шейх ‘Абд әр-Раззақ әл-Бадрдің «Жихадтың даналықтары мен ережелерінен жақсы жемістер» кітабын жариялауды жалғастырамыз:
Бесінші тарау: Аллаһтың жолындағы жихадтың артықшылығы
Егер осыдан алдынғы тарау Аллаһтың жолындағы жихадтың мақсаттары мен даналығының түсіндірмесі болған болса, онда Құран мен Сүннетте жихадтың артықшылығы және оған қатысушылардың артықшылығы туралы дәлелдер келтірілгендігі – таңданатын нәрсе емес.
Атақты ғалым Ибн әл-Қаййим былай деп айтты: “Жихадты марапаттайтын, оны жасаушыларды мақтайтын және ол үшін Раббылары оларға түрлі құрмет көрсетулер мен мол сыйлықтар түрінде ұлы сый дайындап қойғандығымен сүйіншілейтін Аллаһтың Кітабынан аяттар және Сүннеттің мәтіндері өте көп. Және бұл үшін Аллаһ Тағаланың айтқан мына сөздері жеткілікті: «Әй, мүміндер! Сендерге жан түршігерлік азаптан қүтқаратын бір сауда көрсетейін бе?» Және адамдар Аса Білімді және Дана Аллаһтың нұсқаған саудасын қатты қалаған соң, Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһқа және Оның Елшісіне иман келтіріңдер және Аллаһтың жолында мал-мүліктеріңмен және жандарыңмен соғысыңдар!». Адам жаны қауіпсіздікте болуды қалайтын сияқты, сондықтан Аллаһ: «Егер сендер білсеңдер еді, осы сендерге қайырлы», — деді. Яғни жихад сендер үшін өз өмірлерің мен денсаулықтарыңды сақтап қалу үшін қарап отырудан жақсы. Және жан: «Ал жихадта бізге қандай енші бар?» — деп сұрап жатқан сияқты. Ал Аллаһ: «Ол сендердің күнәларыңды жарылқайды», — деп, әрі жарылқап: «Сендерге астарынан өзендер ағатын Жәннат бақтарына, Ғадын Жәннатындағы орындарға кіргізеді. Зор табыс осы», — деп жауап берді. Содан соң жандар былай деп айтқандай болды: «Бұл соңғы өмірде. Ал бұл өмірде бізге не беріледі?» Әрі Аллаһ былай деп жауап берді: «Тағы басқа сендер жақсы көретін бір нәрсе бар: Аллаһ жақтан бір көмек және жақын бір жеңіс бар. Мүміндерді қуандыр!» (Саф, 10-13). Аллаһпен ант етемін, бұл сөздерден не тәтті болуы мүмкін! Және олардан артық жүректерге не жақын болуы мүмкін! Олар нендей күшті етіп өздеріне тартады және Раббыларына апарар нендей (керемет) жолға салады! Олардың үкімі (Аллаһты) сүйетін әрбір жүрекке нендей ізгі! Жүректің байлығы нендей ұлы! Және осы сөздердің мәні оған жеткеннен соң оның өмірі нендей сүйсінерлі! Және біз Аллаһтан Ол бізге Өзінің рахметін жаудыруын тілейміз! Ақиқатында, Ол – Аса Жомарт, Ерекше Рахымды!” “Тариқ әл-хиджратайн” 583-584.
Жихадтың артықшылығын хадистер де дәлелдейді. Солардың ішінде Му’аз ибн Жәбәлдің мына хадисі де бар: «Бұл істің (діннің) басы — Ислам, тірегі – намаз, ал шыңы – Аллаһтың жолындағы жихад». Ахмад 5/231, әт-Тирмизи № 2616.
Сондай-ақ ‘Убада ибн әс-Самиттің, Аллаһ оған разы болсын, хадисінде Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһтың жолында соғысыңдар, өйткені Аллаһтың жолындағы жихад — Аллаһ олар арқылы уайым мен қайғыдан құтқаратын Жәннат қақпаларының бірі», — дегені жеткізіледі. Ахмад 5/314.
Абу Хурайраның, Аллаһ оған разы болсын, хадисінде былай деп айтылады: «Аллаһтың жолында күресуші ораза ұстаушыға, намаз орындаушыға, Аллаһтың аяттарының алдында бас ұрып, оразадан да, намаздан да шаршамайтынға ұқсас. (Және оның жағдайы) ол Аллаһтың жолынан оралғанша осылай. Және Аллаһ Өзінің жолында күресушіге оның жанын алып оны Жәннатқа кіргізуге деген, немесе оны аман-сау сый-сыяпатпен не олжамен оралуға деген үміт берді». әл-Бухари № 2787, Муслим № 1878.
