Кутбилердің өз мақсаттарына жету үшін (қолданатын) тағы бір әдісін теріске шығару. «Фиқһ әл-уәқи’».

Аса Мейірімді, ерекше Рахамды Аллаһтың атымен

(Шейх Абу Ибраһим ибн Султан әл-‘Аднанидің, Аллаһ оған игілігін берсін, «Кутбия – бұл әркім оның жүзінен тануға тиіс бүлік» атты кітабынан)

Біліңіз, құрметті оқырман, бүгінгі күні кең насихатталып жатқан «фиқх уль-уәқи’» туралы айтуға тиіс нәрсенің ең көбі, егер оған фиқх немесе ғылым деген ұғымды пайдалануға болатынына келіскеннің өзінде, ол – ұжымдық міндет (фард әл-кифая) екендігі, бұл оның жай ғана рұқсат етілген нәрсе екендігін айтпағанның өзінде. Ал «фиқһ әл-уәқи’тің» жақтаушылары оның мәнін асыра көтеріп жібергені соншалықты —  оны мұсылманның жеке міндеттерінің (фард әл-айн) санатына қосып койыпты. Мысалы, Насыр әл-‘Умар «Фиқһ әл-уәқи’» кітабында былай деп жазады: «…(Баб: Пәтуа жариялау ісіндегі мінсіздік және кемелдік) Ибн әл-Қайимнің өзі де, Аллаһ оны рахым етсін, муфти үшін фиқх уль- уәқи’ті білу қаншалықты маңызды екенін айтқан…»

Бұл жерде ол Ибн әл-Қайимнің, Аллаһ оған рахым етсін, «И’ләм әл-мууәкқи’ин» (1/87-88) кітабындағы мына сөздерін меңзеген: «Муфтийдің немесе қадыдің шариғат үкімін ақиқатқа сәйкес шығаруы мына екі нәрсені жөнді тусінуінсіз мүмкін емес:

1. Қалыптасқан жағдайды түсіну және оны саралай алу. Заттардың іс жүзіндегі жағдайын түсінуге, олардың жалпы бейнесі суреттелгенше  істің түрлі сипаттарын және жағдаяттарын салыстыру мен зерттеу арқылы қол  жеткізіледі.

2. Аталған қалыптасқан жағдайға қатысты қажетті болған нәрселерді түсіну, ал бұл – Аллаһтың Кітабындағы немесе Оның Елшісінің сөздеріндегі оған қатысты үкімдер.

Әрі тек содан соң ғана біреуі (Аллаһтың үкімі) басқасына (істің мәніне) қолданылады…»

Ибн әл-Қайимнің бұл сөздері жалпылама болып табылады, бұл — сенімдерге, ғибадат рәсімдеріне, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа, ішікі жіне сыртқы саясатқа және тіпті тұрмыстық істерге қатысты болуына тәуелді емес,  өйткені «қандай да бір нәрсеге қатысты үкім бұл жөніндегі түсініктің міндетті салдары болып табылады».

Ал бұл саяси қозғалыстардың өкілдерінің «фиқһ әл-уәқи’» туралы түсінігі қандай екен?!

Бұл терминмен олар Батыстың саясатын түсінуді және оның Исламға және мұсылмандарға қарсы бағытталған құпия жоспарларын әшкерелеуді меңзейді. Ал бұл нәрселерді білу жаман нәрсе емес екендігін айтып кету қажет және біз де мұны теріске шығармаймыз. Біз келіспейтін және қарсы шығатын нәрселер  – бұл олар ізінен ілесуге болатын ғалым деп тек осы қалыптасқан жағдайды білетін адамды ғана санауы және одан өзге ешкімді олай деп санамауы. Сондықтан біз олардың мұндай адамға ойшыл, көсем, уәғыздаушы, идеолог, қайраткер деген эпитеттерді телитінін көреміз. Және осындай адамдардың әдісі әрқашан жалпы сөздер мен сөйлемдерді қолдануға негізделгендіктен, олар оқырманды өздерінің Ибн әл-Қайимнің сөздерімен келісетіндіктеріне, оның жолына ілесетіндіктеріне және осыған шақырып жатқандықтарына сендіруі мүмкін. Алайда зерделі және түсінігі ұшқыр адам Ибн әл-Қайимнің түсінігі мен бұл адамдардың түсінігінің арасында үлкен айырмашылық бар екендігін байқай алады, яғни Ибн әл-Қайим бұл терминді жалпы етті және белгілі  бір іс-әрекеттің түрімен байланысты етпейді, ал олар оның күшін тарылтып, шектейді. Мұны олардың осы ұғымға беретін анықтамасы растайды.

