Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!
Назарларыңызға www.salaf-forum.ru сайтының редакциясы дайындаған «Мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек беру мәселесін түсіндіру» мақаласының екінші бөлімін ұсынамыз.
Хатыб ибн Аби Бәлта’амен орын алған уақиғаны талдау
Хатыбтың оқиғасына келер болсақ, ол туралы біздің кезімізде өте көп айтылған, тіпті сондай таң қаларлық нәрселер айтылған, оларды оқып, естіп, мұны өзін білімге және дінге шақыруға телитін адам қалайша айтты екен деп таң қаласын!
Бұл оқиғаны түсіну үшін және ол туралы имамдардың айтқан сөздеріне көңіл бұру үшін бұл хадисті тағы да бір рет келтіргім келеді:
‘Али ибн Абу Талиб былай деп баяндаған: “Бірде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әз-Зубайрді, әл-Миқдад ибн әл-Асуадты және мені бір істі орындау үшін жіберіп, былай деді: «Хах бағына қарай аттаныңдар, ол жерде хаты бар әйелді табасыңдар. Одан сол хатты алып қойыңдар». Біз өзіміздің аттарымызды баққа жеткенше қуа бердік. Сол жерде біз әйелді көрдік те, оған: «Хатты бер!», — дедік. Ол: «Менде хат жоқ!», — деді. Біз: «Бізге хатты бермесең, сенің киіміңді шешіп тастаймыз!», — дедік. Содан соң ол шашының арасынан хатты алып шықты, ал біз оны алып, Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайта оралдық. Бұл хатта Хатыб ибн Аби Бәлта’а Мекке мүшриктеріне Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейбір жоспарлары туралы жазған болатын. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сені бұған не итермеледі, уа, Хатыб!», — деді. Хатыб: «Уа, Аллаһтың Елшісі, маған қатысты қорытынды шығаруға асықпа! Мен құрайштықтардың арасында тұрдым, бірақ мен олардан емеспін. Мухажирлердің Меккеде мал-мүлкі мен жанұяларын қорғайтын қандас туысқандары бар. Ал мен олармен қандас туысқандығым болмағандықтан, олардың арасынан отбасымды қорғайтын өзіме одақтас тапқым келіп еді. Мен мұны істегенімнің себебі — күпірлік, діннен бас тарту, немесе күпірлікке жақын болу емес!» Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ол сендерге шындықты айтты!», — деді. Сонда ‘Умар (Аллаһ оған разы болсын): «Маған рұқсат бер, мен бұл екіжүздінің басын шауып тастайын!», — деді. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп жауап берді: «Ол — Бадр шайқасының қатысушысы, сен қайдан білесің, Аллаһ Бадр шайқасының қатысушыларына қарады да: «Қалағандарыңды істеңдер, өйткені мен сендерді кешірдім», — деді?!»”. Әл-Бухари 3007, 3983, 4274, 6259, 6939, Муслим 2494.
Бауырымыз Расул Дагестани осы хадисті келтіріп, былай деп жазады:
«Хафиз Ибн Хәжар, Аллаһ оны рахым етсін, Яхья ибн Сәлламның тәпсіріне сілтеме жасап, Хатыбтың хатының мәтіні төмендегідей болды деген деректі келтіреді: «Содан соң: Уа, құрайштықтар, ақиқатында, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сендерге сел сияқты қозғалатын түн секілді әскермен келді және Аллаһтың атымен ант етемін, егер ол сендерге жалғыз өзі келсе де, Аллаһ міндетті түрде оған жеңіс берер еді және уәдесін орындайтын еді! Өз жағдайларың туралы ойланыңдар және бейбітшілік». Мұны сондай-ақ Сухайли де қайталап баяндап берген («Фәтх ул-Бәри» 7, 521)».
Енді, құрметті бауырым, мен сенің менімен бірге ойланып көруіңді өтінемін. Көріп тұрғаныңдай, Хатыбтың хаты көбірек құрайштықтарға ескерту мен насихатқа ұқсайды, оның үстіне ол — мұсылмандардың жеңіске жететініне мығым сенетін бірқұдайшыл, Аллаһтың жолындағы мужаһид еді.
Осы себепті хафиз ибн Хәжар былай деді: «Хатыбтың ақтауы – оның атап кеткендері болды, өйткені ол мұны осыдан зиян келмейді деген тұжырымдауымен (тауил) жасады» («Фәтх ул-Бәри» 8, 634)».
Егер іс дәл автор көрсеткісі келгендей болған болса, онда Хатыб өзінің әрекеті үшін, оны «Мумтахана» сүресінің алғашқы аяттарында ұрысқан Аллаһтан сөгіс алуға емес, тек мақтауға лайық болған болар еді.
Ал Хатыбтың хатының мазмұнына келер болсақ, бауырымыз Дагестани келтірген мазмұн бір мағыналы емес. Егер біз Хатыбтың хадисінің Бухари және Муслим риуаят еткен нұсқасына қарасақ, онда Алидің былай деп айтқанын көреміз: «Бұл хатта Хатыб ибн Аби Бәлта’а меккелік мүшриктерге Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейбір жоспарлары туралы жазып жіберген болатын». Ал енді, имам әл-Бәйһақидің риуаят еткен нұсқасында Али: «Хатыб ибн Аби Бәлта’а Меккеге: «Мухаммад өзінің сахабаларымен сендерге әскери жорық (ғәзуа) жасамақшы, сондықтан да сақ болыңдар!», — деп жазып жіберген еді», — деп айтқаны келтіріледі. Қз.: “әс-Сунан әл-кубра” 9/147.
Ал имам әл-Кәлбидің тәпсірінде Хатыб меккеліктерге былай деп жазғаны келіріледі: «Мухаммад әскери жорыққа шығайын деп жатыр, ал сендерге ме, әлде сендерге емес пе – оны білмеймін, бірақ абай болыңдар!» Қз.: “Тәфсирул-Қур`ан әл-‘Азиз” 4/375.
Бірақ, тіпті Хатыбтың хатының Яхья ибн Саләмның тәпсірінде келтірілген, Расул келтірген бірінші мағынасы дұрыс деп есептегеннің өзінде де, бұл нені өзгертпек? Факт — факт болып қала береді: мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек көрсетілді және мұны ешкім теріске шығара алмайды! Ал егер Хатыбтың хатының мәні тек құрайштықтарды қорқыту болғанда және Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және мұсылмандарға одан елеулі зиян келмейтін болғанда, онда не үшін Аллаһ Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) бұл хатты жолдан ұстап алуды бұйырды?!
Ал Хатыбтың хатының және сөздерінің мағынасына келер болсақ, бұл Хатыбтың мұны жасауының себебі күпірлік пен екіжүзділік емес, отбасы мен мал-мүлкі болғандығын дәлелдейді. Ол кәпірлерге олар Исламның үстінен жеңіс көруі және олардың күпірлігі үшін емес, өзінің пайдасы үшін көмектесуді ұйғарды. Мұны қалай атасаңдар да: тауил дейсіңдер ме, әлде дүние пайдасы дейсіңдер ме – мейлі.
Негізінде Хатыбтың сөздері кәпірлерді Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жоспарлары туралы хабардар етуінде нені өзгертті?! Келіңдер «Содан соң: Уа, құрайштықтар, Ақиқатында, Аллаһтың Елшісі сендерге сел сияқты қозғалатын түн секілді әскермен келді және, Аллаһтың атымен ант етемін, егер ол сендерге жалғыз өзі келсе де, Аллаһ міндетті түрде оған жеңіс берер еді және уәдесін орындайтын еді! Өз жағдайларың туралы ойланыңдар және бейбітшілік» сөздеріне тоқталайықшы.
Хатыб ғайыпты білмейтін және Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) не зиян келтіретінін 100 % білуі мүмкін емес еді, алайда ол тек бұған үміт етуі мүмкін еді.
