Сұрақ: «Алжирдегі Исламға шақырушылардың біреуі өзінің жазған бір кітабында: «Адам өлтіру Сүннетке сәйкес келеді, бірақ ол Сүннеттің ұмытылған әдеттеріне қатысты», — деп тұжырымдайды. Дәлел ретінде ол Кааб бин әл-Ашрафты және мұсылман әйеліне көз тігіп қараған яхудиді өлтіру туралы хабарларды келтіреді. Сіз бұл жөнінде не айта аласыз?»
Жауап: «Кааб бин әл-Ашрафты өлтіру туралы хабар адам өлтіруді рұқсат етуге дәлел бола алмайды, өйткені Кааб бин әл-Ашраф сол кезде билік иесі болған Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұйрығы бойынша өлтірілді, және Кааб бин әл-Ашраф, белгілі келісім-шартқа сәйкес, оның қоластындағылардың қатарына жататын еді. Бұл адам келісім-шарттың шарттарын бұзды да, сатқындық жасады, ал бұл жағдай оның өлтірілуін рұқсат етті, ал мұның мақсаты бұл адамды ол мұсылмандарға тигізіп жатқан зияннан тоқтату болды. Ол, қазір туристтерді өлтіруге байланысты орын алып жатқандай, билеушіден тәуелсіз әрекет жасайтын жеке бір тұлғалардың немесе адамдардың топтарының үкімі бойынша өлтірілмеді. Ондай әрекеттер анархия деп бағаланады, ал Ислам оларды құптамайды, өйткені олар Исламға және мұсылмандарға үлкен зиян тигізеді».