«Хунафа» сайтындағы пәтуаға жауап

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

 Біз Өзін ғана мадақтайтын және Өзінен ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мадақ. Аллаһтан өзімізідің нәпсіміздің  және істеріміздің жамандығынан пана іздейміз.

Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, мүміндер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар. Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділетсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ. Және Аллаһтан қорқыңдар. Күдіксіз, Аллаһ не істегендеріңнен толық хабар алушы» (әл-Маида; 8).

Біз жақында «Хунафа» сайты «Қазақстан полициясына қарсы жихад» деген атпен «пәтуа» деп атап шығарған материалы себепті Қазақстан мұсылмандарына жолдау жасағымыз келді.

Оның мазмұны төмендегідей:

«Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен.

Біз — Қазақстандық жастармыз, біздің елімізде полицейлер бізге қысым жасайды, кейбіреулерімізді түрмелерге отырғызады. Біз мынандай сұраққа айқын жауап алғымыз келеді: Біз ғалымдардың бірауызды пікірі: «Кәпірлермен соғысудан бұрын оларды дінге шақыру міндетті», — деп айтатынын біле тұра, күшті күпірлігімен және Ислам мен мұсылмандарға деген дұшпандығымен ерекшеленетін кейбір полицейлерді өлтіре бастасақ болады ма?  Және біздің әрекеттеріміз Аллаһтың жолындағы жихад болып аталады ма? Аллаһ сізге игілік сыйласын және білімдеріңізді арттырсын».

Жауапты «Минбару-ль-Таухид уәл-Жихад» сайтының пәтуалар комитетінде мүшелікте тұратын шейх Әбу Мунзир әш-Шинқити береді:

«Құрметті бауыр, сен атап кеткен соғысудан бұрын дінге шақырудың міндеттілігі жайындағы ғалымдардың бірауызды пікірі шабуыл жихадына қатысты. Ал қорғану жихадына келер болсақ, онда алдын ала дінге шақыру шарт болып табылмайды. Керісінше, жихадты мүмкіндігінше кейінге қалдырмай бастау міндетті болып табылады.

Сен сондай-ақ полицейлер сендерге қысым көрсетіп, түрмеге отырғызып жатқанын хабарлайсың, ал бұл жағдайда олармен соғысу шабуыл жихадының емес, қорғану жихадының түрі болады. Ал орын алып жатқан әділетсіздікке, езгіге деген сендердің тойтарыстарың Аллаһтың жолындағы Жихад болып саналады және кім осы жолда өлсе, сол, Аллаһ қаласа, шәһид болады. Бұған Саид ибн Зайдтан жеткен Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім өзінің мал-мүлкін қорғай отырып /қорғау жолында/ өлтірілсе, сол шәһид; кім өзінің дінін қорғай отырып /қорғау жолында/ өлтірілсе, сол шәһид; кім өзінің отбасын қорғай отырып /қорғау жолында/ өлтірілсе, сол шәһид», — деген хадис нұсқайды  (Абу Дауд, Тирмизи, Насаи, Ибн Мажжаһ; Тирмизи хадисті сахих және хасан деді).

Алайда сендердің шектен шыққандарға қарсы жихадтарың одан нәтиже мен өзгеріс болмайтын  жалғыздың (яғни жеке бір адамның) реакциясы болмауы керек. Шындығында, сендердің әрекеттерің ұжымды және ұйымдасқан болуы қажет, сендер өздеріңнің жихадтарыңның ізгі амалдары адамдарға және елге пайда әкелуі үшін және оның оң нәтижесі болуы үшін объектілерді, мақсаттарды, құралдар мен сатыларды анықтауларың қажет. Қандай болған жағдайда да, тіпті бұл нәтижелерге қол жеткенге дейін де, зұлымдық жасаушылардан өш алу Шариғатта әрбір езгіге ұшыраған үшін заңдастырылған болып қала береді, Аллаһ Тағаланың: «Әлбетте біреу зүлымдық көргеннен кейін өшін алса, сонда оларға сын жоқ» (Шура, 41), — деген сөздеріне сәйкес». 

Бұл пәтуаға, оның сұрағы мен жауабын қамтығанда, бізде кейбір ескертулер бар.

Сұрақ қоюшы былай деп жазады:

«Біз — Қазақстандық жастармыз, біздің елімізде полицейлер бізге қысым жасайды, кейбіреулерімізді түрмелерге отырғызады».

