шейх ‘Абд әр-Раззақ әл-Бадрдің «Жихадтын даналықтары мен ережелерінен жақсы жемістер» кітабын жариялауды жалғастырамыз:
Тоғызыншы тарау: Жихадта ақиқаттан ауытқудың қауіптілігі
Ақиқатында, жоғарыда аталған барлық формалардағы және түрлердегі жихад мәселесіндегі ауытқулар үлкен қауіп-қатерлерге және көптеген жаман нәрселерге әкеп соқтырады. Осы ауытқулардың және қайшылықтардың салдарына назар салып қараған, немесе олардың себептері немесе атқарушылары туралы ой қозғаған адам оларды түсінеді. Осы жерде жихадтағы ауытқулардың қауіптілігін білуге мүмкіндік беретін ең маңызды нәрселерге көңіл бұрған жөн болады. Олардың арасында:
1. Бірқұдайшылықтың емес, надандықтың туының астында жихад жүргізу.
Жихадтағы бұл ауытқу жихадты заңды мақсаттарда емес, Ислам шақыратын нәрселерге қайшы келетін мақсаттарды іске асыру үшін жүргізуге апарады. Бұл — Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, одан сақтандырып ол жөнінде былай деген нәрсесіне жатады: «Кім соқыр ілесушілікпен шайқасып, өзінің тайпасы (руы) үшін ызаланып және өзінің тайпасы (руы) үшін соғысып өлсе, оның маған еш қатысы жоқ». Муслим № 1850.
2. Тыйым салынған қантөгісті және жазықсыз адамдарды өлтіруді рұқсат ету.
Жихадтағы ақиқаттан осы ауытқушылық тыйым салынған қантөгісті және жазықсыз адамдарды өлтіруді, осыны Аллаһ жолындағы жихад деп, рұқсат етуге ақталу (сылтау) етілуіне әкеледі. Дәл осыны мүміндердің әмірі ‘Али, Аллаһ оған разы болсын, халифалығы кезінде аһли Сунна уәл-жама’аға қарсы шыққан хауариждердің тобы істеді, олар мұсылмандардың қаны мен мал-мүлкін өздеріне халал етіп, олардың малдарын тонады. Және олардан кейін Сүннеттен шығып кеткен ауытқушы жамағаттар да бүгінгі күнге дейін дәл осылай істеп жатыр!
Ал Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұл ауытқудан өте қатты ескерпе жасап сақтандырып: «Кім менің үмметіме қарсы шығып, олардың арасындағы иман келтіргендері үшін қынжылмай, өзі келісім-шарт жасасқандармен жасаған келісімін орындамай, ізгілер мен бұзақыларды (қосып) өлтірсе, оның маған еш қатысы жоқ, ал менің — оған (еш қатысым жоқ)», — деді. Муслим № 1848.
3. Бөліну, қарама-қарсылық және мүсылмандардың жама’асы мен олардың әмірінінен бөлініп шығу.
Бұл бұрынғы және таяу кездегі жихадтағы ең үлкен ауытқулардың қатарына жатады. Ислам дінінде міндетті түрде білуге тиісті нәрсеге әл-жама’асыз дін жоқ, басқарусыз әл-жама’а жоқ, бағынусыз және мойынсұнусыз басқару жоқ екендігі жатады. Және мұсылмандардың әміріне бағынудан шығу және оған соғыспен қарсы шығу қалаларда және Аллаһтың құлдарының арасында бұзақылық таралуының ең үлкен себептеріне жатады, сондай-ақ тура жол мен дұрыс басшылықтан ауытқу болып табылады. Қз.: “әд-Дурар әс-сәния” 7/288, 302.
Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: “Мұсылмандар кәпірлерге қарсы біртұтас қол болуы қажет, Аллаһқа және Оның Елшісіне мойынсұнып, Аллаһтың жолында жихад жасап, мұсылмандарды шыншылдыққа және өздеріңің алдынғы буын өкілдерінің ізгі мінез-құлық өнегесіне шақырып, бірігуге және соғысуға міндетті. Өйткені бұл Аллаһ Тағала солармен Елшілерін жіберіген және Ктаптарын түсірген дін негіздерінің және иман қағидаларының ең бастыларының біріне жатады. Аллаһ Тағала өзінің барлық құлдарына бірігуді әмір етті және оларға бөлінуді және қарсыласуды тыйым етті, Ол Өзі бұл жөнінде былай деп айтқандай: «Дінді мықты орындаңдар да, дінде бөлінбеңдер» (Шура, 13).
4. Мұсылмандарды әлсірету және олардың жауларына олардың үстінен билікті беру
Бұл – жихадта шариғаттың ережелерін ұстанбай және мұсылмандардың жағдайын назарға алмай, қате жолды ұстанушының әрекеттерінің салдары кәпірлерге мұсылмандардан өш алуға, олардың істеріне араласуға және олардың күшін әлсіретуге сылтау беру болатындығынан. Бұл осы күндері ислам үмметінде кейбір жастардың жихад мәселесінде ауытқуының себебімен орын алып жатқанындай, әрі Аллаһтан өзге ешкімде күш те, қуат та жоқ.
