Фитналар (бүліктер) кезінде және мұсылмандардың халифасы болмаған кезде не істеу керек?

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Бірде Хузайфадан (Аллаһ оған разы болсын): «Қандай фитна ең жаман болып табылады?» — деп сұрағанда, Ол: “Сенің алдыңда игілік пен жамандық болып, сенің қайсысын істеу абзал екендігін білмеген кезің!” – деп жауап берді. Ибн ‘Абдуль-Барр “әл-Исти’аб” 1/335, Ибн әл-Асир “Асад әл-ғаба” 1/468.

Хузайфа айтатын: «Әдетте адамдар Аллаһтың Елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, игілік туралы сұрақтар қоятын еді, ал мен жамандық туралы сұрайтынмын, өйткені ол (жамандық) менің басыма түседі деп қауіптенетінмін. (Бірде) мен: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Надандық кезінде біз ең нашар хәлде едік; кейін Аллаһ бізді осы игілікке жеткізді, ал осы игіліктен кейін жамандық қайта оралып келеді ме?» — деп сұрадым.  Ол: «Иә», — деп жауап берді.  Мен: «Ал сол жамандықтан кейін игілік қайта оралып келеді ме?» — деп сұрадым. Ол: «Иә, бірақ онда бір кемшілік болады», — деп жауап берді. Мен: «Оның кемшілігі не нәрседе болады?» — деп сұрадым. Ол: «Басқаларды мен басқаратынымнан өзгеше басқаратын адамдар пайда болады, және сендер олардың істерін көресіңдер және оларды тәрк етесіңдер», — деді. Мен: «Сол игіліктен кейін қандай да бір жамандық келеді ме?» — деп сұрадым. Ол: «Иә, Тозақтың қақпаларына шақырушылар (пайда болады), және (олардың шақыруына) жауап бергенді олар оған (Тозаққа) тастатады», — деді. Мен: «Я, Аллаһтың Елшісі, бізге оларды сипаттап бер», — деп сұрадым. Ол: «Иә. (Олар) біздің халқымыздың адамдарынан (болады) және біздің тілімізде сөйлейді», — деді. Мен: «Я, Аллаһтың Елшісі! Менің өмір сүруімнің тұсында осылар орын алса, (менің не істеуім керек) деп ойлайсың?» — деп сұрадым. Ол: «(Шынайы) мұсылмандардың әл-жама’асынан және олардың әмірінен кетпей ұстан», — деді. Мен: «Ал олардың ішінде (осындай) әл-жама’а да, әмір де болмаса ше?» — деп сұрадым. Ол: «Онда ол топтардың  барлығынан алшақ бол, тіпті талдың тамырына тістеріңмен қатты жабысып алып, өлгеніңе дейін осындай жағдайда қалуға тура келсе де!» — деді».  әл-Бухари 3606, Муслим 1847.

Осы хадистің имам Табарани жеткізген риуаятында Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтты: «Егер сен халифаны көрсең, оған ілес, тіпті ол сені арқаңнан ұрса да! Егер халиф болмаса, онда қаш!» Қараңыз “Фатхуль-Бари” 14/321.

Ал бұл хадистің имам Ибн Мажжаһ келтірген нұсқасында: «Және өлу сен үшін солардың біреуіне ілескеннен жақсы болады!» — деп айтылады. Қараңыз “Фатхуль-Бари” 14/322.

Имам әл-Бухари өзінің Сахихындағы осы хадисті келтірген тарауды «Әл-жама’а болмайтын кезде іс қалай болмақ?» деп атаған.

Хафиз Ибн Хаджар бұл сөздерге қатысты былай деп айтты: “Яғни мұсылман осындай келіспеушіліктердің  және бір халифаның төңірегінде бірлік жоқ болған кезінде не істеуі керек”. Қараңыз “Фатхуль-Бари” 14/321.

Имам Бадруддин әл-‘Айни былай деп айтты: «Бұл тарауда мұсылман келіспеушіліктер мен фитна кезінде, егер халифтың төңірегіне жиналған әл-жамаа болмаса, не ол оны таппаса, не істеуі керектігі жайлы айтады. Егер келіспеушіліктер басталып және халиф болмаса, онда мұсылман адам халифаның төңірегінде бірлік болғанға дейін не істеуі керек? Бұл тараудағы хадис «мұндай жағдайда ол барлық адамдардан сақтануы керек, тіпті бұл үшін ол өзіне өлім келіп жеткенше талдың тамырынан ұстап алу керек болса да» деп осыны түсіндіріп береді. Және әртүрлі көзқарастардың себебінен жағдайдың бұзылуынан, қарама-қайшы құмарлықтардан қашқақтау үшін осылай істеу ол үшін әмірі жоқ топқа кіруден жақсы болады». Қараңыз  «‘Умдатуль-қари» 24/288.

