Шейхул-Ислам Ибн Таймияның «қорғану жиһадының ешқандай шарты жоқ» деген сөзінің түсінілуіне және нақтылығына айқындық енгізу

Аса Мейірімді, ерекше Раөымды Аллаһтың атымен

Дайындаған: Абу ‘Умар әш-Шами — Ахмад Абдул-‘Азиз әл-‘Анзи

Арабшадан орысшаға аударған: Қуат Абу Усама

Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына,  сахабаларына және оның жолына Ақыретке дейін ілесушілерге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Ал содан соң:

Әуес-қалаулардың жақтаушылары (әһл-әһуа) өз әуес-қалауларын қарапайым адамдардың алдында ақтау үшін өздерінің бидғаттарын және дінге енгізген жаңалықтарын сенімге лайық болған ғалымдардың сөздерімен әдемі етіп көрсетуін қоймайды. Ал, соның бір мысалы — олардың дәлел ретінде шейхул-Ислам Ибн Таймияның мына сөздерін келтіруі: «Ал қорғану шайқасына қатысты айтар болсақ, бұл – ар-намыс пен дінге қол сұғушыға қарсылық көрсетудің ең ауыр түрі, сондықтан да ол, бірауызды пікір бойынша (ижма’), міндеттілік (уәжіп) болып табылады! Әрі иманнан кейін дін мен тіршілікті бүлдіретін шабуылдаушы дұшпаннан қорғанудан міндеттілеу нәрсе жоқ, ал сондықтан қорғану жиһадының (әд-даф’) ешқандай шарты жоқ, керісінше, қолдан келгенше қорғану керек, және бұған біздің ғалымдарымыз және өзге мазһабтардың ғалымдары нұсқаған». Қз.:  «әл-Фатауа әл-кубра» 4/608.

Бұл сөздермен алданған адамдар қорғану жиһадының мүлде ешқандай шарттары болмайды, және ол күштің (қудра) болуымен шартталмайды, қорғанудың пайдасы мен зиянын салыстыруды талдаумен де шартталмайды деп есептеуі мүмкін.  Және олар: «Қорғану жиһадында кез келген тәсілмен қатысу қажетті болады, тіпті бұл мұсылмандардың тұтастығының тапталуына немесе одан шығу жолын Аллаһ Тағала ғана білетін опат болу жағдайына әкелсе де», — деп есептейді. Осы себептен мен осы шағын еңбекте шейхул-Исламның аталған сөздерінің шынайы мағынасын түсіндіруді шештім.

Мен Аллаһ Тағаладан тура басшылық тілеп, мыналарды айтамын:

Ақиқатында, шейхул Исламның айтқан сөздерімен таныс адам ол «шарттарды жоққа шығаруда»  жалпы қандай да шарттардың (мутлақу әл-иштарат)  болуын емес, шарттардың толық болуын (әл-иштират әл-мутлақ) меңзегенін біледі. Бұл терминдердің айырмашылығы туралы шейхул-Исламның өзі, Аллаһ оны рақым етсін, былай деп айтқан болатын: «Нақтыланбай (әл-мутлақ) және нақтыланып (муқайяд) айтылған сөзге қатысты айтар болсақ, олардың мысалы  «құлды босату» немесе «ал егер сендер су таппасаңдар» деген аяттар болып табылады. Бұл (құл және су) сөздердің мағынасы сөз мағынасын бастапқы пайдалануды түсінудің (мутлақул-ләфз)[1] құрамына кіруі мүмкін, бірақ сөз мағынасының толықтығын түсінудің (әл-ләфз әл-мутлақ)[2] құрамына кірмеуі мүмкін, яғни сөзде оны толықтықпен сипаттаусыз қолданылуы мүмкін және сөзде толықтықтың шартымен қолданылмауы мүмкін». Қз.: «Мәжму’уль-фатауа» 2/164.

Ибн әл-Қаийм, Аллаһ оған рақым етсін, былай деп айтатын:

«Алынатын пайда: бұйрықтың толықтығы (әл-әмр әл-мутлақ) және жай бұйрық (мутлақу әл-әмр). 

«Бұйрықтың толықтығы (әл-әмр әл-мутлақ)», «сынның толықтығы (әл-жәрх әл-мутлақ)», «білімнің толықтығы (әл-ильм әл-мутлақ)», «тәртіптің толықтығы (әт-тартиб әл-мутлақ)», «сауданың толықтығы (әл-бай’ әл-мутлақ)» және «судың толықтығы (әл-мә әл-мутлақ)» терминдері «жай бұйрық», немесе «жай сын», «білім», «тәртіп», т.б. терминдерінен ерекшеленеді, ал бұл жердегі (яғни терминнің толықтығы мен жай терминнің арасындағы) айырмашылықтар төмендегілерде:

Біріншісі: бұйрықтың толықтығы (әл-амр әл-мутлақ) абзалға және т.с.с. бөлінбейді және бөлінетін нәрсе болып табылмайды[3]. Ал жай бұйрық (мутлақуль-амр) уәжіп және мәндубқа бөлінуі мүмкін. Сондықтан жай термин бөлінеді, ал толық термин бөлінбейді.

Екіншісі: бұйрықтың толықтығы (әл-амр әл мутлақ) — жай бұйрықтың бөлігі, бірақ керісінше емес.

Үшіншісі: жай бұйрықтың болмауы (мутлақуль-амр) бұйрықтың толықтығының болмауын (әл-амр әл-мутлақ) талап етеді, бірақ керісінше емес.

Төртіншісі: бұйрықтың толықтығының болуы (әл-амр әл мутлақ) жай бұйрықтың болуын талап етеді, бірақ керісінше емес.

Бесіншісі: бұйрықтың толықтығы (әл-амр әл-мутлақ) жай бұйрықтың (мутлақуль-амр)  бір түрі және бір бөлігі болып табылады.

Алтыншысы: бұйрықтың толықтығы (әл-амр әл-мутлақ) толықтыққа нұсқайтын дыбысталумен және  мағыналық байланыстың болмауымен байланысты. Ал жай бұйрық (мутлақуль-амр) дыбысталумен байланысты емес және басқа мағынаға байланысты болып та қолданылады.

Жетіншісі: бұйрықтың толықтығы (әл-амр әл мутлақ) бір мезгілде әрі нақтыланған (муқайад) әрі нақтыланбаған (мутлақ) болуы мүмкін емес, ал жай бұйрық (мутлақуль-амр) нақтыланған да (муқайад), нақтыланбаған да (мутлақ) болуы мүмкін.

Сегізінші: бұйрықтың толықтығы (әл-амр әл-мутлақ) толықтық терминімен (әл-итлақ) байланысты, ал ол өзіне мағынаның толықтығын да (әл-итлақ), оның нақтылануын да (әт-тақиид) қамтиды, ал жай бұйрық (мутлақуль-амр) нақтыланбаған болады,  тіпті оның кейбір бірліктері нақтыланған болса да». Қз.: «Бәдаиу’ль-фәуаид» 4/821.

Шейхул-Ислам Ибн Таймияның және оның шәкірті Ибн әл-Қаиймнің жоғарыда келтірілген сөздерінен сөз мағынасының бастапқы қолданысы (мутлақуль-ләфз) мен сөз мағынасының толықтығының (әл-ләфз әл-мутлақ) арасында үлкен айырмашылық бар екендігі бізге ап-айқын болады. Демек, шарттардың толықтығының (әл-иштират әл-мутлақ) және жай жалпы қандай да шарттардың (мутлақу әл-иштарат) арасында да осылай болады.

Және осы жерде бірден жауап беруді қажет ететін мынандай сұрақ туындайды: «Шейхул-Ислам Ибн Таймияның «қорғану жиһадының (әд-даф’) ешқандай шарттары жоқ» деген сөздерінде жоққа шығарылатын шарттар не өзі? Шарттардың толықтығы ма (әл-иштират әл-мутлақ), әлде жалпы кез келген шарттар ма (мутлақу әл-иштарат)?»

Бұл сұраққа жауап беру үшін бізге мыналар қажет болды:

1) Шейхул-Исламның осы мәселеге қатысты айтқан сөздерін жинақтау және олардың алынған көздерін табу;

2) Сөйлемшелерді олардың ұқсастықтары бойынша реттеу, сөйтіп, сол арқылы олардың нақтыланбаған сөздерін нақтылаушы сөздердің аясында, жалпы сөздерін нақты сөздердің аясында, қысқа қайырылған сөздерді егжей-тегжейлі баяндалған сөздердің аясында, түсініксіз сөздерін түсіндіруші сөздердің аясында түсіну;

3) Оның сөздерінің жалпы негіздерін және ол оларды қалайша қолданғанын зерттеу;

4) Оның (көтерген) жеке мәселелеріне сәйкес келетін бұл мәселелер пайда болған негізді табу.

