Жихадтың мақсаттары

шейх ‘Абд әр-Раззақ әл-Бадрдің «Жихадтын даналықтары мен ережелерінен жақсы жемістер» кітабын жариялауды жалғастырамыз:

Төртінші тарау: Жихадтың мақсаттары

Аллаһ Тағала жихадты Исламда бұйырды және оны ұлы әрі мақтаулы мақсаттар үшін мұсылмандарға парыз етті. Ол мақсаттардың бір бөлігі ғалымдардың мына сөздерінде ашылып көрсетіледі.

1. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: “Жихадтың мақсаты – Аллаһтың Сөзі барлық нәрседен үстем, ал дін толығымен Аллаһ Тағалаға тән болатын жағдайға қол жеткізу.  Басқаша айтқанда, оның мақсаты – Аллаһтың дінін орнату”. Қз.: “Мәжму’ әл-фатауа” 15/170, 28/23.

2. Ол сондай-ақ былай деп айтты: “Және жихадтың мақсаты адамдардың Жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етіп, Оған ғана жалбарынып, Оған ғана намаз оқып, Оған ғана сәжде жасап, Ол үшін ғана Ораза ұстап, тек Оның Үйіне ғана қажылық жасап, Оған ғана арнап құрбан шалып, Ол үшін ғана нәзір беріп, Оның атымен ғана ант етіп, Оған ғана тәуекел етіп, Одан ғана қорқуына жету болып табылады.  Өйткені Жалғыз Ол ғана игілік береді және жамандықты жояды. Жалғыз Ол ғана  өзінің жаратылыстарын тура жолмен жүргізеді. Және оларға тек қана Ол жәрдем береді. Және оларды ризықтандырып, байытатын да тек Ол ғана. Олардың күнәларын да Одан өзге ешкім кешірмейді!” Қз.: “Мәжму’ әл-фатауа” 35/368.

3. Шейх ‘Абдуррахман ибн Насыр әс-Са’ди былай деп айтты: “Жихад екі түрлі болады: өзімен мұсылмандарға есендік, ақидасының, ахлағының және олардың дін әрі дүние істерімен байланысты барлық нәрселерінің түзетілуін әкелетін жихад. Сондай-ақ, бұл жихад мұсылмандарда шынайы білімдер мен амалдарды тәрбиелейді. Жихадтың міне осы түрі — оның негізі және оның мәні, әрі (жихадтың) екінші түрі, яғни Исламды және мұсылмандарды кәпірлерден, екіжүзділерден, бидғатшылардан және діннің барлық жауларынан, дұшпандардан қорғау меңзелетін жихад, оның үстіне негізделеді”. Қз.: “Ужжуб та’аун бәйнә әл-муслимин” 8.

4. Құрметті шейх Ибн Баз былай деп айтты: “Жихад екі түрлі болады: шабуыл және қорғану жихады. Және олардың әрқайсысының мақсаты Аллаһтың дінін тарату және адамдарды оған шақыру, оларды қараңғылықтардан жарыққа шығару, және Аллаһтың дінінің жер бетінде салтанат құруы, және барлық дін тек Жалғыз Аллаһқа ғана тән болуы болып табылады, бұл жөнінде Аллаһ Тағала Өзінің Ардақты Кітабында, «Бақара» сүресінде былай деп айтқанындай:  «Олармен бұзақылық жойылып, дін Аллаһқа тән болғанға дейін соғысыңдар». Ол сондай-ақ «Әнфәл» сүресінде: «Олармен бұзақылық жойылып, дін (ғибадат) Аллаһқа тән болғанға дейін соғысыңдар», — деп айтты. Және осыған ұқсас мағынадағы аяттар көп. Сондай-ақ, Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтты: «Маған адамдар  Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ, және Мухаммед – Оның Елшісі екендігіне куәлік бермейінше, намазды орындап, зекет төлемейінше олармен соғысу әмір етілді. Ал егер олар мұны істесе, онда өздерінің өмірлері мен мал-мүліктерін менен қорғаған болады, Ислам бұған рұқсат ететін жағдайлардан басқа, ал  жауапты олар Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһтың алдында береді». Ибн ‘Умардың, Аллаһ олардың екеуіне де разы болсын, хадисі. Оның сахих екендігіне әл-Бухари мен Муслим келіскен”. Қз.: “Мәжму’ фатауа уә мәқәләт мутанәууи’ә” 18/70.

 

You may also like...