Шейх Машһүр ибн Хасан Али Сальман
Бірде, бір мәжілісте шейх әл-Әлбани, Аллаһ оны рахым етсін, білімі емес, жасы бойынша өзі қатарлы кісімен кездесті. Палестинадан келген бұл қарт кісі шейхқа, Аллаһ оны рахым етсін, кейбір мәселелерге байланысты бірқатар сұрақтар қойды және басқалардың қатарында ол Палестинада өмір сүріп жатқан мұсылмандардың жағдайын көрген кезде жаны сыздайтынын және азап шегетінін де атап кетті. Пәтуалар шығаруда өзінің сенімдерін қорғау кезінде ашып айтушылық және батылдық танытатын шейх Мекке Палестинадан жақсырақ екенін, бірақ бәрібір (солай болса да) Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), осы қалада өз дінін ұстана алмағандықтан, одан көшіп кеткенін айтты. Сондықтан да, әрбір мұсылман, ол дүниенің қай түкпірінде өмір сүрсе де, егер сол жерде өз дінін ашық түрде ұстана алмаса, өзінің тұрғылықты мекенін тастап, осыны істей алатын жерге көшуі керектігін айтты.
Ал, содан соң не болды десеңізші? Осы пәтуа айтылғаннан кейін он жыл өткен соң, шейхты жек көрушілердің кейбіреулері оған жармасып алды да, ол туралы барлық бұрыштарда жар сала бастады. Олар мұны істеуінің себебі нәрсіз-ақ: «Мұсылман бауырлар» («әл-Ихуан әл-Муслимун») қозғалысы Иорданиядағы парламенттік сайлауға өз кандидаттарын ұсынды, ал шейх әл-Әлбани, адамдар одан осы сайлауға қатысуға болады ма деп сұрақ қойғанда, оларға мұны рұқсат етпеген еді. Нәтижеде «әл-Ихуан әл-Муслимун» қозғалысы адамдарды шейхтан кері бұру үшін осы фитнаны (бүлікті) тарата бастады.
Шейх әл-Әлбанидің, Аллаһ оны рахым етсін, пәтуасының реттелген баяны (мазмұндамасы)
Бұл мәселені түсіндіріп беру және оны ұғып алу үшін, шейх әл-Әлбанидің пәтуасының бөлек-бөлек бөліктерін ретке келтіру қажет және оның айтқандарын нақты тұжырымдалған тармақтар ретінде баяндау қажет. Сонымен, пәтуада мына нәрселерге нұсқау жасалған:
— Хижра мен жихад[1]Қиямет Күніне дейін жалғасады;
— Бұл пәтуа белгілі бір елге немесе халыққа арналмаған;
— Адамдардың ең ардақтысы және ең ұлысы – Мухаммад (оған Аллаһтың игігі мен сәлемі болсын) жер бетіндегі ең ардақты және ең ұлы жер болған аса қадірлі Меккеден хижра жасады. Сонымен бірге адамзат жаратылғаннан Қиямет Күніне дейін ешкім өзінің мәртебесі бойынша Пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), сондай-ақ жер бетіндегі ешқандай жер қасиеттілігі және қадірлілігі бойынша Меккемен салыстыруға келмейді.
— Егер мұсылман адам өзі тұратын жерінде діні үшін пана таппаса, егер мұсылман адам бұл жерде иманы үшін қудаланса және өзіне Аллаһ Тағала жүктеген Шариғат үкімдерін ашық түрде орындай алмаса, онда оған өзі ұшырап жатқан рухани немесе дене азаптары және сынақтары оны (өз дінінен) бет бұрғызуынан қауіптеніп хижра жасау міндетті болады. Дәл осы тармақ — хижра туралы заң үкімінің күшке ие болуына және көшудің қажеттілігіне немесе оның қажет еместігіне байланысты негізгі мәселе болып табылады. Алайда, үлкен өкінішке орай, (шейх әл-Әлбанидің) сыншылары мен жек көрушілері мінберлерге шығып сөйлейтін сөздерінде және сайлау алдындағы өзара қақтығыстырында пәтуаның осы тармағын жасырып қалдырды, оны көрсетпей қойды және ол туралы үндемей кетті!!!
— Имам ән-Науауи, Аллаһ оны рахым етсін, «Рауда әт-Талибин» атты еңбегінде (10/282) былай деген: «Кәпірлердің елінде (дар әл-куфр) әлсіз жағдайда жүрген және онда өз дінін ашық түрде ұстануға мүмкіндігі болмаған мұсылман адамға бұл елде тұруға тыйым салынады және ол Ислам еліне (дар әл-Ислам) көшуге (хижра жасауға) міндетті…»
— Егер мұсылман адам үшін өз елінің ішінде өмірі, діні және отбасы қауіпсіздікте болатын басқа бір жер болса, әрі сол жерде ол қазір өзі өміріп сүріп жатқан елді мекенде оны қоршаған азғыру мен уәс-уәстан алыс болатын болса, онда ол, мүмкіндік болса, өз елінің ішіндегі осы жерге қоныс аударуы қажет.
