Кавказ жастарына насихат: шейх Джамәл ибн Фурайхан әл–Хариси

Шейх Джамәл ибн Фурайхан әл—Харисиге қойылған сұрақ:

«Құрметті шейх, сұрақ қоюдан бұрын Сізге нақты орын алып тұрған жағдайды түсіндіргім келеді. Біздің бауырларымыздың проблемалары Шешеністандағы екінші кампания (соғыс) басталғаннан кейін бастау алды. Сол кезде көптеген бауырлар ресейлік арнайы қызметтердің қолынан дерексіз жоғалып кетті, бауырлардың басқалары көшіп кетуге немесе осы жерді тастап кетуге мәжбүр болды, ал Кавказда қалғандары дінді қажетті болған әдіспен, саләфи әдіснамасымен түсіндіре алмайтын еді. Кейбір бауырлар жерлерді орыс кәпірлерінен азат ету үшін муджәхидтерге қосылып джихадқа қатысатын болды. Бірақ, өкінішке орай, қазір мұсылмандар бір-бірін өлтіріп жатыр. Бір жақта – муджәхидтер, ал екінші жақта – өзін мұсылмандарға жатқызатын құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Бұл қызметкерлердің қатарында намаз оқитын, ораза ұстайтын, мұсылмандармен бірге қажылық жасайтындары бар, және олар өздерін муджәхидтармен соғысып жүр деп санамайды. Олар тауда жүргендерді – сепаратисттер (бөлініп шығуды қалайтындар), және оларды – муджәхид емес деп есептейді. Біз бауырларымызға күштің кәпірлермен соғысу үшін қажет екендігін түсіндірсек, олар: «Біздің мақсатымыз – милиция, өйткені олар өздерінің жәбірлеунің себебімен бізді қару алуға мәжбүрледі», — дейді. Ардақты шейх, мұсылмандарға қарсы қастық әрекеттер және қауіпсіздік қызметкерлері тарапынан көрсетілетін дұшпандық оларды өлтіруге, және оларға такфир жасауға (күпірлікте айыптауға) себеп болып табылады ма?! Өш алу үшін бауырларға елде тәртіпсіздіктер жасауға болады ма? Жазықсыз жандардың көптеген шығындарына әкелетін және бейбіт тұрғындарға үрей-қорқыныш салатын ғимараттар мен қауіпсіздік мекемелерін жарып-қиратулар ше? Жауап беруіңізді сұраймыз, Аллаһ сізге сауаптан жазсын!»

Шейх Джәмәл әл-Харисидің жауабы:

«Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен. Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Пайғамбарымызға, оның отбасына және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!
Қавказдық сұрақ қоюшы, мухаррам айының 14, хиджра бойынша 1431 жыл.
Өзін Джихад тобынан деп санайтын кейбір бауырлар түсіп кеткен бүлік туралы сұрап жатыр. Және олар өз елдеріндегі милицияның және қауіпсіздіктің өкілдері болған өз бауырларына да қатысты дұшпандық танытып жатқандығы да. Біз мұны – бүлік деп айтамыз. Және білім иелерінің сөздерінен –бүлік кезінде және оған қатысудан сырт қалу. Ал, милиция қызметкерлерінен болған өз бауырларын өлтіру — ақталу болып табылады, өйткені милиция оларға қатысты дұшпандық танытады және шешім (шығаруда) оларды жәбірлейді деп ойлайтындарға және осыған нық сенетін муджәхидтерге қатысты айтар болсақ, бұл – дұрыс емес! Мұсылмандарды өлтіру милицияшы-мұсылманды, ол қандай болмасын, өз бауырлары өлтіруге сылтау болмайды. Өйткені, мумин өз дінінде сабырлығымен сыналады. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Меккеде дінде де, өз-өзімен де сыналды. Алғашында ол өзінің халқын (дінге) шақыра бастағанда және оның сахабаларын қинауға салғанда. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жаруды да, құпия өлтіруді де бұйырмады, шабуыл жасауды да әмір етпеді, алдауды да әмір етпеді, өйткені Ислам дінінің сатқындыққа еш қатысы жоқ, адамдарды алдауға және өлтіруге еш қатысы жоқ! Бүліктер кезінде оңашалану қажет. Өздерін муджәхид деп санайтындардың қатарынан болған мұсылман бауырларымызға, егер олар өздеріне де, өзгелерге де игілікті қаласа, Құран мен Сүннетті орындау міндетті болып табылады. Өйткені, олар — қолбасшылық болып саналады, ал олардың қол астында (олар жауапты болған) халық. Бұл қантөгуден, және бұл жазықсыз жандарды өлтіруден өздерін сақтау керек, және қақысыз (оларды) өмірден айырмау керек. Өздерін Ислам туының және мұсылмандардың биіктеуі бар болған шынайы джихад үшін сақтап жүрсін. Ал, адам өлтірулер, жарылыстар, құпия шабуыл жасау сияқты елдегі тәртіпсіздіктер – бұлар мұсылмандардан (келген) емес. Мұның барлығы – дұшпандардан, бұл жол бізге кәпірлерден келген. Кейбір мұсылмандар осы жолды олардан қабылдап алып, оған ілесіп кетті, әсіресе өздерін муджәхид дейтіндер! Және осы – (біз) бауырларымызға кеңес беріп айтқымыз келгені, ол жақта қатысуды қалағандарға, немесе қатысқандарға, бүліктен аулақ болу. Ал, олар өз діндерінде тап болып жатқан жәбірлеулерге және барша мақтаулар оған тән болған Ұлы Аллаһтың Шариғатын орнатуға мүмкіндіктің болмауына қатысты айтар болсақ, бұл сол елде олардың адам өлтірулеріне және қан төгулеріне ақтау болып табылмайды. Бүліктің ізі адамзатты күйретіп-бұзады және дұшпандарға ашу-ыза қосады. Күмәнсіз, өздеріне бостандықты және қорғанған болуды қалайтын бауырларымызбен салыстығанда дұшпандарда көбірек күш, билік, бақылау, әзірлік, қару бар.
Сұрақ қоюшы:

«Шейх, соңғы сұрақ: «әл-Бәркәуи (Әбу Мухаммад әл-Мақдиси) сияқты уағыздаушы адамдардың соңынан ілескен және олардың кітаптарын интернет арқылы тарататын және «әл-Қаиданың» кейбір сенімдеріне ерген бауырларымызға қандай кеңес бересіз?»

шейх Джәмәлдің жауабы:

«Сен атаған (адам) – ХАУӘРИДЖ! Ол – хауәридждерден! Аллаһтың елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) олардан және олардың бүлігінен сақтандырып ескертті. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оларды кейбір сипаттарымен суреттеді. Олар – «аспан астында өлтірілгендердің ең жамандары», және олар – «Тозақтың иттері» екендігі туралы. Және: «Оларды қай жерде кездестірсеңдер де — өлтіріңдер», — деді. Бұл адам өзін муджәхид деп және Исламның өкілі деп таныстырады! Ислам – бұл тек қана ол, және Ислам – бұл тек қана джихад деп. Бұл адам – бүліктің жақтаушысы! Және ол сияқтылар – бұл әз-Зауәхари, Осама ибн Ләден және оларға ілесетіндердің барлығы. Олардың барлығы – бүліктің жақтаушылары және хауәридждер болып табылады. Шейх Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, Осама ибн Ләденнен сақтандырып ескертетін және олар таратып жүрген оның жаднамалары мен парақшаларын оқуға тыйым салатын. Сондай-ақ, әл-Бәркәуи және мұсылмандарды күпірлікте айыптап, өздеріне ұқсамағандарды кәпір деп санайтын басқа да бүлікті жақтаушылардан болғандар да сол сияқты. Біз бауырларымызға өздерінің жандарына қауіпі болғандығы және мұсылмандардың қанының төгілуіне қауіпі болғандығы үшін интернет кеңістігіндегі осындай кітаптарды, немесе жаднамаларды оқымауға кеңес береміз».

Аудио таспаға сілтеме: http://www.youtube.com/user/Talibulilm99#p/a/u/2/tr0blTR_tkE

Алынған көзі: salaf-forum.ru

You may also like...