Қателікті түсіндіру — ғайбат емес

                                Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Ал содан соң:
Ғайбат (ғыйба) деген не?
Абу Хурайра былай деп баяндайтын: «Бірде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерге ғайбаттың не екені белгілі ме?» — деп сұрады». Адамдар: «Аллаһ және Оның Елшісі бұл жөнінде жақсырақ біледі», — деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бұл- сенің мұсылман бауырыңды оған ұнамайтын нәрсемен тілге алуың», — деді. Біреу (сонда): «Ал менің мұсылман бауырымда мен айтып жатқан нәрселер болса ше?» — деп сұрады. Ол: «Егер онда сен айтып жатқан нәрселер болса – бұл ғайбат, а егер бұлар онда болмаса, сен оған жала жапқан боласың!» — деп жауап берді».  Муслим 2589.
Өзінің негізінде мұсылмандарға қатысты ғайбат айтуға қатаң тыйым салынған және бірауызды келісім бойынша, үлкен күнә болып саналады.  “әл-Азкар” 289, “Тафсир Ибн Касир” 3/567.
Алайда өте жиі жағдайда көптеген мұсылмандар ғыйбат ұғымының анықтамасын түсінбейді де, ғыйбаны оған тыйым салынған кезде айтып, ол айтылуға  рұқсат етілгенде, тіпті міндетті  болған кезде, оны сөгіп жатады!
Ғайбат өз негізінде тыйым салынғандығына қарамастан, жағдайларға байланысты ол рұқсат етілген және тіпті міндетті болуы мүмкін. Атап айтқанда, Исламды бұрмалап,  адамдарды адасушылыққа кіргізіп жатқан адамның қателіктерін немесе адасушылығын жоққа шығару үшін немесе түзету үшін, ғайбат жасау рұқсат әрі қажетті болып табылады, және бұл жөнінде ғалымдар арасында келіспеушіліктер жоқ.

Және қандай да бір ғалым немесе білім иесі дінді бұрмалап жатқан адамға қарсы пікір айтып жатса, немесе одан өздегелерді сақтандырып жатса, кейбір мұсылмандар өте жиі жағдайларда қатты ашуға салынады. Олар мұны ғайбат дейді, ал өздері негізсіз, өздерінің құмарлықтарына ғана еріп, ғалымдар мен қарапайым мұсылмандардың ту сырттарынан жаман сөздер айтып, ғайбат қана емес, жала (бухтан) жауып жатады. Алайда сөз олардың көсемдерінің (идеологтарының) немесе  жақтаушыларының адасушылықтары туралы болып жатса, олар бірден ғайбат деген ұғымды естеріне ала салады да: «Мұсылмандардың етін жемеңдер!», — дейді.

Бұл надандық пен ғайбаттың рұқсат етілген және тыйым салынған түрлері жөнінде білімнің жоқтығы болып табылады. Ислам діні оны бұрмалап жатқан адамның ар-намысынан едәуір ұлырақ, мейлі ол оны саналы түрде, мейлі шынайы адасушылықпен істесе де. Мұсылманның ар-намысы қаншалықты құнды болғанымен, дініміз қандай да бір адамнан сүйіктірек, оны бұрмалап жатқан адам  туралы айтпай-ақ қойғанның өзінде. Имам аш-Шафи’и: “Ғалымдар ғайбаттың тыйым салынған түрінен ғайбаттың кейбір рұқсат етілген түрлерін шығарып тастады, олардың арасында міндетті болып табылатындары да бар! Бұған шариғат мәселелерінде қателесушінің қателіктерін түсіндіру жатады, өйткені дінге қол сұғылмаушылық жеке адамға қол сұғылмаушылықтан маңыздырақ!” – дейтін.  Қараңыз “әл-Умм” 7/90.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: «Пайғамбарлар, Аллаһтың оларға сәлемі болсын, салмақты қателіктер жасаудан қорғалған еді, ғалымдар мен әмірлерден айрықша, ақиқатында, олар бұдан қорғалмаған. Сондықтан да, соңынан ілесуге тиісті ақиқатты түсіндіру міндетті болып табылады, тіпті бұл түсіндіруде ғалымдар мен әмірлердің қателіктерін нұсқауға тұра келсе де».  Қараңыз “Мажму’уль-фатауа” 19/123.