— Елінің ішінде қоныс ауыстыру, күмәнсіз, шет елге көшуден жақсырақ, өйткені мұндай жағдайда адам, ол жерден көшуге мәжбүр болған себеп жойылғаннан соң, өзінің баяғы өмір сүрген жеріне тезірек қайта алады. Бұл — шейхқа да, діни білімге де, білім иелеріне де қатысты не әділдік, не дұрыстық таныта алмаған адамдардың жасырып қалған пәтуаның тағы бір тармағы. «Сөйтіп, Шариғат тарапынан бір елден басқа елге де, бір елдің ішіндегі елді мекендердің арасында да хижра жасау орнатылған. Мухажир, яғни хижра жасаушы адам басқа адамдарға қарағанда өзінің жағдайы туралы жақсырақ хабардар, әрі өзі туралы басқа адамдар білмейтін нәрселерді біледі». Мінберлерден: «Шейх әл–Әлбани палестиналықтарға Палестинадан көшіп кетуді бұйырып жатыр!», — деп айтатын бұл масқарабаздар жасырып қалған пәтуаның үшінші тармағы осындай! Иә, Аллаһпен ант етемін, олар ешқандай егжей-тегжейлікті атамай және түсіндірместен, тура осылай деп айтқан еді!!! «Бір елден басқа елге хижра жасау шариғатта, өткен тармақтардың бірінде айтылғанға ұқсас, белгілі себептер мен жағдайлар болған жағдайда ғана орнатылған. Бұл себептердің ең салмақтысына мына себеп жатады: дұшпанды мұсылман жерлерінен қуып шығару, басып алынған территорияны азат ету үшін және онда ислам басқаруын қайта орнату үшін қажетті күш әзірлеу және белгілі құралдарға ие болып алу. Аллаһ Тағала былай деді: «Сендер де оларға қарсы шамаларың келгенше әр түрлі күш әрі ат байлаумен әзірлік көріңдер. Аллаһтың дұшпанын және өз дұшпаңдарыңды қорқыту үшін» (әл-Әнфәл 8: 60).
Егер мұсылман адам немесе мұсылмандар өздерінің тұрғылықты жерінде қалса, одан сайын әлсіз және дәрменсіз болатынын, ал көшкен жағдайда әлсіздіктен және дәрменсіздіктен құтылатынын білсе, егер осының барлығын біле тұра, бәрібір осыны (хижраны) істемесе, онда олар Аллаһқа мойынсұнбаған күнәхарлар болады. Осы мойынсұнбаушылығы үшін олар соның себебімен олардың тұлғасы опат болатын, бейнесі жойылатын, діни сенімдері бұрмаланатын бұдан да ұлы және ауыр жазаға тартылуы және осыдан кейін өздеріне жалғыз Аллаһтан басқа қамқоршы да, көмекші де таппай қалуы мүмкін. Андалусияның (Испания) және өзге де кейбір елдердің мұсылмандары келіп тірелген қайғылы нәтиже – осының ұмытылған қайғыларды қайта оятатын және ұйқы мен тыныштықтың ләззатын ұмытқызатын айқын дәлелі.
— Пәтуаның «таратушылары» жасырып қалған басқа, күмәнсіз, маңызды элементі – адамның хижра жасауының онда күш пен мүмкіндіктің болуына байланыстылығы. Өйткені Аллаһ Тағала: «Аллаһ адамға ол көтере алатын нәрсесінен артығын жүктемейді» (әл-Бақара; 286), — деді, ал басқа аятта Ол былай деді: «Аллаһтан мүмкіндіктерің жеткенше қорқыңдар» (әт-Тағабун; 16).