5. Исламды жек көрсету және Аллаһ Тағалаға шақыруға бөгет жасау
Бұған қиратушы және өшпенділік әрекеттер, жарылыстар және жоюлар, әрі осыларды жихад деп атау себеп болды. Ал кәпір немесе сауатсыз адамда осы нәрселер діннің амалдарына және Исламды ұстанушылардың сипаттарына жатады деген пікір қалыптасады. Нәтижесінде осы бұрмаланған бейне оларға Исламға деген жолды жабады, мұсылмандарға деген ыза туғызады. Алайда бұл әрекеттер тек оларды істеушілердің бейнесін сомдайды және Исламмен ешбір ортақтығы жоқ.
Оныншы тарау: Жихадтағы ауытқулардың мысалдары
және осы ауытқулар Аллаһ Тағалаға және Оның хақ дініне жала жауып, жихадтың атымен жасалатын жауыздықтар мен жиіркенішті істерге алып келетіндігі туралы
Тарих пен Пайғамбар өмірбаянын зерттеуші көптеген ғалымдар: “Бірде үш хауариж: Ибн Мульжәм әл-Химйяри деп танылған ‘Абдур-Рахман ибн ‘Амр; әл-Барак ибн ‘Абдуллаһ әт-Тамими және ‘Амр ибн Бакр әт-Тамими бас қосып, ‘Али олардың Нахрауан тұрғандарынан болған бауырларын өлтіргенін еске алды және олар туралы қайғыра бастады. Олар: «Біз олардың арттарында қалғандармен бірге не істей аламыз? Олар адамдардың ең жақсылары еді, ең көп намаз орындайтын, адамдарды Раббыларына шақыратын және Аллаһтың жолында айыптыны сөгуге қорықпайтын еді. Шіркін, егер біз жандарымызды сата алсақ еді, адасушылықтың басшыларына барып, оларды өлтіріп, олардан қалаларды азат етіп, өзіміздің бауырларымыз үшін кек алсақ еді», — деді.
Сонда Ибн Мульжәм: » Мен өзіме ‘Али ибн Абу Талибті аламын», — деді. Әл-Барак ибн ‘Абдуллаһ: «Мен өзіме Му’ауия ибн Абу Суфьянды аламын», — деп айтты. Ал ‘Амр ибн Бакр: «Мен өзіме ‘Амр ибн әл-‘Асты аламын», — деді. Және олар өзара келісіп, олардың әрбірі өз қарсыласын өлтірмейінше немесе өзі өлмейінше одан шегінбеуге шарттасты. Олар қылыштарын алды, олардың үстінен Аллаһтың атын айтты да, он жетінші Рамаданда әрқайсысы өз қарсыласына оның қаласында шабуыл жасау туралы шарт жасасты», — деп баяндайды.
Сөйтіп, бұл үшеуі сол кезде адамдардың ең жақсылары болып саналатын Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларының үшеуін өлтіру туралы өзара келісті. Олар (бұл хауариждер) оларды «адасушылықтың басшылары» деп атады және оларды өлтіруді рұқсат етілген деп, тіпті Аллаһ жолындағы жихад деп санады.
Ибн Мульжәм туралы айтар болсақ, ол ‘Али, Аллаһ оған разы болсын, тұратын Куфаға аттанып, оған кіріп, ниетін тіпті сол жердегі өзінің хауариж серіктерінен жасырды. Кейін ол Куфада бір хауариж әйелді көріп қалып, оған ғашық болды, ал ол оған үйленуінің шарты ретінде ‘Али ибн Абу Талибді өлтіруді қойды. [1]
Ибн Мульжәм сол әйелге: “Ол – сен үшін. Аллаһтың атымен ант етемін, мен бұл қалаға тек ‘Алиді өлтіру үшін келдім», — деді. Кейін ол әйел Ибн Мульжәмды осы іске үгіттей бастады және оған өз тайпасынан болған Уирдан деген бір адамды көмекші болу үшін жолдады.
Ибн Мульжәм сондай-ақ Шубайб ибн Баджра әл-Ашджа’и әл-Харижжи деген бір адамды да өзіне көмекші болу үшін жалдады.
Рамадан айы басталғанда, оның он жетісінде, бұл үшеуі: Ибн Мульжәм, Уирдан және Шубайб, қылыштарын белдеріне тағып, ‘Али шығып жүрген есіктің алдына келіп отырып алды. Ол шығып, адамдарды намазға тұрғыза бастады. Сонда оның жанына Шубайб келіп, оны қылышымен ұрып, жағасына тиді. Ал Ибн Мульжәм оны басының тас төбесіне ұрды да, қан оның, Аллаһ оған разы болсын, сақалына құйылып ақты. Ибн Мульжәм ұрғанда: «Аллаһтан басқа үшін билік жоқ! Сен үшін де, ‘Али, сенің серіктерің үшін де!», — деп айтты. Және ол Аллаһ Тағаланың мына сөздерін оқи бастады: «Адамдардан Аллаһтың ризалығын іздеп жанын сататындар да бар. Аллаһ құлдарына тым жұмсақ» (Бақара, 207).[2]
Аллаһ Пәк! Қалайша барша мұсылмандардың бірауызды келісімі бойынша өз заманының ең жақсы адамы деп саналған — Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көкесінің баласы, оның өзінің күеу баласы, тура жолмен жүруші төртінші ізгі халифа болған ‘Али ибн Абу Талибті, Аллаһ оған разы болсын, өлтіру арқылы Аллаһтың ризалығын алуға болады?! Қалайша адам осындай жексұрын қылмыспен және жиіркенішті амалмен Аллаһтың ризашылығын алуды ниеттеніп, өз жанын сатады?! Осы нәрсе жихадтағы ауытқушылықтың қауіптілігінің ғана дәлелі болып қоймай, сондай-ақ оның салдары болған бұзақылық пен қасіреттің де дәлелі болмайды ма?
