Мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек көрсету мәселесіне түсіндірме жасау

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек көрсету мәселесіне түсіндірме жасау

Назарларыңызға www.salaf-forum.ru  дайындаған «Мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек көрсету мәселесіне түсіндірме жасау» мақаласын ұсынамыз

 Мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек көрсету мәселесінің түсіндірмесі

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Ал содан соң:

Бұл еңбекті құрастыруға сылтау таяу арада жарық көрген «Данқты сахаба Хатыб ибн Бәлта’аға тағылған жаланы теріске шығару» («В опровержение наговора на славного сподвижника») атты мақала, сондай-ақ Насыр әл-Фахдтың орыс тілінде шығайын деп жатқан, онымен мұсылмандарды тіл алмайтын кішкентай балаларды қорқынышты хикаялармен қорқытатынындай қорқытатын, «әт-Тибьян фи куфри мән а‘анә әл-амрикан» атты кітабы болды.

Бұл мақаланы оқып, әрбір мұсылман, Аллаһ қаласа, құрастырылуының негізіне оны теріске шығару  алынған мақаламен де, діннің белгілі бір ережелеріне деген қате көзқарастарды  санаға енгізетін осы сияқты басқа шағын мақалалармен де адасушылыққа түсуге жол бермейтін негіз алады.

 «Данқты сахаба Хатыб ибн Бәлта’аға тағылған жаланы теріске шығару» атты мақаланың құрастырушысы Расул Дагестани, Аллаһ оны да, бізді де тура жолмен жүргізсін, өз мәлімдемелерімен және қорытындыларымен едәуір асықты. «Тағуттардың қорғаушыларының бұл оқиғадан шығарған қорытындысы, ешбір күмәнсіз, Пайғамбардың (оған Алаһтың игілігі мен сәлемі болсын) данқты сахабасына жабылған жала және ғайбаттау болып табылады», — деп айтып, автор Расул Дагестани осы үмметтің ертедегі көптеген атақты имамдарын тағуттарды қорғаушылықта айыптағанын  ойланған да жоқ! Тіпті оларды күпірлік жасауда айыптады, өйткені тағутты қорғау – күпірлік, ал автор, оның еңбегіне қарағанда, дәл кәпірлерді тұспалдап тұр.

 Ол, сондай-ақ, былай деп жазады:

«Егер сен жан-жағынан сұрақтармен қапталатын, оған саусағымен көрсетілетін, білімді және өнегелі  адам деп саналатын, ал оның өзі күпірліктің имамдарын мұсылмандардың әмірлері деп атайтын және осыны мойындамайтындардың әрбіріне, тіпті ол бірқұдайшыл болса да, қарсы көмектесетін болса, таң қалма».

Мен бірден ешқандай тағуттарды қорғамағандығымды және қорғамайтындығымды айтудан бастағым келеді, Аллаһ бұдан мені де, барлық мұсылмандарды да қорғасын! Бірақ мен мұсылмандарды ауыр күнә жасаудан сақтандыру үшін барлық нәрсені үлкен күпірлік, діннен шығу т.с.с. деп атайтын, ал осындай мәлімдемелермен келіспейтіндерді «муржилер», «мадхалилер» тағы да осындай бекер-далбаса сөздермен айыптайтын кейбір «ойшылдардың» әдістерімен ешқандай келісе алмаймын!

Сонда бауырларымыз біздің ғасырымыздағы кең етек алған күпірлікте айыптау (такфир) фитнасын имам Ахмадтың кезінде орын алған Құранды жаратылған деп айту фитнасымен  салыстыруға болатындығын ұмытып, осы әдісті біздің уақытымыздағы ең жақсы әдіс деп есептегені ме?

Күнәні өз атымен атау оның ауырлығын және зардаптарын жеңілдетпейді, бірақ қандай да бір күнәні оның өз атымен атамау Аллаһ Тағаланың шариғатына өтірік жапсыру болып табылады!

Сонда осы кездің мұсылмандарының арасында өсімқорлықтың, есірткіқұмарлықтың, зинақорлықтың тарағаны себепті біз енді, осы ұлы күнәлардан сақтандыруымыз үшін,  олардың барлығын діннен шығаратын күпірлік деп атауымыз қажет пе?!

Айқындық үшін мынандай бір оқиғаны келтіргім келеді:

Бірде бір адам өз заманының ұлы имамы болып саналған Ибн әл-Мубарактан: «Сен зина жасайтын және шарап ішетін (адам) туралы не деп айтасын?! Ол мүмін болып табылады ма?!», — деп сұрады. Ол: «Мен оны иманнан шығармаймын!» — деді. Әлгі адам: «Қартайған шағыңда сен муржиге айналыпсың ғой!», — деді. Сонда имам Ибн әл-Мубарак оған: «Ақиқатында муржилер мен айтатын нәрсені айтпайды! Мен: «Иман азаяды және көбейеді», — деп айтамын, ал муржилер: «Бұлай деп айтпа!» — дейді. Муржилер өздерінің игі амалдарының қабыл болатынын мәлімдейді, ал мен өзімнің игі амалдарымның қабыл болатынын, не қабыл болмайтынын білмеймін! Ал сен тақтайды алып, ғалымдардың алдында отыруға (яғни ғалымдардан білім алуға) мұқтажсың!», — деп айтты. Исхақ ибн Рахауайх “әл-Муснад” 3/670.

Міне, осылайша зина жасаушыны және шарап ішушіні кәпір деп есептемегені үшін ұлы имам муржилікте айыпталған еді!

Бауырымыз Расул Дагестанидің мақаласына келер болсақ, осындай нәрселерді оқып алып жастар және жас та емес мұсылмандар араб елдерінің әмірлерінің барлығын аттарын атап күпірлікте, ал әмірлерді күпірлікте айыптаумен шықпаған әрбір ғалымды тағуттардың қорғаушылары деп айыптауға асығады. Сондай-ақ, Татарстандағы және Кавказдағы барлық полицейлерді кәпірлер мен муртадтар, өйткені, олардың пікірі бойынша, олар өздері бұл туралы білсе де, білмесе де, кәпірлердің  мұсылмандарға қарсы көмекшілері болып табылады т.с.с. деп атауға да асығады.

Бұл мақала авторының шулы сөздеріне назар аударыңыздар:

«Тек білім арқылы ғана адам өзінің дұшпанын, оның азғыруларын, бүркелген ұрандары мен сәнделген сөздерін ажырата алады, әсіресе Аллаһтың дініндегі маңызды мәселелер туралы кез келген адам ойына келгенін сөйлей беретін және пікірін айта салатын біздің кезімізде. Бүгінгі күні мұсылмандардың проблемалары туралы ой-пікір қозғайтын осындай «білгірлерді» аудио және видеотаспаларда, интернет беттерінде, телебағдарламаларда, газеттерде т.б. жерлерде  өте жиі кездестіруге болады, кейде осындай түрлі пікірлердің авторлары барып тұрған надандар болады табылады, тіпті кейбіреулер оларды білімді деп атап, білгірлердің қатарына жатқызса да. Олар өте күрделі мәселелерге, оларды былай тұрсын, діндегі олардан да қарапайым мәселелерді  түсінбей, «өздерінің тұмсықтарын сұғады». Осы себепті олар  Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жалпыға қатысты істер туралы сөйлейтін ақымақ (надан)», — деп,  олардан ескертіп сақтандырған «рууәйбида» деген атаққа бәрінен де лайықтырақ. Сонымен бірге олар өз надандығымен шайтанның қолындағы қаруға айналуда, тіпті олардың ниеттері ықыласты болып, олар тек жақсылықты қаласа да».

Бірақ осымен бір мезетте, автордың өзі де өзі атап тұрғандардың қатарына жатады, өйткені ол айтқан салмақты сөздерді мәлімдеу үшін оның мақаласында келтірілген нәрселер жеткіліксіз екендігі ап-анық. Ал бұл жауапты оқып шыққан әрбір адам, инша-Аллаһ, автор бұл мәселені сыртай болса да зерттемегенін көреді.

Salaf-forum сайтына оның мақаласына деген сілтемені қойғанда, мен оны бірден оқып шықтым және осы Расул Дагестанидің мәлімдемелеріне қатты таң қалдым. Мен автордың бұл мәселемен мұқият таныспағандығын және бәлкім осы тақырыпқа байланысты жазылған бір дайын мақаланы аудара салғанын түсіндім. Өйткені ол имамдардың Хатыб туралы хадиске жасаған бірнеше түсіндірмелерін және кәпірлерге достық және көмек көрсету туралы аяттарға жасаған бірнеше тәпсірлерін болса да оқып шыққанда, мұндай салмақты мәлімдемелер жасауға асықпас еді! Мысалы, егер ол имам әл-Қуртубидің өз тәпсірінде Хатыбқа қатысты түскен аяттардың тәпсіріне қатысты айтқандарын оқығанда, онда ол жерде: «Кім мұсылмандарды аңдып, олардың дұшпандарын олар туралы хабардар етсе, егер оның осындай істеуінің себебі дүниелік нәрсе болып, сенімі  дұрыс болып қала берсе, осы себепті кәпір болмайды! (Кәпірлерден) көмек алғысы келген және осынысымен діннен шығуды қаламаған Хатыбтың іс-әрекеті тура осындай болды»,  — деген сөздерді табар еді. Қз.: “Тафсир әл-Қуртуби” 20/399.

Бұл – бауырымыз Расул Дагестанидің осындай салмақты мәселеде асығыстық танытқанына нұсқайтың шағын мысал ғана.

Ол былай дейді:

«Мен сондай-ақ сендер кәпірлерге Исламға және мұсылмандарға қарсы күресте көмек көрсетуді діннен шығу деп санамайтын әрбір адам осы нәрседе Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайшы келетінін және мүміндердің жолына ілеспейтінін білгендеріңді және осыған кәміл сенгендеріңді қалаймын. Бұл мәселе айқын және анық екендігі соншалықты – қалайша оған, қарапайым мұсылмандарды айтпағанның өзінде, кейбір ғалымдардың түсінбестік енгізгеніне таң қаласың».

Бізге қызығы — ол имам Қуртубиді де осылайша оп-оңай мүміндердің жолымен жүрмейтін, жүрегі ауытқыған тағуттардың жақтаушысы деп атайды ма?!

Шындығында да, зерделі адам осы жауапты оқып шығып, қалайша бұл мәселеде бірауызды келісім бар деп мәлімдеуге болатынына таң қалып, ашуланады! Осы бауырымыз бұл мәселеде ең көбі әһлю-Сунна арасында келіспеушіліктер бар деп айта алар еді, бірақ бұл да қателік болар еді, өйткені автор жақтап жатқан пікірдің әлсіздігі және бізге Құранды түсіндіретін таза Сүннетке қайшы келетіндігі соншалықты –  оған артықшылық беруге еш болмайды.

Кәпірлерге достық, көмек және сүйіспеншілік көрсетуге байланысты терминдердің анықтамасы 

Бұл тақырыпты қарастырудан алдын «әл-уәлә уәл-бара» (достық және қатыссыздық) мәселесіне қатысты кейбір терминдер  мен олардың түсіндірмелері  туралы ескертіп өткім келеді, өйткені бұл мәселе Исламдағы әл-уәлә уәл-бара мәселесіне тікелей байланысты. Сөз «әл-уәлә», «әл-уәләйә», «әл-мууәлә» және «әт-тауәлли» терминдері туралы болуда.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтқан: “Әл-Уәлә – бұл дұшпандықтың қарама-қарсы (ұғымы). «Әл-Уәлә» сөзіндегі негіз  – бұл сүйіспеншілік және жақындық, ал «өшпенділік» сөзінің негізі алыстық және  өшпенділік  болып табылады. Ал «әл-Уәли» – бұл «жақын»”. Қз.: “әл-Фурқан” 7.

