Шейх Абд әр-Рахман бин Наcиp әс-Саадидің (Аллаһ оны рахымына бөлесін) әмірлерге (ел басшыларына) ықылас таныту туралы айтқан сөздері

«Мұсылман әмірлері туралы және жалпы билік өкілдері туралы, жоғарғы билеушіден әкімге дейін және қазыдан бастап қандай да бір билікке ие біреуге дейін  айтар болсақ, оларға, мәртебесіне сәйкес, ықылас таныту міндетті болып табылады, өйткені оларға, басқалармен салыстырғанда, маңыздырақ болған мәселелер мен міндеттер жүктелген.

Бұл  — әмірлердің билігін мойындауда, шариғат мақұлдаған нәрселерде оларға міндетті түрде бағынуда, оларға қарсы шығудан бас тартуда, билік қоластында болғандардан өзгелерді оларға бағынуға және олардың Аллаһ пен Оның Елшісінің бұйырғандарына қайшы келмейтін әмірлерін орындауға шақыруда, оларға игі насихат беру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануда және олар өздерінің лауазымына сәйкес өз қоластындағылары үшін не істеу керектігін түсіндіруде өз көрінісін табуы керек.  Сондай-ақ, Аллаһтан Ол әмірлерді игілікке жеткізуін және оларға көмек беруін тілеу керек, өйткені олардың игілігі олардың қол астындағыларға да игілік болмақ, сол сияқты оларды қаралап-жамандаудан және олардың кемшіліктері туралы сөз таратудан аулақ болу керек, өйткені бұл үлкен зиян алып келеді.

Әмірлерге шынайы ықылас танытудың көрінісі сондай-ақ оларды дұрыс емес нәрселерді жасаудан ескерту де болып табылады, сондықтан да олардың тыйым салынған бір нәрсені істеп жатқанын көрген әрбір адам оларды бұл жөнінде жұмсақ және құпия түрде, осы адамдардың мәртебесіне сәйкес келетін және қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін сөздермен ескерту керек. Бұл әрбір адамға қатысты міндет болып табылады, әсіресе бұл әмірлер мен билік өкілдеріне қатысты, өйткені мұндай ескертулер көптеген игілік алып келеді және шыншылдық пен ықыластылықтың сипаты болып табылады». «Әр-Рийад ән-надира», 49-бет, 501-бет.

You may also like...