Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!
Абу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын), Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Кім әскери жорық (ғазуа) жасамай және оны (жасауды) іштей қаламаған күйінде дүниеден өтсе, екіжүзділіктің бір көрінісінен құтылмай өлген болады». Және бұл хадистің жеткізушісі Мухаммад ибн Саһм былай деп айтты: «‘Абдуллаһ ибн әл-Мубарак: “Біз мұны – Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) уақытына қатысты деп есептейміз ”, — деген».Муслим 1910.
Имам Абул-Аббас әл-Қуртуби былай деп айтты: “Бұл хадисте кім ізгі амал істей алмаса, оны істеуге деген нық шешімі болуы керектігі туралы айтылған, егер оны жасай алатын болса. Немесе, ол оны істеуге деген ниеті болуы керек, ал бұл (сол амалды істеу тіпті мүмкін болмаған) осындай жағдайда оның өтеуі болады. Ал егер адам оны сырттай (амалмен) да, іштей ниетімен де істеуден бас тартса, онда бұл ізгілікті істемейтін және істеуді ниеттенбейтін екіжүзділердің жағдайы болады. Және, нақтырақ айтқанда, бұл ол арқылы Аллаһ Исламды ұлықтаған, және, мұны көпқұдайшылдар жек көрсе де, осы дінді өзге діндерден айқын еткен жиһадқа қатысты!” Ал Ибн әл-Мубарактың “Біз мұны – Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) уақытына қатысты деп есептейміз” деген сөзіне келер болсақ, әл-Қуртуби былай деп айтты: “Яғни жиһад парыз етілген және ол екіжүзділікті шынайы екіжүзділік деп түсіндіретін кезде. Бірақ бұл барлық уақытқа қатысты да болуы мүмкін, ал онда хадистің мәні – осындай жағдайдағының әрбірі, егер тіпті кәпір болмаса да, екіжүзділер сияқты болады”. Қз.: “әл-Муфхим” 3/750.
Қады ‘Ийяд «…екі жүзділіктің бір көрінісінен құтылмай дүниеден өткен болады» деген сөздер туралы былай деп айтты: “Мұны Ибн әл-Мубарак: «Бұл жиһад міндетті болған тек Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі) уақытына қатысты, сондықтан ол екіжүзділікті шынайы екіжүзділікке жатқызды», — деп түсіндірді. Бірақ бұл жалпы сөздер болуы мүмкін және хадистің мағынасы – мұндай адамның (бұл сипаты) екіжүзділердің сипаттарына ұқсап кетеді, ал олардың сипатарының бірі – жиһадты қалдыру. Бұл — екіжүзділіктіктің тармақтарының және олардың сипаттарының бірі”. Қз.: “Икмәлюл-му’лим” 6/335.
Имам әс-Синди «оны жүрегімен (іштей) қаламаған күйінде» деген сөздер туралы былай деп айтты: ««Мұның мағынасы – адам өз жүрегінде (іштей): «Уа, егер мен әскери жорыққа шықсам еді!», — деуде», — деп айтылған. Немесе: «Оның мағынасы – кім жиһадты және оның күш әзірлеу сияқты сипатын орындамаған болса, сол адам, бұл жөнінде Аллаһ Тағала: «Егер олар (екіжүзділер) жорыққа шығуды қаласа еді, оған дайындалар еді» (әт-Тәуба 9: 46), — деп айтқандай, жиһадты қалдырып қоятын екіжүзділер сияқты болады», — деп айтылған. Бұл тура Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) уақытымен байланысты болған болуы мүмкін, бұл жөнінде Ибн әл-Мубарактан жеткеніндей”. Қз.: “Хашия ‘алә ән-Нәсаи” 3/314.
Имам ән-Нәуауи былай деп айтты: “Ибн әл-Мубарактың айтқаны – бір-ақ мағыналы кесімді сөз емес, өйткені басқалар: «Бұл хадис – жалпылама, және оның мағынасы – осындайды істеген адам жиһадты қалдырушы екіжүзділер тәрізді болады әрі жиһадты қалдыру — екіжүзділіктің сипаттарынан!», — деген.” Қз.: “Шарх «Сахих» Муслим” 13/56.
Бұл — еретеректегі имамдардың сөздері, ал енді біздің заманымыздың ғалымдарының бұл хадиске байланысты айтқан сөздері мынандай.
Шейх Сафийю-р-Рахман әл-Мубаракфури «әскери жорық жасамай» деген сөздер туралы былай деп айтты: “Яғни діннің дұшпандарымен соғыспады. «Жүрегінде (іштей) мұны қаламай», яғни соғысуға мүмкіндігі болып, және оның уақыты келіп жеткенде олармен соғысуды қаламады да, оған ниеті де болмады”. Қз.: “Миннатуль-мун’им” 3/292.