Имам әш-Шаукани былай деген: “ «әл-Уәләйә» – бұл сүйіспеншілік және қолдау, мұны тіл мамандары түсіндіргендей”.  Қз.: “Қатр әл-уәли” 223.

Сондай-ақ «әл-уәләйә» сөзі  көмекті, құрметті, және сүйіктіңмен бірге болуға деген іштей және сыртай қалауды білдіреді. Қз.: “Тайсируль-‘Азизиль-Хамид” 422.

«Әл-Мууәлә» терминіне келер болсақ, онымен кәпірлерге ашық түрде сүйіспеншілік таныту меңзеледі, мейлі ол сөздермен, мейлі істермен және ниетпен болсын. Қз.: “Китабуль-имән” 145.

Шейх ‘Абдул-Ләтиф ибн ‘Абдур-Рахман Әли Шейх былай деген: “«Әл-Мууәләдағы» негіз – бұл сүйіспеншілік, ал «әл-му’ададағы» негіз – бұл жек көрушілік! Осы екі нәрседен дененің және жүректің амалдары көрініс табады (келіп шығады)!” Қз.: “әд-Дурару-ссәния” 2/157.

Шейх Ибн ‘Усаймин былай деп айтатын: “әл-Мууәләтуль-куффар – бұл кәпірлерге олардың күпірлігі себепті көмек және қолдау көрсету! ” Қз.: “Лиқаәт Бабуль-мафтух” № 20.

Аллаһтың рұқсат етуімен бауырымыз Расул Дагестанидің айтқандарына өтеміз:

«Егер тағуттардың жақтаушылары соның негізінде өздерінің адасушылықтарын құрған Хатыбпен (Аллаһ оған разы болсын) орын алған оқиғаға қарасақ,  бізге оның – муташабихтан өзге еш нәрсе емес екендігі айқын болады».

Қарапайым сұрақ: «Осы тақырыпта осы дәлелдерді пайдалану  — муташабихтардың қатарынан болады деп имамдардан кім айтты?!»

Бұл – қарапайым жауапты талап ететін, қарапайым сұрақ!

Бірақ сендер, бауырларым, бұл жауапты ешқашан естімейтіндеріңе таң қалмаңдар, бұған қоса, сендер сөгіс немесе жеке жек көрушілікпен байланысты, бірақ талқыланып жатқан мәселеге қатысы жоқ  нәрселерді естуіңіз де мүмкін! Аллаһпен ант етемін, біздің кезіміздің көптеген «қайраткерлерінен» және уағыздаушыларынан болған біреу бір нәрсе жазып, кейін одан осындайды айтқан имамдардың біреуіне сілтеме жасауды сұрағанда, ол өзінің ішінде жасырын тұрған барлық ластық пен жексұрындықтарын ұрыс-балағат, ғайбат және қорлау түрінде сыртқа шашатыны көп рет орын алған еді.

 Бірақ, бауырымыз  – осы мақаланың авторы – мұндай адамдардан емес деп және өзінің едәуір батыл және салмақты мәлімдемесіне сілтеме келтіреді, ал кері жағдайда, осындай салмақты сөздерде қателескенін жазады деп үміттенеміз.

 Ол, солай-ақ, былай дейді:

«Сондықтан біз мазмұны бойынша анық (мухкам) аяттарға қайтуымыз керек, содан соң Хатыбпен орын алған оқиға – ауытқыған жүректерге қарсы дәлел екендігі бізге айқын болады».

Ендеше, егер Хатыбтың хадисін автор «тағуттардың жақтаушылары» және жүрегінде дерті бар адамдар қолданатын муташабихтардың қатарынан деп, ал кәпірлерге достық таныту және көмек  көрсету туралы аяттарды мухкам деп санаса, онда мына төменде келтірілген хадистерді де автор ешқандай түсіндірмелерге мұқтаж емес мухкамға жатқызатын шығар:

«Көпқұдайшылмен бірге болатын немесе онымен бірге тұрушы – сол сияқты!» Абу Дауд 2787. Шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған.

«Мүшриктердің арасында тұратынның әрбіріне менің қатысым жоқ!» Абу Дауд 2645, әт-Тирмизи 1530. Хафиз Ибн Хажар иснадын сахих деді.

«Кім қайсыбір халыққа ұқсауға тырысса, ол – солардан!»  Абу Дауд 4031, Ахмад 2/50.  Хадистің сахихтығын шейхуль-Ислам Ибн Таймия, хафиз Ибн Хажар, хафиз әл-‘Ирақи және шейх әл-Әлбани растаған.

Демек, бұл хадистер де, муәләтуль-куффардың тыйым салынғандығына нұсқайтын аяттар сияқты мухкам ба?!

Онда сөздерінде, істері мен дәстүрлерінде кәпірлерге ұқсап-еліктейтіндерге, сондай-ақ, кәпірлердің жерінде және кәпірлердің арасында өмір сүрушілерге такфир жасаудың уақыты жетті!

 Әрбір мұсылман адам қандай да бір мәселеге қатысты үкімді белгілі аяттардың және хадистердің негізінде ғана, тұтас дінге қарамай және Құран мен Сүннеттің басқа да мәтіндеріне назар бұрмай, шығару рұқсат етілмейтігін білуі қажет. Және бұл белгілі бір мәтіннің мазмұнын дұрыс түсіну үшін қажет. Мысалы, аталған хадистерден кәпірлердің жерінде өмір сүруге кесімді түрде болмайды, бұдан тыс сырттай: бұл — күпірлікке кіру деп түсініледі! Алайда іс жүзінде сөз қорқыту туралы, сондай-ақ кәпірлердің жерінде өмір сүру барысында Аллаһқа ашық түрде ғибадат жасауына мүмкіндігі болмай, ал ол жерден хижра жасауға мүмкіндігі бола тұра, мұны жасамайтын адам туралы болуда. Ал адам кәпірлердің жерінде өмір сүріп, өзінің діні үшін фитнадан (бүліктен) қауіптенбесе, ол бұл тараудан шығады.

Мысалы, имам әл-Байхақи өзінің жинағында жоғарыда келтірілген кейбір хадистерді кәпірлердің жерінен хижра жасау қажеттілігі туралы тарауда айтып өтіп, кейін келесі тарауды: «Өзінің діні үшін фитнадан (бүліктен) қауіптенбеген адамға кәпірлердің жерінде болуға рұқсат етіледі», — деп атады да, имам әш-Шәфи’идің “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейбір адамдарға олар Исламды қабылдағаннан соң Меккеде қалуға рұқсат етті, олардың арасында әл-‘Аббас ибн ‘Абдуль-Муталиб және өз діні үшін қауіптенбейтін басқалар да бар еді! ” деген сөздерін келтіреді. Қз.: “әс-Сунан әл-кубра” 10/25.

Осы тақырыпты дұрыс түсіну үшін авторға қойылатын мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмектесу мәселесіне байланысты кейбір сұрақтар 

Автор былай деп жазады:

«Біл, Аллаһ сені рахымына алғай, мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек беру Исламнан шығаратын екіжүзділік болып табылады және жүректегі дертке нұсқайды».

Ғажап-ақ! Барлығы осынлай оп-оңай болғаны ма?! Ешқандай шарттарсыз, сондай-ақ дәл қандай көмек, недегі, қандай түрдегі көмек туралы ешқандай нақтылауларсыз ба? Көмек деген нені білдіреді?! Барлық мұсылман үмметіне қатысты көмек болуы керек пе, әлде тіпті жалғыз мұсылманға қатысты ма?! Адам көмек берген болып саналуы үшін мұсылмандармен соғысып жатқандардың қатарында жеке қатысуы қажет пе, әлде оларға жай ақпарат берудің немесе қару-жарақ сатудың өзі жеткілікті болады ма? Мәжбүрлеу ақталу болып табылады ма, әлде жоқ па?!

Мұндай жалпылама мәлемдеме жасалған осы жағдайда, автор және сол сияқтылар осы мақаланы түсіндірмесіз және қандай да бір шартсыз оқып, мынандай сұрақ қоятындарға қандай жауап бермек:

«Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Худайбия бітімі жасалған кезде және одан соң мүшриктердің қойған талаптарына сәйкес кәпірлерге Абу Басырды және Абу Жәндәлді қайтарып берді ғой, бұл жөнінде әл-Бухаридің жинағында келтірілген хадисте хабарланатынындай. Осы — мұсылмандарға қарсы көмек беру болып табылады ма?!

Өйткені бұл хадисте былай деп айтылады ғой: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Абу Жәндәлді әкесіне қайтып беруге келіскен кезде, ол (Абу Жәндәл): «Уа, мұсылмандар, мен мұсылман болғаннан кейн де мені көпқұдайшылдарға қайтып береді ме, не?! Сендер менің не нәрселерге төзуіме тура келгенін көрмейсіңдер ме?!» — деді, ал (мүшриктер) оны Аллаһқа иман келтіргені үшін қатал қинаған болатын».  әл-Бухари 2731, 2732.

Сіздерде осындай нәрсе тек Пайғамбарға ғана (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) рұқсат етілген деп санау үшін бұл іс-әрекетті нақтылайтын бір нәрсе бар ма?! Егер біреу: «Худайбия келісімі тек Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жасалған ерекшелеу болған», — деп айтса, онда әлсіздік тұсында кәпірлермен бітім жасасуға да болмайды ғой?! Ал егер біреу: «Бітім жасасуға болады, алайда мұсылмандарды кәпірлерге қайтып беру сияқты шарттарға келісуге болмайды», — десе, біз мұндай шек қоюларға дәлел сұраймыз! Егер біреу имам Ибн әл-‘Арабидің “Исламды қабылдағандарды кәпірлерге қайтып беру шартымен  жасалатын келісім-шартқа келер болсақ, бұл Пайғамбардан кейін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ешкімге рұқсат етілмеген!” деген сөздерін келтірсе,  Қз.: “Ахкамуль-Қуран” 4/187, оған жауап былай болмақ: «Бір немесе бірнеше имамдардың сөздері Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) іс-әрекетін нақтылау үшін дәлел бола алмайды. Мұндайды айту үшін ерекшелейтін дәлел немесе ижмаъ керек. Бірақ бұл мәселеде ғалымдардың пікірлері бөлінген. Сондықтан біз екі жақтың да дәлелдеріне қарауымыз керек.

Мысалы, ханбали мазхабының ең білгір имамдарының бірі — имам Ибн Қудама кәпірлермен бітім жасасу мәселелерін қарастырып және олардың түрлерін тізбектеп атап, былай деді: “Кәпірлермен оларға алым төлеу немесе оларға қажет болған кезде көмек көрсету шартымен немесе Исламды қабылдап келген ер адамдарды немесе келісім-шарт кепілдемесімен кіргендерді қайтару шартына келісумен бітім жасасуға рұқсат етілген. Бірақ шәфи’илер былай деп айтатын: «Мұсылманды қайтарып беру сияқты шартқа келісуге болмайды, тек оны қорғайтын отбасына берсе ғана (болады)». Алайда біз үшін дәлел – Худайбия бітімінде Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы шартты қабылдауы және осының негізінде Абу Жәндәл мен Абу Басырды қайтарып беруі. Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны тек отбасына қайтару деген шартты талқылаған жоқ. Өйткені егер Исламды қабылдаған адамның отбасы оны қинап, азаптаса, бұл оның отбасы болмағанымен бірдей. Алайда мұндай шарт рұқсат етілмеген, тек өте қатты қажеттілік және пайдасы басым болған кезден басқа!” Қз.: “әл-Муғни” 10/117.

