Мұсылман әмірлеріне (ел басшыларына) қарсы шығуға қатысты сұрақтарға имамдардың берген жауаптары

Шейх-уль-ислам[1] Ибн Таймия[2], Аллаһ оны рахымына бөлесін, былай деген: «Сондықтан да Сүннетті ұстанушылардың көпшілігі әмірлерге (ел басшылырына) қарсы көтеріліске шығуды және оларға қарсы қарулы күрес жүргізуді, тіпті олар әділетсіздік (зұлымдық) көрсетіп жатса да, рұқсат етілмеген (тыйым салынған) деп есептейді, бұған сахих хадистер нұсқайды. Ұрыс-шайқастар әкеп соқтыратын бұзақылық пен бүліктердің таралуы әмірлерлердің (ел басшыларының) ұрыс-шайқассыз және бүліксіз жасап жатқан әділетсіздіктерінен көбірек зиян әкеледі. Әмірге қарсы шығып жүрген адамдар өздерінің қарсы шығуынан келетін зиян олар себебін жойғысы келген зияннан да үлкен болуы ықтимал екендігін білмеуі мүмкін». «Минхаж әс-Сунна ән-набауийа», 3/390.

Имам[3] Ибн әл-Қайим, Аллаһ оны рахымына бөлесін: «Мұсылман әмірлеріне (ел басшыларына) қатысты ықылас көрсету өшпенділікпен және алдаумен үйлесе алмайды, өйткені ықылас – өшпенділікке қарама-қарсы нәрсе. Шынайы мұсылмандар қауымдастығының жақтаушысы болу да жүректі өшпенділік пен алдаудан тазартады, өйткені өзін мұсылман қауымдастығының жақтаушысы деп санайтын адам сол қауымдастықтың мүшелеріне де өзіне қалаған нәрсені  тілейді және өзіне қаламаған нәрсені оларға да қаламайды.

Оларды ренжітетін және қуантатын нәрселер оны да ренжітеді және қуантады, бұл жайт оны рафидилерден, хауариждерден, муътазиләлардан, тағы солар сияқты басқа да бұл қауымдастықтан бөлініп шыққандардан және мұсылмандарды жамандап, қаралағандардан ерекшелейді.  Мұндай адамдардың жүрегі өшпенділік пен алдауға толып біткен, сондықтан да сен рафидилердің ықыластан анағұрлым алшақтағанын, олардың мұсылман әмірлеріне (ел басшыларына) және мұсылман үмметіне қатысты өте өтірікші екенін және олар шынайы мұсылмандардан бәрінен де алыста екенін көрудесің», — деп айтқан. «Мифтах дар әс-саада», 1/62.

Ибн әл-Қайим сондай-ақ былай деді: «Пайғамбарымыз, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өз үмметінің мүшелеріне Аллаһ пен Оның Елшісі сүйетін жақсы нәрселерге жету үшін  жамандықтан қайтаруды міндетті еткендігін мысал етіп келтіруге болады. Алайда егер жамандықтан қайтару одан да жаман және Аллаһ пен Оның Елшісі жек көретін  нәрселерге әкелетін болса, онда жамандықты қайтаруға негіз жоқ, тіпті Аллаһ мұны және мұндай істерді жақтаушыларды жек көрсе де. Бұл жерде сөз патшалар мен әмірлерді (ел басшыларын) мойындамау және оларға қарсы қарулы көтерілістерде көрініс тауып жатқан жағдайлар туралы болуда, өйткені бұл кез келген жамандықтың және соңы жоқ бүліктердің негізі болып табылады.

Бірде сахабалар, Аллаһ оларға разы болсын, Аллаһтың Елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, намазды бекітілген уақыттарынан кешіктіріп өткізетін әмірлермен соғысуға рұқсат сұрап: «Біз олармен соғыссақ қайтеді?», — дегенде, ол: «Олар намаздарды орындауды тоқтатпайынша,  жоқ», — деп жауап берді. Муслим «Сахих», № 4800 хадис.

Сондай-ақ, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені жеткізіледі: «Өз әмірінің қандай да бір (істерін) құптамайтын (адам) сабыр сақтасын және ешбір жағдайда оған бағынудан шықпасын…» Муслим «Сахих», № 7054 хадис.

Кез келген адам үлкен және кіші бүліктер орын алған кезде Исламның жағдайы қандай болғандығы жайлы ой қозғаса, адамдар пайғамбардың насихаттарына құлақ аспағанын және өздері қайтаруға ұмтылған жамандыққа сабыр сақтамағанын және бұл оларды баяғыдан да жаман нәрселерге әкеп соқтырғанын көреді». «И’ләм әл-маукаейн», 3/4.



[1] Шейх-уль-ислам (исламның ақсақалы) – кейбір көрнекті діндарларға берілетін құрметті атақ.

[2] Таки әд-дин Ахмад ибн Таймия (1263-1328 жж.) – ханбали мазхабының теологы және құқықтанушысы.

[3] Имам (тілдік мағынасы – алда тұрушы, жетекші) – намазда алда тұрушының, рухани жетекшінің, мұсылман қауымдастығы басшысының, көрнекті діни тұлғалардың және діни-саяси жетекшілердің  лауазымы. «Шейх» деген атақ сияқты, «имам» деген атақ та ислам әлемінің кейбір атақты қайраткерлерінің атының ажырамас сипаты болып қалыптасып қалды, мысалы: имам Малик, имам әш-Шафи’и.

You may also like...