Хауариждердің бұл адасқан және ауытқан тобы шейхуль-Ислам айтқандай: “Мұсылмандарды олардың күнәлары үшін және тіпті өздерінің пайымы бойынша күнә деп табылған нәрселер үшін кәпір деп атаған алғашқысы болып табылады. Олар осы үшін мұсылмандардың қанын халал етіп, оларды Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Исламды ұстанушыларды өлтіріп, пұтқа табынушыларды тастап қояды», — деп сипаттағандай болды. Олар ‘Али ибн Абу Талибті, ‘Усман ибн ‘Аффанды және олардың қол астындағыларын кәпір деді. Олардың ішінен оны ‘Абдуррахман ибн Мульжәм әл-Муради өлтірді. Ол және басқа хауариждер ғибадатта өте ынталы болды, алайда олар надан еді және аһли Сунна уәл жама’адан бөлініп кетті. Олар: «Адамдар не мүмін, не кәпір болады», — деді. «Мүмін – бұл барлық парыздарды орындап, барлық тыйымдарды тастаушы», — деді. «Кім мұндай болмаса – ол Тозақта мәңгі қалатын кәпір», — деді. Кейін олар осындай (кәпір) деп өздерінің пікіріне қарсы болған кез келден адамды атайтын болды. Олар: «Ақиқатында, ‘Али, ‘Усман және солар сияқтылар Аллаһ түсіргендей шешім шығарған жоқ, залымдық жасады және кәпір болды», — деді. Бұл адамдардың пікірі Құран мен Сүннеттің көптеген дәлелдеріне сәйкес – жалған». Қз.: «Мәжму’ әл-фатауа» 7/481-482.
Хауариждерді айыптайтын Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жеткен хабарға ‘Али ибн Абу Талибтің, Аллаһ оған разы болсын: «Мен Алаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жақын арада ақырзаманда менің үмметімде жас және ақылы кем адамдар пайда болады. Олар жаратылыстардың ең жақсысының сөздерін айтады. Олардың иманы кеңірдектерінен төмен өтпейді. Олар діннен, жебе садақтан ұшып шыққандай, ұшып шығады. Оларды қай жерде кездестірсеңдер де, өлтіріңдер, өйткені оларды өлтіргенге Ақырет күні сый бар», — дегенін естігенмін», — деп жеткізгені жатады. әл-Бухари № 6930, Муслим № 1066.
Абу Заррдан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ақиқатында, менен кейін үмметімде (немесе менен кейін жақын арада үмметімде) Құранды оқитын, бірақ ол олардың кеңірдегінен әрі өтпейтін адамдар пайда болады. Олар діннен, жебе садақтан шыққандай, шығады, ал содан соң олар оған қайта оралмайды. Олар – халықтардың және жаратылыстардың ішіндегі ең жамандары!» Муслим № 1067.
Алдынғы ізгі буынымыздан, Аллаһ оларды рахым етсін, хауариждерді сөгетін, олардан сақтандыратын, олардың ислам үмметіне деген үлкен қауіптілігін түсіндіретін көптеген хабарлар және бірін-бірі күшейтетін пікірлер келтірілген, оларды айтып өту көп уақытты алады.
Уахб ибн Мунаббах, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтатын: «Аллаһпен ант етемін, Аллаһ үнемі хауариждердің тобын оның ең нашар халінде бөліп тастайды. Олардан болған біреу (жихад) туын көтергенде, Аллаһ үнемі оны жояды. Ешқашан үммет хауариждің төңірегіне бірікпеген еді. Егер Аллаһ хауариждердің пікірінің орындалуына мүмкіндік бергенде, жер бетінде бұзақылық таралар еді, Аллаһтың Үйіне қажылық тыйылар еді және адамзат надандыққа оралар еді!» Қз.: Ибн ‘Асакир «әт-Тарих» 26/389,.
Аллаһ Өзінің рахымымен және кеңдігімен мұсылмандарды олардың жауыздығынан құтқарып қалды.
Бұдан тыс, бұл хауариждер надандарды және жас мұсылмандарды азғырудың әдістеріне және надандарды алдап түсіретін дүние мәселелеріндегі өздерінің зухдтығы, ғибадаттарының көптігі, Аллаһтың діні үшін ерекше құлшынысы, Оның тыйымдары үшін қызғаныш танытуы сияқты өзге де шырмауларға ие.