Сондай-ақ шейх Ибн әл-Қайим де Худайбия бітімінен алынатын пайдаларды тізбектеп айтып, былай дейді: «Мүшриктермен мұсылмандарға қарсы кейбір ауыр шарттармен бітім жасасу, басым пайдаға қол жеткізу үшін және басым зиянды  қайтару үшін рұқсат етілген! Осыда екі жамандықтан кішісін таңдау қажеттілігіне нұсқау бар».  Қз.: “Задуль-мә’ад” 3/306.

Ал имам әс-Сан’ани Худайбия бітімі туралы хадиске келтірген түсіндірмесінде былай деген: «Бұл хадисте бізге дұшпандар жағынан келгендерді қайтарып беру шартымен бітім жасасуға рұқсат етілгеніне нұсқау бар!» Қз.: “Субулю-Ссаләм” 7/269.

Сөйтіп, «Мұндай шартқа келісу тек Пайғамбарға ғана (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) рұқсат етілген еді», — деп айтатындардың сөзінде дәлел жоқ және бұл мәселеде ижмаъ жоқ. Бірақ тіпті имамдардан біреу кәпірлермен бітім жасасудағы шарттың мұндай түрі рұқсат етілмеген деп айтқан болса да, мысалы, мұны Қады Абу Бакр ибн әл-‘Араби, сондай-ақ имам Ибн Хазм айтқандай, олар осыны істеген адам, Расулдың жұмысынан түсінілетіндей, мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек көрсеткендігі себебімен муртад болады деп айтпады ғой?!

Ал осындай жағдайда, мүмкін, біреу: «Исламды қабылдаған мұсылмандарды кәпірлерге қайтарып беру кәпірлерге көмектесу болып табылмайды», — деп айтар! Осындай ерсі мәлімдеме жасалған жағдайда, қандай да бір мұсылман әмірінің осындай іс-әрекеті мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмектесуге жатпайды деп түсіндірме беруі қажет, ал бұл да – ерсі нәрсе.

Айқындық үшін мысал келтіре кетейік: Пәлен мұсылман әмірі бір кәпір елімен бітім жасасты, өйткені олармен соғысу үшін әлсіз болды делік. Міне, мұсылмандардың бір тобы кәпірлердің түрмесінен осы әмірге қашып келеді, ал кәпірлер оларды қайтарып беруді талап етеді, керісінше болса, келісім-шартты бұзады да, мұсылмандарға соғыс ашады делік.

Бұл мұсылмандардың әмірі Худайбия бітімінің тарихын біліп және оған сүйеніп, әлгі мұсылмандарды кәпірлерге қайтарып берді деп есептейік.

Сұрақ: «Осы әрекет – мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмектесу ме?! Ал осындай адам осынысы үшін кәпір болады ма?!»

Мұны қалай деп атауды қалауларың білсін: иджтихад па, қателік пе, тағы да өзгеше ме, бірақ факт факт болып қала бермек, Ислам негіздерінен бір тамшы болса да білімі бар адамдардан ешкім: «Бұл әмір осы себепті кәпір болды», — деп айтпайды!  Ал егер атақты имамдар  Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) іс-әрекетіне сүйеніп, осыны тіпті рұқсат етілген деп есептеген болса, онда қалайша осы себепті мұсылман адам кәпір болады деп айтуға болмақ?!

Басқа сұрақ: «Егер мұсылман адам кәпірлерге қару-жарақ сатса және олар оны мұсылмандарға қарсы соғыста қолданатынын білсе, бұл іс-әрекет мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек беру болып табылмайды ма?! Әрине, солай болып табылады! Ал сондықтан автордың  «Біл, Аллаһ сені рахымына алғай, мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек беру Исламнан шығаратын екіжүзділік болып табылады және жүректегі дертке нұсқайды»; «Бұл шағын еңбекті мен бұрыс негізге құрылған бір ауытқуға, нақты айтқанда Исламға және мұсылмандарға қарсы күресуде кәпірлерге көмектесетін адам, егер осыны (яғни кәпірлерге көмектесуді) рұқсат етілген деп санамаса,  діннен шыққан (муртад) болмайды деген тұжырымға арнағым келеді…» деген сөздерінен  кәпірлер осы қару-жарақты мұсылмандарға қарсы күресте қолданатынын біле тұра, оларға қару-жарақ сатушы адамның өзі кәпір болады деген тұжырым келіп шығады, осылай ғой?!»

Барлық имамдар кәпірлер мұсылмандарға қарсы пайдаланатын нәрселерді оларға сатуға тыйым салынатындығын сауда туралы тарауларда мұқият қарастырып, оған бірауызды келіскен. Ал олар осы әрекет діннен шығаратын үлкен күпірлік болады деп тіпті тіл қатпаған!

 Хасан әл-Басри былай деп айтатын: “Мұсылман адамның дұшпандарға олар мұсылмандарға қарсы қолданатын қаруды беруіне рұқсат етілмейді!” Қз.: “әл-Мәусу’әтуль-фиқхия” 25/153.

Имам ән-Науауи былай деген: “Мұсылмандармен соғысатындарға қару-жарақ сатуға тыйым салынғандығына ғалымдар бірауызды (ижмаъ) болған”. Қз.: «әл-Мәжму’» 9/432.

Имам әс-Сан’ани былай деп айтатын: “Кәпірлерге және бүлікшілерге (көтерілісшілерге) олар мұсылмандарға қарсы соғыста пайдаланатын қару-жарақты сатуға рұқсат етілмейді!” Қз.: “Субулю-Ссаләм” 5/67.

Осындай іс-әрекет жасаушының күнәсының ауырлығында күмән жоқ, бірақ бұл тақырыпта сөз бұл жөнінде болып тұрған жоқ! Егер осы мақаланың авторы дұрыс айтып тұрған болса, онда кәпірлерге олар мұсылмандарға қарсы пайдаланатын қару-жарақты сатқан адам діннен шыққан (муртад) болады деген ертедегі бір  имамның болса да сөзін келтірсін! Немесе ол және оның мақаласын таратушылар бұл тармақты да «Мұсылмандарға қарсы  кәпірлерге көмек көрсету» деген тараудан шығарып тастауға мәжбүр болады.

Тағы сұрақ: «Ал егер мұсылмандардың әмірі өз әлсіздігінің себебінен оның елінде көтеріліс бастаған бүлікші (буғат) мұсылмандармен соғысу үшін өнымен келісім-шарты  бар кәпірлердің көмегіне жүгінген болса ше? Және әмір бүлікшілерге қарсы кәпірлерге бар көмегін көрсетсе, осы іс-әрекет мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмектесу болып табылады ма және осы нәрсе оны Исламнан шығарады ма?!»

Басқа сұрақ: «Сексенінші жылдарда Ауғанстанмен болған соғыста СССР-дің жағында шыққан мұсылмандарды біз кім деп есептеуіміз қажет?! Олардың сол іске итермелеген себептерін және сол кездегі СССР тарапынан мәжбүрленгенін ескермей, оларды кәпір деп есептеуіміз керек пе?! Кавказ республикаларынан, Татарстаннан, Қазақстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан әскерде қызмет еткендердің қаншасы 10 жыл ішінде сол соғыста болып қайтты?! Олардың барлығы, Расул Дагестанидің сөздеріне сәйкес, бірмағыналы түрде кәпір болып табылады ма?».

Бауырлар, мұқият оқыңыздар және соңынан маған мен айтпаған нәрселерді жапсырмаңыздар! Мен күнәның ауырлығы, одан қалса келтірілген мысалдардағы әрекеттердің рұқсат етілгендігі туралы айтып тұрған жоқпын, барлық мәселе КҮПІРЛІКТЕ! Яғни бұл бірмағыналы түрде діннен шығаратын күпірлік болып табылады ма, әлде жоқ па?

Осыған орай тағы да көптеген мысалдар келтіруге болар еді, бірақ аталғандардың өзі автордың осындай жалпылама мәлімдемелер жасауға асықпауына және болашақта мұсылмандарға қарсы кәпірлерге дәл қандай жағдайда және қалай көмектескен кезде мұсылман адам діннен шыққан (муртад) болатынын нақты шектеп көрсетуі қажет екендігін түсінуі үшін жетіп асады!

Автор Дагестани былай деп айтады:

«Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Мүміндер мүміндерден өзге кәпірлерді дос тұтпасын. Әлде кім осыны істесе, Аллаһқа еш қатысы жоқ. Бірақ олардан сақтану үшін болса басқа. Аллаһ сендерді Өзінен сақтандырады. Және барар орын Аллаһ жақ» (Құран, «Әли Имран» сүресі, 28-аят).

Бұл аятта ең жоғары сатысы кәпірлерге мұсылмандарға қарсы күресінде көмек көрсетуде көрінетін оларға қатысты жақтаушылық және жақындық жасауға Аллаһтан келген тыйым бар. Ал кім осыны істесе, діннен шыққан (муртад) болып табылады, өйткені Аллаһ одан күпірлігінің себебімен бас тартты. Қз.: Тафсир әт-Табари 3, 140»

Ал автордың имам әт-Табаридің тәпсіріне жасаған сілтемесіне келер болсақ, ол оқырманды осы тұжырым авторға емес, дәл әт-Табариге тиісті деген ойға бұрады. Ал шындығында муфәссир Ибн Джәрир әт-Табари бұл аятқа қатысты былай деп айтады: “Бұл аяттың мағынасы: «Әй, иман келтіргендер! Кәпірлерді сендер оларға дінінде көмектесетін және мұсылмандарға қарсы көмектесетін жақындарың және көмекшілерің етіп алмаңдар!»”. Кейін ол былай дейді: «Аллаһ мұндай адамға қатыссыз, өйткені ол діннен шықты және күпірлікке кірді!» Қз.: “Тафсир әт-Табари” 5/315.

Неліктен бауырымыз әт-Табаридің дәл өзінің кәпірлерге көмектесу және қамқоршылық жасау туралы айқын айтқан, олардың қатарына кәпірлерге дінінің себебімен көмектесуді жатқызған, ал бұл — осыны жасаушы адамның күмәнсіз және даусыз үлкен күпірлігіне нұсқайтынын көрсететін сөздерін келтірмеді екен?! Өйткені кәпірден өзге ешкім Исламнан басқа дінге разы болма алмайды ғой!

Сондай-ақ имам әт-Табаридің мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмектесудегі пікірін шейх Мухаммад Рашид Рида да өзінің тәпсірінде өте жақсы түсіндіріп, былай деді:   “Ибн Жәрир кәпірлерге қатысты қамқорлық пен көмектесуді дәл олардың дінімен байланыстырды!” Қз.: “Тафсир әл-Манар” 6/430.

Міне тағы да саләфтардың және басқа да имамдардың тура осы аят туралы айтқан сөздері:

Имам әс-Судди «жақындарың (аулия)» сөздері туралы былай деген: “Яғни кәпірлерге дінде қамқорлық көрсету және оларға мұсылмандарға қарсы көмектесу. Кім осыны істесе, сол мүшрик!” Қз.: “Тафсир әт-Табари” 5/318, “Тафсир Ибн Аби Хатим” 2/629.

Қатада осы аятқа қатысты былай деген: “Мүмін адамға кәпірді өзіне дінде уәли етіп алуына рұқсат етілмейді!” Қз.: “Тафсир әт-Табари” 3/227, “Тафсир әл-Жәссас” 2/290.