Шейх Салих әл-Фаузаннан бұл хадистің мағынасы жөнінде сұрағанда, ол былай деді: “Хадистің мағынасы — жиһад басталған жағдайда, оны жасауға деген бекем шешімде. Адам өзінің жүрегінде (іштей) әскери жорықты қалайтынын айтуы керек, яғни жиһад басталған жағдайда, оны Аллаһтың жолында жасауға ниет етуі керек. Ақиқатында, Аллаһ оған осы игі ниеті үшін сауап жазады”. Қз.: “Фәтауа әл-Фаузан” № 19.
Жиһадты қалдыру жөніндегі тағы да бір осындай қорқытушы хадис — Абу Умамадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен. Онда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кім өзі әскери жорықтарға қатыспаған болса, немесе мұндай жорыққа қатысушылардың ешқайсысын саймандамаған болса, немесе олардың отбасы мүшелеріне қамқорлық көрсетпеген болса, оны Аллаһ Қайта тірілу Күні жетпейінше ұрып қояды». Абу Дауд 2503, Ибн Мәжәһ 2762, әл-Байһақи 9/48. Хадис сахих. Қз.: “әс-Силсилә әс-сахиха” 2561.
Алайда бұл хадистерді дұрыс түсіну керек, өйткені жиһад жасау және оны жасауға деген ниеттің болуы «мұсылман адам дұшпандармен кездесуді міндетті түрде қалауы керек» дегенді білдірмейді! Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әй, адамдар, дұшпандармен кездесуді қаламаңдар және Аллаһтан құтылуды сұраңдар, бірақ олармен кездесіп қалатын болсаңдар, сабырлық танытыңдар және Жәннат сендердің қылыштарыңның көлеңкелерінің астында екенін біліңдер!» Әл-Бухари 2965, 2966, Муслим 1742.
Өйткені дұшпанмен кездесуге ұмтылуда осыны қалаушы адам ұшырауы мүмкін болған көптеген жақсы емес және қауіпті нәрселер орын алуы мүмкін, мысалы, бұл жөнінде имам Мәнауи айтқанындай: «Шәһид болуды қалау дұшпанды кездестіруді қалаумен байланысты емес!» Қз.: “Фәйдуль-қадир” 6/127.
Сондай-ақ, бұл жөнінде имам әл-Қуртуби айтқанындай, бұған тыйым салынғандықтың даналығы — дұшпанның жағдайы туралы хабардар болмау және онымен кездесуге әзірлік көруді елемеу. Сондай-ақ ол: «Осыда мүминге игілікті ғана арттыратын мұсылмандардың өмірлерін сарп ету бар», — деді.
Және ол сондай-ақ былай деді: “ Әрі: «Дұшпандармен кездесу және олармен шайқасу – бұл не олардың үстінен жеңіс, не шәһидтік дәрежесін алып келетін мойынсұнушылық. Ендеше, ол қалайша тыйым салынған болуы мүмкін! Оның үстіне, бұл жөнінде хадисте: «Кім Аллаһтан ықыласты түрде шын жүрекпен шәһидтік дәрежесін тілесе, Оған Аллаһ шәһидтердің дәрежесін береді, тіпті ол өз төсегінде жатып дүниеден кетсе де» (Муслим 1909), — деп айтылғандай, шариғат шәһид болуға үндейді!», — деп айтуға болмайды.
Біз былай дейміз: «Дұшпандармен кездесу екі жақты болады. Егер ол жиһад және мойынсүнушылық болып табылса, мұны қалауға тыйым салынбайды.
Алайда жоғарыда аталып кеткен, орын алуы мүмкін болған (зиянды) нәрселер жағынан мұны қалауға тыйым салынады. Және де осыда соңы немен ұласып кететіні беймәлім жаза мен сынық та болуы мүмкін. Және жиһадтан олжа да, шәхидтік дәреже де келмеуі мүмкін! Тіпті керісінше болуы да ықтимал. Бір сөзбен айтқанда, дұшпандармен кездесуге деген тыйым салынған қалау (шариғат) оған үндейтін шәһид болуға деген қалауға қатысты емес. Және дұшпандармен кездесу шәһада мен олжаға әкелмеуі де мүмкін»”. Қз.: “әл-Муфхим” 3/524.
