Сауд Арабиясы елінің ақсақал ғалымдарының бірі шейх Зәйд ибн Мухаммад әл-Мадхали жауап береді:
Сұрақ: Адам қай кезде сектантқа айналады?
Жауап: Бұл сұраққа жауап жан-жақты болуға тиіс, ал дәл қазір менің бұл үшін жеткілікті уақытым жоқ, алайда мен саған сектантты, ол (адасқан сектаның) жетекшісі болады ма, әлде ілесушісі және қызметшісі ме – бұған қарамастан, оны тануға мүмкіндік беретін бірнеше сипаттарды атап беремін,. Бұл сипаттар келесідей:
- Оның салиқалы алдыңғы буын өкілдерінің (сәлафтардың), хадис пен асарды ұстанушылардың мәнһажынан ерекше мәнһажға ие белгілі бір топтың құрамында болуы. Бұған мысал – ихуандардың ұйымы және олардың түрлі бөлімшелері, таблиғ жамағаты және олардың жанашырлары. Әрі оның өз партиясын немесе тобын өтірік пен шындықты пайдаланып барынша қолдап-қорғауы;
- Жиналыстар мен отырыстарға қатысуы, сондай-ақ жоғарыда аталғандардың қатарынан болған және сенімдері мен амалдарында ауытқуларды ұстанатын өзге де топтармен бірге жүріп-тұруы. Ол тұтас ұжым ба немесе жалғыз адам ба, (топтың) ілесушісі ме әлде жетекшісі ме – мұның айырмашылығы жоқ;
- Сүннетті ұстанушыларды сынға алуы, және әлдебіреу қазіргі заман сектанттарын, құпия ұйымдарды және жасырын жіктерді теріске шағарып жатса, соған түрінің бұзылуы;
- Аллаһқа, Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және мұсылман билеушілеріне мойынсұнуда хадисті ұстанушылардың, салиқалы сәлафтардың мәнһажына еретін хадисті ұстанушылардың жолына ілесуге шақыратын кісілердің ар-намысына тиюі;
- Мұсылман билеушілерінің ар-намысына тіл тигізуі және олардың кемшіліктері туралы өздерінің кітаптарында, аудиотаспаларында және өз жиналыстарында ашық айтатындарды жақсы көруі;
- Билеушілер қателескен кездерде жағдайды оларға қарсы ушықтырмайтын ғалымдарға орынсыз тиісуі. Ол ақылы қысқа әрі жүрегінде дерті бар адамдардан өзге ешкім телуге дәті бармайтын тәрбиеші ғалымдарды қасіреттерде айыптайды;
- Нашидтер мен сахналық қойылымдарды жақсы көруі, әрі оларды және солармен айналысатындарды қызу түрде қорғауы. Әрі осы құбылыстар бәрінен көбірек ихуанул-муслимин («мұсылман бауырлар») қатарларында бар — осыда олардың басшылары мен алданған бейшара бозбалалар мен алданған әлсіз қыз-келіншектерден (топталған) әскерлері (жан) ләззатын (табады). Аллаһ олардың барлығын ақиқатқа қайта оралтсын.
Қараңыз: «әл-`Ақд әл-мунаддад әл-жәдид», 43-44 беттер.
Қазақ тіліне орыс тілінен «Ислам террорға қарсы» сайтының редакциясы аударған