«Фиқһ әл-уәқи’ – қазіргі замандағы әлемде орын алып жатқан оқиғаларды зерттеуге, нақты айтқанда қоғамда ықпалға ие болған факторларды, мемлекеттерді бақылайтын күштерді, ислам ақидасын шайқалтуға бағытталған идеяларды зерттеуге, сондай-ақ Үмметті қорғауға және оны бүгін және болашақта өркендетуге бағытталған деректерді зерттеуге арналған ғылым». Қз.: «Фиқһ әл-уәқи’» Нәсыр әл-‘Умар 10-бет.

Оларды осылай істеуге не итермелейді?

Себеп ап-айқын: бұл — өздері насихаттап жүрген идеялары мен әдістерін қоғамға енгізуге талпыныс жасау, өйткені егер олар осыны іске асыру барысында қандай да бір сәлафи көздеріне сүйенбегенде, олардың шынайы мақсаттары баршаға айқын болар еді. Олардың мұндай тәсілі: «Аллаһ қандай да бір кемшіліктерден Пәк», — деп айтып, бірақ іс жүзінде басқа нәрсені, нақты айтқанда (Ол Өзін Құран мен Сүннетте сипаттаған) көптеген сипаттарын жоққа шығаратын аш‘арилердің әдістері сияқты. Ал егер олар о бастан өз ниеттерін білдіргенде, олардың ізінен ешкім ілеспейтін еді,  немесе ілессе де, олар өте аз болар еді. «Бүгінгі күн нендей кешегі күнге ұқсайды!» деген сөздер – ақиқат! Біреулердің орнына басқалар келеді!

Ендеше, құрметті оқырман, «фиқһ әл-уәқи’тің» жақтаушылары өздерінің көзқарастарын ақтау үшін кейбір шариғи көздерден дәйектер келтіретінін, алайда олар өздерінің бұл ұғымға берген айырықша анықтамамен еш ортақтығы жоқ екендігін біліңіз, ал Аллаһ бізге барлық игі бастамаларымызда көмектессін.  Ал осы жерде біз осы дәлелдерге нақтырақ тоқталып, оларға сіздердің назарларыңызды бұрғымыз келеді.

Нәсыр әл-‘Умар өзінің кітабының 14-бетінде былай деп жазады: «Сүннетке келер болсақ, ол Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілімнің осы жағына, нақты айтқанда «фиқху әл-уәқи’қа» қаншалықты зейінді болғанына нұсқайтын дәйектерге толы. Мысалы, біз оның әлсіз мұсылмандарға Эфиопияға қоныс аударуды нұсқағанын көре аламыз. Және бұл оның өз шақыруының айналасында не болып жатқанын және  өз заманының түрлі қауымдары және елдері тарапынан оған деген қатынасы қандай болғанын өте жақсы білгенін растайтын ап-айқын дәлел болып табылады. Ал неліктен ол өзінің сахабаларын, мысалы, Персияға немесе Византияға, немесе басқа елдерге жібермеді?! Неліктен ол дәл Эфиопияны таңдап алды?! Осыны түсіндіріп, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Шындығында, ол жерде оның тұсында ешкімге жәбір көрсетілмейтін әмір бар!», — деді».

