шейх ‘Абд әр-Раззақ әл-Бадрдің «Жихадтын даналықтары мен ережелерінен жақсы жемістер» кітабын жариялауды жалғастырамыз:
Он бірінші тарау: Жихадтағы ауытқулардың себептері
Жихадтағы ауытқулардың бірнеше себептері бар. Олардың арасындағы ең маңыздылары:
1. Бұзылған ниет және құмарлықтарға еру.
Ниеті бұзылған, немесе өзінің құмарлықтарына ерген (адам) жихадқа Аллаһқа мойынсұну үшін емес, өзінің қалауы үшін келеді. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: ”Олар – мойынсұнудың көріністерімен және бұзылған ниеттерімен келетіндер, бұл жөнінде екі «Сахихта» Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Уа, Аллаһтың Елшісі, бір ер адам олжа үшін соғысады, басқасы – даңқ үшін, үшіншісі – рия (көз бояушылық) үшін. Осылардың қайсысы Аллаһтың жолындағы жихад болады?», — деп сұрағандығы туралы айтылғандай. Сонда ол: «Кім Аллаһтың Сөзі үстем болуы үшін соғысқан болса, сол Аллаһтың жолында», — деді. Аллаһ Тағала былай деді: «Ақиқатында, екіжүзділер Аллаһты алдауға талпынады, бірақ Ол оларды алдайды. Олар намазға тұрған кезде өздерін адамдарға көрсетіп және Аллаһты азғантай ғана еске алып, зауықсыздықпен тұрады». Солар – бұзылған және айыпталатын ниеттердің адамдары. Олар парызды тастаумен қатар, харамды (тыйым салынған амалдар) жасады“. Қз.: «Мәжму’ әл-фатауа» 10/514-515.
2. Таяз білім және дінді нашар түсіну
Жихад туралы дұрыс білімі де, жихадтың ақиқаты, оның ережелері туралы айқын түсінігі де жоқ бола тұра жихад жасаушы адамның жихадында өзі білмеген (ойламаған) жерде міндетті түрде кемістік және ауытқу болады. Өйткені ол өзінің Аллаһқа мойынсұнушылық және Оның жолында жихад жасап жатқандығына кәміл сенеді, әрі кейде Аллаһ Тағаланың шекараларын бұзып, ауытқуға түседі. Сондықтан ‘Умар ибн ‘Абдуль-‘Азиз былай деді: “Кім Аллаһқа білімсіз ғибадат етсе, пайдаға қарағанда көбірек зиян әкеледі ”. Ахмад “әз-Зухд” 365.
Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: «Сондай-ақ, бүліктердің себептері қатар болып келуі мүмкін екендігін де, және жүректерге ақиқатты тануға және оны іске асыруға ниеттенуге бөгет жасайтын нәрселер жақындайтынын да білу керек. Сондықтан бүлік — надандық тәрізді деп саналады. Ал надандықта ақиқатты білу және оны іске асыру ниеті болмайды. Ал Ислам өзімен пайдалы білім мен игі амалды, ақиқатты тануды және оған ниеттенуді алып келді. Кейде кейбір әмірлер жәбір көрсетуімен зұлымдық жасайтын, адамдар оның зұлымдығына сабыр таныта алмайтын және оның зұлымдығын тек қана одан да үлкен зиянмен тойтару мүмкін болған жағдайлар орын алады. Алайда адам өзінің құқығына және зұлымдықты өзінен тойтаруға деген сүйіспеншілігінің салдарынан өзінің әрекетінен жалпыға келетін зиянға қарамайды». Қз.: “Минхәж әс-Сунна” 4/538-539.
3. Дінде шектен шығушылық таныту (ғулюу)
Бұл – көп адамдарды жихадта және басқа да амалдарда ауытқушылықтарға әкеліп соқтырған қауіпті жол. Әрі тіпті бұл – «дұрыс басшылықтың және мұсылман жама’асының басшылары әділеттіліктен ауытқып, адасушыларға айналған» деп сенетін хауариждердің, рафидилердің және көптеген солар сияқты бидғат пен құмарлықтарына ілесушілердің адасушылығының негізі. Содан соң олар өздерінің пайымы бойынша зұлымдық және адасушылық болған нәрсені күпірлік деп санады. Кейін олар осы күпірлікте айыптауда бидғат үкімдерді негіздеді. Қз.: «Мәжму’ әл-фатауа» 28/497.
Сондықтан Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің үмметін діндегі шектен шығушылықтан сақтандырып, былай деді: «Діндегі шектен шығушылықтан сақ болыңдар, өйткені шектен шығушылық сендерден бұрын болғандарды опат етті!» Ахмад 1/215, Ибн Мажжаһ № 3029.