Біз де, Аллаһ Тағалаға шүкір, Қазақстандық мұсылмандармыз және бұл жердегі жағдай туралы біліміміз сұрақ қоюшыдан нашар емес. Оның сұрағынан Қазақстанда полицейлер әрбір мұсылманды тек ол мұсылман болғандығы үшін ғана жәбірлеп, түрмеге отырғызады деген ой қалыптасады. Бұл – өтірік және бұл туралы тіпті радикалды пиғылдағы Ауғаныстан мен Уәзірістанда болып келгендер де біледі.  Егер Қазақстандық полиция тіпті аталған елдерге жихадқа кетіп, қайтып келгендерді жәбірлемеген болса, онда қалайша олар тек Ислам үшін жас мұсылмандарға қысым көрсетеді (деп айтуға болады)?! Мұның үстіне олар Уәзірістанға кеткендерге олар белгілі бір мерзімнің ішінде қайтуы, кері жағдайда оларды азаматтықтарынан айыратындықтары туралы жолдау жасаған жағдайлар қаншама болды? Ал олар қайта оралған соң олармен жай сөйлесетін, ары кетсе, белгілі бір уақыт бойы үй қамауына алатын, бірақ ешқашан ұрып-соқпады да, қинап-азаптамады да. Сондай-ақ қаншама Кавказдық және Өзбекстандық мұсылмандар: «Бізде де біздің милициямыз бізге осындай қарым-қатынаста болса ғой!» — деп айтатын.

Алайда автор барлық нәрсені бұрмалаған түрде ұсынып жатыр, бұл жөнінде шейх Ибн ‘Усаймин: “Қалыптасқан жағдайды суреттеу (фиқх әл-уақи’) — шын мәнісінде әуес-қалауларға еру! Ал әрбір адам қалыптасқан жағдайды өз қалауынша суреттейді”, — деп айтқанындай. “Шарх Хилья талиб әл-‘ильм” 41.

Мұның үстіне, бұл – «жихад», «таухид» деген ұлы терминдерді жамылған түкке тұрмайтын саяси интригалардың мүддесіне бола Қазақстанда бүліктің өртін жағу үшін ойдан тоқылған пәтуа емес екендігін біз қайдан білеміз?!

Сосын, тіпті егер сұрақ қоюшы шындығында да Қазақстанда өмір сүреді және біздің полиция шынында да жас мұсылмандарға қысым көрсетеді дегенге келіскеннің өзінде де, не үшін олар мұндай маңызды сұрақты Абу Мухаммад әл-Макдисидің, яғни осыдан 15 жыл бұрын Сауд Арабиясын күпірлік елі деп жариялауымен танылған адамның сайтында қояды?! Кім үшін Сауд Арабиясы күпірлік елі болып табылса, ол үшін Қазақстан және кез келген өзге ел ешқашан Исламның және мұсылмандардың елі болмайды ғой. Ал не үшін сұрақ қоюшы өзінің хатын ақиқатында да атақты ғалымдар және үлкен ғалымдардан тірі қалғандардың санаулысы болып табылатын шейх Салих әл-Фаузан немесе шейх Абдуль-Мухсин әл-Аббад секілді, Аллаһ оларға есендік берсін,  аһлюс-Суннаның мойындалған ғалымдарына жолдамады?! Мүмкін, сұрақ қоюшы бұл ғалымдардың жауабы қандай болатынын білген шығар және өз сұрағын оларға қою оған тиімді болмаған шығар?! Немесе ол бұл ғалымдарды ғалым деп санамайтын болар?! Бірақ аһлюс-Суннаның көрнекті ғалымдары бұрын да, қазір де сақтандырып ескерткен Абу Мухаммад әл-Макдисидің олардан несі жақсырақ?! Оның сайтына сұрақ қойған адам әл-Мақдисидің шейх Абдуль-Азиз ибн Базға және шейх Ибн ‘Усайминге жолдап айтқан мына сөздерін біледі ме екен:

«Әй, адасқан ғалымдар! Аллаһ сендерге қарсы өтіріктің бетперделерін беттеріңнен түсірді және сендерің істеріңнен болған барлық ластықтарыңды сыртқа шығарды!»