Сондықтан:
— егер мұсылман адам өзінің елінен өзге, өзі пана таба алатын, дінін қауіпсіздендіретін және өзінің тұрғылықты жеріндегі азғыру мен уәс-уәстардан құтылатын жер таппаса;
— немесе егер оның хижра жасауына бұзып өтуге болмайтын жағдайлар кедергі болса;
— немесе егер бүкіл жердегі жағдай бірдей болып, барлық жер хижра жасау міндетті болатын шарттарға тең мөлшерде жауап берсе;
— немесе егер адамның өзі өзінің елінде әрі қарай өмір сүруі оның дініне, өміріне және отбасына қауіпсіздеу екенін білсе;
— немесе егер айқын және ашық күпірлік заңдарымен басқарылатын елге ғана көшу мүмкіндігі болса;
— немесе егер оның елде қалуы шындығында да Шариғаттың мүдделеріне қызмет етсе: бұл мұсылман үмметінің мүддесіне жауап берсе де, немесе кәпірлерді олардың күпірлігінен шығаруға ықпал етсе де – бәрібір, әрі, сонымен бірге, ол (хижра жасаған жағдайда) дінде азғырушылыққа бой беруден қорықса, онда барлық аталған және осыған ұқсас жағдайларда мұсылман адам өзінің тұрғылықты мекенінде тұра беруден өзге шарасы жоқ адамдардың қатарына жатады және ол мухажирлердің, яғни өз дінін сақтап қалу үшін және Раббысының разылығына жету үшін өз жерін тастап кетушілердің сауабын алады деп үміттенуге болады.
Біз осыдан алдын келтіріп кеткен имам ән-Науауидің «Рауда әт-Талибин» кітабындағы (10/282) сөзін жалғастырамыз. Ол былай деді: «…ал егер адамда хижра жасауға мүмкіндік болмаса, ол осындай мүмкіндікке ие болғанша бұл оған ақталу себебі болады».
— Ал нақты алғандағы Палестинаның тұрғындарына келер болсақ, оларға да осындай жағдайлардағы барлық адамдарға қатысты қолданыстағы тура осындай үкімдер күшке ие. Шейх әл-Әлбаниге яхудилер 1948 жылы оккупациялаған бірнеше Палестина қалаларының тұрғындары туралы сұрақ қойылды. Бұл қалалардың яхудилердің билігінің астына өткендігінің дәрежесі соншалықты – олар сол жерде тұрушы палестиналықтардың діні үшін жат болды, ал палестиналықтардың өздері қорланған құлдарға айналды.
Бұл сұраққа жауап беріп, шейх әл-Әлбани былай деді: «Палестинада бұл адамдар өздерінің дінін ұстана алатын және күпірліктің азғыруы мен қауіптілігінен бекіне алатын, үй-жайға ие бола алатын ауылдар немесе қалалар бар ма? Егер бар болса, олар Палестинаның шекарасынан тыс шықпай сол жерлерге қоныс аударуы қажет, өйткені оның ішінде көшіп-қону қол жеткізуге болатын нәрсе және хижраның көздеген мақсатына жауап береді».
Бұл мұқият жасалған ғылыми зерттеу шейх әл-Әлбанидің пәтуасында палестиналықтарды Палестинадан көшіріп жіберуге үндеу бар деп және ол яхудилердің жоспарларының іске асуына ықпал етеді деп жариялап, бүлік таратып және түсінбеушілік енгізіп жүргендердің тұжырымдарын жоққа шығарады!
Бұл адамдарға Құранның мына сөздерін айтқымыз келеді: «Сіздерге не болды, сіздер қалайша үкім шығарып жатырсыздар?»
Уа, жек көрушілер мен сыншысымақтар, сендерге масқара болсын! Сіздер осы барлық егжей-тегжейліктер туралы білдіңдер ме, әлде олар туралы хабардар емес едіңдер ме? Өйткені егер білген болсаңдар, онда не үшін жасырып, олар туралы айтпадыңдар?!
— Жерді қорғау және өмірді сақтау дін мен сенімді қорғаудан және сақтаудан маңызы бойынша артық емес екендігін әрбір мұсылман адам білуі қажет.
Шейх әл-Әлбани, Аллаһ оны рахым етсін, бұл мәселеге жан-жақты тоқтап, мына хадиске түсіндірме берді: «Егер сендер «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ деп куәлік берсеңдер», намазды орындайтын болсаңдар, зекет берсеңдер, көпқұдайшылдарды қалдырсаңдар және әскери олжаның бестен бір бөлігін (хумс), пайғамбардың үлесін (әс-сахм) және әс-сафийй[2] (немесе ол: әс-сафиййә деді) берсеңдер, онда Аллаһтан және оның Елшісінен қауіпсіздік аласыңдар». Абд әр-Раззақ (4/300/7857) және Ахмад (5/77,78). Бұл хадисті жеткізушілердің тізбегі сахих және әл-Бухари мен Муслим хадистің сахихтығына қоятын шарттарға сәйкес келеді. Бұл хадис «Сильсиләт әл-Ахадис әс-Сахиха» ( № 2857) кітабында бар.