Діндегі шектен шығушықтың қауіптілігін және оны алып жүрушінің мұсылмандармен болған қарым-қатынасындағы ойы мен әдетіне оңын үлкен ықпалын әл-Бухари «әт-Тарихта», Абу Йә’лә, Ибн Хиббан және әл-Баззар Хузайфадан, Аллаһ оған разы болсын, келтіретін риуаят дәлелдейді. Онда Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені жеткізіледі: «Ақиқатында, мен сендер үшін Құран оқушы және оның (Құранның) әдемілігі оның (сырт келбетінде) байқалатын және ол Исламның қорғаушысы болатын адамнан қорқамын. Кейін ол Құранды арқасына тастап қалдырады және өзінің көршісін көпқұдайшылықта (ширкте) айыптап, оған қылышпен тап басады». Әрі Хузайфа: «Уа, Аллаһтың Пайғамбары, олардың қайсысы көпқұдайшылыққа (ширкке) жақын: айыптаушы ма, әлде айыпталушы ма?!» — деп сұрады. Ол: «Жоқ, айыптаушысы!», — деп жауап берді. Қз.: “әс-Сильсилә әс-сахиха” 3201.
4. Адамдардың кейбір пәтуаларды білімімен танылмаған адамдардан қабылдауы, әрі игілік солармен бірге болатын тиянақты білімге ие имамдардың, зертеуші-діндарлардың, білім мен даналық, ұстаным мен байыптылық және іс-әрекеттердің нәтижелері туралы ой-толғауға ие болғандардың пәтуаларынан бас тартуы.
Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын бұл жөнінде: «Игілік сендердің жасы үлкендеріңмен бірге болады», — деп айтқандай. Ибн Хиббан «әс-Сахих» № 559, әл-Хаким «әл-Мустадрак» 1/62. Қз.: «әс-Сахиха» № 1778.
‘АбдуллаҺ ибн Мас’уд, Аллаһ оған разы болсын: «Адамдар білім оларға жасы үлкендерден (ғалымдардан) келіп тұрғанша игілікте болуын тоқтатпайды. Ал ол оларға жасы кішілерден келгенде, олар опат болады!» — деп айтатын. әл-Ләләкәи «Шарх әл-и’тиқад» (101).
Және іс тіпті кейбіреулер кесірлі пәтуаларды олардың шынайы жағдайы белгісіз болған біреулерден, Интернет анықтама жүйесінен алатын жағдайға дейін жетті. Ал осы адамдар осындай білім көздеріне ие бола тұра, қалайша құтылу мен игілікті күтеді?![1]
5. Астарында мұсылмандардың қоғамын ыдырату, олардың бірлігін ыдырату, қатарын бұзу, олардың арасын топтарға бөлу және өзара күрес туғызу мақсаты болған кесірлі сыбыстарға және зұлым шақыруларға еру.
6. Қисынсыздық, ағаттық, асығыстық, амалдардың нәтижелерін ойламау.
Асығыстық игілікке алып келмейді. Өз істерінде асығыс және қарқынды болған адам жансақтықтан және ауытқудан қорғалмайды. Ибн Мас’уд, Аллаһ оған разы болсын, былай деді: «Ақиқатында, жақын арада күмәнді істер пайда болады, және сендер сол кезде байыпты болуға тиістісіңдер. Әрі сен үшін ігілікке ілесуші болу жауыздыққа басшы болғаннан қайырлы». Ибн Батта «әл-Ибана» (176).
‘Али, Аллаһ оған разы болсын, былай деді: «Ұятсыздық таратушы, сыр ұстамаушы асығушы болмаңдар. Ақиқатында, сендердің іздеріңнен адамдарды күңгірттендіретін қайғы-қасірет және қатты азап күндері және ұзаққа созылатын ауыр сынақтар келеді». әл-Бухари «Адаб әл-Муфрад» № 327.
7. Жастардың жиналыстары және мұсылмандардың жаппай істері туралы құпия сұхбаттары.
Пайдалы іс-шараларды және жедел шешімдерді таяз білімнің, қысқа ақылдың және әлсіз түсініктің негізінде талқылаулар мұсылман жама’асынан бөлінген жастардың сезімдерін қоздыруға, қисынсыздығына және алаңғасарлығына алып келеді. Бұл ауытқудың есіктерінің бірі болып табылады, бұл жөнінде ‘Умар ибн ‘Абдуль-‘Азиз, Аллаһ оны рахым етсін: “Егер сен (адамдардың) барлығынан құпия түрде өз діні туралы бір нәрсе айтып жатқан адамдарды көрсең, олар адасушылықтың негізінде екенін біл!” – деп айтқанындай. әл-Ләләкәи «Шарх әл-и’тиқад» (251).
8. Анықтама басылымдарды және форумдарды тарату, кез келген адамдарды тыңдау, теледидар, интернет арқылы барша шығып сөйлеуге рұқсат беру, және өз пайдасын ғана көздеген басылымдар т.б.
