Шейх Салих әл-Фаузан: Қарақшылықты жиһад дейтіндерді әшкерелеу

«…Ал оқиғаларға қатысты сөз етуге келер болсақ, иә, оқиғалар туралы айту маңызды. Олардың шынайы үкімін түсіндіру керек, өйткені осыны (орын алып жатқан нәрселерді) Аллаһ жолындағы жиһад деп мәлімдейтін адамдар бар!

Сіздер осыған сенесіздер ме? Мұсылман елдеріндегі жарылыстарды Аллаһ жолындағы жиһад деп мәлімдейтін адамдар бар!

Мұсылмандарды өлтіруді Аллаһ жолындағы жиһад деп, мұсылмандардың үйлерін қиратуды Аллаһ жолындағы жиһад деп.

Олар тіпті мешіттердегі жарылыстарды да Аллаһ жолындағы жиһад деп есептейді! Әрі осындайды істеп жатып өлген адамды шаһид деп санайды. Оған шаһид дәрежесін береді.

Яғни олар Ұлы Аллаһ Тағаланың орынбасарлары сияқты әлгіндей адамдарға шаһид дәрежесін береді.

Біз Аллаһтан (мұндайдан) аман қалуды тілейміз.

Сондықтан да… осы жағын, әрі мұны айыптағандарына және осы істердің жақтаушыларының қателіктерін адамдарға түсіндіргендеріне, олардың осы істерінің қате екенін және осы істерді ақтайтындар мен осы нәрселерді дінде бар және олар Аллаһ жолындағы жиһад деп мәлімдейтіндердің қателіктерін  түсіндіріп бергендеріне таң қалмаңыз.   Иә».

«Оларға: «Жер жүзінде бұзақылық қылмандар!», — делінсе, олар: «Біздер түзеуші ғанамыз», — дейді. Сақ болыңдар! Шын мәнінде, олардың өздері бұзақы, алайда олар түсінбейді» («Бақара» сүресі, 11-12 аяттар).

http://athar.kz/fauzan-razoblachat_teh_kto_razboi_nazivaet_djihadom/

You may also like...