Шейх Сулейман ибн Сахман, Аллаһ оны рахым етсін, былай деді: «Кім өз-өзіне ықыласты болса және өзінің құтылуын тілесе, олардың (хауариждердің) игілікті қалауы, оны іздеуі және оны істеуі, жақсылықты бұйырып, жамандықтан тыюы, және олар осыларды тек Аллаһтың разылығы үшін жасап жатқандығы туралы сөздері жайында ойланып көрсін. Алайда олардың діндегі ысырапшылдығы және парыз етілген нәрселердегі шектен шығуы оларды Му’ауияға, Аллаһ оған разы болсын, және онымен бірге болған сахабалар мен олардың ізбасарларына кәпір деп айып тағуға дейін жеткізді. Олар сондай-ақ ‘Али ибн Абу Талибті, Аллаһ оған разы болсын, және ең жақсы болған сахабалар мен олардың ізбасарларын да, оның пікірі олардың шешімді екі қазы шығару жөніндегі пікірімен бірдей болғанда, кәпір деп айыптады. Кейін олар Аллаһтың дінінде шешімді адамдар шығаруы — діннен шығаратын күпірлік екендігін және олар осыны жасап күнә жасағанын әрі кәпір болғанын айтты. Кейін олар осынысына тәубе келтіріп, ‘Алиге де: «Егер сен тәубе келтірсең, біз – сенімен біргеміз және сененбіз. Егер сен бас тартсаң, біз сенімен келісімді бұзамыз», — деді. Ал енді саған олардың амалдары – олардың дінде артық кететін және бұйрықтар мен тыйымдарда шектен шығатын карилары туралы жақсы пікірі және бұл үмметтің ең игі жүректі, терең білімді, мейлінше аз бәлсінбеуші адамдары — Аллаһ оларды Өзінің Пайғамбарына, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахаба болу үшін және Өзінің дінін ұлықтау үшін таңдап алған ғалым-сахабалар туралы жаман пікірі екендігі айқын болған шығар. Олар солардың артықшылығын мойындамаған және олардың басшылығына ілеспеген кезде, Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары ұстанатын дұрыс жолынан адасушылыққа кетті және оларды (сахабаларды) дінде өтірікші деп ойлады.[3]
Оларды бұған қорқыту туралы Қасиетті мәтіндердің (сырттай қарағанда) айқын (үстіртін) мәнін қабылдап және олардың (шынайы) мәні мен корытындыларын түсінбеуі алып келді. Олар бұл мәтіндерді орынсыз қолданды және күшейту, ауырлату, қинау жолын таңдап, Аллаһ оларға берген және оларға Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ақиқатында сендер қиындатушы емес, жеңілдетуші етіп жіберілдіңдер», — деп айтып бұйырған жеңілдікті тастады.
Сондықтан мүміндердің әмірі болған ‘Али, Аллаһ оған разы болсын, оларға қатысты осы жолды ұстанды, Аллаһ олардың жүректерін өзіне бұрады және олар баяғы қалпына түседі деп үміттеніп, оларға Аллаһ үшін ықылас танытты, олармен жұмсақ сөздермен сөйлесті. Ол оларға бірінен соң бірі бірнеше рет жолдау жасады, бұл жөнінде оның өзі бірде олар оған жолдау жасағанда айтқанындай. Олар оған: «Ақиқатында, билік (шешім қабылдау) Аллаһқа тән», — деп айтты, және осы арқылы, өздерінің пайымдауынша, жамандықты қайтарғысы келді. Сонда ‘Али: «Аллаһ Ұлы! Астарында өтірік меңзелген ақиқат сөз. Алайда сендер бізбен бірге болатын кездеріңде бізде үш хақыларың бар: біз сендерге мешіттерде Аллаһтың атын зікір етуге бөгет жасамаймыз. Сендер бізбен бірге қолма-қол болып тұрған кезде біз сендерге олжадан үлес алуға бөгет жасамаймыз. Сендер бірінші болып бастамайынша біз сендермен соғыспаймыз. Және біз сендер туралы Аллаһтың әмірін күтеміз», — деді.
‘Алиден хауариждер туралы: «Ей, мүміндердің әмірі, олар кәпірлер ме?» — деп сұралғанда, ол: «Олар күпірліктен қашты», — деді. Адамдар одан: «Олар екіжүзділер емес пе?» — деп сұрағанда, ол: «Ақиқатында екіжүзділер Аллаһты аз зікір етеді, ал бұлар Аллаһты көп зікір етеді», — деді. Адамдар: «Ендеше, олар кімдер?» — деді. Ол: «Бізге қатысты зұлымдық жасаған біздің бауырларымыз», — деді.[4]
Бұл — оның, Аллаһ оған разы болсын, осы адасқан бидғатшылармен жасаған қатынасының сипаттамасы, әйтсе де ол өзінің серіктеріне олар туралы былай деді: «Аллаһпен ант етемін, егер олар өз әрекеттерінен бас тартпағанда, мен міндетті түрде Аллаһтың, Оның Пайғамбарының, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ауызымен айтқан, олармен шайқасуда естілік танытып, біз тұрған ақиқатты біліп олармен соғысқан адамға қатысты шешімі туралы айтар едім». Сонымен бірге, Ол Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, олар туралы: «Олар Исламнан, жебе садақтан ұшып шығатыны сияқты, ұшып шығады. Кейін олар, жебе садаққа қайтып келмейінше, оған қайтып келмейді», — деген сөздері туралы білер еді. Оның, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Оларды қай жерде кездестірсеңдер де – өлтіріңдер», «Егер мен оларды кездестірсем, міндетті түрде оларды өлтірер едім, Ғад қауымы өлтірілгендей», — деген сөздерін де оған мәлім еді. Сонымен қатар, олар басқа адамдардан көбірек Аллаһқа құлшылық ететін және Оны мадақтайтын еді, тіпті сахабалар да олардың алдарында өздерін (ғибадатта) болмашы деп санайтын еді. Олар білімді тек сахабалардан ғана үйренген болса да.
