Терактілерді (лаңкестік актілерді) жасаушылар кім екендігі туралы ғалымдардың пәтуалары

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Шейх Ибн Баз былай деп айтатын: Бұл терактілерді Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірмегендер жасайтынына күмән жоқ. Аллаһқа және Ақыретке шынайы иман келтіргендердің арасында сен  осындай орасан зор зиян мен ұлы бұзақылық алып келетін жиіркенішті қылмысты жасаушыларды көрмейсің. Мұндайды тек өшпенділікке, ызаға, көре алмаушылыққа және зиянкестікке толы болған  кесірлі (бұзық) жүректерінде Аллаһқа және Оның Елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шынайы иманы болмағандар ғана істей алады!” Қз.: “Фатауа Ибн Баз” 7/120.

Шейх Ибн Базға «Сіз «жама’ат әл-жихад» атты топ туралы және олармен ынтымақтастықта болу туралы не айта аласыз?» деген сұрақ қойылғанда, ол: “Біз олармен ынтымақтастықта болмауымыз керек, тіпті оларға сәләм беруге болмайды. Олар еленбеуге тиіс және адамдарды олардың жауыздығынан сақтандырып ескерту керек, өйткені олар – мұсылмандар үшін фитна (бүлік) және зиян, және олар – шайтанның бауырлары!” Қз.: “Кәйфә ну’алижжу уәқи’анәл-алим” 108.

Шейх Ибн ‘Усаймин Сауд Арабиясында жасалған теракт туралы былай деді: “Мұндай іске кез келген ақылы бар адам разы бола алмайды, ал иман келтірген адам тіпті де, өйткені бұл Құран мен Сүннетке қайшы келеді. Осыда Исламға іштей де, сырттай да келетін зиян бар. Бұл – ұлы қылмыс, алайда залымдар табысқа жетпейді. Жақын арада, инша Аллаһ, олар өздерінің жазасын толығымен алады. Білім талап етіп жүрген студенттер адамдарға бұл жол, яғни көпқұдайшылдарды қалдырып, мұсылмандардың қанын төгуді халал еткен хауариждердің кесірлі жолы екендігін түсіндіру міндетті болып табылады”. Қз.: “Фатауа әш-шәр‘ия фи қадая әл-‘асрия” 47.

Шейх Ибн ‘Усаймин сондай-ақ былай деп айтты: “Адамдардың арасында жарылыстар жасап, осыны Аллаһтың жолындағы жихад деп айтатындар іс жүзінде Ислам мен мұсылмандарға пайдадан көрі көп зиян тигізуде. Олардың нәтижелері қандай екендігі сендерге сұрақ: кәпірлер Исламға жақындады ма, әлде олар Исламнан одан сайын алыстады ма?!  Адамның, оны басқалар осы үрей туғызушы және сұмдық жиіркенішті топқа жатқызбауы үшін, өз бетін жабуы қалайша Исламнан болмақ?! Ислам мұның барлығынан алыс, Ислам мұның барлығынан алыс!” Тыңдаңыз “Шарх усуль әт-тафсир” 1-таспа, «А» беті.

Шейх әл-Әлбани былай деді: Мұсылман әмірлеріне қарсы шығуға рұқсат беруге бүгіңгі күні болмайды, бұл – кесімді сөз! Осы себептен біз шығуға шақырып жатқандар, немесе өздері шығып жатқандар – не Исламға жасырын жіберілгендер (тыңшылар), не болмаса  шындығында да мұсылмандар, бірақ Аллаһ Мухаммадтың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, жүрегіне түсірген Ислам туралы надандықтың шегінде болған мұсылмандар екендігін көрудеміз!” Қз.:  “Фатауа ‘уләма әл-акабир фи мә ухдира мин димә фи әл-Жәзәир” 94-96 (беттер).

Шейх Салих әл-Фаузан былай деді: “Бұл мұсылмандарға қарсы шыққан топ (терактілер жасаушылар) — ғалымдардан және мұсылман әмірлерінен алшақтаудың салдары болды және кәпірлер мен екіжүзділер олардың бастарына осындай идеяларды құйды, сөйтіп олар мұсылман қауымдастығындағы ауытқу болды! Бұл, күмәнсіз, — хауариждер, әрі олардың амалдары – хауариждердің амалдары! Қала берсе, олардың амалдары хауаридждердің амалдарынан да жаман, және бұл – кәрамилер (бәтынилер) сектасының амалдарына көбірек ұқсайды, өйткені, кәрамилердің амалдары құпия операцияларға негізделеді, әрі бұл адамдардың амалдары да құпия. Алайда, хауариждердің амалдары құпия болмады, өйткені олар барлық істерін ашық түрде істеді, сондықтан да, мұндай адамдар (теракт жасаушылар) – хауариждерден де жаман!” Тыңдаңыз  “Мәуқыф әл-муслим мин әл-фитән”.

Шейх Салих әс-Сухайми былай дейтін: “Өзін «әл-жихад» деп атайтын, бірақ жихадқа еш қатысы жоқ топ – бұл біздің ғасырымыздың хауариждері! Хауариждер олар тарапынан ‘Усман мен ‘Али өлтірілген кезде пайда болды, әрі олар тіпті Дәжжәл шыққанға дейін болады, бұл жөнінде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтқанындай. Олар пұтқа табынушыларды тастап қояды да, мұсылмандарды өлтіреді. Олар Құранды оқиды, бірақ ол олардың кеңірдегінен төмен түспейді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оларды «Тозақтың иттері» деп атады. Олар ислам елдерінде, оларды кәпірлердің жері деп,  мұсылмандарды өлтіреді!  Өздерінің әрекеттерімен олар кәпірлерді Исламға және мұсылмандарға қарсы басып кіруге араңдатты және олар кейбір мұсылман қалаларын басып алуына жол берді. Осының барлығының арғы жағында кімдер тұрғанын: сионистер ма, массондар ма, әлде басқа біреулер ме, олар осыларға тікелей басшылық етеді ма, әлде жоқ па —  Аллаһ жақсы біледі.  Олардың бұзақылығы таралмауы үшін, әрбір мұсылман олардың адасушылықтарын ашуға және көрсетуге міндетті болып табылады. Және олардың қай-қайсысын да жасырып-қорғауға болмайды, өйткені бұл күнә мен дұшпандыққа көмектесу болады, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп бұйырғанындай: «Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер» (әл-Мәидә, 2). Ал оларды жасырып (пана бергенге), немесе қорғағанға, немесе олардың амалдарын істегенге келер болсақ, ол олардың істеріндегі, бейбіт келісімдегі мұсылмандардан және кәпірлерден болған жазықсыз адамдарды өлтіру ісіндегі қолдаушысы және серіктесі болады. Және мұндай адам Аллаһтың лағынетіне түседі, бұл жөнінде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһ бидғат істеушіні және бидғатшыны жасырушыны лағынеттеді», — деп айтқанындай. әл-Бухари 4/73, Муслим 1371. Қз.:  “әл-Ирхаб асбабуху уә ‘иләжжух” 7.

Алынған көзі: www.Salaf-forum.ru

You may also like...