Имам әл-Байдауи былай деп айтты: “Хадистің мағынасы – егер жер бетінде халифа болмаса, онда саған оңашаланып, бұл ауыр уақытта сабыр таныту керек болады!”

Имам әт-Табари былай деп айтты: “Бұл хадис адамдарда халифа болмай, олар партияларға бөлінген кезде, жамандыққа түсіп қалмау үшін, олардың ешқайсысына ілеспей, мүмкіндік болса баршадан сырт қалу керектігін нұсқайды!” Қараңыз “Фатхуль-Бари” 14/323.

Имам Ибн Батталь: Егер мұсылмандарда әмір болмаса және олар жіктерге бөлінсе, онда Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұйырғандарына ілесіп, олардың барлығынан сырт қалу — уәжіп болып табылады!” – деп айтқан. Қараңыз “Шарх Сахих әл-Бухари” 10/36.

Имам Абуль-‘Аббас әл-Қуртуби «ол топтардың барлығынан алшақ бол» деген сөздерге қатысты былай деген: “Бұл – фитна кезінде оңашалану бұйрылғанына нұсқайды, және бұл бұйрық міндетті сипатта болады, өйткені осыйлайша істеуден өзгеше өз дініңді сақтап қалу мүмкін болмай қалады! Және осы топтардан сырт қалу, бытыраңқылықтың себебінен билік жүргізуі толыққанды болмағандардың қатарына кіруден бас тартқандық үшін, ғибадат болып табылады”. Қараңыз “әл-Муфхим” 4/58.

Шейх әл-Әлбани бұл хадис туралы былай деп айтты: “Бұл хадисте егер мұсылман хадисте айтылған осындай жағдайға тап болса, ант берілген әмір басқаратын жамаа болғанша, ол қандай да бір партияға кірмеуі қажет және қандай да бір жамаатпен немесе топпен бірге болмауы керек екендігін нұсқайды!” Қараңыз “әд-Дауа иля-Ллах” 98.

Шейх Сафийю-Ррахман әл-Мубәракфури былай деп айтты: “Яғни билік жасауға ұмтылғандардан сақ бол. Және бұл хадисте кез келген ағымдардан және саяси топтардан қашықтау — міндетті (уәжіп) болатынына нұсқау бар”. Қараңыз “Миннатуль-мун’им фи шарх Сахих Муслим” 3/260.

Я, мұсылмандар, бұл ұлы хадиске және оған қатысты ғалымдардың айтқан сөздеріне назар аударыңыздар!

Және бұл – осыған ұқсас жағдайларға қатысты айтылған жалғыз хадис емес:

‘Абдуллаһ ибн ‘Амр, бірде өз сахабаларының арасында отырған Аллаһ Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) фитна туралы ескертіп, былай дегені туралы баяндайды: «Сендер адамдардың келісім-шарттарды бұзып жатқандығын, сенімді жоғалтқандығын және мынандай болғандығын көрсеңдер», — осыдан кейін Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) саусақтарын өрді. Сонда ‘Абдуллаһ тұрып, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жанына келді де, одан: “Сондай кезде мен не істейін?!” – деп сұрады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтты: «Өзіңнің үйіңде бол, тіліңді тарт, білетін нәрсеңді істе  және сөгуге тұрарлық нәрселерді таста. Және жалпыға қатысты істерді тастап, өзіңмен байланысты болғаннан ұстан!» Ахмад 2/212, Әбу Дауд 4342, Ибн Мажжаһ 3957, әл-Хаким 4/525. Бұл хадистің сахихтығын әл-Хаким, әл-Мунзири, әл-‘Ирақи, әз-Захаби, әл-Мунауи, Ахмад Шакир, әл-Әлбани және Шу’айб әл-Арнаут растаған.

Я, мұсылмандар! Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) фитна кезіне тиісті осы әмірлеріне, әсіресе жалпыға қатысты істерді тастау әміріне назар аударыңдар!

Имам әл-Мунауи осы хадистің бір нұсқасына жасаған шархында былай деп айтты: «Адамдарды көрсең» деген сөздері — яғни сен оларды көріп үлгерсең. «Келісім-шарттары бұзылуға келген» деген сөздер – яғни шатысып-бытысып ретсіздікке келеді, олардың діндарлығы және (Аллаһтың және адамдардың алдындағы міндеттіліктерін орындаудағы) сенімділігі әлсірейді.