Кім өзіне қатысты ықыласты болып жетістікті қаласа, бұл адамдардың жолын біліп, одан аулақ болуы керек, олардың көп намаздарына, оразаларына, Құран окуына, дүние істеріндегі зухдтығына тәнті болмауы қажет.
Ол соған қоса Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларының өмір тарихын білуі керек. Ол сондай-ақ олар өздерінен кейінгілерден артықшылыққа ие болған және өз істері мен сөздерінде мейлінше аз бәлсінушілік танытқан сахабалардың дұрыс басшылығын және тура дінін білуі керек. Бұл жағдайда, мүмкін, ол бұл адасқандардың кесірінен құтылар. Ал Аллаһ ақиқатты айтады және тура жолмен жүргізеді. Бізге Аллаһ жеткілікті, Ол — нендей жақсы Қамқоршы және Сақтаушы». Қз.: «Минхәжу аһли әл-хаққи уәл-иттибә’и фий мухолифәти аһли әл-жәхли уәл-ибтидә’и» 63-66 беттер.
Мүмкін, осында шейхуль-Ислам ибн Таймияның «Минхәж әс-Сунна» қітабының пайдасы туралы қорытындыны келтірген жөн болар еді, онда ол, Аллаһ оны рахым етсін, өзінің ұлы баянымен және пайдалы бекітуімен Аллаһ Тағала Мухаммадты, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, құлдарын бұл және алдынғы өмірде түзету үшін жіберді деп жеткізеді. Әрі ол ізгілік жасауды бұйырып жамандықтан тыю үшін. Сондықтан оның Жолдауы пайдаға қол жеткізуге және оны кемелдікке жеткізуге, жауыздықты жойып оны азайтуға негізделеді. Және Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әрбір адамға оның өзіне де, мұсылмандарға да пайдалы болған нәрселерді бұйырып, оның өзіне де, мұсылмандарға да зиянды болған нәрселерден тыйды.
Бұл ұлы негіздің ең айқын дәлелдеріне және ең маңызды мысалдарына Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мұсылмандардың басшыларына әділдік жасауды және өзінің қамқорындағыларға қатысты ықыласты болуды бұйырғандығы, тіпті оның: «Аллаһ қамқорлығына (біреуді) тапсырған және ол өз қарамағындағыларын алдауды қоймай өлген кез келген құлына міндетті түрде Жәннатты харам етеді», — дегені, хадистің басқа риуаятында: «Мұсылмандардың істерін олар үшін ынталы болмай және ықылас танытпай қандай да бір әмір басқарса, ол онымен Жәннатқа кірмейді», — деп айтқаны жатады. әл-Бухари № 7150, 7151, Муслим № 142.
Ал бұқараға ол мойынсұнуды және басшыларға қатысты ықыласты болуды бұйырды, бұл жөнінде: «Дін – бұл ықыластылық таныту», — деп айтқан хадисте ол үш рет осыны қайталап айтқанындай. Олар (сонда): «Кімге қатысты, уа, Аллаһтың Елшісі?», — деп сұрады. Ол: «Аллаһқа, Оның Кітабына, Оның Елшісіне, мұсылмандардың әмірлеріне және қарапайым мұсылмандарға», — деді. Муслим № 55.
Және ол әмірлер жәбір көрсетіп жатқанда сабыр етуді әмір етті, оларға қарсы шығуға және олармен тікетірес болуға (олардың билігіне таласуға) тыйым салды, тіпті олар зұлымдық жасап жатса да. Ол бұл жөнінде: «Мұсылман жеңілдікте де, ауыртпалықтарда да, ширақтықта да, қайғыруда да, әрі одан басқаларға артықшылық беріліп жатқанда да әмірді тыңдап, оған бағынуы кажет», — деп айтты.[5]
Мухаммадтың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, миссиясы құрылған осы шариғи негіздің негізінде, аһли сунна уәл жама’а әмірге (ел басшысына) қарсы шығуды және бүлік кезінде соғысуды тастау қажеттігі туралы айқын айтқан. Олар мұны өздерінің ақидасында (ақида бойынша кітаптарында) атайтын, әмірлердің жәбіріне сабыр танытуды, Аллаһқа мойынсұнбаудан өзге жағдайларда оларды тыңдап оларға мойынсұнуды бұйыратын. Өйткені әмірлерге қарсы шығудан және бүлік кезінде соғысудан туындайтын зиян әмірлердің жәбір көрсетуінен едәуір ауыр болатынын, сондықтан кіші зиян үлкен зиян арқылы жойылмайтынын олар түсінген. Әрі егер айыпталатын нәрсені жоюды одан да айыпты болған әрекетті орындаумен ғана іске асыру мүмкін болса, онда айыпталатын нәрсені мұндай жолмен жоюдың өзі айыпталады. Және егер жақсылыққа жетуді осы жақсы істің пайдасынан зияны басымырақ болған айыпталатын амалды орындаудан өзге жолмен іске асыру мүмкін болмаса, онда осындай жолмен жақсылыққа жетудің өзі де айыпталады.
