Жихадтың даналығы мен ережелерінен жақсы жемістер

Сайтымызға кірушілердің назарына шейх Абд әр-Разақ әл-Бадрдің «Жихадтың даналығы мен ережелерінен жақсы жемістер» атты кітабының аудармасын ұсынамыз. Кітапті қазақ тіліне орыс тілінен сайтымыздың редакциясы аударған.

Шейх ‘Абд әр-Раззақ әл-Бадр былай деп айтты:

«Бұл кітаптың негізін екі лекция құрайды. Біріншісін мен «Ислами қайта жаңғыру қоғамының» Кувейттегі көктемгі лагерінде хижраның 1416 жылы оқығанмын. Екіншісін мен 1425 жылы Кувейт Университетінің шариғат факультетінде жихад және оның ережелері бойынша конференция кезінде оқыдым. Кейін бұл екі лекциялар редакциядан өтіп, оған маңызды қосымшалар және пайдалы дәйексөздер қосылып, біріктірілді. Әрі басында да, аяғында да барлық мақтау-мадақ Аллаһқа тән».

Имам Ибн әл-Мубарак айтатын:

“Жихад  — бұл Аллаһ Өзінің таңдаулы, жақын болған құлдарынан өзге ешкімге ашпайтын есік”. “Муқаддима әл-Инжәд” 1/27.

Имам Ибн әл-Хаж әл-Малики айтатын:

“Мужжахид білім иелерінен жихадты қалай істейтіндігі туралы сұрамайынша жихадқа шықпауы керек”. “әл-Мәдхәл” 2/13.

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Өзінің уәдесін орындап, әскерін мәртебелеп және дұшпан болған одақтастарды жалғыз өзі талқандаған Бір Аллаһқа Мадақ. «Мүміндерге жәрдем ету Бізге міндет» (Рум, 47), — деп айтқан ешбір серігі жоқ Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты құдай жоқ екендігіне куәлік етемін.

Және Мухаммад – Оның құлы, елшісі және сүйіктісі екендігіне куәлік  беремін. Ол – шайқасушылардың ең жақсысы, күресушілердің ең шыншылы, Аллаһтың құлдарының ішіндегі ең ықыластысы. Оған, сондай-ақ оның ардақты отбасына және оның данқты сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Ақиқатында, Аллаһтың жолындағы жихад шариғаттың ең маңызды талаптарының және Аллаһқа жақындаудың ең жақсы құралдарының бірі болып табылады. Сондықтан да бұрынғының және қазіргінің ғалымдары бұл мәселеге аса зор назар бөлетін, ал олардың кейбіреулері оған тұтас жинақтар бағыштады, әрі олардың саны отыздан астам. Мысалы,   Ибн әл-Мубарактың «әл-Жихад», Ибн Абу ‘Асымның «әл-Жихад», Ибн ‘Асакирдің «әл-Жихад», ‘Абдуль-Ғани әл-Макдисидің «Фадль әл-Жихад», Ибн Касирдің «әл-Ижтихад фи таләбиль-Жихад» кітаптары т.б.

Және де өзіне жихад тақырыбын қамтымаған, оның ережелерін түсіндірмеген, Аллаһ Тағаланың Кәләмынан (Сөзінен) және Оның Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұл жөнінде айтқандарынан  ашық аяттар мен айқын дәлелдер келтірмеген фиқх мәселелері бойынша немесе бұйрықтар бойынша хадистердің бірде-бір жинақтары жоқ. Сондықтан да, білім талап етушілер сабырлық пен табандылықты ұстанбай және білімге ие болмай, жихад пен діннің басқа да салаларына қатысты мәселелерге кіріспегені жөн.  Керісінше, бұл мәселелерде оның (джихадтың) қандай да бір әрекетіне кіріспес бұрын, сол әрекет тура жол мен дұрыс мақсатқа негізделген болуы үшін, міндетті түрде ой жүгірту, ақиқатты сұрау және тану қажет. Әрі мүмін  осылайша тура жолмен жүріп және  Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетіне ілесіп, Құдіретті және Ұлы Аллаһтың разылығына ие болады!

Жихадтың осындай маңыздылығы мен осындай мәнінен Аллаһтың сүйіспеншілігіне лайықты болуға деген ұмтылыстың, сондай-ақ, ғибадаттың өзге де түрлеріндегідей, шариғаттың ережелерінің және Аллаһтың Кітабы мен Сүннеттің қатаң басшылығының қажеттілігі келіп шығады.  Бұл — мүмін адам  шариғаттың ұлы мақсаттарын жүзеге асырып, оның шекараларын және шектеулерін бұзбай, түзу жолмен және дұрыс бағытпен жүріп, артық кетушіліктер мен кемістіктерден, шектен шығушылықтар мен тұрпайылықтан құтылу үшін (қажет), өйткені ол өзінің Раббысының нұрымен, сондай-ақ Оның Кітабы мен Оның пайғамбары – Мухаммадтың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінен алынған басшылықпен және біліммен нұрланған жолмен жүреді. Осымен ол Аллаһтың рахымынан үміт ете отырып және Оның жазасынан қорқып, қателіктерден сақтанады және қауіп-қатерлерден қорғанады. Ол өзінің түсінігін түзету үшін, барлық, әсіресе көпшілк адамдарға беймәлім немесе олар елемей жүрген жайттарды айқын ету үшін бар күш-жігерін сарп етеді. Және осындай мәселелер бүгінгі күні сыртқы қарсыластар тарапынан да, бұрыс түсініктің және  дінді білу мен түсінудің шектеулі болуы себебімен өзінің діндестері тарапынан да салмақты қиындықтарға тап болған ислам үмметінің арасында түсіндіруді қажет етеді.

Сондықтан да жихадтың тақырыбын Құранның, Сүннеттің мәтіндерінің және ізгі алдынғы буын өкілдерінен болған ғалымдар мен оларға ілескен бұл үмметтің имамдарының айтқандарының негізінде ашып көрсететін осы жазу жолдарында мен жоғарыда аталған мақсатқа қатысуды ұйғардым. Мен тек Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахих хадистерін пайдалануға тырыстым және сонымен қатар осы саладағы имамдарға сенім арттым. Бұл еңбек «әл-Кутуф әл-Жияд мин Хикәми уә Ахкам әл-Жихад» («Жихадтың даналығы мен ережелерінен жақсы жемістер») деп аталды, өйткені мен онда жихадтың барлық ережелері мен барлық мәселелерін жинақтауды мақсат етпедім. Мен өз міндетімді оқырманды бұл ұлы мәселеде қуандыратын тек жихадтың мәселелерінің игі біртұтастығын, оның ережелері мен қағидаларының маңыздылығын түсіндіруде көрдім. Сондай-ақ жихадтың артықшылығын, оның орнын, түрлерін, дәрежелерін, шекараларын және қағидаларын түсіндіруде де. Түрлі қауіпті адасушылықтарды қарап талқылауға, оларға соқтыратын себептерді зерттеуге, сондай-ақ оларды шешу тәсілдеріне және басқаларға ерекше көңіл бөлінді. Аллаһ Тағала бұл еңбекті мұсылмандарға пайдалы, Оның Ардақты Дидары үшін ықыласты және Оның ардақты  Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетіне сәйкес дұрыс етуін ниет етемін, өйткені Бір Аллаһ қана дұрыс жолға салады және Одан өзге ешкімнен күш те, қуат та жоқ.

(жалғасы бар)

You may also like...