Осы жерде мынаны сұрау қажет болады: егер адам осындай жағдайда осы сияқты амал жасаса, мысалы, кәпірлердің тұтқынына түсіп (Аллаһ мұсылмандарды бұдан сақтасын), оларға: «Сендер менің отбасыма және мал-мүлкіме зиян тигізбейтіндерің туралы маған кепілдік беріңдер, ал сол үшін мен сендерге мұсылмандардың лагері қай жерде орналасқанын айтамын! Бірақ біліңдер, сендер олардың үстінен ешқашан жеңіске жете алмайсыңдар, өйткені олармен бірге Аллаһ, өйткені олар ақиқатта, ал сендер жалғанның үстіндесіңдер!», — деп айтса, бұл — мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек болады ма? Иә, болады.
Ал сұрақ сол баяғы: Осындай адам осы себеппен кәпір болады ма?!
Немесе Хатыбтың бұл әрекеті тауилдің (бұрыс түсінудің) негізінде жасалды делік. Мұндай жағдайда тауил жасау мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек берушіге такфир жасауға кедергі болады! Солай ғой?!
Жарайды, мысал: мысалы, орташыл сопылардың мазхабындағы МДБ-шыл мұсылмандар бар делік. Және сөздері мен істерінде әлі келгенше Сүннетке ілесуге тырысатын жас мұсылмандар бар делік. Ал сол МДБ-шылар оларды уаһһабилер және лаңкестер, әрі олар Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дінімен емес, Абдулуаһһабтың дінімен келді деп сенеді. Өйткені олардың сақалы ұзын, шалбары қысқа, мұрты қысқартылған т.с.с. Олар бұларды – аталары оларға үйреткен діннің негізін бұрмалайтын Исламдағы ең қауіпті секта деп санайды. Осы себептен олар әлгілердің тарапынан бүліктен қауіптеніп, билік оларға қатысты шара қолдансын деп, оларды билікке тапсырады! Ал өз кезегінде билік оларды жойып жібереді.
Сұрақ: Осы МДБ-шылар кәпір болады ма?! Осы жағдайда бұл адамдар осындай әрекетті қате тауилдің негізінде жасайды емес пе?! Осы надандар күпірліктің Исламнан үстем болуын қалайды ма не?! Тіпті олар мұны ықыласты түрде істеп жатқан болуы да мүмкін ғой.
Мұндай жағдайда осы адамдар кәпір билігіне мұсылмандарға қарсы олар мұсылман болғандығы үшін көмектесіп жатпағандығын, ал өздерінің адасқандығы себепті оларды бандиттер және лаңкестер деп есептеп, оларға қарсы көмек беріп жатқандығын білу керек. Бұл жағдайлардың (үкімдердің) арасында үлкен айырмашылық бар!
Сондай-ақ осы жерде енді бауырымыз Расулдың өзінің ескертпелері мен түсіндірмелеріне қатысты да менде көптеген сұрақтар туындайды. Ол былай дейді:
«Оның жағдайы (үкімі) тағуттың қатарында мұсылмандарға қарсы соғысушылардың жағдайына (үкіміне) сәйкес келеді ме?! Ол сондай-ақ оны осы әрекетке не итермелегенін өзінің «Мен туысқандық қолдаудан жұрдай болған соң, тек осы арқылы өзімнің туысқандарыма қорғауға ие болуды ғана көздедім. Және мен мұны күпірліктен немесе өз дінімнен бас тартуымның себебінен жасамадым» деген сөздерімен түсіндірді».
Ал автор Хатыбтың жағдайы туралы Хатыбтың өзі өз әрекетінің мәні мен себебін түсіндіргеннен кейін білмеді ме?! Ал енді оның: «Кәпірлерге көмек көрсету адамды кәпір етеді», — деген сөздеріне назар аударатын болсақ, онда ол ешқандай мән-жайды аңықтаусыз кәпір болады ғой! Адамға бірден «муртад» деген атақ жапсыратын болсақ, оның мотивін, тауил жасаған-жасамағанын, не басқасын қалайша білуге болады екен?!
Кейін, көптеген мұсылмандар Хатыб туралы хадисте назар бұрмайтын едәуір маңызды жағдай бар, ал бұл — Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Бұған сені не итермеледі, уа, Хатыб?» деген сөздері.
Егер автор өзінің мақаласының басында мұсылмандарға қарсы кәпірлерге жасалған кез келген көмек – үлкен күпірлік деп ескертіп кеткенін назарға алсақ, онда Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Хатыбқа қойған бұл сұрағы осы мәлімдемені теріске шығарады. Өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Хатыбқа қатысты муртадтың үкімін қолдануға асықпады, одан барлық нәрсені сұрап алуды, осы жаман әрекеттің себебін біліп алуды ұйғарды. Қалайша Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған қатысты: «Сені бұған не итермеледі?», — деп сұраған әрекет өздігінше үлкен күпірлік болып табылмақ?! Автор Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл сөздерін қалайша түсіндіреді?!
Исламның үстінен саналы түрде мысқылдағанға және оны қорлағанға, пұтқа саналы түрде сәжде жасағанға, Аллаһты балағаттағанға және Құранды лас жерге лақтырғанға «Сені бұған не итермеледі?» деген сұрақ қойылады ма не?!
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің және сахабалардың үстінен күлгендерге: «Сен не үшін осыны істедің?», — деп, себебін анықтады ма не?!
Осы жерде бір маңызды нәрсе туралы, нақты айтқанда амалдардың ішінде өздігінше оны істеушінің үлкен күпірлігіне нұсқайтын және анықтауға және тергеуге мұқтаж еместері бар екендігі жайлы ескертіп кету қажет. Олардың қатарына:
1. Аллаһты және Оның Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) балағаттау, ұрысу, оларға тіл тигізу;
2. Пұтқа сәжде жасау;
3. Діннің үстінен мысқылдап, келемеждеу, оны қорлау;
4. Құранды лас жерге лақтыру.
Бұл – амалдарда көрініс беретін және адам оларды саналы түрде және мәжбүрлеусіз істесе, ғалымдардың бірауызды келісімі бойынша Исламнан шығатын күпірліктің түрлері болып табылады.
Ал Исламда күпірлік деп аталған барлық өзге амалдарды жасау туралы айтар болсақ, оларға қатысты бірауызды келісім жоқ. Мысалы, кейбір замандастарымыз үлкен күпірлікке амалдарда көрінетін (куфр ‘амәли) Аллаһтың түсірмегенімен үкім етуді кіргізгісі келеді. Алайда бұған ертедегі имамдардан ешқандай нұсқау жоқ. Бұдан қалса, шейх Ибн әл-Қайимнің өзгелер барынша бұрмалағысы келетін, мұны Абу Бәсыр өзінің «әт-Тауәғит» кітабында оның сөздерінің орнын ауыстырып жасауға талпынған, мына сөздері бар: «Күпірлік екі түрлі болады: амалдардағы күпірлік (куфр ‘амали) және мойындамау мен теріске шығару сияқты сенімдегі күпірлік (куфр и’тиқад). Мойындамау және теріске шығару күпірлігі – бұл Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһтан жіберілген Аллаһ Тағаланың есімдері мен сипаттары, Оның істері мен заң ережелері сияқты нәрселеріне қатысты күпірлік. Күпірліктің бұл түрі иманға барлық жағынан қайшы келеді. Ал амалда көрініс табатын күпірлікке келер болсақ, ол иманға қайшы келетінге және иманға қайшы келмейтінге бөлінеді. Пұттарға құлшылық жасау, Құранды қорлау, пайғамбарды өлтіру немесе балағаттау сияқты амалдардағы күпірлік иманға толығымен қайшы келеді. Алайда Аллаһтың түсірмеген нәрсесінде үкім етуге және намазды орындамауға қатысты айтар болсақ, бұл – амалдардағы күпірлік!» Қз.: “әс-Салә уә хукму тарикиха” 45.
Сөйтіп шейх Ибн әл-Қайим күпірліктің Исламнан шығаратыны және шығармайтыны бар екендігін атап кетті, кейін шығаратындарын ескертіп, Аллаһтың түсірмегенімен үкім етуді және намазды тастауды Исламнан шығармайтын амалдардағы күпірлікке кіргізді.
