз лекцияларында ашық түрде балағаттап және қаралап жүргендерге әуестеніп жүрулеріне қайшы емес пе?!

Ал әмірлер бұзық болған жағдайда мұсылмандар өздерін қалай ұстау керектігіне келер болсақ, мұны да шариғат назардан тыс қалдырмады! Хузайфа Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын,  былай деп айтқанын баяндаған: «Менен кейін жалған сөйлейтін және зұлымдық жасайтын әмірлер пайда болады. Және кім оларды өтірігінде қолдап, зұлымдығында оларға көмектессе, оның маған еш қатысы жоқ, және оны менің су айдынымның жанында маған алып келмейді! Ал, кім олардың өтірігін қолдамаса және зұлымдықта оларға көмек көрсетпесе, оның маған, менің оған қатысымыз бар, және оны менің су айдыныма алып келеді!» Ахмад 5/384, Ибн Әби ‘Асым 759. Шейх әл-Әлбани хадистің иснадын күшті деді, ал Шу’айб әл-Арнаут хадис әл-Бухари мен Муслимнің шарттарына сәйкес сахих деді.

Мухаммад ибн әл-Мункадир мынаны баяндаған: “Язид ибн Муа’уияға ант берілген кезде, бұл жөнінде Ибн ‘Умар хабарланған еді, және ол: «Егер ол жақсы болса — біз разымыз, ал егер жаман болса – біз сабыр етеміз!» — деді.” Ибн Әби Заманин  “Усулю-Ссунна” 990, Ибн Са’д “әт-Табақат” 4/182. Иснады жақсы.

Әбу әд-Дарда: “Әмірлерді лағынеттеуден сақтаныңдар! Ақиқатында, оларды лағынеттеу опат болып табылады, ал жек көру – қорлану!” – деді. Оған: “Я, Әбу әд-Дарда, ал біз олардан өзімізге ұнамайтын нәрсе көрсек, не істейік?!” – деген сұрақ қойылғанда, ол: “Сабыр етіңдер! Ақиқатында, Аллаһ сендердің әмірлерден көріп жатқан нәрселеріңді көрсе, Ол сендерді олардан олардың өлімі арқылы азат етеді!” – деп жауап берді. Ибн Әби ‘Асым “әс-Сунна” 1015, Ибн Занджауайх ә“әл-Амуал” 1/79.

Бұл хабардың иснады сахих. Бұл хабардың жеткізушілерінің бірі Абуль-Йамән әл-Хаурани туралы  Ибн әл-Қаттан: «Оның үкімі белгісіз», — деп айтқанына қарамастан, бұл хадистің барлық жеткізушілері сенімге лайықты. Қз.: “әт-Тахзиб” 5/75.

Бұл жеткізушіні сенімділердің қатарында имам Ибн Хиббан атады. Қз.: “әс-Сиқат” 5/188.

Және  «Машахир ‘уляма әл-амсар» 114 («Қалалардың атақты ғалымдары») кітабында ол туралы: “Ол – лайықты еді!” — деп айтылған. Сондықтан хафиз Ибн Хаджар ол туралы: “Ол – қабыл етерлік жеткізуші”, — деді. Қз.: “әт-Тақриб” 1/338.

Ал Әбу әд-Дарданың, Аллаһ оған разы болсын, хабарына келер болсақ, онда Ислам үмметі үшін өте маңызды насихат және мұсылмандардың бұзақы және залым әмірлерімен өзідерін қалай ұстау керектігі жөнінде нұсқау бар!

Құдыретті және Ұлы Аллаһтан мұсылмандардың барлық әмірлерін тура жолға салуын және оларды Оның пайғамбарының, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жолына ілесушілерден етуін тілеймін!

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Мухаммад пайғамбарға, оның отбасы мүшелеріне, оның сахабаларына және олардың жолына ықыласты түрде ілескендердің барлығына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

www.salaf-forum.ru

You may also like...