Алайда, егер адам өзінің жақын айналасына кәпірлерді олардың күпірлігі себебінен емес, дүние пайдасы т.с.с. себебімен дос ретінде алса, мұндай жағдайда ол Исламнан шықпайды және осы жағдайда бұл аятты:  «Аллаһқа шынайы қатысы жоқ», — деп түсіну қажет. Имам әл-Қуртуби былай деген: “Яғни Аллаһтың және Оның жақын (аулия) құлдарының партиясынан емес!” Қз.: “Тафсир әл-Қуртуби” 5/87.

Ал мұны бұдан да айқынырақ етіп имам Ибн ‘Атыйя түсіндіріп беріп, «Ал кім мұны істесе, Аллаһқа ешқандай қатысы жоқ» деген сөздер туралы былай деген: “Мұның мағынасы: осындай адам Аллаһқа деген толыққанды және дұрыс қатынасқа ие еместігінде. Бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына сөздеріндей: «Кім бізді алдаса – бізден емес!»” Қз.: “Тафсир әл-Мухаррар әл-уәджиз” 1/419.

Тура осыны имам әс-Са’аләби де өзінің тәпсірінде айтқан. Қз.: “әл-Жәуәхир әл-хисан” 2/29.

Шейх Жәмалюддин әл-Қасими бұл аяттың тәпсірінде былай деген: “Егер біреу: «Бірақ көптеген имамдар кәпір әйелдермен (Кітап иелеріне) некелесуге рұқсат еткен, ал осыда өзің үшін қауіпсіздік сезінбей, кәпірге сүйіспеншілік пен достық таныту бар ғой?!» — десе, бұған жауап былай болмақ: «Мууаләттың мәнінің мағынасы – бұл кәпірлерге олардың діндерінің мәселелерінде және оларды ұлықтайтын нәрселерде қолдау және көмек көрсету!» Қз.: “Тафсир Махасин әт-туиль” 4/824.

Имам Ибн ‘Адиль әл-Ханбали былай деген: “Мууаләтуль-куффар үш түрлі болады:

Біріншісі – олардың күпірлігіне разы болу, олар ақиқатта деп санау және осының себебімен оларға қолдау көрсету. Мұндай адам кәпір болып табылады, өйткені ол күпірлікке разы және мұны дұрыс деп есептейді!

Екіншісі – кәпірлермен болған сырттай (тұрмыстық) жақсы қарым-қатынас. Бұл харам болып табылмайды.

Үшіншісі – кәпірлерге не туысқандық байланыстардың себебімен, не оларға деген махаббаттың себебімен, бірақ олардың діні өтірік екендігіне деген кәміл сеніммен көмек көрсету. Бұл да тыйым салынған болып табылады, бірақ діннен шығармайды!” Қз.: “Тафсир әл-Любаб” 5/143.

Сөйтіп, кім кәпірлерге көмек көрсетсе және сонымен бірге олардың күпірлігін мақұлдаса, сол кәпір болып табылады!

Ал олардың күпірлігі мен адасушылығын мақұлдау себебімен емес осындай іс-әрекет жасаушыға келер болсақ, ол ұлы күнә жасайды, бірақ күпірлік емес!

Сондай-ақ автор былай деп айтады:

«Аллаһ Тағала, сондай-ақ былай деген: «Әй, мүміндер! Яһудилер мен христиандарды дос тұтпаңдар! Олар бір-бірінің достары. Сендерден кім оларды дос тұтса, сонда күдіксіз ол олардан. Расында, Аллаһ залым елді тура жолға салмайды» (Құран, әл-Мәидә сүресі, 51-аят).

Ибн Хазм, Аллаһ оны рахым етсін, бұл аяттың тәпсірінде былай дейді: «Кәпір және кәпірлердің бір бөлігі болып табылады деген тек сыртқы көріністің негізіндегі айқын шешім — бұл тіпті екі мұсылманның арасында келіспеушілігі жоқ ақиқат» (Мухаллә 13, 35).

Оның сөздерінде де бұл мәселедегі бірауызды пікірге (ижмаға) нұсқау  бар, бұл жөнінде шейх Абдуль-Азиз ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтқанындай:  «Ислам ғалымдары мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмектің кез келген түрімен көмектескен адам олар сияқты кәпір болады дегенге келіскен, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай: «Әй, мүміндер! Яһудилер мен христиандарды дос тұтпаңдар! Олар бір-бірінің достары. Сендерден кім оларды дос тұтса, сонда күдіксіз ол солардан. Расында, Аллаһ залым елді тура жолға салмайды» (Құран, «әл-Мәидә» сүресі, 51-аят)».  (Фатауа Ибн Баз 1, 274)».

Автордың бұл сөздеріне ерекше тоқталғым келіп тұр, өйткені автор дәл осыған сүйеніп, бұл мәселеде ижмаъ бар деп мәлімдеді!

Имам Ибн Хазмның бұл сөздеріне келер болсақ, бұл оның айтқан сөздерін бұрмалау болып табылады және бұл тадлис (шындықты бұрмалап көрсету) деп аталады. Ал шындығында ол бұл сөзінде кәпірлерге қосылып кеткен діннен шыққандар, яғни муртадтар туралы айтқан болатын. Осы сөздерді ол өзінің «әл-Мухаллә» кітабында, жазалар (худуд) туралы тарауда ескертіп айтқан. Ал мына төменде келтірілгендер – оның шындығында айтқан сөздері және осы сөздерді неге байланысты айтқаны:

 “Егер біреу мүшриктерге қосылып кетсе, оның мойнынан оларға қосылуынан бұрынғы (алуына тиісті болған) жазасы кейін де түспейді. Өйткені Аллаһ Тағала Құранда жазаны қолдануды Өзінің Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тілімен әмір етті және ол, егер оны қолдану мүмкіндігі болса, муртадтан да, соғысушыдан да, бүлікшіден де түспейді!”

Кейін ол былай дейді: “Біз Аллаһ Тағала жазаны мұшрикке немесе муртадқа айналған адамнан, егер ол жазаға осыған дейін  лайықты болған болса, түсірмегеніне Аллаһпен ант етеміз!»

Сосын ол: “Біреу: «Ал Аллаһ Тағала: «Күпірлікке түскендерге айт, егер олар тыйылса, оларға болған нәрселер кешіріледі!», — деп, және: «Сендерден кім оларға көмектессе, ол – солардан!» — деп те айтпады ма, ал бұл – муртад, күмәнсіз, кәпірлердің қатарынан екендігіне нұсқайды, ендеше ол олардың қатарынан болса, онда оған кәпірлерге жүретін үкімдер жүреді!», — деп айтуы мүмкін”, — деді. Кейін ол  Аллаһ Исламды қабылдаған адамның барлық күнәларын кешіреді дегенге тағы да дәлелдер келтірді де, былай деді: «Мұның барлығы – ақиқат, бірақ мұнда айтысушылар үшін дәлел жоқ! «Күпірлікке түскендерге айт, егер олар тыйылса, оларға болған нәрселер кешіріледі!» — деген аятқа келер болсақ, бұл – тура осылай және біз оларға осыда қайшы келмейміз, алайда біздің мәселе басқада: Біз оларға (олар қайтадан Исламды қабылдағаннан кейін) олардың мойнында болған жазаны қолданамыз ба, әлде жоқ па?! Адамның күнәлары кешірілетіндігі, одан жаза түседі дегенге нұсқамайды!”

Кейін ол былай деді: “Ал «Ал сендерден кім оларға көмектессе, ол солардан!» деген аятқа келер болсақ, онда да олар үшін дәлел жоқ, өйткені онда кәпірлерге қосылып кеткен немесе муртад болған адамнан жаза (хадд) түседі дегенге нұсқау жоқ. Бұл аят «муртад — тура сол сияқты кәпір» дегенге нұсқайды!”

Кейін муртад пен Кітап иелері арасындағы айырмашылықтарды ескертіп өтіп, Ибн Хазм былай деген: “Аллаһ Тағаланың «Ал сендерден кім оларға көмектессе, ол солардан!»  деген сөздеріндегі дұрысы – сырттай ол (яғни муртад) олардан, өйткені кәпірлердің қатарынан болып табылады, ал бұл – оған қатысты тіпті екі мұсылман келіспеушілікке түспейтін ақиқат! Ал, егер олар муртадтан жизья алынбайды және оның құрбаны желінбейді деп айтса және осығын ижмаъ келтірсе, онда бұл — осыны айтқанның надандығы мен өтірігіне нұсқайды. Өйткені кейбір саләфтардан олардың муртадтардан жизья алғандығы сахих түрде мәлім!”

Осылайша  Ибн Хазмның бұл сөздері діннен шыққан муртадтың үкімдеріне қатысты екендігі және «мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмектесу» мәселесіне еш қатыссыз екендігі, мұның үстіне, ойдан шығарылған ижмаға нұсқамайтыны айқын болды!

Шейх Ибн Баздың келтірілген сөздеріне қатысты да тура осындай жағдай. Ибн Баздың бұл сөздері де олардың шынайы мағынасын және олар кімге арналғандығын түсіндіретін сөздердің ішінен кесіп алынған, мүмкін, осы себепті де олар толығымен келтірілмеген. Ибн Баздың айтқан сөздері мынау:  “Ақиқатында, коммунизм мен социализмге және сол сияқты Исламды бұзатын идеяларға шақырушылар яхудилер мен христиандардан да жаман адасқан кәпірлер болып табылады! Өйткені олар – Аллаһқа да, Ақыретке де сенбейтін атеистер. Оларды мұсылмандардың мешіттерінде құтпа оқитындар және имамдар етуге болмайды және олардың артында оқылған намаз жарамсыз болып табылады! Оларға адасушылықтарында көмектесетін, олар шақырып жатқан  нәрселерді игі деп санайтын, Исламға шақырушыларды сөгетіннің әрбірі – адасқан кәпір! Және оның жағдайы оларға ұмтылыстарында көмекші болған құдайсыздардың жағдайы сияқты. Ислам ғалымдары мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмектің кез келген түрімен көмектескен адам олар сияқты кәпір болады дегенге келіскен, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай: «Әй, мүміндер! Яһудилер мен христиандарды дос тұтпаңдар! Олар бір-бірінің достары. Сендерден кім оларды дос тұтса, сонда күдіксіз ол олардан. Расында, Аллаһ залым елді тура жолға салмайды»”. Қз.: “Мажму’уль-фатауа уәл-мәқаләт” 1/274.

Ибн Баздың толық сөздерінен ол кім туралы және қандай көмектесу туралы айтып тұрғаны айқын емес пе?!

 Осы жерде ешкімге социализм мен коммунизмнің құдайсыз идеяларын түсіндірудің, сондай-ақ осы қозғалыстарға мұны жақсы деп көмектесетіндердің және соған қоса Исламды уағыздаушыларды сөгетіндердің үкіміне қатысты ерекше назар қоюдың  қажеті жоқ шығар! Екі мұсылман осындай адамның күпірлігі туралы қалайша келіспеушілікке түсуі мүмкін?!

Мен осы жолдауды құрастырған бауырымыз Расулға тек оның барлық нәрсені біреудің дайын мақаласынан, қалай жазылған болса тура солай етіп, аудара салғанымен және сол себепті ғалымдардың сөздерінің осылайша бұрмаланғандығы туралы білмегенімен ақтау таба аламын.  Мен мұны осы бауырымыз құрастырған үлгіде араб тілінде жазылған көптеген мақалалар бар болғандықтан айтып тұрмын,  ал ең таң қаларлығы — олардың ішінде өз еңбектерінде шейх Ибн Базды тура сол тағуттарды қорғауда және сол сияқты нәрселерде айыптай тұра, жоқ иджманы бекіту үшін оның сөздерінің осы үзіндісін келтіретіндер де бар!