Сондықтан қандай да бір адамның Аллаһтың түсіргенінен өзге нәрсеге үкім шығару үшін жүгінгенінің себебін білу керек және оны күпірлікте айыптауға асықпау қажет.
Тура осы мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек беруге де қатысты.
Адамның олардан бір мағыналы түрде үлкен күпірлік келіп шықпайтын амалдарын нақтылау керек екендігін білу қажет, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Хатыбқа қатысты одан оның мотивтерін сұрап жасағаны сияқты.
Имам Ибн әл-Жәузи Хатыбтың оқиғасы туралы былай деп жазған: «Хатыбтың істегені бірнеше нұсқаларды тұспалдаған еді, сондықтан да Пайғамбар (оған Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оған қатысты жақсы жорамалды (хусну-ззан) пайдаланды. Бұл хадистің кейбір риуаяттарында: «Ақиқатында, ол сендерге шындықты айтты!», — деп келтіріледі».
Имам Ибн әл-Жәузи сондай-ақ былай деген: “Осы хадисте «харам нәрсені істеген және содан кейін (мұны) әрқалай түсінуге болады деп мәлімдейтін (адамның) сөзі шешуші болады» дегенге нұсқау бар, тіпті егер жорамал қарама-қарсы (ой) жаққа ауып тұрса да!» Қз.: “Кәшф әл-мушкил” 132-133.
Сөйтіп, тағы да бір рет ескертеміз, дене және сөз амалдарының арасында оларды саналы түрде жасаған адамның жүрегіндегісін ешқандай тергеусіз Исламнан шығаратын үлкен күпірлік болып табылатындары бар! Ал өзге, екі жақты түсінуге болатын кез келген амалдар, әрекеттер және сөздер туралы айтар болсақ, онда такфир жасаудан бұрын мотивті нақтылау және түсіндіру қажет болады!
Бұған мысал – сөз болып жатқан мына оқиға:
Шейх Ибн әл-Қайим бірде имам Ахмадқа муәзіннің «Мухаммад – Аллаһтың Елшісі екендігіне куәлік беремін» деген сөздерін естіп: «Сен өтірік айтасың!», — деп айтқан адам туралы «Осындай адам кәпір болады ма?» деген сұрақ қойылғанын жеткізеді. Имам Ахмад: «Жоқ! Ол шәһада сөздерін емес, муазиннің жеке өзінің куәлігін меңзеген болуы мүмкін деген себеппен кәпір болмайды. Ол: «Сен бұл туралы ықыласты түрде куәлік беріп тұрған жоқсың!», – деп айтқанындай», — деп жауап берді. Қз.: “Бәда’иул-фәуаид” 4/26.
Бұл едәуір маңызды ережеге назар бұрыңыздар! Сырттай қарағанда, кез келген біреу бұл адамды шәһадаға сенбейді деп есептеген болар еді, алайда бұл адамның сөздерін екі түрлі етіп түсінуге болады. Дәл сондықтан да хафиз Ибн Рәжаб былай деп айтқан: “Өзіне күпірлікті қамтыған, бірақ екі түрлі етіп түсінілетін сөздер ниеттің себебімен (ғана) күпірлік болады!” Қз.: “Фәтхул-Бәри” 1/112.
Уа, мұсылмандар, сіз қалай деп ойласыздар: біздің кезіміздің мұсылмандарының арасында бұл оқиғаға қатысты имам Ахмад істегендей етіп амал ететіндер бар ма, әлде көпшілік мұндай адамды күпірлікте және діннен шығуда айыптайтын еді ме?!
Басқа бір мысал: біз өлген адамның қабірінде құрбан шалып жатқан адамды көріп тұрмыз делік, біз ол туралы не айтамыз?! Кәпір (дейміз бе), мүшрик (дейміз бе)?! Әлде одан ол не істеп жатқандығы жайлы сұраймыз ба?! Шейх Мухаммад ибн Ибраһим Әли Шейх қабірдің басында құрбан шалуға қатысты былай деп айтқан: “Бұл жерде екі нұсқа бар: Біріншісі – бұл құрбан қабірдің басында, бірақ Аллаһ үшін шалынып жатыр. Екіншісі – өлген адам үшін. Егер осы Аллаһ үшін істеліп жатқан болса, онда бұл – күнә, өйткені қабірлердің басында құрбан шалу, құрбандықты өлгенге арнап шалуға әкелетіндіктен, рұқсат етілмейді. Ал егер осы өлген адам үшін жасалатын болса, онда бұл үлкен ширк болып табылады!” Қз.: “Фәтауа Ибн Ибраһим” 1/131.
Бауырлар, айырмашылықты байқадыңыздар ма?
Бауырларым, ғалымдардың осы өте маңызды түсіндірмелеріне ерекше назар аударыңыздардар! Бұл, әсіресе, айналаның барлығына негізсіз такфир сіңіп кеткен қазіргі кезде өте көкейтесті болып табылады!
Сондай-ақ күмән және түсініксіздік болған мәселеде тіпті жаза (хадд) жасалмайтыны Исламда жақсы белгілі.
‘Умар ибн әл-Хаттаб былай деп айтатын: «Күмәні болған нәрседе жазаны (хадд) қолдануды қалдыру мен үшін күмәнданып жазаны орындаудан жақсырақ!» Ибн Аби Шәйба 11/70. Хафиз әс-Сахауи иснадын сенімді деген.
Имам Ибн әл-Мунзир былай дейтін: “Түсініксіздік және күмән жағдайында жаза қолданылмайтынына білім иелері бірауызды келіскен!” Қз.: “әл-‘Удда” 537.
Егер жазалаудың (хадд) үкімі жазаланушыда Исламның сақталуы тұсында осылай болса, онда бірнеше себебі бар болуы мүмкін болған әрекеттің негізінде Исламнан шығару туралы не айтуға болады?!
Имам-муфассир әл-Қуртуби былай дейтін: “Кәпір иманды күпірліктен абзал көрмейінше иман келтірген болмайтыны сияқты, иман келтірген де күпірлікті өзінің таңдауы бойынша қаламайынша кәпір болмайды, бұған бірауызды пікір (ижма’) нұсқайды!” Қз.: “Тәфсир әл-Қуртуби” 16/203.
Уа, бауырларым, бұл — өте маңызды сөздер, және ойланып көргенде, мұны ұғыну да қиынға соқпайды!
Енді тағы да бір рет Хатыбпен (Аллаһ оған разы болсын) орын алған оқиғаға оралайық. Кейбір замандастарымыз: «Хатыбтың әрекеті іс жүзінде үлкен күпірлік болды, алайда оны осыдан ол мұны бұрыс тауилмен жасағандығы құтқарды», — дейді. Иә, әрине, кейбір имамдар ол мұны бұрыс тауилдің негізінде жасады деп айтқан. Алайда олар: «Оның әрекеті үлкен күпірлік еді және оны одан тауил жасауы құтқарып қалды», — демеген. Олар тауил туралы бұл данқты сахабаны ақтау үшін айтқан! Ал іс жүзінде Хатыб қате тауилдің себебімен осылайша істеді деген тұжырым хадистің мәтініне және Хатыбтың өзінің сөздеріне де қайшы келеді. Өйткені Хатыб Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сұрағына мұның еш оқасы жоқ және осы жағдайда бұл нәрсе оған рұқсат етілген еді деп ойлағанын айтпады ғой. Жоқ, керісінше, ол ақтала бастады да: «Уа, Аллаһтың Елшісі, маған қатысты қорытынды шығаруға асықпа! Аллаһпен ант етемін, мен кәпір болмадым және мұны күпірлікке разы болғандығымнан жасамадым, ал мендегі Исламға деген махаббат одан сайын өсуде!», — деді. Әл-Бухари 3081, Ибн Хиббан 3/384.
Әрі Аллаһ Елшісінің өзі де (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Хатыб бұрыс тауил жасауының себебімен қателесті деп айтпады ғой! Ол бізге оның кешірілуінің себебін, яғни оның бұрыс тауил жасауын емес, Бадр соғысына қатысқандығын айтты! Егер Хатыб мұндайды бұрыс тауилдің себебімен жасаған болса, онда Хатыбтың күнәсі неде?! Өйткені тауилдің себебімен харам және тіпті күпірлік жасаған адам сөгіске лайықты болғанымен, күнәға лайықты болмайтынына келіспеушілік жоқ қой.