Жихадтың және Аллаһ жолында күресушілердің артықшылығы туралы және шынайы (шын ықыласты) мужжахидтерге Аллаһ бұл және Соңғы өмірде әзірлеп қойған жоғары мәртебелер мен аса зор сыйын түсіндіретін Кұран аяттары мен пайғамбарлық хадистер өте көп.
Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: “Жихадты орындау туралы әмірлер мен оның артықшылы туралы ескертпелер Кітап пен Сүннетте соншалықты көп болғандықтан, оларды санау мүмкін емес. Сондықтан жихад адамның ерікті амалдарының ең абзалы болып табылады, және ғалымдардың бірауызды келісімі бойынша ол қажылық пен умрадан да, нәпіл намаздан да, нәпіл оразадан да абзал, бұл жөнінде Кітап пен Сүннет нұсқағандай…
Бұл — кең тақырып, және амалдарға берілетін сый мен олардың артықшылығында оған ұқсас ешнәрсе келтірілмеген. Және бұл — назар салғанда ап-айқын. Өйткені жихадтан келетін пайда оны орындаушыға да, басқаларға да дін мен дүние тіршілігінде ортақ болады. Ол ішкі және сыртқы ғибадаттардың барлығын өзіне қамтиды. Ол өзіне Аллаһ Тағалаға деген махаббатты, Оған деген ықыласты, Оған деген тәуекелді, Ол үшін жан мен мал-мүлікті пида етуді, сабыр мен ұстамдылықты, Аллаһты зікір етуді және басқа да өзге амалдар қамтымайтын ғибадаттарды біріктіреді.
Және оны орындаушы тұлға немесе қауым үнемі екі игіліктің арасында болады: не жәрдем мен жеңіс, не шахидттік пен Жәннат. Өйткені жаратылғандарда міндетті түрде өмір және өлім болады. Осыда (жихадта) олардың өмірі мен өлімін олардың бұл дүниеде және Ақыретте бақытқа жетуі үшін пайдалану бар. Ал оны тастауда (қалдыруда) екі дүниеде де (бақытты болуда) қаза және кемшілік бар. Өйткені адамдардың арасында дінде және дүние тіршілігінде қуатты амалдарды жасауға ұмтылатындар бар, алайда олардың пайдасы аз. Ал жихад, бұл амалдардың әрқайсысымен салыстырғанда, екі өмірде де пайдалырақ. Кейде тұлға өлімге тап келер болса да, жанын жеңілдетуге ұмтылады. Ал шахидтің өлімі барлық өлімнен жеңіл және барлық өлімнен абзал”. “Мәжму’ әл-фатауа” 28/352-354.
Құрметті шейх Ибн Баз былай деп айтты: “Ақиқатында, Аллаһтың жолындағы жихад Аллаһқа жақындаудың ең жақсы жолдарына және ең үлкен ғибадаттарға жатады, және бұл тіпті Аллаһқа жақындататын нәрселердің және міндетті болған амалдардан кейін жарысатын нәрселердің ең абзалы болып табылады. Бұл — оның мүміндерге көмек көрсетудің, Аллаһтың сөзінің үстем болуының, кәпірлер мен екіжүзділерді басудың, Исламға шақыруды халықтар арасында таратудың, Аллаһтың құлдарын қараңғылықтардан жарыққа шығарудың, барлық жаратылыстардың арасында Исламның керемет сипаттары мен әділетті шешімдерін таратудың және мұсылмандарға келетін өзге де көптеген пайдалардың және мақтаулы нәтижелердің себебі болғандығынан”. Қз.: “Мәжму’ фатауа уә мәқаләт мутанәууи’ә” 18/61-62.[1]
[1] Бұл артықшылықтардың барлығы шынайы, Аллаһ Тағала заңды еткен жихадқа қатысты екенінде күмән жоқ. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия айтатын: “Құран мен Сүннет жихадты жасау туралы бұйрықтарға және оның артықшылықтарына толы. Алайда шариғатта заңдастырылған, Аллаһ және Оның Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұйырған жихадтпен, кейбір адасушылықтың жақтаушылары жүргізіп жүрген бидғат-жихадтың арасындағы айырмашылығын білу қажет! Олар жихадты шайтанға бағынып жүргізуде, алайда өздері жихадты Рахманға бағынып жүргізудеміз деп ойлайды. Бұл – хауариждердің және солар сияқты, исламның жақтаушыларымен соғысып жүрген, өз құмарлықтары мен дінге жаңалық енгізудің өзге де жақтаушыларының жихады сияқты!» “Раду ‘аләл-Ахнаи” 326.