Хафиз Ибн Ражжаб: “Аллаһқа, Оның Кітабына және Елшісіне деген ықылас (насыха) танытуға Құран және Сүннеттің көмегімен адасушылықтарды әшкерелеп  жатқан ғалымдардың істеп жатқандары жатады. Және бұған ғалымдардың әлсіз пікірлерін әшкерелеу де жатады, — деп айтқан. Қараңыз “Жами’уль-‘улюми уәл-хикам” 96.
Ал егер ғайбат тіпті ғалымдар мен әмірлердің қателіктерін нұсқау үшін рұқсат етілген болып табылса, онда ғалым да емес, мұсылмандардың әмірі де емес адамның қатесін нұсқау және оны талқылау тіпті де рұқсат етіледі!

Және  сөз болып жатқан нәрсеге шариғатта дәлелдер өте көп:
‘Аишаның (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен бірде бір адамның Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кіруге рұқсат сұрағаны, ал оның: «Кіргізіңдер, бірақ ол рулас ретінде нендей нашар!» , — дегені жеткізіледі. әл-Бухари 6054, Муслим 2591.
Имам әл-Қуртуби былай деді: “Бұл хадис өзінің ашық күнәларымен, бұзақылығымен немесе бидғаттарға шақыруымен  танылған адамға қатысты ғыйба  жасау рұқсат етілгендігін нұсқайды ”.  Қараңыз “Фатхуль-Бари” 10/452.

Сондай-ақ,  ‘Аишадан мына хабар жеткізіледі: бірде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі адамды аттарымен атап: «Мен пәлен және пәлен біздің дініміз туралы бір нәрсе болса да біледі деп ойламаймын», — деді.  әл-Бухари 6068.

Бұл хадисті жеткізушілерің бірі болып табылатын имам әл-Ляйс ибн Са‘д былай деді: «Бұл екеуі екіжүзділер қатарынан еді».

‘Абдуллаһ ибн ‘Амр былай деп баяндайтын: “Бірде біз Аллаһтың Елшісімен  бірге отырған едік, әрі ол: «Қазір лағнеттелген адам кіріп келеді», — деді. Ал оған дейін Амр ибн әл-‘Ас (оның әкесі) киімін киіп бізге ілесу үшін (артта) қалып қойған еді. Және мен әл-Хакам ибн Абу әл-‘Ас кіріп келгенше, кім кіреді екен деп қорқып қарай бердім ”.  Ахмад 3/163, әл-Баззар 2/247. Хадистің сахихтығын шейх Муқбиль және Шу’айб әл-Арнаут растаған.

Зайд ибн Арқам айтатын: “Өз кезінде біз Аллаһтың Елшісімен бірге (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жорыққа шықтық, онда адамдар ауыртпашылықтарды бастарынан аз өткізбеді ,  және мен  ‘Абдуллаһ ибн Убайй ибн Салюльдің (екіжүзділердің басшысы) былай дегенін естіп қалдым: “Аллаһтың Елшісімен бірге болғандар одан бытырап қашып кетпейлерінше, оларға ешнәрсе жұмсамаңдар!» Ол тағы да: «Ақиқатында, егер біз Мәдинаға оралсақ, ықпалдылар одан міндетті түрде жексұрындарды қуып шығады!» — деді. Содан соң мен Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп оған бұл туралы айтып бердім”. әл-Бухари 4903, Муслим 2772.

Зу Хууайсара, барлық хауариждердің атасы, Пайғамбардың ( оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олжаны бөлуіне наразылық көрсетіп, оған: «Я, Мухаммад! Аллаһтан қорық, әділетті бол!» — деп айтқаны, ал басқа риуаятта: «Бұл ықылассыз жасалды!» — деп айтқаны жеткізіледі. Ол кеткеннен кейін, Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің сахабаларына оның артынан былай деп айтты: «Ақиқатында, сендердің намаздарың олардың намаздарымен салыстырғанда және сендердің оразаларың олардың оразаларымен салыстырғанда сендерге болмашы болып көрінеді. Осы адамның ұрпақтарының арасынан Аллаһтың Кітабын жұмсақ дауыстарымен оқитын, бірақ олардың оқулары кеңірдектерінен әрі өтпейтін адамдар пайда болады. Және олар, жебенің нысанадан тесіп ұшып шығатыны тәрізді, діннен ұшып шығады!» әл-Бухари 4351, Муслим 1064.

Бұл хадистерде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  бұл санаттағы адамдар туралы олардың сыртынан айтуы жөнінде риуаят етілуі мұндай жағдайларда ғыйба рұқсат етілетіндігіне нұсқайды!