Қады Абу Бәкр ибн әл-‘Араби былай деп айтқан: “Бұл үмметтен болған білмеуші және қателесуші (адам), тіпті күпірлік және ширк амалдарын жасаса да, мүшрик және кәпір болмайды, өйткені білместік және қателік — ақтау болып табылады!” Қз.: «Тафсир әл-Қасими» 5/1307
Имам Ибн Хазм Аллаһқа Құран мен Сүннетте нұсқау келмеген сипаттарды телитіндер туралы сөз еткенде, былай деп айтқан: “Өзінің Раббысының денесі бар деп айтқан (адам), егер ол жәхил болса, немесе осыны тауилге сүйеніп айтқан болса, онда оған ақтау бар және күнә жоқ! Оны оқыту қажет! Ал егер оған Құран мен Сүннеттен дәлел келтірілсе, бірақ ол қасарысқан түрде қарсы келсе, онда ол – кәпір!” Қз.: “әл-Фисал” 3/293.
Қате тауил жасаудың себебімен харам нәрсені істеген адам күнәхар болуға лайықты болмайтындығын сондай-ақ шейхул-Ислам Ибн Тәймия да айтқан. Қз.: “Мәжму’ул-фәтауа” 12/180, “әл-Истиқама” 2/143 және “әр-Радд ‘ала әл-Бәкри” 289.
Сонымен, Хатыбтың істегені кәпірлерге қатысты көрсетілген нағыз мууала еді, бірақ діннен шығаратын емес, ал ол мууалаға жатпағанда, онда Аллаһ Тағала Хабыбқа қатысты: «Ал сендерден кім осыны жасаса, ол тура жолдан тайды!», — деп айтпас еді (әл-Мумтахана 60: 1).
Имам Абу Бәкр ибн әл-‘Араби былай деген: “Хатыбтың меккеліктерге хат жазып, Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жасағаны ұлы және жиіркенішті күнәлардан болып табылады! Алайда бұл оны Исламнан шығармады, өйткені оның әрекеті денемен жасалған күнәлардан еді, ал сонымен бір мезгілде оның жүрегі таза еді”. Қз.: «‘Аридатул-әхуази» 12/192.
Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай деген: “Хатыб Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ізінен ол дұшпандарынан, тіпті сахабаларынан жасырып жүрген Меккеге жасалатын жорыққа қатысты тыңшылық жасады! Ал бұл әрекет ең ауыр күнәлардан еді! Бірақ, осыған қарамастан, ол Бадр шайқасының қатысушысы және Худайбия келісімі жасалған кезде болды, және Аллаһ оны кешірді және оған разы болды, өйткені, ақиқатында, игі амалдар жамандарын жояды!” Қз.: “Хуқуқ әлил-бәйт” 45.
Ал имамдардың көпшілігі де Хатыб осыны қате тауилдің себебімен істеді деп айтпаған.
Сонымен, Хатыбтың әрекеті қателік және күнә болды, және ол мұсылмандарға қарсы, және жай мұсылмандарға емес, Аллаһтың Елшісінің өзіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қарсы кәпірлерге көмек көрсету болды, ал бұл бүкіл үмметке қатысты, бірақ Аллаһтың Елшісінсіз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осылай жасағаннан да жаман еді! Алайда оның жасағаны, кейбір терең адасушылыққа түскендер және: «Іс жүзінде Хатыб үлкен күпірлік жасады, бірақ Бадрда қатысқандығы себепті оған кешірім жасалды», — деп мәлімдейтіндер айтатынындай, үлкен күпірлік болмады. Бұл — барлық имамдар теріске шығаратын осы оқиғамен байланысты тағы да бір адасушылық, өйткені ешқандай жорық және ешқандай шайқас үлкен күпірліктің өтеуі бола алмайды!
Хатыбтың істегені үлкен күпірлік болып табылмайды, бірақ үлкен күнә болып табылады. Алайда бұл күнә оған зиян тигізбеді, өйткені Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол туралы: «Ол Жәннатта!», — деп айтқан еді! Ал оның әрекеті қателік болды, мысалы, екіжүзділердің басшысына араша түскен Са’д ибн ‘Убаданың қателігі, екіжүзділерге жақсы қарым-қатынас жасайтын Мәлик ибн Духшумның қателігі сияқты. Өйткені сахабалар бұл үмметтегі ең жақсы адамдар болуына қарамастан, олар күнәсіз және қатесіз емес еді, өйткені мұндай (қатесіз) адамдар жоқ және болған да емес, ал кемелдік толығымен және түгелімен Аллаһ Тағалаға ғана тән!
Енді мен Хатыбтың хадисіне сүйенетін, автор тікелей немесе жанама түрде: «ауытқыған жүректі адамдар», «тағуттардың жақтаушылары» және «данқты сахаба Хатыбқа жала жабушылар», — деп атаған имамдардың айтқан сөздерін келтіргім келеді. Ал бір данасымақ тіпті: «Хатыбтың хадисін муржилер ғана дәлел келтіреді», — деп мәлімдепті.
Аллаһ Тағаланың рұқсатымен барлық мәзһаб мойындаған ғалым — имам әш-Шәфи’иден бастаймын. Бірде Раби’ имам әш-Шәфи’иден былай деп сұрады: «Мұсылмандармен соғыс жағдайында болған көпқұдайшылдарға мұсылмандар оларға соғыспен барайын деп жатқаны туралы хат жазатын, немесе мұсылмандардың басқа бір құпиясын жариялайтын мұсылман туралы сен не айтасың? Оның осы амалы себепті қаны хәлал болады ма, әрі осы нәрсе оның мұсылмандарға қарсы кәпірлерді қолдайтынына нұсқау болады ма?!»
Осы сұраққа назар бұрыңыздар!
Имам әш-Шәфи’и былай деп жауап берді: “Исламды қабылдауы оның өмірін қол сұғылмайтын еткен бірде-бір адамның қаны хәлал болып табылмайды, ол — адам өлтірген, немесе үйленген бола тұра зина жасаған, немесе иман келтіргеннен кейін айқын күпірлік жасап, өзінің күпірлігінде табандылық танытып тұрған жағдайдан басқа. Алайда мұсылмандардың құпияларына нұсқау, мұсылмандар кәпірлерге кенеттен тап бергісі келіп жатқанын кәпірлерге айтып, олар шара қолдануы, немесе олардан бұрын әрекет жасап, мұсылмандарды жеңуі үшін оларды сақсындыру – мұның барлығы айқын күпірлік емес!”
Әш-Шәфи’идің бұл сөздері ойдан тоқылған ижмаға қалайша қайшы келіп тұрғанынына назар бұрыңыз!
Әрі қарай Раби’ әш-Шәфи’иден былай деп сұрайды: «Мұны айтқанда сен ұқсастыққа (қиясқа) сүйендің бе, әлде сенің дәлелің бар ма?!»
Имам әш-Шәфи’и: «Бізге Суфьян ибн ‘Уяйна, ‘Амр ибн Динардан, әл-Хасан ибн Мухаммадтан, ‘Абдуллаһ ибн Рафи’адан, оның былай деп айтқанын жеткізген: «Мен Алидің былай деп айтатынын естігенмін…», — деп, осыдан соң ол Хатыбтың белгілі хадисін келтірді де, былай деді: “Бұл хадисте, мен саған келтірген кейіпінде, жорамалдардың негізінде шариғи қаулыларды шығарудан бас тарту қажеттігіне нұсқау бар. Хатыбтың хаты да, өзі сияқты, мынаны меңзеді:
1. Ол өзінің әрекеттері үшін ақталған кезінде, нақты айтқанда ол мұны Исламға күмән келтірмей, тек өзінің отбасын қорғау үшін істегенін айтқанында, ақиқатында да шындықты айтты.
2. Сол сияқты ол мұны Исламнан шыққысы келмей, қателікпен жасады.