Шейх әл-Әлбани былай деді: «Бұл хадисте кәпірлерді Исламға шақырумен байласты бірқатар заң-ережелер бар. Олардың арасында олар егер көпқұдайшылдармен қоштасуды және ислам елдеріне қоныс аударуды да қамтитын Аллаһтың әмірлерін орындаса, қауіпсіздік алатыны да бар. Олардың барлығы Исламды қабылдаған адамдарды көпқұдайшылдарды тастап кетуге ынталандыруға келіп тіреледі. Мысалы, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Менің көпқұдайшылдардың арасында өмір сүруші кез келген мұсылманға, егер бір мұсылманға басқа мұсылманның ошақ оты көрінбесе, қатысым жоқ». Басқа хадистерде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ұлы және Құдіретті Аллаһ Исламды қабылдаған көпқұдайшыл көпқұдайшылдарды тастап, мұсылмандарға көшіп бармайынша, оның өзін және оның амалдарын қабыл етпейді».
Ақиқатында, біздің заманымызда Исламды қабылдап жатқан адамдар, Аллаһқа шүкір, көпшілік болуымен бірге, олардың азғантай бөлігінен басқалары көпқұдайшылдарды тастау және ислам елдеріне көшу туралы осы заң ережесіне сәйкес амал етпейді. Мен мұны екі себеппен түсіндіремін…»[3]
Сондай-ақ, шейх әл-Әлбани, Аллаһ оны рахым етсін, былай деді: «Білуге тиісті нәрселерге хижраның түрлері және бірқатар себептері бар екендігі де жатады. Оларды қарастыру өзге жеке сұхбаттасуды талап етеді. Ал нақты осы жағдайда бізді күпірлік елдерінен мұсылман елдеріне хижра жасау қызықтыруда, бұл елдердің әмірлері Исламнан қаншалықты ауытқыған және Ислам заңдарын қолданудағы олардың кемшіліктері қандай болса да.
Бұл адамдарға мен мынаны айтамын. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан екі-ақ хадисін естеріңізге түсіріңдер. Олардың біреуінде ол: «Ақиқатында, жылан өзінің інінде пана тапқандай, иман Мәдинада пана табады», — дейді. әл-Бухари және Муслим. Ал басқасында: «Менің үмметімде Аллаһтың әмірі келгенге дейін айқын түрде ақиқатты ұстанатын адамдардың тобының бар болуы тоқтамайды, әрі олар үстем бола береді», — деп айтылады. Бұл хадис бір топ сахабалардан көптеген жолдармен жеткен (мутауатир) сахих болып табылады. Ол «Сильсиләт әл-Ахадис әс-Сахихада» (№ 270, 1108, 1955, 1956) келтірілген. Сондай-ақ ол «Сахих Аби Дауд» (1245) жинағында да келтірілген. Бұл хадистің кейбір риуаяттарында олар әл-Мағрибтың, яғни әш-Шамның тұрғындары болып табылады деп айтылған.
Нақтырақ бұл хадис мынандай мәтінмен жеткізілген: «Егер әш-Шамның тұрғындары бұзық болса, оларда игілік болмайды және менің үмметімде ақиқатты айқын ұстанатын адамдар тобының болуы тоқтамайды…»
Бұл хадистерде белгілі бір мемлекеттің құндылығы оның «шекараларымен» емес, тұрғындарымен өлшенеді дегенге нұсқау бар. Бұл ақиқат жайлы Сальман әл Фарси, Аллаһ оған разы болсын, өте жақсы сөз айтқан болатын. Абу әд-Дарда оған: «Қасиетті жерге асық», — деп хат жазғанда, ол: «Ақиқатында, қасиетті жер ешкімді қасиетті етпейді, өйткені адамды амалдары қасиеттейді», — деген. Ибн Аби Шайба, Мәлик. Иснады сахих.
Сондықтан да, өз елінде қуғын-сүргінге ұшыраған алжирліктерді Тель-Авивке қоныс тебуге міндеттеген бір надан оратордың /шешеннің/[4] яхуди оккупациясының астында өмір сүруді жақтаған таңдауы оны діндарлықтың кемшілігі демегеннің өзінде, опат етуші надандық және шекке шыққан ақымақтық болып табылады. Басқа бір мұсылман еліне, мысалы, Мекке мен Мәдинаны айтпағанның өзінде, Амманға емес, дәл Тель-Авивке! Осымен бірге ол яхудилер жалпы Палестинада және нақты алғанда Тель-Авив, Хайфа және Яффа сияқты қалаларда таратып жатқан бұзықтықты, бұзақылықты және азғындықты елемеуде. Мұның барлығы көптеген мұсылман ерлер мен мұсылман әйелдерінің арасында да, олар яхудилермен тікелей көршілес болуының және қарым-қатынас жасауының себебімен қатерлі індет сияқты таралып жатыр, ал бұл алдын яхудилермен өмір сүрген, ал кейін Аллаһтың рақымымен олардан құтылған, сондай-ақ сол жерде қалып қойған жанұяларын /туыстарын/ уақыт-уақытымен зиярат етіп тұрған мұсылмандар тарапынан байқалмай қалып жатқан жоқ.