Және осыдан кейін біз шейхул-Исламның бұл мәселедегі шынайы пікірін шығарамыз.

Осы жоғарыда айтылғандардан соң (ғана) шейхул-Исламның мына сөздері туралы пікір айту керек: «Ал қорғану шайқасына қатысты айтар болсақ, бұл ар-намыс пен дінге қол сұғушыға қарсылық көрсетудің ең ауыр түрі болып табылады, сондықтан ол, бірауызды пікір бойынша (ижма’), міндеттілік (уәжіп)! Және иманнан кейін дін мен тіршілікті бүлдіретін шабуылдаушы дұшпаннан қорғанудан міндеттілеу нәрсе жоқ, ал сондықтан қорғану жиһадының (әд-даф’) ешқандай шарты жоқ, керісінше, қолдан келгенше қорғану керек, және бұған біздің ғалымдарымыз және өзге мазһабтардың ғалымдары нұсқаған». Бұдан жай жалпы кез келген шарттарды емес, шарттардың толықтығын (әл-иштират әл-мутлақ) жоққа шығару (тәрк ету) түсініледі. Бұған дәлел көп, әрі олардың ішінде шейхул-Исламның өзі айтқан сөздері де бар, мысалы:

1) Шейхул-Ислам, қорғану жиһадының міндетті болып табылатындығы  және «жиһад ад-даф′ ешқандай шарттарға ие емес» екендігі туралы айтқанында, Аллаһ және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізді міндеттеген кез келген нәрсе осыны орындауға деген қабілеттіліктің (қудраның) болуымен шартталатынын  бізге оның өзі түсіндірген.

Шейхул-Ислам былай деп айтатын: «Жүктелген міндеттер (таклиф) білуге және орындауға деген қабілеттіліктің (қудраның) болуымен шартталатыны Құран және  Сүннетпен келген нәрсені оқып-зерттеген адамға айқын болады. Және осының біреуіне (білуге немесе орындауға) кімнің күші келмесе, онда оның мойнынан күші келмейтін нәрсесі түседі, әрі Аллаһ Тағала адамға оның күші келмейтін нәрсені жүктемейді!» Қз.: «Мәжму’уль-фатауа» 21/634.

Және ол сондай-ақ былай деді: «Ақиқатында, Аллаһ Тағала Өзіне бағынумен және тақуалық танытумен міндеттеген нәрселері қабілеттіліктің (қудраның) болуымен шартталады, бұл жөнінде Аллаһ Тағала: «Аллаһтан мүмкіндіктерің жеткенше қорқыңдар»[4], — деп, және Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер мен сендерге қандай да бір нәрсені бұйырсам, одан өздерің орындай алатындарыңды істеңдер», — деп айтқандай.  Қз.: «Мәжму’уль-фатауа» 31/92.

Сондай-ақ шейхул-Ислам былай деді: «Және бұл — сәлафтар және ғалымдардың көпшілігі ұстанған: «Аллаһ Тағала адамаға оның күші келетін нәрсені ғана жүктейді, сондықтан да міндеттілік қабілеттіліктің (қудраның) болуымен шартталады, және жаза өзіне дәлел жеткеннен кейін бұйырылғанды тастаған немесе харам етілгенді істеген адамға ғана болады», — деген негізге сәйкес келеді». Қз.: «Мәжму’уль-фатауа» 19/227.

Және осы сөздерден кейін де «Шейхул-Ислам Ибн Таймия қорғану жиһадын қабілеттіліктің (қудраның) болуымен де, мүмкіндіктермен де шарттамады!» дегендердің сөздері дұрыс па?! Мұның үстіне, оның өзі былай деп те айтты:  “Бүлікшілердің тобымен соғысу бұйрығы қабілеттіліктің (қудраның) және күштің болуымен шартталады, әрі олармен жүргізілетін соғыс көпқұдайшылармен және кәпірлермен жүргізілетін соғыстан маңыздырақ емес, ал ол да сондай-ақ қабілеттілікпен (қудрамен) және күшпен шартталатыны белгілі. Кейде шариғи пайда (кәпірлерге) алым-салық төлеуде де, немесе бітімдесуде, немесе келісім-шарт жасасуда да болуы мүмкін, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осылайша бірнеше рет істегеніндей. Әрі егер имам (әмір) күштің болуын көріп, бірақ (шайқасудан) пайда келуін көрмесе, онда оны (шайқасуды) қалдыруы абзалырақ болады! Және кім шайқасу пайдадан көбірек зиян келтіретінін көріп тұрса, және бұл шайқас — бүлік (фитна) екенін көріп тұрса, ол әмірге бағынуға міндетті болмайды”. Қз.: “Мәжму’уль-фатауа” 4/442.

2) Ақиқатында, қорғану жиһадын міндетті деп есептейтін және «жиһад әд-даф′ ешқандай шарттарға ие емес» екендігі туралы айтқан шейхул-Исламның өзі басқа бір міндеттілікке (уәжіпке), нақты айтқанда, екі жамандықтың ішінен аздауын таңдау арқылы үлкендеуін жоюға нұсқайды. Және бұл міндеттілік — діннің назарға алынуға  қажетті болған негіздерінен екендігін түсіндіреді.  Ол, Аллаһ оны рақым етсін, былай деп айтатын: «Ақиқатында, пайдаға қол жеткізіп, оны кемелдендіру және зиянды жойып, оны азайту міндетті болып табылады! Және егер екі пайда, немесе екі зиян бір-біріне қарама-қарсы келсе, онда ең аз пайданы тастап, ең көбін істеген және зиянның ең азын өзіңе алып, ең көбін жою дұрыс болады». Қз.: «Мәжму’уль-фатауа» 28/284.

Және ол сондай-ақ былай деді: «Әрі бір істе пайдалы (әл-мәсалих) және зиянды (әл-мәфәсид) нәрселер біріксе, шариғат екі нәрседен ең азын түсіріп тастап, ең үлкен пайдаға қол жеткізуге және ең көп зиянды тойтарып, аздау зиян шегуге  талпындырады!» Қз.: «Мәжму’уль-фатауа»  31/92.

Және оның, Аллаһ оны рақым етсін, осы айтқан сөздерінен кейін ол қорғану жиһадында (әд-даф′)   пайда мен зиян мәселесін ескерудің маңыздылығын көрмейтінін, ол бұл мәселені діннің негіздерінің бірі деп санайтынын біле тұра, қалайша оған телуге болады?! Бұған қоса, ол, Аллаһ оған рақым етсін, монғол-татарлармен орын алуы мүмкін шайқастан келетін зардаптардың белгілі бейнесін көргеннен кейін, олармен шайқасудан бас тартқандарды тіпті мақтап, былай деген еді: «Сондықтан да діндегі білім мен даналықтың иелері бұл жолы (Дамаскке тап берген) монғол-татарлармен, Аллаһ және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйыратын шариғи (дұрыс) шайқасудың болмауы себепті, шайқаспады. Өйткені мұның салдары жауыздық пен бұзақылыққа және шайқасудан талап етілетін жеңістің болмауына әкелер еді. Сондықтан да мұны білгенге осыда (шайқасуда) бұл өмірде де, арғы өмірде де сый болмайды!» Қз.: «Радд ‘алә әл-Бәкри» 2/733.

3) Ақиқатында, қорғану жиһады міндетті деп есептеген және: «Жиһад әд-даф’ ешқандай шарттарға ие емес», — деп айтқан шейхул-Исламның өзі пайдасынан зияны көп істі шариғат харам еткенін түсіндірген еді! Ол былай деп айтатын: «Аллаһ Тағала  (орындауы) не міндетті, не абзал (мустахабб) болған ізгі істерді (ғана) бұйырғанын білу керек. Ал шариғат тек зиян келтіретін істерге тыйым салды. Және егер қандай да бір іс өзіне зиян мен пайданы қамтыған болса, және пайдасы зиянынан басым болса, онда Аллаһ Тағала осы істі жүктейді. Ал, егер зияны асып жатса, онда Аллаһ Тағала бұл істі жүктемейді, одан қалса, оған тыйым салады!» Қз.: «Мәжму’уль-фатауа»   11/623.

Ол сондай-ақ былай деді: «Адам ол арқылы өзінің қалағанына қол жеткізетін себептің әрбірі (шариғатта) заңдастырылған болып табыла бермейді, одан қалса, ол тіпті рұқсат етілмеген болуы да мүмкін. Және себеп  оның пайдасы зиянынан көбірек болған кезде ғана заңдастырылған болады. Ал егер оның зияны пайдасынан басым болса, ол зандастырылған болмайды, керісінше, тыйым салынған болады, тіпті онда қандай да бір пайда болып тұрса да!»[5] Қз.: «Мәжму’уль-фатауа» 27/177.