Әл-Мақдиси Сауд Арабиясын кәпірлердің елі деп атаған «Кәуәшифуль-жәлия фи такфир әд-даулә әс-су’удия» кітабын жазған кезде, шейх Абдуль-Азиз әр-Райс ибн әр-Райс оған қарсы «Табдид кәуәшиф әл-‘анид» атты теріске шығару (радд) жазды. Ал осы теріске шығаруға пікір жазған  шейх Салих әл-Фаузан оның кітабының басында былай деп жазды: «Шейх Абдуль-Азиз әр-Райс ибн әр-Райстың бұл теріске шығаруын мен өте жақсы деп таптым, әлгі қара ниеттің (әл-Мақдисидің) ауызын жабатындай және оның қастығын әшкерелейтіндей!»

Сондай-ақ шейх ‘Абдуллаһ әл-‘Убайлән тура осы теріске шығаруға жазған рецензиясында былай деген: «Мен құрметті бауырымыз – шейх Абдуль-Азиз ибн әр-Райс әр-Райстың «Табдид кәуәшиф әл-‘анид фи такфирихи ли даулә әт-таухид» атты теріске шығаруын оқып шықтым. Ақиқатында ол бұл өзін білімге телитіннің (әл-Мақдисидің) күмәндарының барлығын түсіндіріп берді, Сауд Арабиясын қорғауда, шариғи дәлелдерді келтіруде және хауариждік идеяларды талқандауда шыншыл болды!»

Йеменнің шейх-мухаддисі Муқбиль ибн Хадиге мынандай сұрақ қойылды: «Уа, шейх, бір сұрақ бар, Аллаһ сізге игілік берсін, әрі біз сіздің пікіріңізді білгіміз келеді. Абу Мухаммад әл-Мақдиси деген бір адам бар және біз ол туралы сіздің пікіріңізді білгіміз келеді. Ол білім иелерінің қатарынан ба?

Шейх Муқбиль былай деп жауап берді: “Бұл адам түрлі мақалалар жазады және оның кітаптарында қателер көп. Бірде ол бізге бір мақала жіберді, ол мақала (аты)  «И’дад әл-фәуәрис битәрк әл-мәдарис» болған сияқты. Бірақ ол (Сауд Арабиясын күпірлікте айыптау туралы) «Кәуәшиф әл-жәлия» кітабы емес етін, өйткені ол кезде бұл кітап оған тиісті екендігі белгілі емес болатын. Маған оны қарап шығуым үшін берген кезде, уақытым болған жоқ, сосын мен оны күшті сыншы баурымыз —  ‘Абдуль-‘Азиз әл-Бар’иге бердім. Ол Аллаһ Тағала үшін оның қателерін тауып шығарды. Мұны Мақдисиге жіберген кезде, ол әл-Бар’иге қарсы пікір жазғысы келді, ал мен оған: «Бұл адам (әл-Мақдиси) – қырсық надан, оны қоя ғой, біздің оған көңіл бөлуіміз  жараспайды», — дедім. Алайда эмоцияларға жүгінген адамдар бұл адамды білім иелері қатарынан деп ойлайды. Ал олар білім иелерінен деп ойлайтындардың көбісі іс жүзінде олардан емес. Және бұл адам да (әл-Мақдиси) – білім иелерінен емес!” “Мушәхидати фи әл-мәмләкә әл-‘арабия әс-су’удия” кассетасын тыңдаңыздар.

Шейх ‘Али әт-Тууайжжари (тәпсір бойынша доктор және шейх Ибн Баз бен Ибн Усайминнің оқушысы) былай дейтін: «Мен баршаға Аллаһтан қорқуға және білім алуға және осы әл-Мақдисиден аулақ болуға насихат беремін, ақиқатында, ол – атақты хауариж және адасқан идеялардың жақтаушыларынан! Одан өте сақ болып, оған ілеспеу керек, оны тыңдамай, оның кітаптарын да оқымау қажет!«