Бұл – осы мәселедегі ижмаға қатысты, оны қарастыруға кірісуден бұрын назар бұрғымыз келген нәрселер.

Осы жолдауды құрастырған бауырымызға, сондай-ақ бәрімізге де белгілі бір мәселеде ижмаъ бар деп мәлімдеуге асықпау қажеттілігі туралы насихат бергіміз келеді, ал бұл фиқх мәселелеріне де, күпірлік пен иман мәселелеріне де қатысты!

Тіпті егер Ибн Хазм мен Ибн Баздың жоғарыда келтірілген сөздері өздерінің құрамында шындығында да осы мәселеде ижмаъ бар дегенге нұсқайтын болғанда да, бұл да осылай деп мәлімдеу үшін жеткіліксіз болар еді! Өйткені өте жиі жағдайларда көптеген имамдар тікелей және бірмағыналы түрде бір мәселеде ижмаъ бар екендігі туралы жариялағанда, сол мәселеде үлкен келіспеушіліктер бар болып шығатын еді ғой! Мысалы, Ибн ‘Абдуль-Барр, Ибн әл-‘Араби, Ибн Хазм, ән-Науауи, Ибн әл-Қайим, Ибн Хажар және басқа да осы сынды имамдар: «Қан нәжіс (лас) болып табылатындығы туралы ғалымдар бірауызды келісімде», — деп айтқан. Қз.: “әт-Тамхид” 22/230, “Ахкамуль-Қуран” 1/79, “Иғасату-лләхфән” 1/240, “Фатхуль-Бари” 1/420.

Бірақ, осыған қарамастан, бұл мәселеде келіспеушілік бар екендігі туралы жақсы белгілі, мысалы Хасан әл-Басридің  мына бір ғана  хабарын алайық: «Мұсылмандар жарақаттарынан  қансырап тұрса да намаздарын орындауды тоқтатпаған!»  әл-Бухари 1/116.

 Мұның үстіне Ибн ‘Умар, Абу Хурайра және ‘Абдуллаһ ибн Аби Ауф секілді сахабалардан олар қанды нәжіс және дәретті бұзатын себеп деп санамағандығы сенімді (сахих) түрде жеткен. ‘Абдур-Раззақ 1/148, Ибн әл-Мунзир 1/182, әл-Байхақи 1/141.

Ал ижмаға тіпті ым  жасалмаған мәселе туралы не айтуға болады?! Имам әш-Шафи’и: “Келіспеушілігі жоқ мәселеге қатысты ол мәселеге ижма бар деп айтуға болмайды!», — деп ақиқатты айтқан. Қз.: “әс-Сауә’иқ әл-мурсалә” 581.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймияның шәкірті Хафиз Ибн ‘Абдуль-Хади шейхуль-Исламның мынандай дана сөздері мен насихаттарын жеткізген: ”Ал: «Пәленнің мазхабы пәлендей…», «Әһлю-Сунна мазхабы пәлендей» , — деп айтатын адамның сөздеріне келер болсақ, ол оларға өзінің сенімдерін әшейін жапсырып жатқан болуы да мүмкін!” Қз.: «‘Уқуд әд-дария» 95.

Сондай-ақ осында кәпірлерге дүние пайдасы үшін көмектесу үлкен күпірлік болып табылады дегенге дәлел ретінде сүйенетін және олар да бұрмалануға түскен имам Ибн Хазмның басқа да сөздерін келтіргім келеді. Алайда автор оларды келтірмеді, бірақ мен оларды, сіздер оларды да білулеріңіз үшін келтіргім келеді.

Сөйтіп Ибн Хазмға мына сөздер телінеді: «Егер мұсылмандарға қарсы соғысушылар болса, ал оларға біреу қызметпен немесе жазбаша көмек көрсетсе, ол — кәпір, тіпті ол ол жерде дүние игіліктері үшін жүрген болса да!»

Ал мынау — бұл сөздердің толығымен келтірілген мәтіні: «Егер мұсылмандарға қарсы соғысушылар болса, ал оларға біреу қызметпен немесе жазбаша көмек көрсетсе, ол — кәпір. Ал егер ол дүние пайдасы үшін сол жақта жүрсе, ол кәпірлер үшін зиммий сияқты, ал егер оның мұсылмандарға қосылуға және олардың жеріне көшуге мүмкіндігі болса, ол күпірліктен алыс болмағаны және біз оған ақтау таба алмаймыз!» Қз.: “әл-Мухаллә” 11/200.

Сөйтіп, имам Ибн Хазм екі жағдайдың арасында айырмашылық жасап, оларды ажыратып бөлді, өйткені екінші жағдайда ол кәпірлерге дүние пайдасы үшін көмектескеннің күпірлігі туралы бірмағыналы түрде бекітіп айтпады. Бірақ тіпті біреу бұл сөздерде Ибн Хазм мұндай адамды кәпір деп санайтынына нұсқау бар деп табанды түрде  айтса да, бұл осы мәселеде ижмаъ бар дегенге нұсқау болмайды және ең көбі оның жеке пікіріне ғана нұсқайды. Алайда мұнымен келісу қиын, өйткені оның мынандай деп айтқан сөздері бар: «Егер шекаралас аудандарға жақын болған мұсылмандардан біреуді ашу-ызасы соғысушы мүшриктердің көмегін олар оған қайшы келген мұсылмандарды өлтіру немесе олардың мал-мүліктерін тартып алу үшін пайдалануға итермелеген болса және ол олардың арасында басшы болып, ал кәпірлер оған ілесушілер сияқты болса да, ол бұзақылықтың шыңында болады, алайда осы себепті кәпір болмайды! Өйткені ол Құран мен ижмаъ нұсқаған күпірлікке соқтыратын нәрсе істемеді!» Қз.: “әл-Мухаллә” 11/201.

Енді «Әй, мүміндер! Яһудилер мен христиандарды дос тұтпаңдар! Олар — бір-бірінің достары. Сендерден кім оларды дос тұтса, сонда күдіксіз ол солардан. Расында, Аллаһ залым елді тура жолға салмайды!» (әл-Маида 5: 51) деген аятқа келейік.

Имамдар оның тәпсірінде былай деп айтқан:

‘Али ибн Аби Тәлха бұл аятқа қатысты: “Кім қандай да бір халықтың дініне кірсе, ол – солардан!” – деген. Қз.: “Тафсир Ибн Аби Хатим” № 6508.

Имам Ибн Аби Заманин Аллаһтың «Яһудилер мен христиандарды дос тұтпаңдар!» деген сөздеріне қатысты: “Дінде!” – деген. Қз.: “Тафсируль-Қуръаниль-‘Азиз” 2/32.

Әз-Зужәж аяттың мағынасы: “Оларға дінде қамқорлық жасамаңдар!” – деген. Қз.: “Задуль-мәсир” 2/378.

Имам Ибн Манзур бұл аятқа қатысты былай деген: “Яғни кім оларға ілессе және оларға көмектессе”, — деген. Қз.: “Лисануль-‘араб” 15/415.

Имам Ибн әл-Жәузи «ол солардан» деген сөздерге қатысты былай деген: “Бұған қатысты екі пікір бар: Біріншісі – кім оларға дінде қамқорлықлық етсе, ол күпірлікте солардан! Екіншісі – кім оларды өзіне қандай да бір келісім-шартта  дос және жақтас етсе, ол мойынсұнбауда солардан! ” Қз.: “Тафсир Задуль-мәсир” 2/223.

Имам Абу Хайян әл-Андалуси бұл аяттың тәпсірінде былай деп жазған: “Кім яхудилер мен христиандарға өзінің істерімен, сенімсіз және иманнан бас тартусыз көмектессе, ол жек көрушілік пен сөгіс білдіруде солардың қатарынан! Ал кім оларға сенімдерінде көмектессе, ол күпірлігімен солардан!” Қз.: “Тафсир әл-Бахр әл-мухит” 3/519.

Сөйтіп, егер осы үмметтің имамдарының тәпсірлеулеріне сүйенсек, бұл аяттың мағынасы өте айқын болады. Бұл аяттың мағынасы мына хадис сияқты: «Кім қандай да бір халыққа ұқсап-еліктесе, ол солардан!»

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия «Кім қандай да бір халыққа ұқсап-еліктесе, ол солардан!» деген хадиске қатысты былай деген: «Бұл хадис ең азы кәпірлерге ұқсап-еліктеуге тыйым салынғандығына нұсқайды, тіпті егер сырттай ол оларға ұқсап-еліктеушінің күпірлігіне нұсқаса да! Бұл Аллаһ Тағаланың мына сөздеріндей: «Ал сендерден кім оларға көмектессе, ол солардан». Және Ибн Умардың мына сөздері осы туралы: «Кім көпқұдайшылдардың жерінде өмір сүріп, олардың Наурыз мерекесін атап, өлгеніне дейін оларға ұқсап-еліктеген болса, сол Ақыретте солардың арасында қайта тіріледі!» Мұның мағынасы толық ұқсап-еліктеу туралы, өйткені тек сол ғана күпірлікке соқтырады! Және адам кәпірлерге қаншалықты ұқсап-еліктеуіне байланысты олардан болады, ал бұл  күпірлік те, күнә да болуы мүмкін!» Қз.: “Иқтида әс-сырат әл-мустақим” 1/271.

Әрі қарай автор былай дейді:

«Аллаһ Тағала бұл аяттың соңында былай деген: «Расында, Аллаһ залым елді тура жолға салмайды!», — ал басқа бір аятта Ол былай деп айтқан: «Ал сендерден кім оларды өздеріне қамқоршы және дос ретінде алса, залымдар болып табылады» (Құран, «Тәуба» сүресі, 23-аят).

Зұлымдық, егер ол өздігінше сөзбе-сөз мағынасына нұсқайтын жанама дәлелдерсіз аталып өтсе, өзімен үлкен ширкті меңзейді, бұл жөнінде Ірі ғалымдардың Тұрақты Комиссиясының пәтуасында айтылғанындай  (Қз.: Фатауа ләджнә әд-даимә 2, 78)».

Бұл тақырып бойынша екі сұрақ бар:

1. Егер маууәләтуль-куффар туралы осы аяттар, бұл жөнінде автор өз мақаласының басында айтқанындай, мухкам болса, онда не үшін ол осы аяттардың тәпсірлеріне жүгінеді?! «Мухкам» түсінігінің бір анықтамасы – бұл өздігінше түсінікті және тәпсірлеуге және түсіндіруге мұқтаж емес нәрсе ғой?!

2. Білгіміз келгені, автор сілтеме жасаған Тұрақты Комитеттің (әл-Ләжнату-д-Даима) ғалымдары ол үшін тағуттың жақтаушылары болып табылмайды ма?! Егер жоқ болса, онда олардың біреуі болса да ол мәлімдеген нәрселерді айтады ма?!

 Ал енді автор келтірген: «Әй, иман келтіргендер! Егер әкелерің мен бауырларың иманнан күпірлікті абзал көрген болса, оларды өздеріңе жақындарың етіп алмаңдар. Ал сендерден кім оларды өзіне дос етіп алса, залымдар болып табылады!» (әт-Тәуба 9: 23), — деген аятқа тоқталып өтейік.