3. Сондай-ақ оның әрекеттері ең жаман нұсқаны (екіжүзділікті) тұспалдады.
Алайда оның әрекеттерінің шындығында нені тұспалдағанын анықтауда оның сөздері анықтаушы болды.
Сөйтіп, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны тірі қалдыру туралы қаулы шығарды және бұл істе (Хатыбтың діннен шыққандығы туралы) мүмкін болған болжамға сүйенбей қойды.
Мен Хатыбтың әрекетінен ең жаман сыртқы әрекет жасаған ешкімді білмеймін, өйткені Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құпиясы басқа адамдардың құпияларымен салыстырғанда ең ұлы және сақтауға ең лайықты құпия еді. Аллаһ Елшісінің өзінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құпиясын ол көпқұдайшылдарға кенеттен тап бергісі келгенде ашып берген адамның ақталуы одан қабыл етілді және ол осы әрекеті үшін сөгіске лайық болуына қарамастан, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған қатысты жүрекке кіруі мүмкін болған жорамалды пайдаланбады. Сондықтан да мұндайды (Хатыбтың әрекетін) Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дүниеден өткеннен кейін жасаған адам Хатыбқа қарағанда қауіпсіздеу жағдайда болады және оның ақталулары қабыл болуға лайықтырақ болады».
Сонда имам әш-Шәфи’иге мынандай сұрақ қойылды: «Ал сен біреу: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Хатыб туралы: «Ол шындықты айтып тұр!», — деп, оның шындығында да шындықты айтып тұрғанын білген соң жібере салды», — деп айтады деп ойламайсың ба, өйткені оның әрекеттері қарама-қайшы нәрсені де тұспалдады ғой?»
Имам әш-Шәфи’и былай деп жауап берді: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екіжүзділер (иман келтіргенін мәлімдегенде) өтірік айтқанын білді, бірақ оларды сыртқы Исламының негізінде тірі қалдырды. Ал егер ол Хатыбқа қатысты өз шешімін тек ол шындықты айтып тұрғандығы туралы өзінің білімінің (яғни уахидің) негізінде шығарған болғанда, онда ол екіжүзділерді, олардың өтірік айтып жатқанын (тағы да уахидің негізінде) біліп, өлім жазасына бұйырар еді. Алайда оның өлімінен соң үкім ететін қазылар жәхилиет кезінде жеткілікті себеп болып саналатын нәрсенің негізінде үкім шығармаулары үшін, ол әрбір адамға оның сыртқы амалдары бойынша үкім шығарды да, олар өз жүректерінде не жасырғанын Аллаһқа қалдырып қойды. Әрі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қандай үлгімен үкім шығарғаны, қандай да бір оқиға осыдан ерекшеленетіндігі туралы нұсқау оның өзінен, немесе Аллаһтың Кітабында келмейінше, немесе саны олар оның Сүннетін білмейді деп айтуға мүмкіндік бермейтін мұсылмандардан жетпейінше, барлық жағдайда жалпы ереже болып табылады”. Қз.: “әл-Умм” 4/249-250, “Мухтасар әл-Музани” 448, ”Әхкам әл-Қуръан” 2/37-38.
Имам әш-Шәфи’идің осы сөздеріне назар бұрыңыздар! Әш-Шәфи’идің бұл сөздерінде ол мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек беру амалын үлкен күпірлік деп есептемегеніне нұсқау бар: «Мұсылмандардың құпияларына нұсқау, мұсылмандар кәпірлерге кенеттен тап бергісі келіп жатқанын кәпірлерге айтып, олар шара қолдануы, немесе олардан бұрын әрекет жасап, мұсылмандарды жеңуі үшін, оларды сақсындыру — мұның барлығы айқын күпірлік болып табылмайды!”
Егер Аллаһ Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қарсы құрайштық кәпірлерге көмек көрсету Хатыбты Исламнан шығармаған болса, онда қалайша кез келген өзге мұсылманға қарсы мұндай әрекет үлкен күпірлік болады?
Әш-Шәфи’идің сөздерінде сөз болып жатқан нәрселерге растау бар екендігі аз болса, оларда сондай-ақ бауырымыз Расулдың мына сөздерін теріске шығару да бар:
«Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Ақиқатында, ол сендермен шыншыл болды». Осы — Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның ақталуын қабылдағанын білдіреді, бірақ бұл тек Хатыбқа ғана қатысты ерекше жағдай еді, өйткені адам шыншыл ма, әлде жоқ па екендігін біз тек уахи арқылы біле аламыз, ал бұл нәрсе Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өлгеннен кейін мүмкін емес».
Яғни бауырымыз Расул Дагестани Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Хатыбты оның шыншылдығын растаған Аллаһтан келген уахидің негізінде ақтады деп жорамалдап тұр.
Шейхул-Ислам ибн Таймийя «әс-Саримул-мәслюл» еңбегінде тура имам әш-Шәфи’и сияқты Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға қатысты үкімдерді уахидің негізінде шығармады, ол мұны тек олардың сыртқы амалдары бойынша жасап, олардың ниеттерін Аллаһқа қалдырып отырды деген. Хатыб ізгі адам еді және өтірікшілігімен және ішмерездігімен танылмаған еді, сондықтан Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған сенді. Және дәл осы үшін де жоғарыда сөздері келтірілген имам әл-Жәузи Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Хатыбты уахидің негізіде ақтады демей, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Хатыбқа қатысты жақсы жорамал (хусну занн) жасады деді.
Хатыбтың хадисіне сүйенген имамдардың сөздерін келтіруді жалғастырайық:
Құранның тәпсіршісі әл-Қуртубидің ұстазы имам Абул-‘Аббас әл-Қуртуби Хатыбтың оқиғасынан алынатын пайдаларды тізбектеп, былай деп жазды: «Үлкен күнә жасаған адам кәпір болмайды!» Қз.: “әл-Муфхим” 6/443.
Сөйтіп, ол Хатыбтың әрекетін күпірлік емес, үлкен күнә деп атады.
Имам Ибн Бәттал бұл хадиске берген түсіндірмесінде: «Бұл хадисте тыңшы — мүмин болуы мүмкін және тыңшылық оны Исламнан шығармайды дегенге нұсқау бар!», — деген. Қз.: “Шарх «Сахих» әл-Бухари” 5/163-165.
Имам ән-Нәуауи Хатыбтың осы хадисіне жасаған шархында былай деген: “Бұл хадисте тыңшылық адамды Исламнан шығармайтынына нұсқау бар! Сондай-ақ, онда ешкім мұсылмандардың әмірінің рұқсатынсыз жазаны (хадд) орындауға және өлтіруге тиісті болған адамды өлтіруге құқығы жоқ екендігіне де нұсқау бар!” Қз.: “Шарх «Сахих» Муслим” 7/539.
Осы маңызды сөздерге назар бұрыңыздар: «…ешкім мұсылмандардың әмірінің рұқсатынсыз жазаны (хадд) орындауға және өлтіруге тиісті болған адамды өлтіруге құқығы жоқ!…»
Имам ән-Нәуауи сондай-ақ былай дейтін: “Ақиқатында тыңшы және ұлы күнә жасаушы өзгелер сол күнәлардың себебімен кәпір болмайды!” Қз.: “Шарх «Сахих» Муслим” 16/55.
Шейхул-Ислам Ибн Тәймия кейбір сахабалардың күнәға ұрынуының себебін түсіндіріп, былай деген: “Осы әрекеттер, бұл құрайштықтар үшін тыңшылық жасаған Хатыбпен орын алғанындай, асығыстықтың және әуестің себебінен көрініс тапты, бірақ дінде күмәнданудың себебінен емес. Ал бұл міндетті түрде тәубе етуді қажет ететін күнә және мойынсұнбау болып табылады! ” Қз.: “әс-Сарим әл-мәслюл” 2/372.
Имам Бәдруддин әл-‘Айни «Сахих әл-Бухариге» жазған шархында Хатыбтың оқиғасына берген түсіндірмесінде былай деген: “Бұл хадисте тыңшылық иманнан шығармайтынына нұсқау бар!” Қз.: «‘Умдатул-Қари» 14/356.