http://rapidshare.com/files/418991577/Sheih_Ali_Tuvaydjiri_-_Makdisi.mp3

Сондай-ақ шейх–доктор Абдуллаһ әл-Бухари де былай деп айтқан: «Ал бұл адам (Абу Мухаммад әл-Мақдиси), мен әл-Барқауиді айтып тұрмын, мен Аллаһтан оны тура жолмен жүргізуін немесе оның омыртқасын сындыруын және үмметті оның жауыздығынан және айқын надандығынан сақтауын тілеймін! Аллаһпен ант етемін, олар Исламды да ұлықтамады, кәпірлерді де талқандамады! Ол біледі ме әлде жоқ па, бірақ оның надан пәтуалары кәпірлерге көмек берді, ол оны сезінсе де, сезінбесе де! Иә! Өйткені ол өзінің надан пәтуаларымен және бұзақы мақалаларымен кәпірлерге мұсылмандардың кейбір қалаларында бұзақылық таратуға сылтау берді! Осы сияқты бұзақы пәтуалар қалалардың (кәпірлерге) бағындырылуына себеп болды. Ол опат болу есіктерінің есігін ашты, ол және ол сияқтылар — зұлымдыққа, күнәға, надандыққа және Сүннеттен қашықтауға толы осындай пәтуаларды берушілер! Олардың осындай істерінің арасында, хауариждер болмаса, ізгі саләфтар жоқ. Және олардың аһлюс- Суннадан болған саләфтары болмайды да, сахабалардан да, табиғиндерден де, ең жақсы ғалымдардан да!»

http://rapidshare.com/files/399434073/Abdullah_Buhari_-_Makdisi.mp3.html

Бұл ғалымдардың және атақты шейхтардың осы адам туралы айтқан сөздері ойлануға мәжбүрлемейді ме және мұндай адамның ізінен ілесуден ұстап қалмайды ма?! Дәл соның сайтына сұрақ қоюшыға ол туралы оның осыдан 15 жыл бұрын Сауд Арабиясын күпірлік елі деп атағанынан және ғалымдарды балағаттағанынан басқа не мәлім?! Оған ол кімнен білім алғаны, ғалымдардан кімдер оны мақтағаны және оған қан төгу, жихад т.с.с. маңызды мәселелер бойынша пәтуа сұрап жүгінуге болады деп айтқаны мәлім бе екен?!

Бірақ ең таң қаларлығы – Қазақстаннан-мыс сұрақ қойған адамға әл-Мақдисидің өзі емес, Қазақстан құқық қорғау органдарының қызметкерлерін өлтіруге рұқсат беретін пәлен Абу Мунзир әш-Шинқитидің жауап бергені. Ал осы Абу Мунзир деген кім өзі, соны білгіміз келеді?! Сұрақ қоюшы және барлық жерде осы «пәтуаны» таратушылар ол туралы не біледі?!

Мұның үстіне, сұрақ қоюшыға және осы «пәтуаны» таратушыларға осы пәтуаны берген адам оның шейхы әл-Мақдисидің мұндай мәселелер бойынша айтқан сөздеріне қайшы келгенін біледі ме екен?!

Абу Мухаммад әл-Мақдиси 2005 жылы «әл-Жазира» телеканалының журналисттеріне берген сұхбатында былай дейді: «…Режимдердің жастарға жасап жатқан қысымы оларды ережеден, жоспардан кері бұрмау керек. Менде жоспар бар, ал менің жоспарым – бұл шарап дүкенін немесе кинотеатрды жару емес; менің жоспарым – бұл мені қорлаған офицерді өлтіру емес; менің жоспарым – Үмметке оның данқын қайтару және әрбір мұсылман онда пана табатын Ислам мемлекетін құру.  Бұл үлкен және ұлы жоспар, ол кішігірім өш алу актілеріне мұқтаж емес, ол жаңа ұрпақты тәрбиелеуге мұқтаж, ұзақ дайындыққа мұқтаж, Үмметтің ғалымдары мен оның ұлдарының қатысуына мұқтаж. Ал мен өз жоспарымды орындауға мүмкіндігім жоқ болғандықтан, өзімнің мүмкіндіктерімнен озып, сатылардың бірінде кішігірім істерді орындау үшін өзімнің бауырларымды тарта алмаймын, мұны Үмметіміздің дұшпандары да бауырларымызды түрмелерге тастау үшін күтіп отыр. Қаншама бауырларымыз өлтірілді және түрмелерге отырғызылған, ал олар — бұл қозғалыстың қоры еді…»

http://www.youtube.com/watch?v=WDe8TtnCX00

Оның сөздерінен оны қорлаған полицейді өлтіру – бұл мақсат және жоспар емес екендігі; мүмкіндік болмай, ол өзінің бауырларын түрлі ұсақ операцияларға тарта алмайтындығы; мұсылмандарды сақтау қажеттігі және Исламның дұшпандарына оларды түрмелерге тастауға және қорлық пен азап көрсетуге сылтау бермеу қажеттігі айқын болады.