Ал мен былай деп сұраймын: Аллаһ Пәк! Бұл хадис оның айқын және анық болған нәрселерді білгеніне  нұсқайды және мұндай ақпарат адамдардың көпшілігіне белгілі. Ал бұл хадистің қай жерінде батыс елдерінің газет мақалаларын, журналдарын, баяндамаларын үнемі зерттеумен айналысу, фильмдерді көру т.с.с. қажетті екендігіне және осы арқылы «Батыстың Исламға және мұсылмандарға қарсы мақсаттары мен құпия жоспарларын біліп аламыз» деп пайымдауға нұсқау бар екен?!

Сондай-ақ тақырыпты жалғастырып, Нәсыр әл-‘Умар өзінің «Фиқһ әл-уәқи’» кітабының 15-16 беттерінде былай дейді: «…Құран мен Сүннет қалыптасқан жағдайды (фиқһ әл-уәқи’) білуге лайықты назар бөлетініне күшті дәйектердің бірі , сондай-ақ, византиялықтар мен парсылардың арасындағы соғыс туралы дерек  болып табылады, онда сахабалар оның қаншалықты маңызды орынға ие екендігін түсініп, осы мәселеге қаншалықты көңіл бөлгендігі көрініс тапқан. Ал оқиға мынандай болған: парсылар мен византиялықтар арасында соғыс орын алғанда, бұл жөнінде «әр-Рум» сүресінде баяндалғандай, және парсылар жеңіске жеткенде, мұсылмандар орын алған жағдайдың себебімен көңілсіз болды. Сонда Абу Бакр көпқұдайшылдардың біріне болашақта византиялықтар парсылардың үстінен жеңіске жететінін уәде етті де, тіпті оған қысқа мерзім тағайындады. Кейін Абу Бакр орын алған жағдай туралы Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хабарлағанда, ол оны мақұлдады да, алайда уәде етілген мерзімді он жылға көбейтуді әмір етті, ал Абу Бакр мұны орындады…»

Мен де: Біз де бұған қуаныштымыз және біз жалпы Исламның және мұсылмандардың барлық жеңістеріне қуаныштымыз: олар қай жерде және қай уақытта орын алып жатқанына қарамастан, тіпті егер біз оған тікелей куә болмасақ та, біз, сондай-ақ мұсылмандардың біздің кезіміздегі жеңістеріне де, кейін болатын жеңістеріне де — барлығына қуанамыз.   Бірақ, айтыңдаршы, уа, «фиқһ әл-уәқи’тің» жақтаушылары, бұл уақиғаның қай жерінде «газет мақалаларына, журналдарға, Батыстың және басқаның түрлі талдаушыларының жорамалдарына зейінді болу керек» дегенге нұсқау бар?! Өйткені сіздер: ««Фиқһ әл-уәқи’қа»  осыларсыз қол жеткізуге болмайды», — дейсіздер ғой, бірақ сіздер дәйек ретінде келтіріп жатқан оқиғаларды түсінуде барша бірдей еді, олардың білгірлері де, білімсіздері де, ересектері де, балалары да, әйелдері де, балалары да.

Немесе басқа бір мысал: хабардар адам Кеңес Одағындағы коммунистік режимнің құлағанын және оның көптеген тәуелсіз мемлекеттерге бөлінгенін біледі, сондай-ақ Иран мен Ирақтың арасындағы соғыс туралы, Парсы шығанағындағы соғыс туралы,  Йемендегі соғыс туралы біледі, Израильмен жасасқан бітім туралы да біледі, ал енді осының барлығы, сіздердің ойларыңша, қалыптасқан жағдайды білу болып табылады ма?! Бірақ бұл жөнінде басқа да көптеген адамдар біледі емес пе?! Әлде сіздер: «Осы оқиғалардың жасырын себептеріне жеттік, — деп және, — осының барлығы орын алғанына себеп болған түрлі жасырын және айқын жоспарлар мен мақсаттарды таныдық», — деп ойлайсыздар ма?! Ал, егер осылай болса, онда оларды көрсетіңдер де, бізді де ағартыңдар. Ал олай болмаса, біздің ақылдарымызбен де, жастарымыздың ақылдарымен де ойнауды қойыңдар! Және өзінің не нәрсеге қабілетті әрі не нәрсеге қабілетсіз екенін білетін адамды Аллаһ рахым етсін!