Шейх ‘Абдул-Ләтыф Әли Шейх кәпірлерге көмек және достық қарым-қатынас көрсету мәселесінде шекке шыққан кейбіреулерге былай деп жазған: «Хатыб ибн Аби Бәлта’аның оқиғасы туралы ойланыңдар! Бұл оқиғада қаншама пайда бар екендігі туралы (ой қозғаңдар)! Ақиқатында, ол Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хижра жасады, алайда ол Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құпиясы туралы меккелік мүшриктерге жазып жіберіп, оларға Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға қарсы жиһад жасамақшы болған жоспарлары туралы хабарлады. Ол осыны осы арқылы отбасы мен мал-мүлкін қорғау үшін өзіне одақтас табу мақсатында істеді. Және оған қатысты уахи түсті». Содан соң ол Хатыбпен орын алған оқиға туралы хадисті келтірді де, былай деп жалғастырды: «Ал Аллаһ Хатыбқа қатысты иман есімімен сөйледі және оны мүмін деп сипаттады, ал осы аяттың уахи етілуіне тек себепкер ол болса да, оның істегеніне деген тыйым — баршаға қатысты. Және бұл аятта Хатыбтың жасағаны — мууәләт екендігіне және ол кәпірлерге сүйіспеншілік танытқанына, және мұндайды жасаған адам адасушылыққа түскендігіне нұсқау бар».
Содан соң шейх ‘Абдул-Ләтыф былай деген: “Маған сендер Аллаһ Тағаланың «Бұл олардың Аллаһ түсіргенді жек көгендерге: «Біз сендерге кейбір істерде бағынамыз», — дегендері үшін» деген аятын біздің кезіміздің кейбір мұсылман әмірлеріне қатысты, олардың кейбір адасқандардың жетекшілерімен және көпқұдайшылдардың әмірлерімен хат алысуы, немесе келісім-шарт жасасуы, немесе бітімге келуі себепті қолданатындарың (туралы хабар) жетті! Не үшін сендер одан алдынғы «Расында, өздеріне тура жол анық болған соң кері бұрылғандарды…» деген аятқа назар бұрмайсындар?! Не себепті осы бағынудың мәні жайлы ойланбайсыңдар?!»
Ол сондай-ақ былай деген: «Немесе Худайбия бітімі және мүшриктер талап еткен әрі шарт ретінде ұсынған барлық нәрселерге Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіскені жайлы ойланбайсыңдар?! Ал бұл сендердің түсініктеріңді және өтіріктеріңді теріске шығару үшін жетіп асады!” Қз.: “әд-Дурару-ссания” 1/467, “әр-Расаил уәл-мәсаил ән-нәждия” 1/13.
Шейх ‘Абдул-Ләтыфтың осы сөздері жайлы ой қозғаңыздаршы! Ол Хатыбтың әрекеті мууалатул-куффар болғандығы туралы айтып, «Расында, өздеріне тура жол анық болған соң кері бұрылғандарды…» деген аятты келтіреді де, бұл адамдардың кәпірлерге осындай нәрселерді айтуларынан бұрын-ақ муртад (діннен безгендер) болғанына нұсқайды және ол да Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мүшриктермен Худайбия келісімін жасасқандағы шарттарға ерекше назар аударады!
Бұл — Хатыбтың хадисіне түсіндірме беретін имамдардың кейбір сөздері.
Ал енді имамдардың Хатыбқа байланысты түскен аяттарды тәпсірлейтін сөздерін келтіреміз:
Аллаһ Тағала былай деген: «Әй, мүміндер! Менің дүшпандарымды да, өз дүшпандарыңды да қамқоршы және көмекші етіп алмаңдар. Олар сендерге келген шындыққа қарсы келсе де, оларға сүйіспеншілікпен ашыласыңдар. Олар Пайғамбарды да, сендерді де Раббыларың Аллаһқа иман келтіргендерің үшін қуып шығарды. Егер сендер Менің жолымда ризалығымды іздеп, соғысқа шыққан болсаңдар, оларға жасырын сүйіспеншілік танытпаңдар. Мен көрнеу, көмес істегендеріңді де жақсы білемін. Сендерден кім мұны істесе, расында ол тура жолдан адасты!» (әл-Мумтахана 60: 1).
Құранның тәпсіршілері осы аят Хатыбтың істеген әрекеті себепті түскендігіне бірауызды келіскен.
Егер осыдан алдын келтірілген Құран аяттарында кәпірлерге достық, көмек және сүйіспеншілік танытуға жалпылама мағынадағы тыйым болған болса, бұл аятта жай кәпірлер туралы емес , мұсылмандармен соғысқан және Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қуып шығарған кәпірлер туралы сөз болуда!
Бұл аятта Аллаһ: «Әй, мүміндер!», — деп айтып, Хатыбты да, тура Хатыбтың істегенін жүрегінде иманды сақтап істейтіндердің әрбірін де мүмін деп атады, өйткені оның түсірілуінің себебіне қарамастан, бұл аят жалпылама болып табылады. Имам Абу Музаффәр әс-Сәм’ани былай деген: “Бұл аяттағы Аллаһтың «Әй, мүміндер!» деген сөздері Хатыбтың өз әрекеті үшін Исламнан шықпағанына нұсқайды!” Қз.: “Тафсир әс-Сам’ани” 5/356.
Аллаһтың «Оларға сүйіспеншілікпен ашыласыңдар» деген сөздерінің бір мағынасы бұл: «Сендер дұшпандарға мұсылмандардың құпияларын ашасыңдар және оларға тілектестік танытасыңдар!», — деген, бұл туралы әз-Зужаж өзінің “Мә’ани әл-Қуръан” (5/155) кітабында айтқандай.
Имам Ибн Аби Зәманин «Менің дүшпандарымды да, өз дүшпандарыңды да қамқоршы және көмекші етіп алмаңдар» деген аяттарға қатысты: “Дінде!”, – деген. Қз.: “Тафсирул-Қуръанил-Азиз” 4/376.
Осыған орай, имам Ибн Аби Зәманиннің кәпірлерге қамқоршылық және көмек жасау туралы аяттардың мағынасын бірнеше рет тек нақты дінге байланыстырғанына назар аударғым келеді.
Ал бұл имамның кім екендігіне келер болсақ, ол туралы қысқаша айтып өту қажет деп ойлаймыз, өйткені орыс тілді мұсылмандардың арасында оның есімі еш нәрсе білдірмеуі мүмкін. Имам әл-Хумайди ол туралы былай деген: “Ол атақты фақиһ және зухд еді!» Қз.: “Бәғъятул-мултамис” 87.
Имам әз-Зәһаби ол туралы: “Имам, өнеге, Қуртубаның (Испаниядағы Кордова қаласы) шейхы”, — деп жазған. Қз.: “әс-Сияр” 17/188.
Хафиз Абу ‘Амр әд-Дәни ол туралы былай дейтін: “Ол көптеген мәселелердің мән-жайын жақсы білетін және көптеген жақсы кітаптар жазған, көркем мінезге ие еді, дүние игіліктерін қалаудан алыс еді, көп жылайтын еді және әмірлерден өзін алыс ұстайтын”. Қз.: “әс-Сыллә” 2/434.
Таңданарлық жағдай, ия?! Мың жыл бұрын өмір сүрген бұл адам әмірлерден өзін алыс ұстайтын, бірақ, бұған қарамастан, Құрандағы кәпірлерге көмек және қамқорлық көрсету туралы қорқытуларды дәл олардың дінімен ғана байланыстырады! Ал, ендеше, ол қандай тағуттарға араша түсті екенін білу қызық?! Егер оның сөздерін бүгінгі күні айтсаңыз, сізді бір сәтте-ақ муржилікте, тағуттарды қорғауда, екіжүзділікте т.с.с. лас нәрселерде айыптай салады.