(Дінде) қандай да білімі бар кез келген адам оратордың /шешеннің/ бұл таңдауында Аллаһ Тағаланың мына айқын сөздерін тікелей бұзу бар екенін байқайды: «Періштелер өздеріне зұлымдық еткендердің (бұлар Меккеден көшпей қалғандар) жандарын алғанда: «Қандай жағдайда едіңдер?», — дейді. Олар: «Біздер бұл жерде шамасыз едік», — дейді. (Періштелер): «Аллаһтың жері сендер онда көшулерің үшін кең емес пе?», — дейді. Міне бұлардың орны Тозақ болады. Бұл барар орын нендей жаман! Бұл тек шара қолдана алмайтын және тура жол таба алмайтын шамасыз еркектерге, әйелдерге және балаларға қатысты емес. Ондайларды Аллаһ кешіруі мүмкін, өйткені Аллаһ — өте Кешірімді, ерекше Жарылқаушы. Кім Аллаһтың жолында көшсе, жер бетінде көптеген қоныс және молшылық табады. Ал егер біреу Аллаһқа, Пайғамбарға көшіп үйін тастап шықса және содан соң оған өлім жетсе, сонда оның сыйы Аллаһтың Өзіне тән болады. Аллаһ — аса Жарылқаушы, тым Мейірімді!» (ән-Ниса; 97-100).
Хафиз Ибн Касир былай деді: “Бұл ардақты аят көпқұдайшылдардың арасында өмір сүретін, хижра жасауға мүмкіндігі болып және (тұратын жерінде) өзінің дінін ұстануға мүмкіндігі болмаған әрбір адамға қатысты түсірілген. Мұндай адам, ғалымдардың бірауызды келісіміне және осы аяттың мәтініне сәйкес, өз жанына қатысты зұлымдық жасаушы және тыйым салынғанды (харам) істеуші болып табылады». Қз.: «Тафсир Ибн Касир» (1/542).
Бұл аят оның жалпыны қамтыған мазмұнымен тек күпірлік елінен қоныс аударуға (хижраға) ғана қатысты емес екендігі фақих ғалымдардың біреуінде де күмән тудырмаған. Бұл жөнінде имам әл-Қуртуби ап-анық айтқан болатын. Өзінің Құранға жасаған тәпсірінде (5/346) ол былай деді: “Бұл аят күнә үстем болған жерден көшу қажеттілігіне нұсқайды. Саид ибн Жубайр былай деді: «Егер қандай да бір елде күнә билік етсе, онда одан көшіп кет». Бұл сөздерді айтып болып ол: «Аллаһтың жері сендер онда көшулерің үшін кең емес пе?» — деген аятты оқыды».
Бұл деректі Саидтан сенімді (сахих) тізбекпен (иснадпен) өзінің “Тафсир” еңбегінде Ибн Абу Хатим (2/174/1) келтіреді. Тура соған “Фатх әл-Бари” (8/263) кітабында әл-Хафиз Ибн Хажжәр да нұсқап: “Бұл хадистің негізінде Саид ибн Жубайр Аллаһқа мойынсұнбаушылық үстем етуші елден қоныс аударудың (хижраның) міндеттілігі туралы қорытынды шығарды”, — деді.
Уағыздаушылардан, докторлардан және проффессорлардан болған кейбір надандар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мекке алынғаннан кейін (әл-Фатх) хижра жоқ»(әл-Бухари және Муслим)[5], — деген сөзі хижра туралы заң-ережелердің күшін толығымен жояды деп есептеуі мүмкін. Мұндай тұжырымдамалар Құранды, Сүннетті және имамдардың айтқандарын сорақы түрде білмеу болып табылады. Мен мұндай мәлімдеме туралы өзін (діндегі) білгірлердің қатарына жатқызатын профессорлардың біреуінен жоғарыда аталған оратор /шешен/ менің айналамда ұйымдастырған фитнаға байланысты онымен өткен пікірталастың кезінде естіген едім. Мен оған: «Тәубе қабыл етілгенше хижра үзілмейді, және Күн батыстан шықпайынша тәубенің қабыл етілуі тоқтамайды», — деген айқын хадисті келтіргенімде, ол бір нәрсе деп жауап беруге қиналып қалды!