Ендеше, не үшін Абу Мунзир өзінің шейхының іліміне қайшы келетін пәтуа шығарады екен?! Не үшін ол бір шоғыр мұсылман жағдайды түзетуге қабілетсіз екендігін ескермейді және егер полицейлерді өлтіре бастаса, тіпті олар шындығында да олардың кейбіреулеріне қорлық көрсеткен болса да, олар мұны жауапсыз қалдырмайтын фактіні есепке алмайды?! Өйткені кез келген ақыл-санасы түзу адам мұндай әдістер тек «өш алушылар» үшін ғана емес, барлық мұсылмандар үшін қайғы-қасіретке айналатынын түсінеді ғой! Сөйтіп, тағы да ғалымдар осы сияқты акциялар туралы: «Исламды да ұлықтамады, кәпірлерді де жоймады!», — деп  айтатын жағдай орын алады.

Жихадтың Исламда ұлы орынға ие екендігіне еш күмән жоқ, бірақ сондай-ақ жихадтың өз шарттары бар екендігіне де ешқандай күмән жоқ. Бұл шарттардың ішіндегі ең маңыздылары төмендегідей:

1) соғысу үшін күштің болуы;

2) соғысу зиян емес, пайда алып келуі қажет!

Ал адамдарды өлтіретін, тонайтын және осы сияқты әрекеттерді жасайтын, ал құқық қорғау органдары осы үшін оларды түрмеге отырғызатын немесе өлтіретін жағдайда да, мұны: «Исламды ұстанғандығы үшін мұсылмандарға қысым көрсету», — деп атайтын  адамдарға келер болсақ, онда бұл — өтірік және белгілі бір заттарды өз атымен атамау болып табылады!

Мұндай ситуациялардың қаншасы орын алған және орын алуда да. Кеше ғана әлдебіреу адам өлтіруші және тонаушы еді, ал арнайы қызмет орындары оған жақындап, оны ұстағысы келгенде, ол өзінің қаласын тастап, оны іздемейтін жаққа қашады, мысалы, Ауғанстанға. Ал осыдан кейін, таң қаларлығы осы, мұндай адамдар барлық жерде жихад барша үшін парыз болды, хижра барша үшін парыз болды деп жаза бастайды. Ақиқатында, бұл – құмарға еру және Аллаһ Тағаланың Шариғатымен ойнау!

Біздің жастарымызға және жалпы дүние жүзінің мұсылмандарына келер болсақ, олар асығыс қорытынды шығарудан, әсіресе асығыс әрекеттерден  аулақ болуы қажет, өйткені жихад – бұл ойын және ермек емес, ол – не Жәннаттың сыйлығы, не Тозақтың жазасы болатын салмақты жол.

Бірде Хузайфа Абу Муса әл-Аш’ариден: «Сен қылышын алып, Аллаһтың дидарына ұмтылып шыққан адам туралы не айта аласың, ол өлтірілсе – Жәннатқа кіреді ме?» — деп сұрағаны жеткізіледі. Абу Муса: «Иә!» — деді. Хузайфа: «Егер ол ақиқатқа сәйкес әрекет жасап соғысқан болса және өлтірілсе, онда ол Жәннатта! Ал егер ол Аллаһтың дұрыс әміріне сәйкес амал жасамаған болса, онда ол Тозақта!» — деді. Содан соң Хузайфа: «Аллаһпен ант етемін, мұндай адам Тозақта!» — деді. Бұған Абу Муса: «Сенікі дұрыс!» — деді. ‘Абдур-Раззақ 5/267, Са’ид ибн Мансур 2546, Ибн Уадах 1/81.

Сахабалардың бұл сөздері жихад жасау үшін жалғыз ықыластың жеткіліксіздігін, өйткені жихадты дұрыс жүргізу үшін, оны Шариғат заңдастырғандай  етіп жүргізу қажет екендігін ескеру керектігіне нұсқайды.

Ал егер біреу: «Барлық жауапкершілікті өзінің мойнына  Қазақстанның арнайы қызмет орындарының кейбір қызметкерлерін өлтіруге рұқсат  ететін пәтуа шығарған пәлен Абу Мунзир әш-Шанқити алды», — деп айтса, біз оған оның адасып жатқандығы туралы айтамыз!