Имам әл-Қуртуби Ибн ‘Аббастың бұл аятқа қатысты айтқан мынандай сөздерін келтіреді: «Мұндай адам – солар сияқты мүшрик, өйткені кім көпқұдайшылыққа разы болса, көпқұдайшыл болып табылады!» Қз.: “Тафсир әл-Қуртуби” 10/140.

Бауырлар, Ибн ‘Аббастың тәпсіріне назар ауарыңыздар!

Әрі қарай Расул Дагестани былай деп келтіреді:

«Мухаммад ибн Абдуль-Уаһһаб, Аллаһ оны рахым етсін. Ол тек қана мұсылмандардың бірауызды келісімі бойынша адамды Исламнан шығаратын он тармақты жинақтады, өйткені Исламды бұзатын басқа да іс-әрекет бар, бірақ оларда ғалымдар өз пікірлерінде өзара келіспеді. Сегізінші тармақ ретінде ол: «Мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек және қолдау көрсету, бұған Аллаһ Тағаланың: «Ал егер сендерден кім оларды өздеріне көмекші және жақтас етіп алса, ол солардан…» — деген сөздері нұсқайды. (Құран, «Тәуба» сүресі, 51-аят)», — деп келтіреді».

Біріншіден, шейх Мухаммад ибн ‘Абдуль-Уаһһаб дәлел ретінде «Ал егер сендерден кім оларды өздеріне көмекші және жақтас етіп алса, ол солардан…»  деген аятты келтіретінінен бастайық, ал біз бұл аяттың мағынасын қарап шығып, кәпірлерге дәл қандай көмектесуден кейін адам солардан болатындығын түсіндірген муфәссирлердің сөздерін келтірген едік!

Екіншіден, кейбір ғалымдар осы аятта айтылып кететін «тауәлли» термині мен «мууәла» терминінің арасында айырмашылық жасайтын, сондай-ақ тауәлли — бұл мууаләт дегендер де бар. Ал кейбір ғалымдар тіпті бұл терминдердің арасын ажыратпаған.

Ал Нәдж шейхтарының мектебіне,  шейх Мухаммад ибн ‘Абдуль-Уаһһабтың шәкірттері мен немерелеріне келер болсақ, олар бұл терминдердің арасын ажыратып бөлетін және осы аятта аталып кететін «әт-таууәли» термині кәпірлерге олардың діні себепті сүйіспеншілік таныту, осы үшін оларға көмектесу және осыған разы болу дегенді білдіреді, ал бұл, күмәнсіз, үлкен күпірлік болып табылады  деп айтатын. Ал «мууәлә» терминін олар күнәға жатқызатын, бірақ күпірлікке емес. Мысалы, шейх ‘Абдул-Латыф Әли Шейх былай деп айтатын: “«әл-Мууаләт» деп аталатын нәрсенің адамды  Исламнан шығаратыны да, сондай-ақ бұдан аз болған, үлкен күнәлардан және харам етілген іс-әрекеттерден болған бірнеше түрлері бар екендігі сендерге мәлім болды!” Қз.: “әд-Дурару-ссания” 8/342.

Ол, сондай-ақ былай деп айтатын: «Ақиқатында, мууәләның екі түрі болады! Біріншісі – анық күпірлік болып табылатын толық мууәлә, ал мууәләның бұл түрі таууәллидті білдіреді және оның дәл осы түріне  осыған тыйым салатын қорқытушы дәлелдер нұсқайды! Екіншісі – бұл нақты белгілі бір мууәлә, мысалы, дұрыс сенімнің сақталғандығымен және күпірлік пен діннен шығуды қаламағандығымен дүние пайдасы себепті жасалған мууәллә. Ал дәл осы Елшінің Меккеге жасайтын жорығына қатысты құпиясын мүшриктерге ашып берген және оған қатысты әл-Мумтахана аятының сүрелері түсірілген Хатыб ибн Аби Бәлта’амен орын алды”. Қз.: “әд-Дурару-ссания” 1/235.

Мынаны білгіміз келеді: автор осы шейхты тура солайша оп-оңай түрде күмәнді дәйектерге сүйенетін және данқты сахабаға өтірік жапсыратын тағуттардың  жақтаушысы деп атайды ма екен?!

Әрі қарай бауырымыз былай деп жазады:

”Шейх уль-Ислам ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, бұл аят туралы былай дейді: «Егер олар Аллаһқа, Пайғамбарға және оған түсірілген нәрсеге сенсе, оларға көмектеспес еді және олардың жақтаушылары болмас еді. Бұл аталған иман оларға жақтаушы болуға жол бермес еді және осыған қайшы болар еді дегенге нұсқайды. Бір жүректе иман мен оларды жақтаушылық қосылмайды. Демек, бұл сондай-ақ «кім олардың жақтаушысына айналса және олардың жақын досы болса, ол Аллаһқа, Пайғамбарға және оған жіберілген нәрсенің міндетті болған бөлігін орындамады» дегенге де нұсқайды. Бұған Аллаһтың мына сөздері ұқсас: «Яһудилер мен христиандарды дос тұтпаңдар! Олар — бір-бірінің достары. Сендерден кім оларды дос тұтса, сонда күдіксіз ол солардан. Расында, Аллаһ залым елді тура жолға салмайды» (Құран, «әл-Мәидә» сүресі, 51-аят)

Ақиқатында, Ол сол аяттарда соларға жақтаушылық танытқанның  мүмін болып табылмайтынын, ал бұл аятта ол – солардың (кәпірлердің) біреуі екендігін хабарлады. Құранның бір бөлігі оның басқа бір бөлігін растайды» (Әл-Иман 13-14, Маәжму фатауа 7, 17 және 542-бет)”

 Шейхуль-Исламның бұл сөздері жалпылама болып табылады. Және ол осы аталған жағдайда толыққанды иманды меңзеп тұр, өйткені оның бұл тақырыпқа байланысты екі мағыналы емес сөздері оның нені меңзейтінін айқын түсіндіреді. «Жалпылама және нақтылайтын сөздер» деген ұғымдар және жалпылама сөздерді нақтылайтын сөздерге қайтару қажеттілігі Құран мен Сүннетте де, ғалымдардың өздерінің сөздерінде де жиі кездеседі. Және бұл туралы шейхуль-Исламның өзі былай деп айтқан: «Фақихтардың мазхабын олардың негіздерін түсіндіретін нақтылаушы сөздеріне жүгінбей алу жаман мазхабтың туындауына әкеп соқтырады!» Қз.: “әс-Саримуль-маслюль” 2/512.

Ал, ендеше, шейхуль-Исламның бұл мәселедегі пікірін түсіну үшін оның нақтылаушы сөздеріне жүгінейік. Мысалы, шейхуль-Ислам оның кезінде мұсылмандармен соғысқан моңғол-татарлардың үкімін түсіндіріп, былай деген:  “Исламды ұстанбайтын екіжүздіден немесе рафидилер, жәхмилер және солар сияқты бидғаттардың ең жаман жақтаушыларынан өзге ешкім моңғол-татарлармен солардың елінде бірге болмайды. Немесе сол жерде болып қажылық жасауға мүмкіндігі болып оны жасамайтын ең бұзақы және күнәһар адамдар. Ал тіпті олардың ішінде намазды орындайтындары болса да, олардың көбі намазды орындамайды және зекет төлемейді!» Қз: “Мәжму’уль-фатауа” 28/520.

Сондай-ақ шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деген: “Екіжүздіден немесе бұзақыдан өзге ешкім моңғол-татарларға ерікті түрде қосылмайды! Ал егер олар өздерінің қатарында соғысуға біреулерді мәжбүрлеп шығарған болса, ол өзінің ниетіне сәйкес тіріледі, ал біз олардың барлық әскерімен соғысуымыз қажет, олардың араларында мәжбүрленгендердің бар-жоқтығына қарамастан!” Қз.: “Мажму’уль-фатауа” 28/535.

Сондай-ақ ол былай деп айтатын: “Мәжбүрленгенді санамағанда, бұзақыдан (фасиқ), бидғаттың жақтаушысынан (мубтади’) немесе екіжүздіден (зиндиқ) басқа ешкім моңғол-татарлар үшін соғыспайды!” Қз.: “Маджму’уль-фатауа” 28/552.

Егер біреу шейхуль-Ислам бұл үш: «бұзақы», «бидғатшы», «екіжүзді» деген терминдермен тек кәпірлерді меңзеп тұр деп айтса, ол өзін-өзі алдайды және өзгелерді алдағысы келеді! Егер ол мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек көрсету өздігінше ешбір шарттарсыз үлкен күпірлік болып табылады деп санағанда, кәпірлермен бір қатарда мұсылмандарға қарсы соғысатындарды бұзақылар және бидғатшылар деп атамас еді!

Сондай-ақ шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтатын: “Егер жүректе нық сенім, таным, Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) деген махаббат күшейсе, Аллаһтың дұшпандарына деген дұшпандық парызға айналады, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай: «Аллаһқа, Ақырет Күніне иман келтірген адамдардың арасында Аллаһқа, Елшісіне қарсы келгендерді сүйетіндерді көрмейсің, тіпті олар аталары, не балалары, яки ағайын-туыстары болса да!» (әл-Муджәдалә 58: 22). Алайда адамнан оларға (Аллаһтың дұшпандарына) қатысты туысқандық байланыстың немесе мұқтаждықтың себебімен көмек, қолдау көрініс табуы мүмкін, ал бұл – иманды әлсірететін, бірақ оны кәпірге айналдырмайтын күнә болады! Осындай нәрсе Хатыб ибн Аби Бәлта’амен ол мүшриктерге Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейбір жоспарлары туралы жазып жібергенде орын алды. Содан кейін Аллаһ ол туралы «Әй, мүміндер! Менің дүшпандарымды да, өз дүшпандарыңды да қамқоршы және көмекші етіп алмаңдар. Олар сендерге келген шындыққа қарсы келсе де, оларға сүйіспеншілікпен ашыласыңдар» (әл-Мумтахана 60: 1) деген аятты түсірді. Тура сол сияқты нәрсе Са’д ибн ‘Убадамен, ол Ибн Убайға (екіжүзділердің басшысы) араша түскен кезде орын алды, бұл жөнінде Айшаға жабылған жала туралы деректе келтірілетіндей. Сол кезде ол Са’д ибн Му’азға: «Аллаһпен ант етемін, сен өтірік айттың! Сен оны өлтірмейсің және мұны істей де алмайсың!», — деді. Ал Айша былай деген: «Ол бұған дейін салиқалы адам болатын, алайда оны (тайпасы үшін) ашу-ыза билеп алды». Және осындай көмескіліктің себебімен ‘Умар да: «Рұқсат ет, мен бұл екіжүздінің басын шауып тастайын!», — деп Хатыбты екіжүзді деп атады. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ол – Бадр шайқасының қатысушысы», — деді. Ал ‘Умар Хатыбты істегені себепті екіжүзді деп атағанда тауиль жасаған еді. Сондай-ақ Усайд ибн Худайрдың  Са’д ибн ‘Убадаға: «Сен өтірік айттың, біз оны (Ибн Убайды) өлтіреміз, ал сен – екіжүзділерді қорғайтын екіжүздісің!», — деген сөзі де. Бұл да сөз болып жатқан нәрсеге қатысты. Сондай-ақ бұған  Мәлик ибн Духшумды екіжүзділерге жақсы қарым-қатынас және достық көрсеткені үшін оны екіжүзді деп атаған сахабаның сөзі де жатады”. Қз.: “Маджму’уль-фатауа” 7/522.