Осыған орай мен құрметті оқырмандарға шейх-әл-ислам Ибн Таймийяның жоғарыда аталған екі хадистер туралы олардың арасында қандай да қарама-қайшылықтар жоқ екендігіне нұсқайтын сөздерін келтіргім келеді. Өзінің «Мәжму’ әл-Фатауа» (18/281) еңбегінде шейх-әл-Ислам былай деді: “Екі хадис те ақиқат болып табылады. Олардың біріншісінде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тұсында хижра дегенде әдетте түсінілетін нәрсе туралы, яғни Меккеден және басқа да Арабия жерлерінен Мәдинаға қоныс тебу жайында айтылған. Ақиқатында, бұл хижра сол кезде Шариғаттың әмірі еді, өйткені Мекке және басқа жерлер мұсылмандармен соғысушы кәпірлердің жерлері болып табылатын еді. Иман сол кезеңде Мәдинаның территориясында еді және күпірлік жерінен Ислам жеріне (яғни Мәдинаға) көшу осыған мүмкіндігі барларға міндетті болып табылатын еді. Ал Мекке мұсылмандар тарапынан алынған соң және арабтар исламды қабылдағаннан кейін, бұл жерлердің барлығы исламның жері болды (яғни олардан көшу қажеттілігі жойылды), ал сондықтан Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Мекке алынғаннан (әл-Фатхтан) кейін хижра жоқ», — деді.
Қандай да бір аймақты «күпірлік жері» немесе «Ислам жері» немесе «бұзақылық жері» деп анықтау — өзгермейтін нәрсе емес. Жоқ, аймақтың мұндай сипаттамасы тұрақсыз және уақытша, әрі ол бұл жерді мекендейтін тұрғындарға тікелей байланысты. Мүмін және тақуа адамдар өмір сүруші кез келген жер уақыттың сол кезеңінде Аллаһқа жақын болған адамдардың жері болып табылады. Тура сол сияқты кәпірлер тұратын жер уақыттың сол кезеңінде күпірлік жері болып табылады, ал бұзақылар тұратын кез келген жер – уақыттың сол кезеңінде бұзақылықтың жері. Егер қандай да бір жердің тұрғындарын басқа адамдар ауыстырса, ол жер солардың жеріне айналады.
Тура осы сияқты, егер мешітті шарап дүкеніне, зина үйіне, зұлымдықтың мекеніне немесе Аллаһпен бірге басқа құдайларға құлшылық жасалатын шіркеуге айналдырса, онда мешіт оны толтырушы адамдардың (контингентінің) өзгеруіне сәйкес, өзінің мәртебесін және атын жоғалтады. Және керісінше, кез келген шарап дүкені, зина үйі немесе сол сияқты орын Аллаһ Тағалаға құлшылық жасалатын мешітке айналып, орын алған өзгерістерге сәйкес өзінің мәртебесін өзгертеді. Тура осы нәрсе адамдарға да қатысты: ізгі адам бұзақыға айналуы мүмкін, кәпір мүмінге, мүмін кәпірге т.с.с. Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһ сендерге бейбітшіліктегі жайбарақат бір кентті мысал берді…» (ән-Нахль; 112). Бұл аят кезінде күпірліктің жері болған Мекке туралы түсірілген еді, алайда ол өздігінше Аллаһтың ең жақсы жері және Аллаһ үшін ең сүйікті жер еді. Ақиқатында, бұл аятта Меккенің өзі емес, оның тұрғындары аталып тұр. Әт-Тирмизи Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әл-Хазуарда[6] тұрып, былай деп айтқанын жеткізген: «Аллаһпен ант етемін, (уа, Мекке) сен – Аллаһтың жерлерінің ең жақсысысың және Аллаһтың алдында Оның жерлерінің ішіндегі ең сүйіктісісің. Егер менің халқым мені сенен қуып шығармағанда, мен сені тастап кетпес едім».