Әрине, өзі мұндай маңызды мәселелерді шешуге құқығы бар адамдардан болмай, бұл пәтуаны шығарған адам Аллаһтың алдында жауапкершілікке тартылады және сұралады. Алайда бұл пәтуаны қабылдаған және оған сүйенген адамға келер болсақ, одан жауапкершілік тек ол шындығында да пәтуа шығаруға құқығы бар адамның пәтуасына сүйенген жағдайда ғана түсіріледі.  Мұндай жағдайда ғалымның пәтуасына сүйенуші адамда жауапкершілік болмайды, тіпті ол қате болса да, өйткені бар ауыртпалық пәтуа шығарғанға түседі.

Ал ғалымдардың емес, не білімімен, не салиқалылығымен танылмаған, Аллаһ Тағала тек ғалымдар мен мұсылмандардың әмірлеріне ғана шешуді бұйырған мәселелерді шешуге кіріскен адамдардың пәтуасына сүйенген адамға келер болсақ, ол да пәтуа шығарған адам сияқты жауапкершілікке тартылады.   Аллаһ Тағала былай деді: «Олар (кәпірлер) Қиямет күні өз жүгін және өздері адасушылыққа енгізген надандардың жүгін толығымен көтерсін.  Олардың көтерген жүгі  нендей жиіркенішті!» (ән-Нахль, 25)

Имам Мужжахид бұл аятқа жасаған тәпсірінде былай деген: “Кәпірлер өз күнәларының ауыртпалығын және оларға бағынғандардың күнәларының ауыртпалығын көтереді. Бірақ олардың өздеріне ілескендердің күнәларын көтеретіндіктері оларға бағынғандардың жазасын еш жеңілдетпейді”. әт-Табари 14/200, әс-Суюты 9/41.

Абу әд-Дарда Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндайды: «Қиямет Күні барлық адамдар белгілі бір жолмен жүретін кезде, өлтірілген адамның жанынан оны өлтірген адам өткенде, ол: «Уа, Раббым! Ол мені (фәнилік дүниеде) өлтірді!», — деп дауыстап айтады. Аллаһ одан: «Сен оны не үшін өлтірдің?», — деп сұрайды. Ол: «Маған пәлен бұйырды», — деп жауап береді және өлтіруші де, бұйырған да жазаланады!» Ибн Абу Шайба 5/434, әт-Табарани 10407. “Мажма’ әз-зауаид” 7/300.

Бұл хадисте (бұйрықты) орындаушыны жазадан оның бұйрықты жай орындауы құтқармағанына айқын нұсқау бар.

Біз мұсылмандарға олар мұндай мәселелердің шешімін Аллаһ: «Қашан оларға (мұсылмандарға) аманшылықтан немесе қауіп-қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны Пайғамбарға не өздерінің іс басындағыларына ұсынса, олардан оның мән-жайын зерттей алатындар білер еді» (ән-Ниса, 83), — деп айтқанын ескертіп, осындай мәселелерді шешуге құзырлы адамдарға қалдыруын айтып жолдау жасаймыз.

Бұл аятта «өздерінің іс басындағыларына» дегенде мұсылмандардың әмірлері және ғалымдар аталып тұр, бұл саләфтардан жеткізілетініндей. Қараңыз:  “Тафсир Ибн Абу Хатим” 5688, “Тафсир әд-Дурруль-мансур” 4/82, “Тафсир Ибн ‘Атыйя” 2/85.

Полицлерді өлтіру, тіпті өздерін мұсылман деп санайтын полицейлерді өлтіру бұл аятқа тікелей қатысты екендігіне ешкім күмән келтірмейтін болар, сол сияқты пәлен Абу Мунзирдің ғалым да емес, тіпті мұсылмандардың әмірі де емес екендігіне де.

Хузайфадан Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде: «Мүмін адам өзін-өзін қорламауы керек!», — деп айтқаны жеткізіледі. Оған: «Ол өзін-өзі қалай қорлауы мүмкін?», — деген сұрақ қойылды. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Өзіне өзі төтеп бере алмайтын ауыртпалықтарды жүктеп!», — деп жауап берді.  Әт-Тирмизи 2254, Ибн Мажжаһ 4016. Қараңыз: “әс-Сильсилә әс-Сахиха” 613.

You may also like...