Бұған басқа жағынан да жауап беруге болады. Америка өзінің бітімге келмейтін дұшпаны болған «орыстың қызыл аюына» қарсы үнемі қастық ойлайтыны көпшілікке белгілі. Ресей де Америкаға қарсы күрестің тура сол әдістерін қолданады. Олардың арасында үнемі шынайы әскери қимылдардан қалыспайтын «барлау соғысы» деп аталатын әрекет жүруде. Бұл — тіпті әскери қимылдан да қатаңдау, екі жақ тыңшылық нәтижесінде алынған мемлекеттік маңызы бар құпия деректермен алмасатын қарама-қарсы тұру десе де болады.   Осы екі зәулімдердің қолдарында бар мүмкіндіктер мен техникалық құралдар қаншалықты екендігі, олар тіпті солар арқылы ғарыш кеңістігін жаулап алып жатқандығы ешкімге құпия емес. Және олардың ешқайсысы бір-біріне қатысты құпиялары мен жоспарларын ашып жатқан жоқ. Ал егер бұл осылай болса, сіздер, уа, «фиқһ әл-уәқи’тің» жақтаушылары, мұның барлығы туралы қайдан білмексіздер?! Сіздер олар ие болған құралдардың жүзден біріне де ие емессіздер ғой! Ең таңқаларлығы бұл – осылай бола тұра, сіздер өз пайымдарыңда олардың сөздеріне, түсіндірмелеріне, баяндамаларына, баспасөз басылымдарына т.с.с. нәрселеріне сүйенетіндерің, бұл жөнінде Сафар әл-Хауали өзінің  «Кәшфуль-гумма» атты кітабында жазған  Парсы шығанағындағы дағдарысқа қатысты сіздердің саяси жорамалдарың. Аллаһ Пәк!!! Қалайша сіздер осы ақпаратты жинайсыңдар, кейін оларды зерттейсіңдер, біреуін екіншісімен байланыстырасыңдар да, осының негізінде қандай да бір қорытындылар шығарып, нұсқаулар бересіздер?! Өйткені осының барлығында сіздер осы ӨТІРІКШІЛЕРДЕН; БҰЗАҚЫЛАРДАН; КӘПІРЛЕРДЕН өздеріңе келіп жеткен деректерге сүйенесіңдер ғой!!!

Ал енді өздеріңіздің сөздеріңізге назар бұрыңыздаршы:

«…«фиқһ әл-уәқи’тің» құрамдас бөлігінің бірі –  мығым шариғи негіздердің болуы. Қалыптасқан жағдайды зерттеуші оның нақты іс-әрекетті талап ететін мөлшерде және оны білмеу оған ақтау бола алмайтын шариғи білімге ие болуы қажет, мейлі ол білім — әрбір мұсылман білуге міндетті (фард әл-‘айн) нәрсе, немесе кейбіреулер ғана білуге тиісті (фард әл-кифая) болсын, бұл оған тәуелді емес. Бұл ғылым көп қырлы және кең көлемді болуы үшін, көптеген зерттеулер керек және оларды үнемі жаңалап отыру қажет. Сонымен, онда маманданған адам білімнің түрлі салаларын, мысалы, ақида, фиқһ сияқты шариғи және саясат пен түрлі ақпараттық көздердің деректері т.с.с. әлеуметтік білімдерді оқып білуге мұқтаж. Және егер ол осы немесе осы сияқты ғылымдарды білуден бір нәрселерді жіберіп алса, онда бұл оның орын алып жатқан нәрселерді дұрыс түсіну, түрлі оқиғаларға дұрыс баға беру және оларға қатысты қорытынды жасау қабілетіне әсер етеді. Сондай-ақ бұл ғылым барлық жаңа нәрселерді байқаудың және зерттеудің үлкен қабілеттеріне мұқтаж, сондықтан да онымен айналысушы адам ыждағатты түрде еңбек етуі, оқиғаларды қарап отыруы, әртүрлі елдер мен мемлекеттердің жағдайларын тануы қажет, ал егер ол азғантай болса да уақытты жіберіп алса, бұл оның болып жатқанды түсінуіне және оған сәйкес келетін баға беруіне  әсер етеді. Бұл ғылымның құрамдас бөліктері оқиғаларды байланыстыру қабілеті, оларды барлық ақпарат пен жаңалықтарды жинақтап болғаннан кейін салыстыру және талдау болып табылады. Сондай-ақ  қалыптасқан жағдайды зерттеумен айналысушыда оған қатысты оң көзқарас болуы қажет. Ол оны жақсы түсінуі үшін ақпарат алатын ең жақсы көздерді таңдауы қажет, ал мұндай көздер өте көп, исламдық болғандарынан бастап материалдықтарына дейін, бұрынғылардан бастап заманауиларға дейін, мұсылмандардан шығатын деректерден бастап кәпірлер мен атеистерден шығатын деректерге дейін т.б…»