Шейхуль-Исламның бұл сөздеріне, нақты айтқанда: “Алайда адамнан оларға (Аллаһтың дұшпандарына) қатысты туысқандық байланыстың немесе мұқтаждықтың себебімен көмек, қолдау көрініс табуы мүмкін, ал бұл иманды әлсірететін, бірақ оны кәпірге айналдырмайтын күнә болады!”, – дегендеріне назар аударыңыздар!

 Шейхуль-Исламның бұл сөздерінде оның бұл мәселедегі шынайы пікірі түсіндірілгені аз болса, оларда, сондай-ақ осы тақырыпты түсінгісі келгеннің әрбіріне едәуір ғибратты насихат бар!

‘Абдуль-Мәджид ибн Салим әл-Мәш’әби құрастырған «Такфир мәселелеріндегі Ибн Таймияның манһажы» деген өте пайдалы еңбек бар! Осы кітапты мәдиналық шейх Салих әс-Сухайми асыра ұсынған. Міне сол кітаптың бірінші томында, 150-бетте шейхуль-Исламның ол үлкен күпірлік деп өзінің құрамына олардың күпірлігі себепті көмекті қамтыған кәпірлерге деген тек толық қамқорлық пен көмектесуді санаған пікірін де келтірген.

Сондай-ақ бауырымыз Дагестани мыналарды да келтірген:

«Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген: «Шынында, өздеріне туралық айқындалғаннан кейін арттарына қайтқандардікін шайтан жақсы көрсетіп, оларға үміт берді. Өйткені олар Аллаһтың түсіргенін жек көргендерге: «Сендерге кейбір істе бағынамыз», — деді. Аллаһ олардың сырларын біледі» (Құран, «Мухаммад» сүресі, 25-26 аяттар).

Ибн Хазм былай дейді: «Ол оларды олар ақиқатты білген соң және оларға тура жол айқын болған соң кәпірлерге айтқан сөздері үшін, тек олардың сөздері себепті діннен шыққан кәпір етті және Аллаһ бізге олардың не жасырғанын білетінін айтты». (Әл-Фасль 3, 263)»

Іс жүзінде бұл адамдар: «Сендерге тек кейбір істе бағынамыз», —  деп айтудан бұрын-ақ кәпірлерге айналған болатын, бұл жөнінде Аллаһ осыдан алдыңғы аятта: «Шынында, өздеріне туралық айқындалғаннан кейін арттарына қайтқандардікін», — деп айтатындай.

Ибн ‘Аббас, әд-Даххақ және әс-Судди осы аяттың тәпсірінде былай деген: «Сөз екіжүзділер туралы болуда!» Қз.: “Тафсир әт-Табари” 21/218, “Тафсир әл-Қуртуби” 16/249.

Қатада және Ибн Журайдж осы аяттың тәпсірінде былай деген: “Сөз Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сипаттамасын біліп, ол туралы Таурат пен Інжілде оқыған Кітап иелерінен (яхудилер мен христиандардан) болған Аллаһтың дұшпандары туралы болуда!” ‘Абдур-Раззақ 10212, әт-Табари 21/217, “Тафсир әд-Дурруль-мансур” 13/449.

 Ал имам әт-Табари аятта сөз өздеріне тура жол айқын болғаннан кейін Аллаһтың әмірлеріне қасарысу танытып, Аллаһқа қатысты кәпір болғандар туралы болуда деп айтады! Қз.: “Тафсир әт-Табари” 21/217.

Имам әл-Бағауи «арқасына қайтқандар» сөзіне қатысты былай деген: “Кәпір болғандар!” Қз.: “Тафсир әл-Бағауи” 7/288.

Хафиз Ибн Касир: «арқасына қайтқандар» деген сөздеріне қатысты: «Иманды қалдырып, кәпірге айналды»,  — деген.  Қз.: “Тафсир Ибн Касир” 5/172.

Осы аяттардың мағынасын, яғни оларда о бастан сөз екіжүзділерден және муртадтардан болған кәпірлер туралы болып тұрғанын түсіну үшін Құранның осы тәпсіршілерінің сөздері жетіп асатын шығар.

Ал Расул Дагестани дәйек ретінде пайдаланған имам Ибн Хазмның сөзіне келер болсақ, оған ерекше тоқталу қажет. Ибн Хазм бұл сөздерді Ахталдың: «Барлық сөздер жүректегіге нұсқайды», — деген сөзін дәйек еткен муржилермен айтысуы кезінде айтқаны белгілі.

Осындай негіз қалыптастырушы мәселелерде ғалымдардың сөздерінің тіпті басқа тақырыптарға қатысты үзінділеріне сүйену не үшін қажет екендігі түсініксіз?! Біз пәлен имамның немесе шейхтың біреулердің қателерін түсіндіру ретінде айтып жатқан сөздері мен дұрыс ақиданы түсіндіру сөздерінен ажыратып қарауымыз қажет емес пе?!

Мысал келтірейік:

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия «Минхаж әс-Сунна» кітабында: «Пәлен мәселеде әһлю-Суннаның кейінгі өкілдері былай деп санайды», — деп жиі айтады да, кейінгі деген сөздерде аш`арилерді меңзейді, ал ол бұл кітапта аш`арилерді әһлю-Суннаға телігенінің себебі – шиғаларға қарсы пікір жазғандығы. Бірақ осы сөздерге сүйеніп: «Әһлю-Сунна аш`арилердің сенімдеріндей сенімдерге ие», — деп айту дұрыс болмайды ғой! Өйткені Ибн Таймияның ашәрилердің қателіктеріне қатысты шынайы пікірін оның тікелей осы тақырыпты талқылайтын еңбектерінен алу қажет!

Сондай-ақ Аллаһ Тағаланың Кітабындағы тағы бір аят туралы ескерткіміз келеді, ал ол мына танымал аят: «Аллаһқа, Ақырет Күніне иман келтірген адамдардың арасында Аллаһқа, Елшісіне қарсы келгендерді сүйетіндерді көрмейсің, тіпті олар аталары, не балалары яки ағайын-туыстары болса да!» (әл-Муджәдалә 58: 22)

Бұл аятқа қатысты екі түрлі тәпсірлеу бар.

Егер сөз кәпірлерді олардың күпірлігі себепті емес сүйетіндер туралы болып жатқан болса, онда «иман келтірген адамдардың» деген сөздерінде жалпы иманды жоққа шығару туралы емес, толыққанды иманды жоққа шығару туралы айтылып тұр.  Имам әл-Алюси былай деген: “Бұл аяттың мағынасына қатысты былай деп айтылған: «Сен осындай (істеген) жағдайда иманы толыққанды болатын мүмінді таппайсың» ”. Қз.: “Тафсир Рух әл-мә’ани” 28/35.

Екінші пікір: бұл аятта сөз дәл кәпірлерді күпірлігі үшін сүйетіндер туралы болып тұр, мұны шейх Жамалюддин әл-Қасими өзінің тәпсірінде нақтылағанындай. Қз.: “Махасин әт-тауиль” 16/5732.

Ал егер сөз кәпірлерді олардың күпірлігі себепті сүйетіндер туралы болып тұрған болса, онда бұл осындай адамда толыққанды емес және әлсіз иманның болуына емес, мүлде иманның жоқтығына нұсқайды.

Ал кәпірлерге деген табиғи сүйіспеншілікке келер болсақ, мысалы, кәпір ата-аналарға немесе балаларға, онда бұл тыйым салынбаған және күпірлік түгілі,  күнә да болып табылмайды.  Кәпірлерден болған туысқандарға қатысты тума сүйіспеншілік харам болып табылмайтынына нұсқау – Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің кәпір болған көкесі Абу Талибті жақсы көргені, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп хабарлағанындай: «Жақсы көретіндеріңді тура жолмен сен жүргізбейсін» (әл-Қасас 28: 56).

Имам әз-Зужжәж былай деген: “Құранның барлық тәпсіршілері бұл аят Абу Талибке қатысты түсірілді дегенге бірауызды келіскен”. Қз.: “Задуль-масир” 6/231.

Бұл аятқа қатысты екі түрлі тәпсірлеу бар:

Біріншісі: «Олар үшін сен тура жолды қош көрген адамдарыңды тура жолмен сен жүргізбейсің».

Екіншісі: «Туысқандық байланыс себепті сүйетін адамдарыңды тура жолмен сен жүргізбейсің».

 Бұл екі тәпсір де дұрыс болып табылады. Қз.: “Тафсир әт-Табари” 18/282, “Тафсир Ибн әл-Джаузи” 6/232.

Ал егер біреу тек бірінші тәпсірлеу ғана дұрыс болып табылады деп мәлімдесе, мұны дәлелдеу қажет, мұның үстіне аяттың сыртқы мағынасы да екінші тәпсірлеуді растайды! Және егер қандай да бір аяттың бір-біріне қайшы келмейтін бірнеше тәпсірлеулері болса, онда барлық пікірлер дұрыс деп саналады.

Мууаләттың әрбірі Исламнан шығара бермейтініне дәлелдер

‘Итбан ибн Малик Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде: «Мәлик ибн Духшум қайда?», — деп сұрағанын баяндайды. Сол жерде болған сахабалардың бірі: «Ол – Аллаһты да, Оның Елшісін де сүймейтін екіжүзді!», — деді. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Олай деп айтпа! Сен оның Аллаһтың дидарына ұмтылып: «Лә иләһә илләЛллаһ!», — деп айтқанын білмейсің бе? Ал Аллаһ Аллаһтың дидарына ұмтылып: «Лә илләһә илләЛлаһ», — деп айтқан адамды Отқа харам етті!» — деді. Әлгі (сахаба) былай деді: «Бірақ біз оның екіжүзділерге көмектесетінін және оларға жақсы қарым-қатынас жасайтынын көрудеміз». әл-Бухари 425, Муслим 33.

Осы хадистің имам Муслим келтірген риуаятында Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ол: «Лә иләһә илләЛллаһ!», — деп айтты емес пе?» — деген сөздеріне әлгі сахаба: «Иә, ол мұны айтады, бірақ оның жүрегінде бұл нәрсе жоқ!», —  деп айтқаны келтіріледі.

Ал Ахмадтың риуаятында әлгі сахаба: «Алайда біз оның жүзі мен сөздері екіжүзділерге қарай бағытталғанын көрудеміз!», — деп айтқан. Ахмад 4/44.

Өйткені келтірілген мууалатуль куффар туралы аяттардың сыртқы мағынасын алатын болсақ, бұған мақаланың авторы (оқырманды) жыққысы келетіндей, онда әлгі сахабаның Мәлик ибн Духшумды екіжүзділікте айыптауы дұрыс болған болып тұр ғой, өйткені олар онда мууәллатқа тікелей қатысты нәрселерді  көргені күмәнсіз болып тұр.

Бірақ іс жүзінде Мәликтің тарапынан жасалған қателікке қарамастан, ол мұны Исламның хақтығына күмән келтіргендіктен немесе күпірлік пен екіжүзділікті сүйгеннен істемеді! Мұның үстіне, Мәлик ибн Духшумның өзі — Бадр шайқасының қатысушысы, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екіжүзділер зиян тигізу үшін салдырылған мешітті (мәсджиду-ддырар) бұзуға жіберген адам еді, әріол екіжүзді болудан да аулақ еді.   Қз.: «‘Умдатуль-қари» 4/249.

