Әт-Таифатул-мәнсура (Жеңімпаз топ) — бұл ғалымдар

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Менің үмметімнен бір топ[1] ақиқатты ашық ұстануын тоқтатпайды және оларға қарсы шығушылар зиян тигізе алмайды!» әл-Бухари 4/187.

Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Меннің үмметімнен болған адамдардың бір тобы ақиқат үшін соғысуды Ақырет күніне дейін тоқтатпайды!» Муслим 1037.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деді: «Менің үмметімде көмек көрсетілетін топтың болуы тоқтамайды!» Ахмад 3/436, әт-Тирмизи 2192, Ибн Хиббан 6834, Ибн әл-Жә’д 1076. Хадистің сахихтығын имам Абу Иса әт-Тирмизи және шейх әл-Әлбани растаған.

Бұл хадистерде жеңімпаз қауымның сипаттары көрсетіледі:

1. Олар ақиқатты ашық және айқын ұстанады;

2. Олар Ақырет күніне дейін ақиқат үшін соғысады[2];

3. Оларға үнемі Аллаһтан көмек және жеңіс беріледі.

«Жеңімпаз топ» кімдер екендігі туралы үмметіміздің ұлы имамдарының айтқан сөздері:

Ибн әл-Мубарак: «Олар – хадис білгірлері (асхабуль-хадис)», — деді. Қз.: «Шәрафу асхабиль-хадис» 26.

Ибн Мәдини былай деді: «Олар – хадис білгірлері». Қз.: «»Сунан» әт-Тирмизи» 6/356.

Имам Ахмад былай деді: «Егер олар — хадис білгірлері болмаса, онда мен олардың кім екендігін білмеймін!» Әл-Хаким «Мә’рифату ‘улюмил-хадис» 4.

Ахмад ибн Синан: «Олар – алдынғы буын өкілдерінің (сәлафтардың) жолына ілесуші білім иелері!», — деп айтқан. Қз.: «Шәрафу асхабиль-хадис» 26.

Имам әл-Бухари Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Меннің үмметімнен болған адамдардың тобы ақиқат үшін соғысуды Ақырет күніне дейін тоқтатпайды!» деген  хадисін келтіріп: «Олар – білім иелері!», — деді.  «Фәтхул-Бәри» 13/205.

Имам Ибн Хиббан тарауды «Хадис білгірлеріне Ақырет Күніне дейін көмек көрсетілетінін ескерту» деп атап: «Менің үмметімде көмек көрсетілетін топтың болуы тоқтамайды!», — деді. Қз.: «»Сахих» Ибн Хиббан» 1/153.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: «Адамдардың арасынан «Жеңімпаз топ» болуға баршадан көбірек лайықтылары – бұл хадис пен Сүннетті білетін ғалымдар». Қз.: «Мәжму’уль-фатауа» 3/347.

Жеңімпаз қауым – бұл ғалымдар және хадис білгірлері екендігі туралы, сәлафтардан (алдынғы буын өкілдерінен) және оларға ілесушілерден болған мына имамдар да айтқан: Язид ибн Харун, Ибн Қутайба, әт-Тирмизи, Ибн Жәрир әт-Табари, Ибн Абу ‘Асым, әл-Әжжурри, Ибн Бәтта, әл-Ләләкаи, әл-Хаким, Хатыб әл-Бағдади, Ибн Сабит, әл-Бәғауи, Ибн әл-Жәузи, Ибн Муфлих, әш-Шәтыби, Ибн Абиль-‘Изз, ән-Нәуауи, Ибн Хажар, Ибн Ражаб, әл-‘Айни, әс-Саффарини, әл-Қасталани, әс-Синди, Абу Батын, Сыддық Хасан Хан, Шамсуль-Хақ ‘Азым Абади, Ахмад әл-Хакими, ‘Абдур-Рахман әс-Са’ди, әл-Әлбани, ‘Убайдуллаһ әл-Мубаракфури, Ибн Баз, Хамад әл-Әнсари, Ибн ‘Усаймин және басқалар. Сонымен бірге, барлық әһлю-Сунна ғалымдары «таифатуль-мансура» — бұл білім иелері екендігі туралы бір ауызды келісімде болған. Имам ән-Нәуауи былай деді: «Ғалымдардардың «“Таифатуль-мансура” — бұл білімді алып жүрушілер!» деген пікірі бір жерден шықты». Қз.: «Тахзибу әсмаи уә-л-люғат» 1/18.

Алынған дереккөзі: www.toislam.ws



[1] «Менің үмметімнен болған адамдардың тобы» деген сөздерде сөз жалпы үммет туралы емес, мұсылмандардың нақты бір тобы туралы болып тұрғанына нұсқау бар.

[2] Өз кезінде хауариждер бұл хадистің мағынасын үстіртін түсініп, өздерін жеңімпаз қауым деп санады, өйткені сол кезде олардан өзге ешкім соғыспады. Хадисті осылай түсіну дұрыс емес, өйткені  мұны айтқан Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үзіліссіз шайқасқан жоқ және мұсылмандардың әлсіз болуы себепті тіпті он жыл мерзімге кәпірлермен бітім де жасасты. Шейх Абу Батын бұл хадис жөнінде былай деді: “Бұл – «олар үнемі қылыштың көмегімен соғысады» деген сөз емес! Жоқ, үнемі дәлел (хужжа) арқылы және кейде қылыш арқылы соғысады!” Қз.: “әр-Расаилю-н -Нәждия” 9/228.