Имам Ибн Әби Заманин: Сүннетті жақтаушылар (ұстанушылар)  құмарларына ергендерді сөгуді тоқтатпады, және олар солармен бірге болуға тыйым салатын, олардың фитналарынан сақтандыратын, олардың үкімін түсіндіретін, және мұны ғыйбаға да, жаман сөзге де жатқызбайтын– деді. Қараңыз  “Усулю-Ссунна” 293.

Хафиз Әбу Бакр әл-Исма’или былай деді: “Мухаддис имамдар бидғаттардан аулақ болуды міндетті деп есептейтін және бидғаты айқын болған және соған шақырғаннан өзге адам туралы ғайбатты тастауды міндетті дейтін. Ондай адам туралы айтылған сөздер ғыйба болып табылмайды”. Қараңыз “И’тиқаду аимамиль-хадис” 46.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия Хасан әл-Басридің: “Сендер бұзақы адам туралы айтқыларың келмейді ме? Оның қателіктері туралы, адамдар одан сақтанулары үшін, айтыңдар!» — деген сөздерін еске салып, олар  жөнінде: «Белгілі біреудің бидғаты мен бұзықтығы жөнінде айту, егер адам осы күнәларды ашық, не жасырын түрде істеп жатса,  ғайбатқа жатпайды, бұл жөнінде Хасан әл-Басри және басқа да имамдар айтқандарындай. Мұндай адам мұсылмандардың жазасына лайық, және оған тиісті болғанның ең азы – бұл сөгіс, адамдар одан өздерін (қашық) ұстаулары және аулақ болулары үшін. Және оған тән бұзықтықтарын, күнәларын немесе бидғаттарын сөкпесе және атап айтпаса, онда адамдар алданып осы нәрселерде оған ілесіп кетуі мүмкін», — деді. Қараңыз  “Мажму’уль-фатауа” 15/268.

Имам ән-Науауи: “Егерде біреу діни білім (фикъх) алушының бидғатшыға немесе пасыққа  барып, одан білім алып жүргенін көрсе, және бұл нәрсе фиқхты үйренушіге зиян тигізетінінен қорықса. Мұндай жағдайда ол  оның кімге барып жүргенінің жағдайын түсіндіріп, ол адамға игі кеңес беру керек, ол шынымен игі кеңес беруге талпынған жағдайда ғана, өйткені мұндай жағдаларда қателікке бой ұру оңай, себебі бұл жөнінде айтып жатқанды оның кеңесі жақсылық болып табылады деп уәс-уәстап жатқан шайтан немесе көре алмаушылығы итермелеп жатқан болуы мүмкін”. Қараңыз “әл-Азкар” 292.

Сөйтіп, бұл мәселеде аһлю-Сунна ғалымдарының арасында келіспеушілік жоқ, және бұған мысалдар саләфтардың риуяттарында өте көп: Бірде бір сопы Ибн әл-Мубаракка: «Сен ғайбат жасап жатсың!» — дегенде, ол: «Үніңді өшір! Егер біз түсіндірмесек, онда қай жерде жалған, қай жерде ақиқат екенін қалай білуге болады?!”, — деп жауап берді. Қараңыз ”әл-Кифая” 1/45.

Имам Ахмадтың ұлы ‘Абдуллаһ былай деп айтатын: “Бірде Әбу Тураб менің әкеме келді, және менің әкем: «Пәлен жеткізуші сенімді емес, ал пәлен — сенімді», — деп айта бастады. Абу Тураб (сонда): “Я, Шейх, ғалымдарға ғайбат жасама!”, – деді. Сонда менің әкем оған былай деді:»Қасірет төнсін саған! Бұл – ғайбат емес, насихат!”»  Қараңыз  ”Тарихуль-Бағдад” 12/316.

Ал осы ұлы имамдарды біреу олар ғайбат айтты деп айыптай алады ма?! Ақиқатында мұны надан, дін үкімдерінен хабары жоқ адамнан басқа ешкім істей алмайды!

Сонымен, жоғарыда айтылғанның барлығының негізінде, белгілі бір мұсылман ашық айтып жүрген, жазып жүрген нәрсе туралы айту, оны талқылау немесе әшкерелеу ғайбаттың тыйым салынған түрі болып табылмайды, тіпті қажетті болған жағдайда міндетті болып табылады. Және ғайбатты қателікті нұсқау немесе сақтандыру мақсатында айтуға рұқсат етілгендігі жөнінде аһлю-Сунна ғалымдарының арасында келіспеушілік жоқ!

Және ең соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ !

www.salaf-forum.ru   

You may also like...