Аһли Сунна уәл жама’а Аллаһқа және Оның Елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өздерінің мүмкіндігі жеткенше мойынсұнуда ынта танытады, бұл жөнінде Аллаһ Тағала: «Өздеріңнің мүмкіндіктеріңе сәйкес барынша Аллаһтан қорқыңдар», — деп бұйырғандай (Тағабун, 16) және Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мен сендерге не бұйырсам, соны бар мүмкіндіктерің жеткенше орындаңдар», — деп айтқандай. әл-Бухари № 7288, Муслим № 1337.
Егер кандай да бір әрекетте игілік пен жамандық қатар келсе, олар абзалын алады. Егер оның пайдасы зиянынан басым болса, оны орындауға басымдық береді. Егер оның зияны пайдасынан көп болса, онда олар оны, Аллаһ Өзінің Елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жіберген игілікке жету және оны кемелдендіру, жамандықты жою және оны азайту мақсатына сәйкес, тастауға басымдық береді.
Ал, аһли Сунна уәл жама’аға бұл мәселеде қайшы келіп, әмірлерге қарсы шығуды және соғысуды, әрі мұсылмандардың жама’асынан (бөлініп шығуды) дұрыс деп санайтын адасқан топтардың әрекеттерінің зияны олардың пайдасынан басым, ал бұдан келетін жамандық та келер жақсылықтан көбірек. Өйткені олардың мақсаты, тарих мұны көрсеткендей, не жеңу, не жеңілу болып табылады. Кейін оларда билік болмады, әрі олар нәтижеге жете алмады. Олардың (қару алып) шығуында дінге де, дүние тіршілігіне де пайда болмады. Олар дінді де орнатпады, дүниеде де қалмады. Ал Аллаһ Тағала дінде де, дүние тіршілігінде де пайда келтірмейтін нәрсені істеуді бұйырмайды.
Сондай-ақ бұл үмметте басталған бүліктерде де пайдаға қол жеткізілмеді. Керісінше, мұнымен зиян көбейтіліп, игілік азайтылды. Бұл — үмметтегі үлкен жауыздықтың себебіне айналды. Осы бүлікке кіріскен білім және дін иелері өз әрекеттері үшін мақталмады, керісінше осыған өкініп, одан бас тартты.
Кейде әмірлерге қарсы шыққан немесе бүлік кезінде соғысқан білім және дін иелерінің кейбіреулері, өздерінің пікірі бойынша, діни мақсатқа қол жеткізгісі келді, және осынысын жамандықтан қайтарып, жақсылыққа бұйыру деп ойлады. Алайда олардың екі тұрғыдан қателескені анық болды:
Біріншісі. Олар дін деп санап жүрген нәрсесі дін емес, мысалы, хауариждердің және басқа да құмарлықтарына ілесуші адамдардың пікірі сияқты. Өйткені олар ұстанатын пікір – қателік және бидғат болып табылады. Олар адамдармен осы пікірге сәйкес соғысады әрі тіпті өзіне қайшы келетіндерді кәпір деп есептейді. Олар өз пікірінде және өздеріне қайшы келгендермен немесе өздері кәпір деп санап лағынеттеген адамдарымен соғысуда қателеседі. Және бұл — құмарлықтардың жақтаушыларының жаппай үкімі.
Екіншісі. Аһли Сунна уәл жама’аға қайшы келетін адамдардың шақыратын сенімдеріне сәйкес соғысқан және «соғысу арқылы қалаған мақсатқа қол жеткізу мүмкін болады» деген оймен соғысқандар өздерінің соғысуымен қалағандарына жетпеді. Керісінше, зиян бұрынғысынан да көбірек болды. Және оларға Заң Шығарушы (Аллаһ) ең басында нұсқаған нәрселері ең соңында айқын болды.
Бүлікке кіріскен мәртебе, білім және дін иелерінің арасында Заң Шығарушының Қасиетті мәтіндері жетпеген немесе Қасиетті мәтіндерді сахих (сенімді) деп санамаған кісілер де бар. Олардың ішінде олардың (Қасиетті мәтіндердің) үкімі жойылған деп айтқандары да бар. Олардың ішінде, бұл Қасиетті мәтіндерге қатысты үкім жасаушылардың көбімен орын алып жатқанындай, оларды өзгеше тәпсірлейтіндері де (түсінетіндері де) бар.
Осы үш себептен кейбір білім иелері кейбір Қасиетті мәтіндерді қолдануды қалдырды.
Осыдан кейде білімде және дінде мәртебелі болған тұлғаның өз жорамалымен байланысты пайымы және белгілі денгейдегі құмарлығы болатыны мәлім болады. Нәтижесінде оған ілеспеу керек болған нәрсе шығады, тіпті оның өзі — Аллаһқа жақын ізгі адам болса да.
Және осындай нәрсе орын алса, екі топ үшін бүлік басталады: осы бүлікті ұлықтайтындар, осы амалды мақұлдауды және оған ілесуді қалайтындар үшін, және оны айыптайтын, мұны билік жүргізуге, тақуалыққа, және тіпті ізгілік пен Жәннаттың тұрғындарының жағдайына да, тіпті иманға да кесірлі деп, оны жасаушыны діннен шығаратын топ үшін. Бұл екі жақ та қателесуде.