Қады Әбу Бәкр ибн әл-‘Араби Хатыбқа байланысты түскен бұл аяттың тәпсірінде былай деген: “Кім мұсылмандарды аңдып, олар туралы олардың дұшпандарына хабарласа, егер оның осындай әрекетінің себебі дүниелік нәрселер болып, сенімі дұрыс болып қала берсе, ол осы себепті кәпір болмайды!” Қз.: “Әхкамул-Қуръан” 4/225.
Имам әл-Қуртуби былай деген: “Кім мұсылмандарды аңдып, олар туралы олардың дұшпандарына хабарласа, егер оның осындай әрекетінің себебі дүниелік нәрселер болып, сенімі дұрыс болып қала берсе, ол осы себепті кәпір болмайды! Көмек алуды қалаған және сол себепті діннен шығуды қаламаған Хатыбтың әрекеті дәл осылай болды”. Қз.: “Тафсир әл-Қуртуби” 20/399.
Хафиз Ибн Кәсир былай деген: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Хатыб мұны өзінің құрайштықтарда қалған мал-мүлкінің және балаларының себебімен істегенін білгенде, оның ақталуын қабыл етті”. Қз.: “Тафсир Ибн Кәсир” 4/410.
Шейх Жәмалуддин әл-Қасими былай деген: “Егер біреу: «Ал Құран: «Сендерден кім мұны істесе, расында ол тура жолдан адасты!», — деп, Хатыбтың күнә жасағанына нұсқап тұр, сондықтан қалайша оның ақталуы қабыл болды?», — деп айтса, мен: «Ақиқатында, оның ақталуы ол иманын сақтап қалғандығы және мүшриктерге олардың ширкі себепті көмектеспегендігі себепті қабыл етілді! Ал сондықтан да Аллаһ оны мүмін деп атап, оған: «Әй, мүміндер!», — деп сөз жолдады», — деп жауап беремін!” Қз.: “Тафсир Мәхасин әт-туил” 16/5764.
Бұл ғалымдардың сөздеріне назар бұрыңыздар: Хатыб уахидің, немесе қате тауилдің негізінде емес, осыны күпірлік үшін емес, дүниелік нәрсе үшін істегені себепті ақталды!
Осы айтылғанның барлығының негізінде Хатыбтың оқиғасы Расул деген авторға және бұл оқиғаның айқын мәнін бұрмалап тастаған сол сияқтылардың барлығына барлық жақтан дәлел екендігі ап-айқын болады! Өйткені егер мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек көрсету — сырттай қарағанда бір мағыналы түрде үлкен күпірлік болғанда, онда осылай істеуге итермелеген себепке қараудың мәні болмас еді!
Бұл мақалада мен қазіргі заман ғалымдарының сөздерін арнайы келтірмедім, өйткені мен Расул Дагестани кімді шынайы ғалым деп, ал кімді «тағуттардың жақтастары» деп санайтынын білмеймін. Мұның үстіне, ол өзінің «әл-Жәми’ фи талибил-‘илм әш-шәриф» кітабында шейх Ибн Базды және шейх әл-Әлбаниді тікелей және жанама түрде қаралаған Абдул-Қадир ибн Абдул-Азиздің сөздерін келтіргендігін ескерсек (осылай есептеуіміз тіпті негізді). Қз: 1/133, 1/166, 1/218, 2/693, 2/582, 2/851.
‘Умар ибн әл-Хаттабтың Хатыбқа қатысты айтқан сөдерін түсіндіру
Өте жиі жағдайда көптеген бауырлар және кейбір такфиршілер өздерінің ойынша кәпір болып табылатындарға такфир жасауға рұқсат етілгендігіне дәлел ретінде ‘Умардың Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Хатыб туралы «Уа, Аллаһтың Елшісі, рұқсат бер, мен бұл екіжүздінің басын шауып тастайын!» деген сөздерін келтіреді.
Олар осыда сыртқы әрекеттері немесе сөздері Шариғатта күпірлік деп аталатындарға такфир жасауға рұқсат етілетіндігіне нұсқау бар деп біледі. Және өздеріне дәлел етіп Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ‘Умарға оның сөздері үшін сөгіс айтпағанын келтіреді, бұған қоса бұл хадистің бір риуаятында, ‘Умар Хатыбқа қарай: «Ол күпірлікке түсті!», — деп айтқаны келеді.
Көпшілік мұсылмандардың ‘Умардың сөздеріне мән беріп, Пайғамбардың өзінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздеріне ешқандай мән бермейтіні таң қалдырады, ал ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ‘Умардан ерекше Хатыбтан: «Уа, Хатыб, сені бұған не итермеледі?», — деп сұрап, оның істеген ісінің себебін анықтай бастады.
Бұл хадисте және ‘Умардың сөздерінде олар үшін ешқандай дәлел жоқ және мұның себебі де көп:
‘Умар Хатыбты екіжүзді деп атады, бірақ осы нәрсе Хатыб шындығында да екіжүзді болғанын білдіреді ме?! ‘Умар өзінің Хатыбқа қатысты шешімінде қателескендігіне ешкім таласпайтын шығар. Кері жағдайда екіжүздіге араша түскендігі үшін Са’д ибн ‘Убадаға айтылған екіжүзді деген сөздерді де қабыл ету керек болады ғой?!
Екіншіден, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ‘Умардың сөздеріне келіспеушілік айтпауы да бір мағыналы емес, кейбір имамдар осылай деп айтса да! Бұл хадистің әл-Бухари келтірген бір риуаятында Хатыбтың хатының мазмұны анық болған соң ‘Умардың “Уа, Аллаһтың Елшісі! Ақиқатында ол Аллаһқа және Аллаһтың Елшісіне сатқындық жасады, рұқсат бер, мен оның басын шауып тастайын!» деп айтқаны келтіріледі. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Хатыбқа: «Сен не үшін осылай істедің?», — деді, ал Хатыб: «Аллаһпен ант етемін, маған еш нәрсе болған жоқ және мен Аллаһқа және Оның Елшісіне иман келтіргенмін, алайда мен халықтан қолдау алуды қаладым, Аллаһ олар арқылы менің отбасым мен мал-мүлкімді сақтап қалуы үшін. Өйткені сенің сахабаларыңның ішінде ол жерде олардың отбасылары мен мал-мүлкіне араша түсетін туысқандары болмаған адамдар жоқ», — деп айтты.
Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ол шындықты айтып тұр және оған жақсыдан өзге ешнәрсе айтпаңдар!», — деді. Алайда ‘Умар тағы да: “Ақиқатында ол Аллаһқа және Аллаһтың Елшісіне сатқындық жасады, рұқсат бер, мен оның басын шауып тастайын!”, – деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі) оған: «Ол Бадр шайқасының қатысушысы емес пе? Ал Аллаһ Бадр шайқасының қатысушыларына қарап: «Қалағандарыңды істеңдер, өйткені сендерге Жәннат әзірленген! — немесе, — Өйткені сендер кешірілдіңдер!», — деген!», — деп жауап берді. Содан соң ‘Умардың көздері жасқа толып, ол: «Аллаһ және Оның елшісі жақсырақ біледі!», — деді. Әл-Бухари 3983, 6259.
Ал не үшін ешкім бұл оқиғаның осы нұсқасына көңіл бөлмейді?! Онда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ‘Умардың сөздерін кұптамағанына нұсқау жоқ па сонда?!
Осы жерде біреу: «Ал не үшін ‘Умар, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ол шындықты айтып тұр, оған жақсыдан өзге ешнәрсе айтпаңдар!», — деп айтса да, Хатыбты өлтіруге тағы да бір рет рұқсат сұрады?», — деген сұрақ қоюы мүмкін.
Бұған хафиз Ибн Хәжар былай деп жауап береді: “Осыда ‘Умар өзінің бұл сөздерін екі рет қайталағанына нұсқау бар. Бірінше ретке келер болсақ, оны ақтауға болады, өйткені ол шынайы себепті білмеді. Ал екінші ретке келер болсақ, онда оған ақтау жоқ, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Хатыбтың сөздерін растады және оған жақсыдан өзге қандай да бір сөздерді айтуға тыйым салды! ‘Умардың (Хатыбқа өлім жазасын қолдануға) деген қалауын екінші рет білдіруіне келер болсақ, бұл сөздерде оқа бар, бірақ бұған қатысты: «‘Умар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Хатыбты (екіжүзділіктен) ақтауы одан өлім жазасын түсірмейді деп есептеді», — деп айтылған”. Қз.: “Фәтхул-Бәри” 12/308.