Ол сондай-ақ былай деді: «Жалпы ереже мынандай: пайда мен зиян, ізгі және жаман істер өзара қайшы салмақты болса,  (пайдасының) салмағы басым жақты таңдау керек. Және пайда мен зиян бір-бірін ығыстырып тұрса, немесе өзара қайшы салмақты болса, онда әрбір тарапты қарап шығу керек. Өйткені, ақиқатында, бұйрық және тыйым пайда алу мен зиянды жою мәнін қамтиды, және егер пайда жағынан кемшіліктер немесе  зиянның нәтижесі көбірек болса, онда іс бұйырылған болып табылмайды да, керісінше, зиян пайдадан көп болғанда  тыйым салынған болады». Қз.: «Мәжму’уль-фатауа» 28/129.

Сондай-ақ ол: «Егер біреу: “Ақиқитында, ‘Али және Хусайн өмірлерінің соңында шайқасуды тек әлсіздіктерінің себебінен қалдырды, өйткені, оларда көмекші болмады, әрі олардың шайқасуы жандарды пайдасыз босқа өлтіру болар еді”, — десе, жауап мынандай: Міне, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандардың әмірлеріне қарсы шығуға тыйым салып, тіпті мұндайды істейтіндердің ниеті – әл-Хуррада және Бәдира әл-Жәмажимде Йазидке және әл-Хажажға және басқаларға қарсы шыққандардың ниеті сияқты жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю болса да, бүлік кезінде шайқасуды қалдыруға үндеп, назарын бөлген даналық та – дәл осы. Егер айыпталатын (жаман) нәрсе одан да көбірек айыпталатын (жаман) нәрседен өзге нәрсемен жойылмайтын болса, онда оны осындай әдіспен жою да айыпталатын (жаман) нәрсе болады. Және егер  мақұлданатын (жақсы) нәрсеге зияны оның пайдасынан көбірек болатын айыпталатын (жаман) нәрсе арқылы ғана жетуге болатын болса, онда бұл мақұлданатын (жақсы) нәрсенің нәтижесі, сонысымен айыпталатын (жаман) болады». Қз.: «Минһаджу-с-Сунна» 4/536.

Және осыдан кейін: “Шейхул-Ислам, Аллаһ оны рақым етсін:  «Қорғану жиһады  қандай да бір шартсыз міндетті болады, тіпті ол дұшпанның шабуылынан да көбірек зиянға әкеп соқтырса да», — деп есептеді”, — деп айту  қалайша  дұрыс болмақ?! Жоқ, керісінше, ол: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларының Меккеде, олар көпқұдайшылдардың езгісінің астында болған кезінде, шайқасудан бас тартуының себебі зиянға қарағанда пайданы көздеу болды», — дегенді айқын етіп айтады! Шейхул-Ислам, Аллаһ оны рақым етсін, былай деді: «Және кім шайқасу пайдадан көбірек зиян келтіретінін көрсе және бұл шайқасу – фитна екенін көрсе, ол әмірге мойынсұнуға міндетті емес, өйткені мойынсұну  (әмірдің) қоластындағы (адам) Құран мен Сүннеттен күнә екендігін білмейтін нәрселерде ғана болуы мүмкін. Және бұл – фитна шайқасы екендігін түсінген (адам) (фитна кезінде шайқасуға тыйым салынатындығы туралы) нақтылаушы мәтінді тастамауы керек, және әмірлерге бағынуға қатысты жалпылама мәтіннің алдында оған таңдауы аумауы керек. Аллаһ Тағала тартыс кезінде Оған және Оның Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қайтуды бұйырды.  Және біз айтып отырғанға дәлел — Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінен кейінгі мұсылмандардың әмірлерінің зұлымдығы және олардың зәбірлеушілігі туралы хабарлап, олармен соғысуға тыйым салғаны болып табылады, өйткені бұған рұқсат жоқ әрі оның пайдасынан зияны көбірек, мұсылмандарға Исламның бастапқы кезінде Аллаһ Тағаланың мына аяттарында соғысуға тыйым салынғандай[6]:  «Сондай оларға: «Қолдарыңды тыйындар, намазды орындап, зекет беріңдер!», — делінгендерді көрмедің бе?» (ән-Ниса 4: 77). Әрі Пайғамбар мен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның сахабаларына көпқұдайшылардың және екіжүзділердің зәбірлеулеріне сабыр етіп, Аллаһ Тағала бұйрық бермейінше кешірімділік және кеңпейілділік таныту бұйырылған еді». Қз.: «Мәжму’уль-фатауа» 4/442-443.

4) ) Ақиқатында, қорғану жиһады міндетті деп есептеген және «жиһад әд-даф’ ешқандай шарттарға ие емес», — деп айтқан шейхул-Исламның өзі жиһад  әлсіздік сатысында емес, күштілік сатысында ғана міндетті болады, тіпті мұсылмандар көпқұдайшылардың езгісінде болса да,  деп түсіндіреді. Және дәлел ретінде ол Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Меккедегі жағдайын келтіреді. Мүшриктер Пайғамбарды (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қалайша ұрысып-балағаттағаны туралы айтып, шейхул-Ислам былай дейді:  «Олар Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ұрысып-балағаттады және оған қорлық көрсетіп, дінді сөкті, әрі солай бола тұра, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олармен шайқаспады. Бұған біз былай дейміз:

Біріншісі:  Бұл Исламның әлсіздік жағдайында, Аллаһ Тағала бұл жағдай жөнінде Өзінің Елшісіне және иман келтіргендерге олар Кітап иелері және көпқұдайшылар тарапынан өте көп жаман сөздер еститіндерін айтып, оларға сабыр етуді және Аллаһтан қорқуды бұйырған кезде болды.   Ал күш пайда болған кезде осы әмірдің күші  олар (кәпірлер) бағынған күйінде жизия (салық) төлемейінше олармен шайқасу әмірімен жойылды, ал бағынышты (адам, қауым) қорлаушы еш нәрсені ашық көзге істемейді, егер істесе, онда ол бағынышты болып табылмайды. Бірақ кейбіреулер бұл үкімнің (сабыр ету) күші жойылған дейді, ал кейбіреулер жойылмаған, өйткені Аллаһ Тағала Өзінің уәдесін орындамайынша оларға кешірімділік пен кеңпейілділік танытуды бұйырды дейді.

Ал Аллаһ Тағала Исламға күш және жеңіс берді, және кәпірлер бағынған күйінде жизия төлемейінше олармен соғысуды бұйырып, Өзінің уәдесін орындады. Және бұл Аллаһ Тағаланың мына сөздері сияқты: «Әйелдеріңнен  жексұрын қылық (зина) жасағандарға қарсы өздеріңнен төрт куә келтіріңдер. Егер олар мұны растаса, оларды өлгендеріне дейін, не Аллаһ олар үшін өзге жол орнатқанға шейін үйлерде қамаңдар» (ән-Ниса 4: 15). Және Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ олар үшін жол жасады», — деді. Муслим.

Және кейбір ғалымдар бұл әмірдің күші жойылған дейді, ал кейбіреулері мұны олай демейді және бұл жердегі келіспеушілік – тек тілдік.  Кейбір ғалымдар кешірімшілдік және кеңпейілділік таныту бұйрығы, мұсылмандардың белгілі бір уақытта немесе белгілі бір орында соғысуға әлсіз болған кезіндегідей,  бұған деген қажеттілік болған кезде күшке ие болатыны туралы айтады. Және бұл күші жойылған болып табылмайды, өйткені күші жойылған (мәнсух) бүкіл болашақ уақытқа күші жойылған болып табылады.  Және Пайғамбарда (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) күш пайда болған кезде, оған сырттай екіжүзділік танытатын Кітап иелеріне  және көпқұдайшыларға деген кешірімшілдік және кеңпейілділік танытуды қалдыру  әмір етілгендігіне жалпы келіспеушілік жоқ». Қз.: «әс-Саримуль-мәслюл 2/443-444.