Ал кім әділетті жолды таңдаса, ұлықтауға лайықтыны ұлықтайды, оны сүйеді және қолдайды. Ол ақиқатқа тиістісін береді, оны ұлықтайды, жаратылыстарға рахымшылдық танытады және бір адамның игі амалдары да, жауыздықтары да болуы, ол мақтаулы да, айыпты да болуы, сый да, жаза да алуы мүмкін екендігін біледі. Оны бір жағынан жақсы көреді, ал екінші жағынан жек көреді. Және бұл — аһли Сунна уәл жама’аның хауариждерден, муатәзиләлардан және оларға сәйкес келетіндерден ерекшеленетін жолы.
Сондай-ақ, бүліктердің себептері өздеріне күмәндар мен қисынсыз қалауларды қатар қамтитынын да білу керек. Оларда ақиқатты ол көп адамдарға немесе олардың көпшілігіне жалғаннан ерекшеленбейтін болып қалатындай етіп жалғанмен бүркейтін күмәндар болады. Оларда қисынсыз қалаулар мен құмарлардың адамдары да болады, ал бұл ақиқатты іске асыру ниетіне кедергі болады. Сондай ақ олардың бойында ізгі амал жасау үшін жұмсалатын күшті әлсірететін зұлымдықтың күші көрініс табады.
Сондықтан да адам бүлік кезінде өзінің жүрегін тәрк етеді, әрі жүректерге ақиқатты тануға және оны іске асыруға ниеттенуге бөгет жасайтын нәрселер кіреді. Сондықтан бүлік надандық тәрізді деп саналады. Ал надандықта ақиқатты білу және оны іске асыру ниеті болмайды, әрі сондықтан «Бүлік соқыр, әрі керең», «Бүліктер қара түнек түн сияқты» деген т.с.с. надандықтың пайда болуын және білімнің жасырылуын түсіндіріп беретін сөздер айтылады.
Ал Ислам пайдалы білім мен игі амалды, ақиқатты тануды және оған ниеттенуді алып келді. Кейде кейбір әмірлер жәбір көрсетуімен зұлымдық жасайтын, адамдар оның зұлымдығына сабыр таныта алмайтын және оның зұлымдығын тек қана одан да үлкен зиянмен тойтару мүмкін болған жағдайлар орын алады. Алайда адам өзінің құқығына және зұлымдықты өзінен тойтаруға деген сүйіспеншілігінің салдарынан өзінің әрекетінен жалпыға келетін зиянға қарамайды.[6]
Әмірлерге қарсы шығып жүргендердің көбі өздері әмірлерден жәбір көрмесе де, оларға зәбір көрсетіп, қарсы күресу үшін ғана қарсы шығып жүр. Бұдан тыс, әмірде басқа да күнәлар болады және оның әділетсіздігі себепті оның ашу-ызасы бұл жауыздықтарды күшейте түседі. Ал олармен шайқасушы (адам) бүлік болмау үшін және дін толығымен Аллаһқа тән болуы үшін соғысып жатырмын деп ойлайды. (Алайда) оның өзінің мақсатына ұмтылдыратын ең үлкен себептерге не билік, не болмаса мал-мүлік жатады.
Осының барлығы Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әмірлердің зұлымдығына сабыр ету және олармен соғысуды және оларға қарсы шығуды тастау туралы әмірі – Аллаһтың құлдары үшін бұл өмірде де, Ақыретте де ең игі бұйрықтардың бірі екендігін түсіндіреді. Және осыған қасақана немесе қателесіп қайшы келуші адам игілікке жетпейді, керісінше зиян шегеді.[7]
Сондықтан Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің немересі әл-Хасанды мақтап, былай деп айтқан болатын: «Ақиқатында, менің осы балам жетекші болып табылады. Жуық арада Аллаһ ол арқылы мұсылмандардың екі үлкен тобын жарастырады». әл-Бухари № 2704.
Және ол, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бүлік кезінде шайқасу үшін де, әмірлерге қарсы шығу үшін де, мойынсұнудан бас тарту үшін де, жама’адан бөлініп шығу үшін де ешкімді мақтамады. Керісінше, ол мұның барлығына тыйым салды және барлық сахих пайғамбарлық хадистер мұны дәлелдейді. Кім бұл мәселеге қатысты сахих хадистерді ой-санасынан өткізсе және оларға саналы түрде назар қойса, Қасиетті мәтіндер ең игі амалдарды алып келгендігін және тура жолға тек Аллаһ салатындығын біледі. Қз.: «Минхәж әс-Сунна» 4/527-548.[8]
[1] Осыда барлық хауариждердің мүміндердің әмірі болған ‘Алиге ызада болғанына және оны өлтіруге ұмтылғанына дәлел бар.
[2] ‘Аммар ибн Ясир: «Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірде ‘Али ибн Абу Талибке: ”Уа, Абу Тураб, саған ең бақытсыз болған екі кісі кім екендігін айтайын ба?», — деп сұрады. Ол: “Әрине, уа, Аллаһтың Елшісі!”, – деп жауап берді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «(Салих Пайғамбардың) түйесін өлтірген Самудтік және сені қылышпен мына жеріңе ұрушы», — деп, оның мойнына көрсетті, «мынауың қанға боялатындай», — деп оның сақалын көрсетті“, — деп жеткізді. Ахмад 4/263, әл-Хаким 3/140. Хадис сахих. Қз.: “әс-Сильсилә әс-сахиха” № 1743.