Сондай-ақ сіздер былай дейсіздер: «…«фиқһ әл-уәқи’тің» көздері өте көп. Бұл Құран да; тафсир де; Сүннет және оның түсіндірмелері де; ғалымдардан, жетекшілерден және реформаторлардан болған ізгі сәлафтардың өмірі де; ақида мен фиқһ бойынша кітаптар да; бұрынғы және қазіргі авторлардың саясатпен байланысты кітаптары да, мысалы, өз өмірінің көп жылдарын саясатқа арнаған саясаткерлердің әртүрлі күнделіктері мен жазбалары да; онымен байланысты түрлі тақырыптар мен, мысалы, мемлекетаралық байланыстармен, саясатпен экономиканың байланысымен, елшілердің міндеттерімен байланысты кітаптар да; саясаттың құпиялары мен тәсілдері туралы, әртүрлі мемлекеттік ұйымдардың отырыстары туралы баяндайтын  «Халықтар ойыны», «Макиавеллизм», «Біріккен Ұлттар Ұйымы», «Мемлекеттер одағы», «Қауіпсіздік Кеңесі» сияқты кітаптар да.

Сондай-ақ оның көздеріне күнделікті газеттер, журналдар т.б. мерзімді басылымдар, дүниежүзілік жаңалақтардың мәліметтері, радио және телебағдарламалар, аудиотаспалар, құжаттар және өзге де заманауи ақпарат құралдары жатады…»

Біліңіздер, сіздер айтқан нәрселердің оннан бір бөлігін де өз білімімен қамтуға ешбір ғалымның күші жетпейді, тіпті Абу Бакр, Умар, Усман, Али сияқты ұлы сахабалардың да (Аллаһ оларға разы болсын), төрт имамның да, шейхуль-Ислам Ибн Таймияның да және шейх Ибн әл-Қайимнің де, олар сияқты ғалымдардың да, тіпті сіздердің өздеріңнің де. Әлде сіздер, уа, «фиқһ әл-уәқи’тің» жақтаушылары, өздеріңіз тізбектеп айтып шыққандарыңыздың барлығын білеміз деп айта аласыздар ма?! Бұл осының барлығы үшін қажетті болған материалдық және ақпараттық мүмкіндіктерге ие қуатты және тәуелсіз мемлекетсіз мүмкін емес! Әлде сіздер өздеріңізді мемлекет деп ойлайсыңдар ма?!

Бұл «фиқһ әл-уәқи’ мамандарының» барлығы тек бір-ақ нәрсені қалайды — өзінің айналасына тәжірибесіз және саясат мәселелерінде және оның қыр-сырларында еліктегіш жастарды жинап алғысы келеді, олар өздеріндей болып, оларға ілесуі үшін, білім алмауы үшін және насихаттарға құлақ аспауы үшін! Уа, Аллаһ, рахым ете гөр, рахым ете гөр!»

Қараңыз:  Шейх Абу Ибраһим ибн Султан әл-‘Аднанидің, Аллаһ оған игілігін берсін, «Қутбия – бұл әркім оның жүзінен тануға тиіс бүлік» атты кітабы.

You may also like...