Және ол сондай-ақ былай деді: «Ақиқатында, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары Меккеде әлсіз және жиһад жүргізуге қабілетсіз болған кезде, Аллаһ Тағала қолдарын тыюды және мүшриктердің жаман сөздеріне төзім етуді бұйырды.[7] Ал олар Мәдинаға хижра (қоныс аудару) жасап, және ол олар үшін қуатты және бекем қонысқа айналған кезде ғана Аллаһ Тағала олаға жиһадтты бұйырды.  Алайда Аллаһ олармен соғыспағандарға тиіспеуді әмір етті, өйткені егер Аллаһ Тағала осыны бұйырғанда, онда бұл әрбір кәпір мен екіжүздіге қатысты жаза қолдану болар еді, әрі сонда арабтардың көбі Исламды қабылдағандарды өлтіріп жатқанын көріп,  Исламнан бетін кері бұрар еді. Және осыған ұқсас жағдайға байланысты Аллаһ Тағаланың мына сөздері түсірілген еді:  «Кәпірлер мен екіжүзділерге бағынба. Олардың жәбір-жапаларын елеме. Аллаһқа тәуекел ет. Аллаһ Қамқоршы және Есендікте Сақтаушы екені жетіп асады!» (әл-Ахзаб 33: 48). Бұл сүре Мәдинада Ор (Хәндак) шайқасынан кейін түсірілді. Сол кезде Аллаһ Тағала сондай жағдайда кәпірлер мен екіжүзділердің тіл тигізулеріне назар бұрмауды және олардың жауабының себебінен туындауы мүмкін болған фитнаның себебінен оларға жауап қайтармауды бұйырды. Және Мекке алынып, арабтардың барлығы  бірігіп  Аллаһ Тағаланың дініне кіргенге  дейін жағдай осылай болып қала берді.  Кейін Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) византиялықтарға жорыққа шықты және Аллаһ Тағала әт-Таубә сүресін түсірді және діннің жиһадқа, қажылыққа және жақсылыққа шақыруға қатысты заң-ережелерін толықтырды. Және дін толық болды, ал сол кезде Аллаһ Тағаланың: «Бүгін Мен сендер үшін діндеріңді аяқтадым…» (әл-Мәида 5: 3), — деген аяттары түсті.  Бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өлімінен үш ай бұрын болды.

Аллаһ Тағала Бәра (әт-Таубә) сүресін түсіргенде Ол Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мүшриктермен болған келісім-шарттардан бас тартуды бұйырды да: «Әй, Пайғамбар! Кәпірлермен және екіжүзділермен шайқас, және оларға қатаң бол (әт-Тахрим 66: 9), — деді. Және бұл аят Аллаһ Тағаланың: «Кәпірлер мен екіжүзділерге бағынба. Олардың жәбір-жапаларын елеме» (әл-Ахзаб 33: 48), — деген сөздерінің күшін жойды. Және бұл екіжүзділерге көмек көрсететін ешкім қалмауы себепті болды.  Ал егер оларға қатысты жаза қолданылғанда, онда «Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің сахабаларын өлтіріп жатыр!» деп айтатын кәпір қалмас еді, әрі сондықтан Аллаһ Тағала олармен жиһад жүргізуді және оларға қатаң болуды бұйырды.

Сондай-ақ ғалымдар:  » «Әл-Әхзаб» сүресінің аятының күші осы және осыған ұқсас аяттармен жойылды», — дейді. Сондай-ақ Аллаһ Тағала «әл-Әхзаб» сүресінде: «Егер екіжүзділер, жүректерінде дерті болғандар және қалада уайымды өсек таратқандар тыйылмаса, әрине, сені оларға үстем етеміз. Сосын олар қалада саған аз уақыт ғана көрші бола алады. Олар қарғысқа ұшырап, қайдан табылса да, ұсталып, өлтіріледі», деді. Одан олар (екіжүзділер) сол кезде сондай — егер өздері оларды  тастамаса, онда Аллаһ Тағала Өзінің дінін ұлықтағандығынан және Өзінің Елшісіне көмектескендігінен оларға болашақта соғыс жариялайтын — істерді істегені айқындалды.

Және егер біз кәпірлермен жиһад жасауға қабілетті болмасақ, онда біз шайқасудан шегеретін және сабырлық (танытуды бұйыратын) аяттарға сәйкес амал етеміз[8], ал күш және қуат пайда болған кезде, бізге Аллаһ Тағала:  «Әй, Пайғамбар! Кәпірлермен және екіжүзділермен шайқас!», — дейді ”.  Қз.: «әс-Саримуль-мәслюл» 3/681-683.

Сондай-ақ шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деді: «Аллаһ Тағала мұсылмандарға дінде және күште көрінетін Өзі уәде еткен көмегін бергенде, Ол Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алдын келісім-шарт жасасқандарға  қатыссыз болуды және барлық мүшриктермен және Кітап иелерімен, олар бағынған күйінде жизия төлегенше, соғысуды бұйырды. Және бұл Аллаһ Тағала о баста бұйырған сабыр таныту мен Аллаһтан қорқудың нәтижесі болды. Сол кезде Мәдинада бірде-бір яхудиден де, басқа кәпірлерден де жизия алынбады. Және (сабырлық туралы) бұл аяттар Аллаһқа және оның Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қолымен де, тілімен де көмектесе алмайтын әрбір әлжуаз мұсылманға қатысты. Алайда, ол дінге жүрегімен т.с.с. өзі көмектесе алатын нәрсесімен көмектеседі. Ал кәпірлерді кемсіту (олардан жизия алу) туралы аят Аллаһқа және оның Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын)  қолмен және тілмен көмектесу үшін күшке ие болған әрбір күшті мүмінге қатысты. Және мұсылмандар осындай және осыған ұқсас аяттар бойынша тек Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өмірінің соңында және ізгі халифалар кезінде ғана өмір сүрді, және Ақыретке дейін осылай болмақ, үммет ішінен бір топ ақиқатты қорғауын, Аллаһқа және Оның Елшісіне толық көмекпен көмектесуін тоқтатпайды.   Және сондықтан да, өздері әлсіз болған аймақта, немесе уақытта болған мүміндер сабыр ету  және Аллаһқа және Оның Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) тіл тигізетін Кітап иелерін және мүшриктерді қалдыру (туралы) аяттары бойынша өмір сүреді. Ал, күшке ие болғандарға қатысты айтар болсақ, олар дінді сөгетін күпірліктің жетекшілерімен шайқасу аяттары бойынша, және Кітап иелерімен, олар бағынған күйінде жизия төлегенше, шайқасу аяттары бойынша өмір сүреді». Қз.: «әс-Саримуль-мәслюль» 2/412-414.

Және шейхул-Исламның осы айқын сөздерінен кейін ол, Аллаһ оны рақым етсін: «Мұсылмандарға қорғану жиһады, тіпті олар күшсіз және әлжуаз болса да, міндетті болады деп есептеген!», — деп айту қалайша дұрыс болмақ?! Өйткені шейхул-Исламның өзі оның тұсындағы әлсіз болған Йеменнің және Хижаздың тұрғындарын жиһадпен міндеттемеген еді! Ол былай деп айтатын: «Шындығында, Йеменнің тұрғындары бұл уақытта әлсіз және жиһад жасауға қабілетсіз, және олар ода кемістік жасауда. Олар осы қалаларды алғандарға бағынады және тіпті оларға (монғол-татарларға) бағыну және мойынсұну туралы хат жолдапты. Және сондай-ақ мүшриктер Хәлабқа дейін жеткен кезде, ол жерде көп қан төгілді. Ал Хижаздың тұрғындарына келер болсақ, негізінен немесе олардың басым бөлігі шариғаттың шеңберінен шықты, өйткені олардың бидғаттары, адасушылықтары және бұзықтықтары қаншалықты көп екендігін Аллаһ ғана біледі. Ал олардың ішіндегі ізгі және діндар мүміндерге келер болсақ, олар әлжуаз және күшсіз болып табылады, және қазір бұл қалалардағы күш пен ұлықтық Исламның жақтаушыларында емес!»[9] Қз.: «Мәжму’уль-фатауа» 28/533.

5) Ақиқатында, қорғану жиһады міндетті деп есептеген және: «Жиһад әд-даф’ ешқандай шарттарға ие емес», — деп айтқан шейхул-Исламның өзі кәпірлер басып алған жерден хижра жасау міндетті деп айтатындардың қатарынан еді. Ол дінін ашық түрде ұстана алмайтын адамға дінін ашық ұстануға мүмкіндік бар жерге қоныс аударуға міндетті (уәжіп) болады дейтін. Және ол мұндай адамдарды олардың әлсіздігі себебінен жиһад жасауға міндеттемейтін еді. Ол былай дейтін:  «Және рафиди-шиғалар мен екіжүзділердің қалдықтары Ливанның тауларында және басқа жерлерде қалып қойды, әрі, мүмкін, христиандардар оларды ол жерлерде жеңгені соншалықты – сол рафидилер мен екіжүзділер олардың малайына айналды. Және Ливан таулары және сол сияқты жерлер христиандар мен рафидилердің арасындағы мемлекетке айналды, және ол жерлер игіліктен жұрдай. Және мұсылманға өз дінін ашық танытуға рұқсат бермейтін христиандар мен рафидилердің арасында өмір сүруге шариғат бойынша рұқсат етілмейді, одан қалса, тіпті тыйым салынады.  Алайда зухдтық және ғибадатшылдық  танытып, адамдардан оңашалануды таңдап алған кейбір топтар бұл және оған ұқсас тауды ол жердегі бар нәрселер үшін ең лайықты деп есептеп, сол себептен ол жаққа кетті. Бұл олардың бұрыс шешімі және қателігі болды, өйткені тауларға, үңгірлерге және шөлге қоныстану шариғат бойынша тек фитна (бүлік) кезінде, адамнан міндеттіліктерді орындауды және харамнан тыйылу сияқты дінін тастау талап етілетін елдерде ғана рұқсат етіледі. Және сондықтан да осындай уақытта мұсылман адам дінін ұстана алмайтын жерден мұны істей алатын жерге хижра жасайды. Өйткені, шын мәніндегі мухажир ол – Аллаһтың тыйым салған нәрселерінен қашықтаушы!» Қз.: «Мәжму’уль-фатауа» 27/55.