[3] Шейх ‘Абд әр-Раззақтың ескертпесі: Бұл кітаптың (шейх Сахманның кітабының) зерттеушісі шейх ‘Абдуссаләм әл-Бәржис, Аллаһ оны рахым етсін, бұл сөздерге мынандай түсіндірме қосты: «Ал енді ойланшы, Сүннетті ұстанушы, бұл хауариждерді олардың осы жағдайларына үш себеп алып келді:
1. Олардың қарилары туралы жақсы пікірлері. Олар Құранды керемет етіп оқитын және жақсы-жақсы сөздер сөйлейтін. Алайда олар дінді түсінуде іштері бос (қуыс) болатын.
2. Әмірлер мен тыйымдарда шектен шығу.
3. Ғалым-сахабалар туралы жаман пікірде болу және оларға Аллаһтың дініндегі өтірікшілер деп жала жабу.
[4] Бұл хабарды ‘Абд әр-Раззақ өзінің «әл-Мусаннаф» еңбегінде 10/150, Ибн Абу Шайба 15/332 Тариқ ибн Шихабтың: «Мен ‘Алимен бірге оның жанында болдым және (адамдар) одан Нахр тұрғындары туралы: «Олар мүшриктер ме?», — деп сұрады, ал ол: «Олар ширктен (көпқұдайшылықтан) қашты», — деп жауап берді. (Адамдар) одан: «Ендеше олар екіжүзділер шығар?», — деп сұрады. Ол: «Екіжүзділер Аллаһты аз еске алады», — деді. Одан: «Онда олар кімдер?», — деп сұрады. Ол: «Бізге қатысты зұлымдық жасаған адамдар», — деді“, — дегенін жеткізді. Шейх Шу’айб әл-Арнаут «Сахих Ибн Хиббан» 15/134 еңбегіне жасаған ескертпелерінде бұл иснадты сахих деді. Әрі бұл хабарда ‘Али оларды бауыр деп атағаны келтірілмеген, ол: «Бізге зұлымдық жасаған адамдар», — деген.
[5] Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сен әмірді тыңдауың керек және оған бағынуың керек, тіпті ол сенің арқаңнан ұрса да және сенің мал-мүлкіңді тартып алса да, тыңда және бағын!» — деп айтатын. Муслим 1847.
Өзінің өмірі мен мал-мүлкін кез келген қол сұғушыдан қорғау парыз болуына қарамастан, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әмірлерді бұл жалпы тізімнен шығарып тастады. Имам Ибн әл-Мунзир былай деп айтатын: “Білім иелері адам өз өмірін және мал-мүлкін, егер оған біреу қақысыз қол сұғып жатса, қорғауға міндетті екендігіне бірауызды келісімде. Алайда сонымен қатар, хадис білімдарларының барлығы әмір бұл тізімге кірмейді деп есептейді, бұған ол тарапынан зұлымдық көрсетіліп жатқанда сабырлық таныту және оған қарсы шығуға мүлдем жол берілмейтіндігі туралы риуаяттар нұсқау бола алады!” Қз.: “Фатх әл-Бари” 5/148.
[6] Абу әл-Харис Саиғ: «Бағдадта адамдар әмірге қарсы шығуды шешіп, имам Ахмадтан бұл жөнінде сұрады», — деп айтатын. «Ол мұны сөге бастады да: «Аллаһ Пәк! Қан, қан, оны мақұлдамаймын да, оны бұйырмаймын да! Біздің осы жағдайға сабыр етуіміз, қан төгілетін, мал-мүлік басып алынатын және халал етілген нәрселердің шекарасы бұзылатын бүліктен жақсы! Мен адамдар осыған дейін жетті деп ойламаймын», — деді. Оған: «Ал адамдардың қазір жағдайы — бүлік емес пе?!», — деген сұрақ қойылды. Ол: «Тіпті солай болса да, бұл бір бүлік қана, ал егер қылыш көтерілсе, жаппай бүлік көтеріледі! Бұған сабыр ету және өздеріңнің діндеріңді сақтау сендер үшін қайырлырақ», — деді». әл-Халләл “әс-Сунна” 1/132.
[7] Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: “Мұсылмандарың әмірлері жасап жатқан күнәлары үшін оларға қарсы шығу дұрыс емес. Зина немесе сол сияқты үлкен күнә жасаған адамды өлтіруге тиісті болғанына қарамастан, осындай күнәларды жасап жатқан әмірге қарсы көтеріліске шығуға болмайды. Өйткені әмірге қарсы шығу себімен туындаған бүлік әмірдің күнәлары себебінен туындаған бүліктен едәуір асып түседі”. Қз.: «Мәжму’ әл-фатауа» 22/61.
Шейх Ибн әл-Қаййим былай деп айтатын: “Егер де жамандықты түзету одан да көп жамандыққа немесе Аллаһтан және Оның Елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, алыстауға әкелетін болса, онда бұл жамандықты түзету харам (тыйым салынған) болып табылады! Жамандықты түзетудің осындай түріне мұсылмандардың әмірлеріне қарсы шығу жатады. Ақиқатында, бұл — жауыздық пен бүліктің Ақырзаманға дейін негізі!” Қз.: “И’ләм әл-мууакки’ин” 3/15.
[8] Шейх Сахманның сөзі келтірілгеннен кейінгі шейх Абд әр-Раззақ айтатын барлық қорытындылар мен пайдалар Шейхуль-Исламның (Ибн Таймияның) енгізулері болып табылады.