(Осы хадистің) өзге риуаятында былай деп жеткізіледі: «Сен – Аллаһтың жерлерінің ең жақсысысың және Оның жерлерінің мен үшін ең сүйіктісісің». Сөйтіп, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мекке – Аллаһ және Оның Елшісі үшін ең сүйікті жер екенін, бірақ оның Мәдинада тұруы және онымен бірге болған мүміндердің сонда болуы олардың Меккеде тұруынан жақсырақ және мәртебелірек болғанын түсіндіріп берді, өйткені Мәдина хижраның орны еді. Дәл сол үшін де ислам елінің шекаралас аудандарында қорықта болу (рибат) және өмір сүру Мекке және Мәдинаға көршілес аудандарда өмір сүруден артығырақ, бұған мына сахих хадисте нұсқалғанындай: «Аллаһтың жолында мұсылман жерлерінің сақшылығында күндіз-түні тұру бір ай бойы орындалатын ораза мен түнгі намаздардан абзалырақ. Егер (мұсылман адам) муррабит (яғни шекарашы) болған кезінде өлсе, ол мужжәхид болып өледі, және оның амалдары жалғаса береді, және оған Жәннаттан үлесі белгіленеді, және ол азғырушыдан құтылады[7]»”. [Ибн Таймийяның сөзінің соңы]
Бұл ораторлар және докторлар шейх әл-ислам Ибн Таймийяның, Аллаһ оны рақым етсін, білім қазынасында сақтаулы осы ақиқаттар және бағасыз маржандар жайында толық хабарсыздықта қалуда. Бұл адамдар Шариғатты елемейді, алайда палестиналықтарға өз жерлерінде қалуға бұйырғанда және одан көшуге тыйым салғанда, Аллаһ Тағаланың сөздерімен айтқандай, «Олар өздерін игілік жасап жатыр деп ойлайды», ал ол жерде тұру палестиналықтардың дінін және өмірін мерттіктіреді, ерлерді қаза, әйелдерді масқара болуға әкеледі, жасөспірімдерді және бойжеткендерді моральдық тұрғыдан бұзады, бұл жөнінде олар өздерінің көптеген хабарларында мәлімдейтіндеріндей. Мұның барлығы мұсылмандардың әйелдері төсектерінде жатқан кезде[8] үйлеріне кенеттен тап беретін және басқа да нәрселерді жасап, палестиналықтардың басына қасірет пен арсыздық әкеп төгетін яхудилердің қатал қанаушылығының себебімен орын алуда. Осының барлығы туралы, өзін аңшыны көрмей тұрғанға салып басын жерге сұғып алып тұрған ақымақ түйе құс сияқты, өздерін ешнәрсені білместікке салып отырған ораторлар мен докторлар өте жақсы біледі! Бұл адамдар өздерінің надан екендіктерін білмейтін надандар болғандары қандай өкінішті-ақ! Олар Аллаһ Тағаланың «Ал егер біз оларға: «Өздеріңді өлтіріңдер (яғни жазықсыздар залымдарды өлтірсін) немесе үйлеріңді тастаңдар!», — деп әмір еткенімізде, олардан өте азы ғана осыны орындайтын еді!» (ән-Ниса; 66) деген сөздерін оқымады ма?
Мен бұл адамдардың өз жерлерінен бірде қашқындар[9] ретінде, бірде эмигранттар[10]ретінде кетіп қалған палестиналықтар туралы не айтып жатқанын білсем еді. Олар бұл палестиналықтарды олар өз жерлерін яхудилерге босатып берді деген сылтаумен күнәхар деп атайды ма екен?!
Ендеше олар Пешаварға (Пәкістан) хижра жасаған миллиондаған ауғандықтар туралы не айтар екен, алайда олардың жері — Палестина яхудилермен оккупацияланғандай деңгейде оккупацияланбаған болса да?
Ал тағы да, олар осы күндері кейбір мұсылман елдерінде, соның ішінде Иорданияда да пана іздеп жүрген босниялықтар туралы не айтар екен? Олар оларға да өз жерлерін тастап кетуге тыйым салады ма?! Осы бүлік бастаушылар оларға тиістіріп: «Олар не үшін бізге келеді? Оларға бұл жерде не қажет?», — деп айтады ма екен? Олар сонда Аллаһ Тағаланың мухажирлерді құшақ жайып қарсы алғандар туралы: «Бұрыннан Мәдинада қоныстанғандар және олардан бұрын иман келтіргендер өздеріне көшіп келгендерді жақсы көріп, оларға берілген нәрселерге көңілдерінде кірбеңдік болмайды. Сондай-ақ, өздерінде таршылық бола тұра оларды өздерінен артық көреді. Ал сараңдықтан сақсынғандар, солар – құтылушылар» (әл-Хашр; 9), — деп айтқанын білмейді ме?!
Немесе олар Аллаһ Тағала олар туралы: «Олар мұны бір жылы халал деп, ал басқа бір жылы оны харам деп жариялайды» (әт-Таубә; 37), — деп айтқан адамдардан болуды ниет етеді ме екен?!
Шейх әл-Әлбанидің пәтуасының соңы.
[1] Сөз, әрине, кейбір топтар жихадтың атын жамылып, жүргізіп жатқан қастандықтар мен жарылыстар туралы емес, мемлекеттің туының астында және оның әмірінің бұйрығымен жүргізілетін шынайы жихад туралы болып тұр.