Келісім-шарт – бұл ант, қауіпсіздік, борыш (жауапкершілік), бұзуға болмайтын нәрселерді қорғау және қамқорлыққа алу.

Сатқындықтың кереғарлығы болған  берілгендікті, «сенімділікті жоғалтады».

«Содан кейін Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) саусақтарын өрді» — яғни адамдар сенімдіні сатқыннан, ізгіні бұзақыдан ажырату мүмкін болмайтындай араласып кетеді, және олардың діні абдырап қалады.

«Өзіңнің үйіңде бол» — яғни барлық адамдардан қашықта, және бұған қажеттілік болған жағдайлардан өзге кезде, олардан бекін.  

«Тіліңді тарт» — яғни оны сақта және оған бақылау жаса, және одан өзіңе пайда келтіретіннен өзге нәрсе шықпасын. Немесе бұл сөздердің мағынасы – тіліңді саған қатысы жоқ нәрселерден тарт (тый).

Тіл, басқа мүшелердің қатарынан ерекшеленді, өйткені барлық мүшелер оған бағынады, егер ол дұрыс болса, онда қалған мүшелер дұрыс болады, егер ол қисайса, онда қалған мүшелер де қисаяды.  

Діннің ережелерінен «білетін нәрсеңді істе». Яғни оған қытысты өзіңде «бұл – ақиқат» — деген білім болған, саған дүниеде де, ақыретте де пайда әкелетін нәрсені істе.

Адамдар істеп жатқандардың ішінен шариғатқа қайшы келетін «сөгуге тұрарлық нәрселерді таста», және өзіңнің жүрегіңмен Аллаһ оларды қалайша басқарып жатқанына қара. Ақиқатында, Ол, адамдардың арасында олардың ризығын бөліп үлестіргендей, игі адамгершілік сипаттарды да бөліп үлестірді, және Ол қаласа, оларды бір бейнемен және кейіппен жаратар еді. Міне сондықтан Аллаһ Тағала олардың арасын басқаруына қырағылықпен қара, және сен Аллаһ сенен бұрып алып кеткен Оған деген мойынсынбаушылықты көрсең, Аллаһқа мадақ айт. Жұмсақ түрде, сабырлылықпен және байсалдылықпен жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтар, және егер сенен насихатты қабылдаса, Аллаһқа мадақ айт, ал егер сен осыны істемесең, бұл кемістігің үшің Одан кешірім тіле «және өзіңе келген барлық нәрсені сабырлықпен көтер. Ақиқатында, бұл істерде батылдық таныту керек» (31:17).

«Ең әуелі өзіңнің қамыңды ойла», өзіңе қатысты болған нәрсемен айланыс және өзіңнің дініңнен  ұстан, адамдарды таста да, оларға ілеспе.

«Жалпыға қатысты істерді тастап» — барлық адамдарды таста. Және егер сенің қайтарып-сөгуің айыпталатын нәрсені, ол барлық адамдарды қамтып алғаны, немесе осы айыпталатын нәрсені істеушінің үстемдік етуі себепті, өзгерте алмауы иқтимал болып тұрса, немесе сен өзің үшін қорқсаң, онда сен – айыпталатын нәрсені тек жүрекпен ғана жек көріп, оны өзгертуді тастай алатындардансын! Және осыда ең жаман адамдардың саны көбейіп, ізгілердің саны азайған кезде айыпталатын нәрсені өзгертуге деген жеңілдік бар!” Қараңыз “Файдуль-Қадир” 626.

Шейх ‘Али ибн Адам әл-Асьюби: «Кім (мұсылман әміріне) мойынсұнудан және әл-жама’адан шығып өлсе, ол жахилиет өлімімен өледі!» Муслим, 1848, — хадисіне жасаған шархында былай дейді: «Бұл мұсылмандарда әл-жамаа және әмір бар болған, және ол (адам), олармен бірге болуға мүмкіндігі болғандығына қарамастан, оларды тастап кеткен жағдайға қатысты. Ал мұсылмандарда бірлік болмаған, одан тыс олардың арасында тәртіпсіздікпен анархия кезіне келер болсақ, ол ешнәрсе істеуге міндетті емес. Керісінше, жалпыға қатысты істерді тастап, өзінің үйінде болып, өз-өзімен айналыссын!»  Қараңыз “Шарх Сунан ән-Насаи” 32/118.

Және ең соңында әлемдерің Раббысы – Аллаһқа мадақ!

www.salaf-forum.ru

You may also like...