Және қалайша осыдан кейін: «Шейхул-Ислам Ибн Таймийя кәпірлер шабуыл жасаған мұсылмандар үшін шайқасудан өзге еш нәрсе көрмей тұр», — деп айтуға болады?! Өйткені оның өзі христиандар олардың жерлерін басып алған соң өздерінің дінін ұстана алмаған Мәаридин тұрғындарына хижра жасау уәжіп болады деп есептеді ғой! Ол былай деді: «Мұсылмандардың қаны мен мал-мүлкі, олар қай жерде болса да: Мәаридинде ме, басқа жерде ме – харам болып табылады! Және Ислам дінінен шыққандарға, олар қай жерде болсын: Мәаридинде ме, басқа жерде ме – көмектесу — харам! Егер мұсылман өзінің дінін ашық таныта алмаса, оған ол жерден хижра жасауы уәжіп болады, ал ол дінін ашық таныта алса, оған хижра жасау абзал болады, бірақ міндетті емес. Және адамдарға мұсылманның жауларына өздерінің жандарымен немесе мал-мүлкімен көмектесуге тыйым салынады, және оларға көмектесуден кез келген мүмкін болған тәсілдермен өздерін шеттету уәжіп болады». Қз.: «Мәжму’уль-фатауа 28/240.

6) Ақиқатында, қорғану жиһады міндетті деп есептеген және «жиһад әд-даф’ ешқандай шарттарға ие емес», — деп айтқан шейхул-Исламның өзі шайқасудан мал-мүлік төлеп келісімге келуді, бітімдесуді және келісім-шарт жасасуды, егер осыда мұсылмандар үшін пайда болса, абзал көргендерден еді, мұны бірнеше рет Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) істегеніндей. Ол былай деп айтатын: “Бүлікшілер тобымен соғысу бұйрығы қабілеттіліктің (қудра) және күштің болуымен шартталады, әрі олармен жүргізілетін соғыс көпқұдайшылдармен және кәпірлермен болған соғыстан маңыздырақ емес, және ол да қабілеттіліктің және күштің болуымен шартталатыны белгілі. Кейде шариғи пайда төлем төлеуде де, немесе бітімдесу мен келісім-шарт жасасуда да болуы мүмкін, мұны бір неше рет Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) істегеніндей.[10] Және егер имам (әмір) күштің бар екендігін көріп тұрса, бірақ (шайқасудағы) пайданы көрмесе, онда оны қалдыру жақсырақ болады!” Қз.: “Мәжму’уль-фатауа” 4/442.

Мұның үстіне, шейхул-Ислам Ибн Таймияның өзі кейбір мұсылман елдеріне шабуыл жасаған дұшпандармен бітім жасасуды мақұлдаған.  Мысалы, оның өзі солардың бірі болып табылатын Шам тұрғындары туралы былай дейтін: «Олардың дұшпаны (монғол-татарлар) бастапқыда олармен бітімге келуге разы еді және Исламға кіре бастады». Қз.: «Мәжму’уль-фатауа» 28/432.

Сондай-ақ шейхул-Ислам, Аллаһ оны рақым етсін, мұсылман елдерін монғол-татарлардың зұлымдығынан Дамаскіде тілімен қорғауға ұмтылғандардан еді. Имам әз-Зәһаби, одан мұны  Ибн ‘Абдул-Хади жеткізгендей, былай деп баяндаған: «Шейхул-Исламның батылдығына келер болсақ, ол — өнеге болатындай, және кейбір ерлер оның бір бөлігімен ғана теңдесе алады. Аллаһ Тағала оның өзіне  Газан және Тақайядағы қасіреттердің бар ауырпалығын көтеруді жүктеді, және ол тұрды және отырды, кірді және шықты, және екі рет әмірмен мәжіліс жасады, Қатлушахпен де, Булаймен де. Және оның татарлар алдындағы батылдығына және ержүректігіне таң қалатын, ол соғыстың арыстаны болғандай». Қз.: «әл-‘Уқуд әд-дурийя» 134.

Сондай-ақ, Абу Хафс әл-Бәззар былай деп баяндайтын: «Газанның әмірі басып алынған Дамаскіні алғанда, оған Караджа патша келіп, оған Дамаскідегі мұсылмандарды қырып тастауға көмектесуі үшін көп байлық берді. Бұл хабар шейхул-Исламға жеткен кезде, ол бірден мұсылмандарды ерлікке және шахадаға үндей бастады, және оларға көмек пен жеңісті, қауіпсіздік пен үрейсіздікті уәде етті. Кейін Газан әміріне онымен бірге атақты және дана адамдардан құралған делегация жіберілді. Және әмір оларды көрген кезде: «Бұлар кім?», — деп сұрады, ал оған: «Бұлар – Дамаскінің атақты адамдары», — деп жауап берілді, сонда ол рұқсат етті және олар оған кірді. Бірінші болып шейхул-Ислам, Аллаһ оны рақым етсін, сөйледі, және әмір оны көргенде, Аллаһ оның жүрегіне шейхке деген үлкен құрметті салып қойды да, ол оған жақындап, оны отырғызды. Және шейх онымен әңгімелесе бастады, біріншіден, мұсылмандар үстінен біліктің Карадж патшаға берілуіне және оған мал-мүліктің тапсырылуына келіспейтінін, және мұсылмандардың қанын төгуге тыйым салынғандығы жөнінде оған баяндап, ескертті, және оны уағыздап-насихаттады, әрі әмір оның насихаттауларына мойынсұнып жауап берді. Және шейхул-Исламның себебімен мұсылмандардың қаны, олардың әйелдері мен балалары сақталып қалды».[11] Қз.: «әл-Ә’ләм әл-‘улийя» 69-71.

Және осыдан кейін шейхул-Ислам кәпірлер мұсылмандардың қаласына шабуыл жасағанда қылышпен жауап беруден басқа еш нәрсе көріп тұрған жоқ деген сөз қалайша дұрыс болмақ?!

7) Ақиқатында, қорғану жиһады міндетті деп есептеген және: «Жиһад әд-даф’ ешқандай шарттарға ие емес», — деп айтқан шейхул-Исламның өзі де әскерлерді біріктіруге, әмірлерді күш әзірлеуге, шекараларда күзетшілер қоюға үндеуге, адамдарды оқытуға, және бұл мәселелерде тиянақты пәтуалар беруге ұмтылатындардың қатарынан еді. Және осылардың барлығы орындалмай, ол шайқасуды міндеттемейтін!

Хафиз Ибн Касир былай деп жазған: «Шейх Тақыйюддин Ибн Таймия Сафар айының 2-де (х. 700 ж.) мешіт мәжілісінде отырып, адамдарды шайқасуға үндеді, оларға осыған қатысты аяттар мен хадистерді келтіріп, қашуға асығуға тыйым салды және Аллаһтың жолында (мал-мүлік) сарп етуге, мұсылмандардың өмірін, олардың қалалары мен мал-мүлкін қорғауға үгіттеді.

Және бұл жолы ол монғол-татарларға қарсы жиһадтың міндетті екендігі туралы жариялады, және мұны жиналыстарда айтты. Жәмадул-улә айында адамдар қорққандығынан ауыр халде болды, сұлтан кешігіп, ал дұшпан жақындай берді.  Және шейх Ибн Таймия, Аллаһ оны рақым етсін, әл-Мәрадждағы Шамның әміршісіне барып, оларға Аллаһ Тағаланың: «Міне осылай; кім өзі жазаланғандай ғана жазалаған болса, және осыдан кейін оған зұлымдық жасалса, Аллаһ, міндетті түрде оған жәрдем етеді. Күдіксіз, Аллаһ — аса Кешірімді, өте Жарылқаушы» (әл-Хадж, 60), — деген аяттарын оқып беріп, оларды  және олардың көңілдерін нығайтты, жүректерін тыныштандырып, оларға көмек пен дұшпан үстінен жеңісті уәде етті.  Және ол жексенбіге қараған түнді әскермен бірге өткізді де, кейін Дамаскіге оралды. Осыдан кейін әмірші мен басшылар одан шабарманмен бірге Мысырға баруын, әмірді қайтуға үндеуін сұранды, және ол онымен бірге шықты. Және сұлтан жағалауға барып  жеткенде, ол (шейхул-Ислам) оған жетейін деп қалды, алайда ол (сұлтан) Каирға кіріп кетті де, жағдай қолдан тайып кетті. Алайда шейхул-Ислам ол жақта Шамға әскер жасақтауға үндеді, егер олардың оларға деген мұқтаждығы болса. Ол оларға: «Егер сендер Шамнан және оны қорғаудан бет бұрсаңдар, онда біз өзімізге қамқорлық жасайтын және бізді қорғайтын, және бейбітшілік кезінде пайда келтіретін сұлтан тағайындаймыз», — деді. Және Шамға әскер әзірлене бастағанша оларды үгіттеуді тоқтатпады. Кейін ол оларға былай деді: «Егер сендер Шамның әмірлері мен патшалары болмағандарыңда да, оның тұрғындары сендерден көмек сұрағанда, оларға көмектесулерің сендерге міндетті болар еді. Ендеше, сендер — олардың әмірлері мен сұлтандары, ал олар – сендердің қоластындағыларың болып табылатын, және сендер олар үшін жауапты болып тұрған жағдай туралы не айтуға болады?» Ол олардың рухын күшейтті және бұл жолы оларға жеңісті уәде етті. Кейін олар Шамға қарай шықты, және әскерлер Шамда біріккенде, адамдар өздерінің жандарын, отбасыларын және мал-мүліктерін сақтап қалуға үмітін үзгеннен соң, бұған өте қатты қуанды.

