Шейх Салих әл-Фаузанға қойылған сұрақ:
“Құрметті шейх, біз кәпір елінде өмір сүреміз, әрі бүлінушілік те көбейіп жатыр, осы (Сауд Арабиясы) елінің ғалымдарына адамдардың ашық тіл тигізудерін жиі еститін болдық. Олар үлкен ғалымдар туралы: «Үлкен жұмысшылар (кибар ‘умәлә)», — дей келе, ғалымдарды жағымпаздықта кінәлайды. Тіпті олардың арасында ғалымдарды күпірлікте айыптайтындары да бар, сондай-ақ олар: «Бұл ғалымдар зәбірлеуші залымдарға көмектеседі», — дейді. Осындай пікірлерді қалайша түзетсек болады және оларды қалай теріске шығаруға болады?”
Шейх Салих әл-Фаузанның жауабы:
“Ондай сөздер бұл елдің ғалымдарына еш зиянын тигізбейді! Бұл сөздер оларды айтқан адамдардың өздеріне зиянын тигізеді және олардың арқалаған жүктері өздеріне қарсы айналып қайтады! Сіздерге олардың күнә мен жамандыққа салынып кеткендеріне алаңдаудың еш қажеті жоқ және олар үшін қайғырмаңыздар! Аллаһтың Елшісі туралы, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұдан да жаман сөздер айтылған еді. Адамдар оны сиқыршы, жынды (мәжнун), өтірікші деп айтқан. Сондықтан бұндай сөздер — таңқаларлықтай нәрсе емес және еш уақытта бұл елдің ғалымдарына зиянын тигізбейді! Аллаһқа мадақ, бұл сөздер оларды айтқан адамдардың өздеріне қарай күнә мен зиян болып қайтады, ал сіздер олардың сөздері үшін қайғырмаңыздар!”
http://www.sohari.com/nawader_v/fatawe/ … 3ulama.ram
Алынған көзі: salaf-forum.ru