Бұл хадисті дәл осылай, яғни «жиһад Ақырет күніне дейін жалғаса береді, алайда ол үзіліссіз бола беретінін бірдірмейді» деп түсіну керек. Бұл – һижра туралы айтылған: «Һижра тәубе қабыл етіле бергенше және күн батыстан шығып, тәубе қабыл етілуі тоқтамайынша үзілмейді!», — деген хадистер сияқты. Ахмад, Абу Дауд. Хадис сахих. Қз.: «Сахихуль-жәми’» 7469. Алайда осыдан һижра күн сайын Ақырет күніне дейін үзілмей жасала береді деп түсінуге болады ма?!

Осыған қоса, осы «Меннің үмметімнен болған адамдардың тобы ақиқат үшін соғысуды Ақырет күніне дейін тоқтатпайды!» деген хадисте сөз хадис білгірлері туралы болып жатыр, бұл жөнінде  Язид ибн Харун, Ахмад және әл-Бухари сынды имамдар айтқанындай. Қз.: “Шәрафу әсхабиль-хадис” 1/26-43. “Фәтхул-Бәри” 13/205.

«Күмәнсіз, бұл қауым Қайта тірілу Күніне дейін жиһад жүргізуді тоқтатпайды, және ол, қуатқа (қууа) және қабілетке (қудра) ие болса, қарудың көмегімен шайқасады, ал әлсіз  және күшінің болмауы кезінде тіл мен дәлел арқылы (шайқасады)». Қз.: “Дауабитул-жиһад фи Суннәти-н-нәбәуия” 11.

Сондай-ақ кейбір адамдар: «Исламдағы жиһад – бұл тек қана  кәпірлермен қарулы соғыс», — деп, жиһадтың қалған түрлерінің: мейлі ол нәпсімен, немесе шайтанмен, немесе екіжүзділер және бидғатты жақтаушылармен жиһад болсын —  маңызы мен мәнін жоққа шығарады немесе төмендетіп жібереді. Шейх Ибн әл-Қайим былай деді: “Білім және дәлелдің көмегімен жүргізілетін жиһад – бұл пайғамбарлардың және Аллаһтың елшілерінің, сондай-ақ Оның таңдаулы құлдарының жиһады! Және дәлел мен тіл арқылы жасалатын жиһад қылыш және найза көмегімен жүргізілетін жиһадтан маңыздырақ!” Қз.: “әл-Кәфия әш-шәфия” 19.

Сондай-ақ Ибн әл-Қайим былай деді: “Жиһад  дұшпанмен және өз нәпсіңмен болады және нәпсіңмен болған жиһад дұшпандармен жиһад жүргізуден артық. Ақиқатында, өзіне бұйрылған нәрсені орындау және өзіне тыйым салынған нәрселерден қашықтау үшін өз нәпсісімен соғыспайтын (адам) дұшпандарымен жиһад жасай алмайды. Алайда үшінші дұшпан да бар және онымен шайқаспай, дұшпандармен де, нәпсімен де жиһад жасау мүмкін болмайды. Ол – шайтан. Және онымен жиһад жүргізу дұшпандар және нәпсімен жиһад жүргізуге негіз болып табылады. Аллаһ Тағала былай деді: «Ақиқатында, шайтан сендерге дұшпан болып табылады, ендеше оған  дұшпан ретінде қараңдар. Ол өзінің партиясын Тозақ тұрғындары болуға шақырады» (Фатыр 35: 6). Шайтанға дұшпан ретінде қарау бұйрығы оған қарсы шайқасуда және жиһад жүргізуде  барлық күш-жігерді сарп етудің маңыздылығына нұсқайды, өйткені шайтан – әлсіремейтін және Аллаһтың құлымен соғысуын тоқтатпайтын дұшпан!” Қз.: “Задуль-ма‘ад” 3/6.

Сондай-ақ Ибн әл-Қайим былай деді: “Дін біліммен және жиһадпен орнатылады, сондықтан да жиһад екі түрлі болады: біріншісі – бұл қолдың және қылыштың көмегімен жасалатын жиһад, және бұл – көпшілік қатысатын (жихад). Екінші түрі – бұл дәлел және түсіндірудің көмегімен жасалатын жиһад, ал ол Аллаһтың таңдаулы құлдарыңың жиһады және имамдардың жиһады еді. Жиһадтың бұл түрі, оның пайдасының ұлықтығы және дұшпандарының көптігі себепті, екеуінің ішінен ең жақсысы болып табылады. Аллаһ Тағала Меккеде түскен «Фурқан» сүресінде былай деді: «Егер біз қаласақ, әрбір мекенге сақтандыратын ескертуші жіберер едік. Сондықтан кәпірлерге бағынба және ол (Құран) арқылы ұлы жиһад жүргіз!» (әл-Фурқан 25: 51-52). Және бұл – кәпірлерге қарсы Құранның көмегімен жүргізілетін жиһад, ол сондай-ақ екіжүзділерге де қарсы жиһад болып табылады. Ақиқатында, екіжүзділер мұсылмандарға қарсы соғыспады, керісінше, олармен бірге болды, тіпті мұсылмандармен бірге дұшпандарға қарсы соғысты, бірақ, бұған қарамастан,  Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, Пайғамбар! Кәпірлермен және екіжүзділермен шайқас және оларға қатал бол!» (әт-Тахрим 66: 9). Ал екіжүзділерге қарсы жиһад  дәлел және Құранның көмегімен болғаны бізге мәлім. Қз.: “Мифтаху дари-с-са’ада” 1/70.

Сондай-ақ, Ибн әл-Қайим былай деді: “Екіжүзділерге қарсы жиһад кәпірлерге қарсы жиһадтан ауырлау, және бұл — таңдаулылардың және пайғамбарлардың мирасқорларының жиһады, және осы жиһадты дүние жүзінде санаулылар ғана жүргізеді. Және бұл жиһадты жасаушылар аз болғанымен, олар Аллаһтың құзырындағы ұлы орынға ие». Қз.: “Задуль-ма’ад” 3/15.

You may also like...