Шейх Сафийю-р-Рахман әл-Мубаракфури былай деп айтты: “Ақиқатында, дұшпанмен кездесуде, тіпті жеңіс болған жағдайда да, зиян мен жарақат жоқ емес. Және хадистің жалғасында айтылғандай: «Аллаһтан құтылуды тілеңдер». Бұл – Аллаһ дұшпандардың жүрегіне үрей ұялатып, оларды шайқассыз жеңу үшін. Осы нәрсе адам істің соңы қалай болатынын білмегендіктен әмір етілді”. Қз.: “Миннәтуль-мун’им” 3/173.
Имам әл-Мазири былай деп айтты: “Бұл хадисте мынандай сұрақ түсінбеушілік туғызуы мүмкін: «Егер жиһад мойынсұнушылық болса, онда мойынсұнушылықты қалау игі іс болып табылады, ал қалайша бұл тыйым салынған болуы мүмкін?!» Бұған жауап ретінде былай деп айтылды: «Мұның мағынасы – дұшпанмен кездесуге ұмтылудың салдары: егер бұған үстіртін және салғырттықпен қаралса, ол бүлік немесе зиян әкелуі мүмкін. Ал кім дұшпандарын елемей қойса, ол ақылдылықты жоғалтады! Және мұның мағынасы мынада болуы мүмкін: «Сақтықты жоғалтпау үшін, дұшпандарыңды елемей қоймаңдар, өздеріңнің жандарыңды және мұсылмандарды сақтаңдар!», — немесе, «Дұшпандарың сендерді жеңетінін шамалаған жағдайда, немесе олар сендердің әйелдеріңді иемденетіндей, сендер адамдар мен мал-мүліктен айырылатындай, немесе дұшпандардан зиян шегетіндей қауіп болса, олармен кездесуді қаламаңдар (тілемеңдер)»”.
Оның сөздерінен кейін Қады ‘Ийяд былай деп айтты: “Кейбіреулер: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің үмметіне қиындықты тілеуге (қалауға) тыйым салды, сондықтан кейбір ізгі сәлафтар былай дейтін: «Бүлік пен сынақтан аман болу адамдардың сабырлығына қарай түрленеді!», — дейтін”. Қз.: “Икмәлюл-му’лим” 6/43.
Сондықтан бұл хадистерді біріктіріп қарау керек!
Шейх Ибн әл-Қайим Исламдағы жиһадтың түрлерін санап өтіп, былай деді: “Кәпірлер және екіжүзділермен жүргізілетін жиһадқа келер болсақ, оның төрт деңгейі бар: жүрекпен, тілмен, мал-мүлікпен және өмірмен. Және кәпірлермен жүргізілетін күрес негізінен қолмен, ал екіжүзділермен жүргізілетін жиһад тілмен (сөзбен) орындалады. Жәбірлеушілікті, бидғаттарды және күнәлі істерді жасаушылармен жүргізілетін жиһадқа келер болсақ, оның үш деңгейі бар. Біріншісі: қолмен, күштің (қудра) болғанында. Егер күш болмаса, онда тілге көшеді. Егер бұл да мүмкін болмаса, онда – жүрекпен. Және бұл жиһадтың он үш деңгейі. Ал кім жиһад жасамай, тіпті оны жасау туралы ойламай, өліп кетсе, ол өлгеніне дейін екіжүзділіктің бір көрінісімен сырқаттанып өткен болады”. Қз.: “Задул-мә’ад” 3/16.
Ал мұсылмандар жиһад жасауға қабілеті болмай, алайда ол ақиқат екендігін біліп, оны жасауға деген ниеті болған жағдайға қатысты айтар болсақ, онда оларда күнә болмайды, және олар осыдан тыс амал етуге міндетті болмайды, бұл жөнінде мужаһид-имам Мухаммад ибн ‘Али әл-Кәражи әл-Қассаб өзінің тәпсірінде былай деп айтқанындай: “Кім өзінің жанымен және мал-мүлкімен жиһад жасауға қабілетті болмаса, алайда оған сенсе және оны ақиқат деп есептесе, ол – жиһад жасаушылардың қатарынан! Және ол басқасын істеуге міндетті емес!” Қз.: “Нукт әл-Қуран” 4/187.
Ал шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: «Кім дінді күшпен және жиһадпен орнатуға мүмкіндігі болмаса (әлсіз болса), жүрегімен игілікті қалау (насиха), үммет үшін дұға ету және игілікті тілеу сияқты өзінің күші жетететін (амалдарын) істейді!» Қз.: «Мәжму’уль-фәтауа» 28/396.
дереккөзі: www.salaf-forum.net