Қады ‘Ийяд Муслимнің «Сахихына» жазған шархында былай деп айтқан: «Мәликтің осы іс-әрекеті себепті сол сахабаларда ол туралы жаман ой-жорамалдар күшейе түсті және оған қатысты ашу-ыза пайда болды. Алайда Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл адам екі шахаданы (куәлікті) айтатын адамдардың қатарынан еді. Сондықтан да, екіжүзділігі айқын танылмаған адам ішіндегісіне (екіжүзділігіне) қатысты күмәнданудың себебімен сыртқы шынайылығын (Исламды) жоғалтпайды!” Қз.: “әл-Икмәл” 1/268.

Шейх Сафийю-р-Рахман әл-Мубаракфури Муслимнің «Сахихына» жасаған шархында  былай деп жазған: “Бұл сахабалар екіжүзділердің жаман үкімін (жағдайын) және олардың жаман іс-әрекеттерін айтып, оларды Мәлик ибн Духшумға жапсырды. Бұл Мәлик ансарлардан еді және ғалымдар оның Бадр шайқасының қатысушысы болғандығы туралы келіспеушілікте болмаған. Және ол екіжүзді емес еді! Мұның үстіне Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның ішкі иманы туралы куәлік берді және оның екіжүзділерге қатыссыздығы туралы айтты. Алайда Мәлик ибн Духшумның жаман ниеті және екіжүзділігі болмаса да, одан екіжүзділерге деген қандай да бір жақындық және олардың ортасында болу байқалды, алайда әлгі сахабалар дәл солай деп ойлап қалды және осы себепті оны екіжүзділікте айыптады. Бірақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның екіжүзділікке қатыссыздығы туралы куәлік берді!” Қз.: “Миннауль-мун’им”  1/76.

Осыны зерделеңдер, уа, бауырлар!

Сондай-ақ екіжүзділікте айыптауға асығатын әрбір адам бұл хадисте мұсылманды қандай да бір жорамалдың, тіпті екіжүзділерге тән болған қате іс-әрекет жасауының негізінде екіжүзді деп айыптауға  тыйым салынғандық бар екендігі туралы ойлансын! Хафиз Ибн Ражжәб әл-Бухаридің «Сахихына» жасаған шархында бұл хадис туралы былай деген: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Олай деп айтпа!» деген сөздерінде, мәлім болған іс-әрекеттің негізінде екіжүзділікте айыптауға тыйым салынғандық бар!  Өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Исламның екіжүзділерге қатысты сыртқы үкімдерін, олардың кейбіреуінің екіжүзділігі туралы білуіне қарамастан, қолданбады. Ендеше, шынайы мұсылманды қандай да бір алғышарттың негізінде екіжүзділікте айыптау туралы не айтуға болады?! Сондай-ақ бұл хадисте егер біреу біреуді оның жасаған қандай да бір жаман іс-әрекетінің негізінде екіжүзділікте айыптаса, айыпталғанның жақсы ісін айтып оның жаман сөз сөйлеуін теріске шығару қажеттігіне нұсқау бар». Қз.: “Фатхуль-Бари” 3/188.

 Сондай-ақ ‘Аишадан жеткен, екіжүзділер оған жала жауып, зинақорлықта айыптаған оқиға туралы хадисте былай деп жеткізіледі: ”Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мінберге көтерілді де, оған  ‘Абдуллаһ ибн Убай ибн Салюлді жазалауға біреу көмектесуін сұрады. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім маған менің әйеліме жала жауып,  ренжіткен адамды жазалауға көмектеседі? Аллаһпен ант етемін, әйелім туралы маған тек жақсы нәрселер ғана мәлім, ал, бұған қоса, олар мен оны тек жақсы жағынан ғана білетін және менің үйіме тек менімен бірге ғана кірген адам туралы да жаман сөздер айтуда!», — деді. Сол кезде орнынан Са‘д ибн Му‘аз тұрды да, былай деді: «Уа, Аллаһтың елшісі, Аллаһпен ант етемін, мен сені одан құтқарамын: егер ол Аус тайпасынан болса, біз оның басын шауып тастаймыз, ал егер ол біздің бауырларымыз болған Хазраж тайпасынан болса, онда сен бұйырсаң болды, біз онымен сен бұйырған нәрсені істейміз!», — деді. Мұны естіген, хазраждықтардың жетекшісі, бұған дейін салиқалы адам болған, бірақ осы жағдайда оны ашу-ыза билеп алған Са‘д ибн ‘Убада: «Аллаһпен ант етемін, сен өтірік айттың! Сен оны өлтірмейсін де, осыны істей де алмайсың!», — деді. Осыдан соң орнынан  Усайд ибн әл-Худайр тұрды да, былай деді: «Аллаһпен ант етемін, өтірік айтып тұрған сенсің! Аллаһпен ант етемін, біз оны өлтіреміз, ал сен – екіжүзділерді қорғайтын екіжүздісің!»” әл-Бухари 2661, 4750, Муслим 2770.

Өйткені сырт көзге Са’д ибн ‘Убада баршаға өзінің екіжүзділігімен танылған, бұл аз болса Аллаһтың Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ренжіткен және мүміндердің анасы Айшаны зинақорлықта айыптаған адамға араша түсе бастағаны көрінді! Алайда Са‘дтың өзі екіжүзді емес еді және осы себепті кәпір болмады, өйткені бұл жағдайда оны ашу-ыза және тайпалық ұлтшылдықтың бір түрі билеп алған еді.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймияның мына айтқан сөздеріне назар бұрыңыздар: «Алайда адамнан оларға (Аллаһтың дұшпандарына) қатысты туысқандық байланыстың немесе мұқтаждықтың себебімен көмек, қолдау көрініс табуы мүмкін, ал бұл иманды әлсірететін, бірақ оны кәпірге айналдырмайтын күнә болады! Осындай нәрсе Хатыб ибн Аби Бәлта’амен ол мүшриктерге Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейбір жоспарлары туралы жазып жіберіп, содан кейін Аллаһ ол туралы «Әй, мүміндер! Менің дүшпандарымды да, өз дүшпандарыңды да қамқоршы және көмекші етіп алмаңдар. Олар сендерге келген шындыққа қарсы келсе де, оларға сүйіспеншілікпен ашыласыңдар» (әл-Мумтахана 60: 1) деген аятты түсірді. Тура сол сияқты нәрсе Са’д ибн ‘Убадамен, ол Ибн Убайға (екіжүзділердің басшысы) араша түскен кезде орын алды, бұл жөнінде Айшаға жабылған жала туралы деректе келтірілетіндей. Сол кезде ол Са’д ибн Му’азға: «Аллаһпен ант етемін, сен өтірік айттың! Сен оны өлтірмейсің және мұны істей де алмайсың!», — деді. Ал Айша былай деген: «Ол бұған дейін салиқалы адам болатын, алайда оны (тайпасы үшін) ашу-ыза билеп алды». Және осындай көмескіліктің себебімен ‘Умар да: «Рұқсат ет, мен бұл екіжүздінің басын шауып тастайын!», — деп Хатыбты екіжүзді деп атады. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ол – Бадр шайқасының қатысушысы», — деді. Ал ‘Умар Хатыбты істегені себепті екіжүзді деп атағанда тауиль жасаған еді. Сондай-ақ Усайд ибн Худайрдың  Са’д ибн ‘Убадаға: «Сен өтірік айттың, біз оны (Ибн Убайды) өлтіреміз, ал сен – екіжүзділерді қорғайтын екіжүздісің!», — деген сөзі де. Бұл да сөз болып жатқан нәрсеге қатысты. Сондай-ақ бұған  Мәлик ибн Духшумнің екіжүзділерге жақсы қарым-қатынас және достық көрсеткені үшін оны екіжүзді деп атаған сахабаның сөзі де жатады”. Қз.: “Мажму’уль-фатауа” 7/522.

Самак ибн Харб бірде ‘Умар ибн әл-Хаттаб оған (қазынадан) алынған және қайтарылған нәрселер туралы есеп беруді бұйырғандығы, ал Абу Муса әл-Аш’ариде осымен айналысатын бір христиан хатшы болғаны баяндалады. Және бірде ‘Умар: «Бізде Шамнан бір хатшы бар, оны шақыр, ол бізге оқып берсін!» — деді. Абу Муса сонда: «Ол мешітке кіре алмайды», — деп айтты. ‘Умар: «Ол не, жүніп болып қалған ба?!», – деп сұрады.  Абу Муса: «Жоқ, ол христиан!», — деді. Мұны естіген ‘Умар Абу Мусаны салып қалды да: “Саған не болған, Аллаһ сені опат етсін?! Сен не, Аллаһ Тағаланың:  «Әй, мүминдер! Яһудилер мен христиандарды дос тұтпаңдар! Олар — бір-бірінің достары. Сендерден кім оларды дос тұтса, сонда күдіксіз ол солардан. Расында, Аллаһ залым елді тура жолға салмайды» (Құран, «әл-Мәидә» сүресі, 51-аят), — деген аяттарын естімегенсің бе? Сен не, Бір Аллаһқа ғана иман келтірген біреуді таңдай алмадың ба?!”, — деп дауыстап айтты.  Абу Муса: «Уа, мүміндердің әмірі, Аллаһпен ант етемін, мен оған қамқорлық және көмек көрсетпедім, ол жай ғана хатшы!», — деді. Сонда ‘Умар былай деген: “Егер Аллаһ оларды жек көріп атаған болса, мен оларға құрмет көрсетпес едім, ал, егер Аллаһ оларды қорлаған болса, мен оларды ұлықтамас едім, және егер Аллаһ оларды алыстатқан болса, мен оларды жақындатпас едім!” Әл-Байхақи “әс-Сунан әл-кубрада” 10/127 және “әш-Шу’абуль-иман” 9384, Ибн Аби Хатим “Тафсир әл-Қуръан әл-‘Азымда” 4/1156. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия және шейх әл-Әлбани сахихтығын растаған. Қз.: “әл-Иқтида” 161 және “Ируа әл-ғалиль” 2630.

 

Бұл оқиғадан біз ‘Умар Абу Мусаның іс-әрекетіне «Ал сендерден кім оларға көмек көрсетсе, ол солардан!» деген аятты қолданғанын көріп тұрмыз, алайда ол Абу Мусаның істеген амалын күпірлік деп санамады, мұндай мұсылмандардың істерін кәпірлерге сеніп тапсыру сырттай мууәләға қатысты екініне қарамастан.

Ал мынау — шейх ‘Абдул-Латыф Әли Шейхтың бауырымыз Дагестани мухкам деп атаған аяттар туралы айтқан сөздері: “Ал Аллаһ Тағаланың «Ал сендерден кім оларға көмек көрсетсе, ол солардан!», немесе «Аллаһқа, Ақырет Күніне иман келтірген адамдардың арасында Аллаһқа, Елшісіне қарсы келгендерді сүйетіндерді көрмейсің», немесе «Әй, иман келтіргендер! Сендерден бұрын Кітап берілген және сендердің діндеріңді келеке етіп, оны алданыш деп санайтындарды және кәпірлерді өздеріңнің көмекшілерің және достарың деп есептемеңдер!» деген сөздеріне келер болсақ, бұл аяттарды Сүннет түсіндіріп берді де, оларда сөз кәпірлерге толық қамқорлық  көрсету туралы болып тұрғанына нұсқады!” Қз.: “әр-Расаиль уәл-масаиль ән-нәдждия” 3/10.

Шейх Сыддық Хасан Хан былай деп айтатын: “Кәпірлерді олардың күпірлігі себепті мақтау — Исламнан шығу! Ал оларды осыдан басқа себеппен мақтау сөгіс білдірілуге тиіс болған үлкен күнә болып табылады!” Қз.: “әл-‘Ибра фимә уарада әл-ғазуа уә-ш-шәһадә уәл-хижра” 246.

You may also like...