Шейх Ибн Таймия Мысыр қамалында жиһадқа және дұшпанға қарсы шығуға шақырып, сегіз күн болды да, шабармандармен бірге Мысырдан жәмадул-улә айының 27-сінде оралды. Ол өзінің шығу туралы шақыруына жауап берген сұлтанмен, уәзірмен және мемлекеттік атақты тұлғалармен кездесті». Қз.: «әл-Бидая уә-нниһая» 14/14-16.

Және шейхул-Исламның осы амалынан соң: «Ол бәрібір, қалыптасқан жағдайды қарастыруға назар бұрмастан, кез келген жағдайда қорғану жиһадын міндетті және ешқандай шарттарға ие емес болып табылады деп есептеді», — деп айту қалайша дұрыс болмақ?

8) Ақиқатында, қорғану жиһады міндетті деп есептеген және «жиһад әд-даф’ ешқандай шарттарға ие емес», — деп айтқан шейхул-Исламның өзі жиһадтың үкімі қабілеттіліктің (қудраның) болуына байланысты әртүрлі болады деп айтқан. Және ол  үкім-ережелер күш және әлсіздік, білім және білімсіздік сияқты қалыптарға байланысты, ауру мен саудың, бай мен кедейдің үкімі ерекшеленетіні сияқты әртүрлі болады деп түсіндірген.  Шейхул-Ислам былай деп айтты: «Көмекшілері бар болғанда Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабілеттілігі (қудрасы) толыққанды болды, және оған қудрасыз міндетті болмаған жиһад міндетті болды! Үкім-ережелер күш пен әлсіздік, білім және білімсіздік қалыптарына байланысты, бай кедейден, сау науқастан жағдайына байланысты  ерекшеленетіндей ерекшеленеді!» Қз.: «Минһажу-с-Сунна» 1/86.

9) Ақиқатында, қорғану жиһады міндетті деп есептеген және: «Жиһад әд-даф’ ешқандай шарттарға ие емес», — деп айтқан шейхул-Исламның өзі ғалымнан шығатын қаулы (хукм) кейде бастапқылық және негіз жағынан болады, ал кейде негіздер мен пәтуалар жағынан болады деген. Және орын алып жатқанға сәйкес пәтуаны қалыптасқан жағдаяттарды қарастырмай беру мүмкін емес деп есептеген. Яғни пәтуалар әртүрлі болады: міндеттер, тыйымдар т.б. сияқты Исламның қаулыларын жеткізу болып табылатындары; және нақты қалыптасқан жағдайға байланысты болғандары. Қз.: «әл-Мусуадда» 504.

Ал шейхул-Исламның «қорғану жиһадының ешқандай шарты жоқ» деген сөздері тура екінші жағдайға қатысты. Сондықтан, бұл сөздерді оның басқа да айтылған сөздерімен бірге тұтас етіп қарастыру қажет.

Шейх Ибн әл-Қаийм, Аллаһ оны рақым етсін, былай дейтін: “Адамдарға тек кітаптарда келтірілгеннің негізінде, олардың әдет ғұрыптарын, уақытын, орнын және жағдайларын ескермей пәтуа беретін адам өзі адасып, өзгелерді де адастырады. Мұндай муфтидің дінге қарсы жасап жатқан қылмысы барлық адамдарды бірыңғай медициналық кітап бойынша, жасайтын орын мен уақыттағы, темперамент пен әдеттегі ерекшіліктерді ескермей емдейтін дәрігердің қылмысынан жаман. Мұндай надан дәрігерлер мен муфтилер дінге және адамдардың денсаулығына ең үлкен зиян тигізеді”. Қз.: “И’ләмуль-мууакқи’ин” 3/89.

10)       Соңғысы!

Ақиқатында, шейхул-Исламның «жиһад әд-даф’ ешқандай шарттарға ие емес» деп айтылатын сөздерін, бұл сөздерді оның басқа сөздерінің ортасынан жұлып алған бидғатты жақтаушылар сияқты емес, олармен бірге тұтас оқитын адам шейхул-Ислам өз сөзінің астарында жалпы шарттарды емес, шарттардың толыққандығын меңзегенін түсінеді!  Іс жүзінде шейхул-Ислам, Аллаһ оны рақым етсін,  бұл сөздерді  жиһадтың міндетті болуына азық қорының  (тамақ пен судың) және мінетін жануардың болуын шарт еткен әл-Қадыға[12] білдірген қарсы пікірінде  айтқан еді.  Және шейхул-Ислам қорғану жиһадында бұл уәжіп емес деп түсіндірді. Сенің алдыңда шейхул-Исламның, Аллаһ оны рақым етсін, тұтас  сөздері: «Әл-Қады былай деген: “Егер жиһад қала тұрғындарына міндетті болған болса, және олар намазды қысқартуға тиісті болған қашықтықта болса, онда жиһад міндетті болуы үшін азық-түліктің және мінетін жануардың  болу шарты қажетті болады, бұл Қажылықта шарт болып табылатынындай”».

Енді шейхул-Ислам оның сөздеріне жауап береді: «Қады қажылықпен келтіретін қияс имам Ахмадтан жетпеген әрі ол әлсіз болып табылады. Өйткені, ақиқатында, дұшпанның зиянынан қорғану үшін жасалатын жиһадттың міндеттілігі хижрадан міндеттілеу болуы мүмкін. Және сосын, жиһадты орындау мінетін жануардың болуымен шартталмайды және кейбір жиһад бастапқы болып табылады.   ‘Убада ибн әс-Самиттен жеткен сахих хадисте Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Мұсылман адамға ауыр және жеңіл кезде, тырысуда және мәжбүрленуде тыңдау және бағыну міндеті жүктелген». Муслим. Және Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ауырлықта да, жеңілдікте де бағынумен міндеттеді, және бұл жерде оның міндеттілігі, қажылықтан айырықша, ауырлығымен бірге біртұтас болып келеді.  Мұның барлығы шабуыл жиһадына (әт-талаб) қатысты. Ал қорғану шайқасына қатысты айтар болсақ, бұл – ар-намыс пен дінге қол сұғушыға қарсылық көрсетудің ең ауыр түрі, сондықтан ол — бірауызды пікір бойынша (ижма`), міндеттілік (уәжіп) болып табылады! Және иманнан кейін дін мен тіршілікті бүлдіретін шабуылдаушы дұшпаннан қорғанудан міндеттілеу нәрсе жоқ, ал сондықтан қорғану жиһадының (әд-даф’) ешқандай шарты жоқ, керісінше, қолдан келгенше қорғану керек, және бұған біздің ғалымдарымыз және өзге мазһабтардың ғалымдары нұсқаған. Және шабуылдаушы зұлым дұшпаннан қорғану мен дұшпанның өзіне оның елінде шабуыл жасаудың арасында айырмашылық қажет. Және жиһадтың ішінен қолмен жасалатыны да, жүрекпен жасалатыны да, шақырумен, дәлелмен, тілмен, пікірмен, еңбекпен және қалыптасқан жағдайды талдаумен жасалатыны да бар. Және осы мүмкін болған кезге дейін ол міндетті болып табылады!» Қз.: «әл-Фатауа әл-кубра» 4/608.

Міне осы — шейхул-Исламның тұтас айтқан сөздері, және олар міндетті жиһадты орындауды азық-түлік қорының және мінетін жануардың болуымен шарттағанға қарсы пікір білдірілгенде айтылғаны ап-айқын. Бірақ оның «ешқандай шарты жоқ» деген сөздерінен кейін айтқан: «Және жиһадтың ішінен қолмен жасалатыны да, жүрекпен жасалатыны да, шақырумен, дәлелмен, тілмен, пікірмен, еңбекпен және қалыптасқан жағдайды талдаумен жасалатыны да бар. Және осы мүмкін болған кезге дейін ол міндетті болып табылады!», — деген сөздерінен «қорғану жиһады тек қарумен ғана жасалады» деп түсінуге болады ма?! Уа, Аллаһ, әрине, жоқ, тек надандар мен  жаман ниет иелеріне ғана болмаса.

Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Аудармашыдан (орыс тіліне):

Мен сондай-ақ бұл еңбекке үмметіміздің имамдарының осы мәселеге байланысты айтқан сөдерін қосқым келді. Оларды маған құрметті бауырлар осы еңбекке қосымша ретінде жеберген болатын. Аллаһ оларға игілікпен қайырсын және білім талап ету жолында қуаттасын!

Имамдардың сөзін келтіруді «Қорғану жиһады ешқандай шарттарға ие емес» деген сөзге одан да көбірек айқындық беретін  шейхул-Ислам Ибн Таймияның айтқандарынан бастауды жөн көрдім.  Шейхул-Ислам шарттар дегенде жалпы шарттардың өзін емес, шабуыл жиһадына қажетті толыққанды шарттарды меңзеп тұр. Түрлі адасқан пікірлердің мысалын келтіріп, сондай-ақ оларды түсіндірудің және жоққа шығарудың қажеттілігіне нұсқап, шейхул-Ислам былай деді: “Және осының мысалы – дұшпан оның еліне тап беретін жағдай. Ал ол құрылыс құрып, егін егіп, өзіне пайда келтіретін және ортақ дұшпаннан елді қорғаудан алдын бірінші кезекте ол арқылы өзін өз дұшпанынан қорғай алатын нәрселерді істей бастады. Және ол бір нәрсені құрған сайын, дұшпан оны қиратады,  және ол оны екінші рет қайта құра алмайды. Ал, сондықтан, егер ол ең басынан өзін дұшпаннан қорғауға қабілетті (қадиран) болса, мұны жасағаны  абзалырақ болады, тіпті егер ол  осыны жасауда қандай да қиыншылықтар көрсе де, алайда бұл қиыншылықтар болашақтағы дұшпан оның елінде болуына байланысты басына түсетін қиындықтардан жеңіл болады”. Қз.: “Бәяну тәлбис әл-жәхмия” 1/172.

Алайда шейхул-Ислам сөзінен бұл мысал қабілеттілік (қудра) — қорғану жиһадының шарты екендігін түсінуге жетіп асады. Мысал ретінде шейхул-Ислам қорғану жиһадын келтірді де, оны қабілеттілікпен (қудрамен) байланыстырды!

Абу Исхақ имам әл-Әуза’иден[13] дұшпан қасына дейін келіп жеткен мұсылмандардың қамалы туралы, ондағы мұсылмандар дұшпанға күші келмейтініне қауіптенетіні жайлы, және «Мұсылмандар оларға қаруы мен мал-мүлкін беретін шартпен олармен бітімдесуге болады ма?», — деп сүрағанын баяндайды. Имам әл-Әуза’и: “Егер оларға күші келмесе, онда мұның оқасы жоқ!”, – деп жауап берді. Қз.: “әс-Сияр” 336, Абу Исхақ.

Имам әл-Әуза’идің (х. 88 ж. туған) бұл жауабынан шайқасу мұсылмандар үшін, тіпті оларға кәпірлердің шабуыл шасаған жағдайында да бірмағыналы міндетті болып табылмайтыны және қалыптасқан жағдайды, сондай-ақ Ислам мен мұсылмандар үшін пайда мен зиянды ескеру қажет екендігі айқын болады!

Имам Ибн Жәрир әт-Табари былай деп баяндайтын: “Хижраның 70 жылы басталғанда, румдықтар көтеріліп, әскермен Шамның мұсылмандарына қарай жылжи бастады. Және сонда  халифа ‘Абдуль-Мәлик ибн Мәруан мұсылмандар үшін қауіптеніп, румдықтардың әмірімен оларға әр жұма сайын 1000 динар төлеп тұру шартымен бітім жасасты”. Қз.: “әт-Тарих” 6/150.

Бұл тарихи деректе румдықтардың Шамға жасаған шабуылы туралы сөз болуда, ал ол Шам тұрғындары үшін қорғану жиһады еді. Алайда сол кездің халифасы ‘Абдул-Мәлик олармен шайқаспады да, кәпірлермен бітім жасасты, бұған қоса, оларға алым да төледі. Егер қорғану жиһады шайқасудан басқа ешқандай шарттарға ие болмағанда, ол ешқашан мұндайға бармайтын еді. Ал бұл оқиға хижраның 70 жылы, Ибн ‘Умар, Жәбир, Абу Са’ид әл-Худри, Абу Умама, Әнас сынды сахабалардың көзі тірісі кезінде орын алған еді, және бұл кезең таби’ин имамдарының өркендеген кезеңі еді. Және бұл халифа осындай іс-әрекетке, ешкімнен кеңес сұрамай барды дегенді елестету қиын! Бұған қоса, оның өзі де білім иелерінің қатарынан еді.[14]

Исламдағы жиһадқа ең күшті талпындыратын  «Мәшәри’уль-әшуәқ» кітабының авторы — мужәхид болған имам Ибн ән-Нәххас[15] қорғану жиһады туралы былай деп айтатын: “Егер кәпірлер біздің қаламызға кірсе, немесе біздің шекараларымызға жақындаса, бірақ кірмесе, және олардың саны қала тұрғындарының санындай, немесе олардан аздау болса, онда жиһад сол кезде фәрдуль-айн болады!” Қз.: “Мәшәри’уль-әшуәқ” 101.

Сөйтіп, бұл имам адам санының арақатынасын ескертпе етіп атап өтті, ал егер қорғану жиһады ешқандай шартқа ие болмағанда, адам санына назар аударудың еш мәні болмас еді!

Ибн ән-Нәххастың келесі сөздері бұл мәселенің нүктесін қояды: “Егер дұшпандар мұсылмандардың қаласына тап берген (шабуыл жасаған) болса, ал мұсылмандар оларға қарсы соғысуға шықпаса, олардың әрекетсіздігі ұрыс майданынан қашу және дұшпанға арқаны көрсету секілді болады. Бірақ, бұл — мұсылмандар дұшпандардан көп болған жағдайда ғана! Алайда, егер мұсылмандардың саны аз болса, олар мұндай жағдайда күнәға лайықты болмайды. Олар өздерінің мұсылман бауырларынан  қосымша күш күтсін”. Қз.: “Мәшари’ул-ашуақ” 354.

Бұл сөздерде қорғану жиһады қабілеттіліктің (қудраның) болуымен шартталатынына  тұп-тура нұсқау бар!

Уа, мұсылмандар, қаласына дұшпан шабуыл жасағанда отырып алушы мұсылмандар қандай жағдайда ғана өз міндетінен бас тартатын күнәхар болатынына назар аударыңдар!

Мұндай жағдайдағы мұсылмандардың үкіміне келер болсақ, онда оларға көмекке ешкім келмесе, және егер, тіпті босқа қырылып тасталу құнымен болса да, өздері қарсылық көрсетуді бастамаса, бұл олар күнәхар болады дегенді білдірмейді.  Осыған ұқсас жағдайда олар сабыр етіп, Аллаһ Тағалаға тәуекел етуі керек, Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары өз уақыттарында осылай істегендеріндей!

Шейх Ибн ‘Усаймин былай деп айтатын: “Жиһад фарду кифая немесе фарду ‘айн болсын, бәрібір оның шарттары болуы керек, олардың ең маңыздысы қабілеттіліктің (қудраның) болуы болып табылады. Және егер адамдарда қабілеттілік (қудра) болмаса, олар өздерін опат болуға тастамауы керек!” Қз.: “Бәбул-мәфтух” 2/420, № 1095 сұрақ.

Жоғарыда баяндалғанның барлығымен танысып болған соң, шейх Ибн ‘Усайминнің сөздері атақты имамдар ұстанған пікірге толығымен сәйкес екендігі бізге айқын болады. Алайда өздерін білімге телитін кейбір надандардың: «Тек Ибн ‘Усаймин ғана қудраны тіпті міндетті жиһадтың шарты болып табылады деп айтады», — деуге батылы жетіп жатады!

Және соңында мен Аллаһ Тағалаға мадақтар айтамын және Одан осы шағын ғана еңбекті Ол үшін ықыласты және оның құлдары үшін сауапты етуін тілеймін!



[1] Яғни нақты құл және нақты су (аудармашыдан).

[2] Яғни кез келген су және кез келген құл емес. Мысалы, Аллаһ Тағала ер адамның ұрығын су деп атады: «Ол ағып шығатын судан жаратылған». Бірақ ұрық Аллаһ Тағала: «Ал егер сендер су таппасаңдар…», — деген суға жатпайды. Құлмен келтірілетін мысалда да дәл солай. Аллаһ Тағала құлды азат етуді ескерткен кезде иман келтірген құлды меңзейді, бұған басқа аяттар нұсқайды.