[2] Әс-Сафийй – Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әскери олжаның заттарының ішінен (құлдардан, аттардан, қылыштардан немесе өзіне ұнаған басқа заттардан) олар бес бөлікке бөлінгенге дейін өзі үші таңдап алатыны. Бұл үш нәрселер, яғни хадисте аталған бестен бір бөлік (әл-хумс), әс-сахм және әс-сафийй тек Пайғамбарға ғана (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қатысты еді және Аллаһ оған қандай да болмасын садақаны алуға тыйым салғандығы үшін өтемақы еді. Бұл түсіндірмені әл-Хаттаби берді.
[3] Бірінші себеп – олардың бұл дүниеге байланғандығы және өздерінің елдеріндегі жеңіл және жайбарақат өмір сүруі. Ол жақта, білетініміздей, адамдар әл-ауқатты және материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілген түрде өмір сүреді және оларға әдетте мұсылман еліне көшуге ниеттену қиын, өйткені олардың ойынша ол жақта оларға лайықты тіршілік ету жағдайлары жасалмайды.
Өзге, бұдан да маңызды себеп – олардың бұл заң-ереже туралы хабардар болмауы. Мұндай жағдайда олар жауапкершілікке тартылмайды және оларға бұл әмірді орындамау кешіріледі, өйткені олар ол жөнінде сөздері бірнеше шет ел тілдеріне аударылған уағыздаушылардың біреуінен де, сондай-ақ бұл елдерге Ислам шақыруын іске асыру үшін келгендердің ешқайсысынан естімеді. Бұл шақырумен айналысатын адамдардың көбі, әсіресе «Жамағат әт-Таблиғтың» мүшелері, фиқхтың білімпаздарына жатпайтындығымен түсіндіріледі.
Керісінше, Исламды қабылдап жатқан адамдар көптеген мұсылмандардың хижра туралы заң ережелерін керісінше орындап, өз елдерін қалдырып, кәпірлердің елдеріне көшіп жатқандарын көріп, өздерінің елдеріне одан сайын байланып қалып жатыр! Ал мұсылмандардың өздері мұндай заң ережелеріне қайшы әрекет жасап жатса, онда Исламға келген адамдар мұндай заң ережелері туралы қайдан білмек?!
Ендеше, біріншілері де, екіншілері де хижра жихад сияқты жалғасып жатқанын және жалғаса беретінін білсін. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Дұшпанмен соғысу жалғаса бергенше хижра үзілмейді». Басқа бір хадисте ол: ««Тәубе қабыл етілгенше хижра үзілмейді, және Күн батыстан шықпайынша тәубенің қабыл етілуі тоқтамайды», — деді. Қз.: «Әл-Ируа» (№ 1208).
[4] Бұл оратор былай деді: «Аллаһпен ант етемін, егер маған әл-Қудста (Иерусалимде) яхудилердің оккупациясының астында өмір сүру мен араб астаналарының бірінде өмір сүруді ұсынса, мен әл-Қудсты таңдап алар едім, — кейін ол айтқандарына мына сөздерді қосты: — менің табанды пікірім: Алжирден Тель-Авивке хижра жасау міндетті (уәжіп) болып табылады!»
[5] Редактордың ескертпесі: әл-Фатх (”ашу”) – хижраның 8 жылының Рамазан айында мұсылмандардың Меккені бағындыруы (христиан жыл санауы бойынша 630 жылдың қаңтары).
[6] Редактордың ескертпесі: Меккедегі Қағбаның жанына жақын орналасқан жер. Әл-Харам Мешіті кеңейтілгеннен кейін бұл орын оның территориясының бөлігіне айналды.
[7] Редактордың ескертпесі: ”және ол азғырушыдан құтылады”, яғни ол өзін азғыратын барлық нәрседен, басқаша айтқанда періштелер адамдарға қабірде қоятын сұрақтардан құтқарылады.
[8] Бұл сөздерді айтқан шейх әл-Әлбани біздің күнімізге дейін өмір сүріп, балалардың шашы ағаратын нәрселер туралы естігенде не деп айтар еді?! Мұсылмандар Палестинада нендей жан түршігерлік жойылуға тартылып жатқанын, олардың қуылып, үйлері мен егіндері жойылып жатқанын естігенде ше?!
[9] 1948 жылы, Палестина енді Израильдің құрамдас бөлігі болып табылатындығы жарияланған кезде.
[10] 1967 жылы, қалған палестиналықтардың көбі Газа секторын және Иордан өзенінің Батыс жағалауын тастап кеткен кезде.