Алайда Хатыбтың оқиғасының риуаяттарының көпшілігінде ‘Умар өз сөздерін бір-ақ рет айтқаны жеткізіледі.
Ендеше, Расул бауырымыз ұсынғандай осы хадис туралы бірге ой қозғайық.
Біріншіден, бұл риуаяттан біз Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Оған жақсыдан өзге еш нәрсе айтпаңдар!», — деп, ‘Умардың сөздеріне келіспеушілік білдіргенін көреміз.
Басқа бір риуаятта Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ‘Умарға: «Сен Бадр шайқасының қатысушыларынан болған адамды өлтірмексің бе?!», — деп айтқаны жеткізіледі. Ибн Хиббан 7/185, Абу Я‘ла 5/371.
Басқа бір риуаятта ол ‘Умардың Хатыбты өлім жазасымен жазалауға деген қалауына: «Сен қайдан білесің?!», — деп жауап берген. Абу Дауд 3/163.
Шейх Шәмсул-Хакқ ‘Азым Әбади «Шарх «Сунан» Аби Дауд» кітабында Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Сен қайдан білесің?!» деген сөздеріне қатысты былай деген: “Яғни сен ненің негізінде ол өлім жазасына лайықты деп есептедің?!” Қз.: «‘Аунул-Мә’буд» 7/312.
Осы себепті көптеген имамдар ‘Умар (Аллаһ оған разы болсын) қателесті деп айтқан. Имам Ибн Хазм былай дейтін: “‘Умар Хатыбқа қатысты Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тұсында: «Рұқсат бер, мен бұл екіжүздінің басын шауып тастайын!», — деп айтты. Алайда ‘Умар өзінің такфир жасағаны үшін кәпір болмады, өйткені ол өзінің түсінуінде қателікке жол берді!” Қз.: “әл-Фисал” 3/143.
Шейхул-Ислам Ибн Тәймия, қате ижтиһадтардың көптеген мысалдарын келтіріп, былай деген: “Ижтиһдтағы қателік кешіріледі! Өйткені адам аятқа немесе хадиске сүйенуі мүмкін ғой, мысалы, біреулер Ибраһим (Исмаилді емес) Исхақты құрбан шалғысы келді деген деректі сахих деп, осылай есептейді. Немесе «Оған көздер жете алмайды», немесе «Адам Аллаһ онымен уахи немесе перде арқылы өзгеше сөйлесуіне лайықты емес» деген аяттарға сүйеніп, Аллаһты ешкім көрмеді деп есептейді. ‘Айша осы аяттарға сүйеніп, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһты көзімен көрмеді деп есептеді. Алайда бұл аяттар жалпылама болып табылады… Немесе мұсылмандарға қарсы тыңшылық жасап, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әскери жорығы туралы дұшпандарға хабарлаған адам екіжүзді болып табылады деп есептеу, мұны ‘Умар Хатыбқа қатысты есептеп: «Рұқсат бер, мен бұл екіжүздінің басын шауып тастайын!», — деп айтқанындай. Немесе екіжүзділер үшін ашу танытқан адамның өзі екіжүзді болып табылады деп есептеу, Усайд ибн Худайр Са’д ибн ‘Убадаға қатысты осылай деп есептеп, оған: «Ақиқатында, сен – екіжүзділерге араша түсетін екіжүздісің!», — деп айтқанындай”. Қз.: “Мәжму’ул-фәтауа” 20/33-35.
Екіншіден, хадистің аталған риуаятында ‘Умардың өзі айтқанына және асығыстықпен жасаған шешіміне өкінгені, өйткені ол осыдан соң жылағаны жеткізіледі.
Үшіншіден, бұл оқиға ‘Умардың өзі үшін де сабақ болды, өйткені ол кейіннен жазаны (хадд) қолдануға немесе такфир жасауға асықпайтын болды. Имам Ибн Бәттал Хатыбтың хадисіне жасаған шархында әл-Ләйс ибн Са’дтан Язид ибн Аби Мәнсурдың былай деп баяндаған дерегін келтіреді: “Бірде ‘Умар ибн әл-Хаттабқа оның Бахрейндегі әміршісіне дұшпандарға хат жазып, мұсылмандардың құпияларын ашып беретін Әдрабас деген адамды алып келгендігі және оның басын шауып жатқан кезде ол: «Уа, ‘Умар, уа, ‘Умар!» — деп айтқаны туралы хабар жетті. да. Содан соң ‘Умар өзінің әміршісіне келуін талап етіп, хат жазып жіберді. Ал ол келген кезде, ‘Умар қолына найза алып, оны күтіп алды да, ол кірген кезде найзаны оның маңдайына қарай көтеріп: «Мен сенің алдыңдамын, уа, Әдрабас, сенің алдыңдамын!» — деді. Сол кезде оның әміршісі оған: «Уа, мүміндердің әмірі! Ол дұшпандарға мұсылмандардың сырларын ашып жазды және оларға қосылуды қалады!», — деді. Бұған ‘Умар былай деді: «Сен оны осы үшін өлтірдің бе? Кім бізден осыны (кәпірлерге қосылуды) қалайды?! Егер осы кейін жаман әдет болып кетпегенде, мен сені ол үшін өлтірер едім!»” Қз.: “Шарх «Сахих» әл-Бухари” 5/163, сондай-ақ “Кәнзул-‘уммал” 5/723.
Бул асардан (сахабалардың өмірінен дерек) ‘Умар мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек көрсетуді өздігінше үлкен күпірлік деп санамағаны көрінеді! Және осы себептен де ‘Умар мына атақты сөздердің авторы да болып табылады: “Күмәнды болған күйде жаза қолдануды қалдыру мен үшін күмәнданып жазаны орындағаннан жақсырақ!” Ибн Аби Шәйба 11/70. Хафиз әс-Сахауи иснадын сахих деген.
‘Умардың Хатыбтың оқиғасындағы сөздеріне келер болсақ, одан егер мужаһид тауилдің негізінде біреуді күпірлікте немесе екіжүзділікте айыптаса, онда ешқандай күнә жоқ екендігі алынады, тіпті ол осынысында қателессе де! Имам әл-Хаттаби «Шарх «Сунан» Аби Дауд» кітабында Хатыб туралы хадиске қатысты былай деген: «Бұл хадисте егер біреу, мужәхид бола тұра, қандай да бір уақиғаның негізінде мұсылманды күпірлікте немесе екіжүзділікте айыптаса, ол бұл үшін жазаға лайықты болмайды дегенге дәлел бар! Сен Хатыб – иманын Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) растаған мүмін бола тұра, ‘Умардың (Аллаһ оған разы болсын): «Рұқсат бер, мен бұл екіжүздінің басын шауып тастайын!», — дегенін естімедің бе?!” Қз.: “Мә’алиму-с-Сунан” 3/275.
Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай деген: “Мұсылманды тауилдің негізінде өлтірген адам осы үшін кәпір болмайды, мұны Усама ибн Зәйд істегендей. Алайда егер біреу қаны харам болған мұсылманды өлтіруге рұқсат деп есептесе, ол кәпір болды. Сол сияқты мүмінді күпірлікте айыптау да – күпірлік болып табылады, бұл жөнінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім мұсылманға: «Әй, кәпір!», — деп айтса, бұл олардың екеуінің біреуіне оралады», — деп айтқанындай. Әл-Бухари 6104, Муслим 60. Бірақ, мұнымен бірге, егер адам осыны тауилдің негізінде айтса, ол кәпір болмайды, осылай деп ‘Умар ибн әл-Хаттаб Хатыбқа қатысты айтқандай”. Қз.: “Минһажу-с-Сунна” 4/205.
Бірақ біздің кезімізде оңды-солды күпірлікте айыптаушылар — имам әл-Хаттаби т.б. айтқандай — мужаһид болып табылады ма?!