Алдынғы ізгі буын өкілдері, Аллаһ оларды рахым етсін, құмарлықтарына еруші адамдарды тыңдауға және олармен бірге отыруға қатаң тыйым салатын. Абу Қиләба былай деді: «Құмарларлықтарына ілесушілермен бірге отырмаңдар және олармен айтыспаңдар, өйткені олар сендерді өз адасушылықтарына тастауына немесе сендер біліп тұрған нәрсені сендерге бұлыңғыр етпеуіне мен сенімді емеспін «. Ибн Батта «әл-Ибана» (610).
Сондай-ақ ол, Аллаһ оны рахым етсін, былай деді: «Құмарлықтарына ілесушіні тыңдама». әл-Ләләкәи «Шарх әл-и’тиқад» (246).
‘Амр ибн Қайс былай деді: «Ақиқатында, жасөспірім өседі, әрі ол өзіне білім иелерімен отыруды абзал көрсе, онда ол құтылуға жақын. Ал егер ол өзгелерге қарай ауа бастаса, онда ол опат болуға жақын». Ибн Батта «әл-Ибана» (518).
Қаншама адам Сүннеттен осы сияқты ауытқып, бидғаттарға түсіп кетті. Әл-Муғира былай деп баяндайтын: «Мухаммад ибн әс-Саиб сапарға аттанғанда, онда құмарлықтар жоқ еді. Ол: «Бізді (адасқандарға) біз олардың пікірін тыңдауымыз үшін апарыңдар», — деді. Және ол осыны қабылдамайынша және оның жүрегі олардың пікірімен байланбайынша қайтып оралмады». Ибн Батта «әл-Ибана» (476).
‘Имран ибн Хитан Суннетке ілесушілердің қатарынан еді, кейін Амман тұрғындарынан болған бір жас жігіт келді де, оны өз орнында ауыстырды. Ибн Батта «әл-Ибана» (477).
[1] Имам Ибн Кутайба Ибн Мас’удтың сөздері туралы былай деді: “Ол: «Адамдар, олардың ғалымдары болып жастар емес, қария шейхтар болғанға дейін игілікте болады», — деп айтқысы келді. Өйткені шейх жастықтың рахатын, оған тән болған қызбалықты, асығыстықты және қисынсыздықты ұмытып үлгерді, білім мен тәжірибе алды. Біліміне қатысты оған күмәндар келіп-кетпейді, оны нәпсіқұмарлық меңгеріп алмайды, құмарлықтары билеп алмайды, және шайтан оны жастығындағыдай қателесуге мәжбүрлей алмайды. Жастың ұлғаюмен адамға салмақтылық, байсалдылық және құрмет келеді. Ал жас адамға шейх өзін олардан қауіпсіздендірген осы кемшіліктердің барлығы тән болады және олар оны менгеріп алып, ол пәтуа шығарса, өзін де, өгелерді де опат етеді!”. Қз.: “Насыхату аһлиль-хадис” 93.
Шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббад былай деп жазады: «Жастық шақ нашар түсініктің қайнар көзі болып табылады. Бұған дәлел — имам әл-Бухари (4495) ‘Уруа ибн әз-Зубайрдан келтірген хадис. Онда ол былай деп баяндайды: “Бірде – ол кезде мен жас болатынмын – мен ‘Аишадан «Ақиқатында, әс-Сафа мен әл-Маруа – Аллаһтың (рәсімдік) белгілерінен. Және кім Қағбаға қажылық немесе умра жасаса және оларды аралап өтсе, ода күнә жоқ» (әл-Бақара 2: 158) деген аят туралы: «Сен бұл туралы не дейсің? Мен бұл екі төбенің (әс-Сафа және әл-Маруа) арасын араламауда проблема көріп тұрған жоқпын», — деп сұрадым. Ол: «Жоқ! Егер де бұл осылай болғанда, онда: «Олардың арасынан өтпеген күнә жасамайды», — деп айтылар еді. Бұл аят Исламға дейінгі өз қажылықтарын Манат пұтының алдынан бастаған, ал Ислам келгеннен кейін олар (сол Манат путы жақын тұрған) Сафа мен Маруаны аралап өтуден қауіптенген ансарларға байланысты түскен. Олар не істеуін білмей, бұл жөнінде Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын сұрады, және Аллаһ осы аятты түсірді», — деп жауап берді ”. ‘Уруа ибн әз-Зубайр ең жақсы табиғиндердің және Мәдинаның ең атақты жеті фақихтарының бірі еді. Алайда ол өзінің сұрағын Айшаға қойған кезде ол әлі жас болатын. Ал осыда жастық шақтың дінді дұрыс түсінбеудің себебі болып табылатындығына, сондай-ақ ғалымдарға жүгіну игілік және құтылу болып табылатындығына нұсқау бар!» Қз.: «Би әйи әқли уә-ддин якуну тәфжир уә тадмир жихадан».