Бұған едәуір түсініктірек мысал — иманның мысалы. Біз «әл-иман әл-мутлақ» деп айтқанымызда – иманның толықтығын меңзейміз, ал «мутлақул-иман» дегенімізде – адамды Исламға кіргезетін бастауыш сатыдағы иманды меңзейміз (аудармашыдан).

[3] Яғни абзалға (мәндуб) және міндеттіге (уәжиб) (аудармашыдан).

[4] Шейх Абдур-Рахман әс-Са’ди бұл аятқа қатысты былай деді: Аллаһ Өзінен қорқуды, яғни Оның әмірлерін орындауды және оның тыйымдарынан қашықтауды бұйырды, және мұны қабілеттіліктің (қудраның) болуымен шарттады. Бұл аят Аллаһтың құлы орындай алмайтын кез келген міндеттілік оның мойнынан түсетініне нұсқайды. Қз.: “Тафсир әс-Са’ди” 974 (аудармашыдан).

[5] Уа, мұсылмандар, шейхул-Исламның бұл сөзіне ой-парасатпен қараңыздаршы (аудармашыдан)!

[6] Ибн әл-Қайим былай дейтін: “Және Аллаһ Тағала мұсылмандарға Меккеде шайқасуға тыйым салды да, олардың шайқасуы зұлымдыққа төзуден де көбірек зиянға әкеп соқтырмауы үшін,  сабыр етуді бұйырды. Және олардың жандарының, діні мен ұрпақтарының сақталуының пайдасы оларға шайқасуы әкелуі мүмкін болған пайдадан басымдау болды. Қз.: “И’ләмул-мууақи’ин” 2/150.

Хафиз Ибн Касир былай деген: “Ақиқатында, Аллаһ Тағала жиһадты ең қолайлы кезде заңдастырды, өйткені мұсылмандар Меккеде болған кезінде көпқұдайшылдардың саны олардан асатын еді. Және оларда өздері пана тапқан Ислам мемлекеті және бекініс пайда болған кезде, Аллаһ кәпірлерге қарсы жиһадты оларға міндетті етті!” Қз.: “Тафсир Ибн Кәсир” 3/226.

Шейх ‘Абдур-Рахман әс-Са’ди былай деген: “Егер де Аллаһ Меккеде болған мұсылмандарға, олардың санының аздығына және әскери дайындығының әлсіз болуына, сондай-ақ дұшпандардың санының көптігіне қарамастан, шайқасуды міндетті еткенде, бұл Исламның жойылуына әкелер еді”. Қз.: “Тафсир әс-Са’ди” 89 (аудармашыдан).

[7] Шейхул-Исламның бұл сөздерінде «Меккеде жиһад ол сол кезде міндеттілік болып жүктелмегендіктен ғана болмады!» дейтіндердің сөздерін айқын жоққа шығару бар.  Алайда бұл адамдар Аллаһ Тағала Меккеде жиһадты жүктемегенінің себебін айтпайды, ал оның себебі шейхул-Ислам айтқандай, мұсылмандардың әлсіздігінде және күштерінің жоқтығында болды (аудармашыдан) !

[8] Шейхул-Исланың бұл сөздері «сабырлық таныту туралы аяттарының күші толық күш жойылумен жойылды» деп айтатындардың түсінігінің қате екендігіне нұсқайды.  Имам Ибн ‘Атыйя былай деген: Ғалымдар былай деген: ”Сабыр ету туралы аяттарының күші толығымен жойылмаған, өйткені, олар өздеріне тиісті шарттар болған кезде күшіне кіреді. Қз.: “әл-Мухарарул-уәжиз” 1/477.

Хафиз әс-Суюты былай деген: “Ақиқатында, шайқасу әмірі туралы аяттар сабырлық туралы аяттарды олар заңды күшін жоғалтатындай етіп (яғни оларға жүгінуге болмайтындай етіп) жойған жоқ. Және әлсіздік кезінде қиыншылықтарға сабыр ету қажеттілігі туралы үкімдер (аяттар) күшіне енеді”. Қз.: “әл-Итқан фи ‘улюмил-Қуран” 2/21.

Тура осыны  имам әз-Зәркаши де “әл-Бурхан” 2/41 кітабында күшін жоюшы (нәсих) және күші жойылғанның (мәнсух) Исламдағы үкімдерін түсіндіріп айтқан (аудармашыдан).

[9] Бұл айқын сөздер шейхул-Исламға «қорғану жиһады ешқандай шартқа ие емес» деген пікірді телуді толығымен талқандайды! Егер бұл шындығында да осылай болғанда, онда ол оларға ешқандай ақтау жасамас еді, керісінше, оның заманында Йемен мен Хижазда қалған, саны аз бұл ізгі мұсылмандар жиһад жасамағанына сөгіс білдірер еді (аудармашыдан)!

[10] Имам Ибн Қудама кәпірлерден өзін сақтап қалу үшін оларға төлем беру шартымен жасасқан бітімге байланысты былай деген: “Ал кәпірлерге берілетін мал-мүлікке қатысты айтар болсақ, егер ол олардың мүддесінде болып, солардың пайдасына жүрсе, онда имам Ахмадтың пікірі – бұған тыйым салынған, әрі бұл сондай-ақ имам әш-Шафи’идің де мазхабы, өйткені осыда мұсылмандар үшін қорлану бар. Алайда бұл бұған деген қажеттілік болмаған кезге қатысты айтылған. Ал бұған қажеттілік итермелесе және әмір мұсылмандар үшін олардың опат болуынан немесе  тұтқындалуынан қорықса, онда оларға  төлем төлеу рұқсат етіледі, тұтқынға түскенге өзін-өзін сатып алуға рұқсат етілген сияқты, осыда қорлану болса да. Бұл мұсылмандарды немесе олардың балаларын  өлтіру, тұтқынға алу, кейін оларды күпірлікке келтіру сияқты үлкен қорлануға жол бермеу үшін рұқсат етілген болады”. Кейін Ибн Қудама Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әл-Харис әл-Ғатафаниге ол әскерін алып кетуі үшін (Мәдинада жиналатын бар – ауд. (қаз)) құрманың жартысын төлеуді ұсынғанын  еске түсіріп, былай деді: «Ал егер мұсылмандардың әлсіз кезінде кәпірлерге төлем беру рұқсат етілмеген болса, онда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға мұны ұсынбайтын еді». Қз.: “әл-Муғни” 13/156-157 (аудармашыдан).

[11] Осыда «Ислам және мұсылмандар үшін игілікке  әркезде де тек қарудың күшімен жетуге бола бермейді!»  деген маңызды нұсқау бар! Және шейхул-Исламның бұл ісі — осыған айқын мысал (аудармашыдан)!

[12] Менің ойымша, бұл жерде сөз кез келген қады туралы емес, ханбәли мазхабының атақты қадысы имам Қады Абу Я’лә туралы болуда. (аудармашыдан).

[13] Имам әл-Әуза’и жиһад мәселелеріндегі ең білгір имам болып саналады.

[14] Ибн ‘Умардың азат етілген құлы Нәфи’ былай дейтін: “Мен ‘Абдул-Малик ибн Мәруанды Мәдинада көрдім, және мен ижтихадымен одан ыждағатты, және білім алуда да одан ыждағатты ешкімді көрмедім!” Ибн Са’д “әт-Тәбақат” 4/181.

Абу Зинад былай дейтін: “Мәдинаның фақиһтары Са’ид ибн әл-Мусайиб, ‘Абдуль-Мәлик ибн Мәруан және ‘Уруа ибн Зубайр болып табылады. Қз.: “әл-Бидая уә-нниһая” 9/62.

Бұған қоса, Ибн ШиҺаб әз-Зухри және Мәлик ибн Әнас сынды имамдар өздерінің көптеген пәтуаларында оған жүгінеді, ал имам әл-Бухари ол баяндаған хадистерді жеткізген.

[15] Хафиз Ибн Хажар Ибн ән-Нәххас туралы былай дейтін: Ол үнемі Димьяттың шекаралық аудандарында жиһадпен байланыста болда, және осыда сан жетпес артықшылық бар! Қз.: “Шәзурат әз-захаб” 7/155.

Хафиз әс-Сахуаи ол туралы былай деген: Фиқһтағы және басқа ғылымдардағы, соның ішінде математикада да, жақсы білімнің иесі. Ізгілік жасауға өте шапшаң еді, өте қарапайым еді және өзінің атақтылығымен ешқашан тәкапарлық танытпайтын, өте көркем мінезге және әдемі сақалға ие еді. Көп рибат және жиһад жасайтын, тіпті жиһадта өлтірілген еді”. Қз.: «әд-Дау әл-ләми’» 1/204, 353.

You may also like...