Шейх Салих ибн Са’д әл-Люхайданға қойылған сұрақ:
Сұраушы:
«Әс-Саләму алейкум уә рахмәтуЛлахи уа бәракәтух құрметті шейх!
Біз – сіздердің Солтүстік Қавказдық діндегі бауырларыңбыз, және біз үлкен, ақиқи халымдардың насихатына өте мұқтажбыз. Құрметті шейх, кейде Иблис бұл (біздің) жерлердегі жастарды уәс-уәстап адастырады, және олар (шариғат тарапынан) айыпталатын энтузиазмға салынып, джихадтың атымен адам өлтіру, қорқыту және қирату мәселелерінде асығыстық танытып жатады. Күштің болуы Аллаһтың заңымен үкім етпейтіндерге қарсы соғысуға шарт болып табылады ма? Және күш — қорғану джихадының шарты болып табылады ма?
шейх әл-Люхайданның жауабы:
«Аллаһтың атымен, Аллаһтың Елшісіне Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. Джихад өз шарттарына ие, джихад өз рукндеріне (тіректеріне) ие! Және біздің кезіміздегі джихадты осы шарттармен салыстырғанымызда, бұл жөнінде «Бәраа» сүресінде, «әл-Әнъам» сүресінде, және «әл-Аъраф» сүресінде айтылатындай, біз мұның бүгінгі күні джихад деп аталатын нәрселерде іске асырылып жатқанын көрмейміз. Өйткені, бүгінгі күні бар болған «джихад», қауіпсіздіктің бұзылуы, ар-намысқа қол сұғу, сондай-ақ, жазықсыздарды өлтіру, ақиқатпен пен өтірікті, шыншылдар мен бұзақыларды араластырып жіберу сияқты ұлы қасіреттер әкелуде. Аллаһтың жолындағы джихад бүгінгі күнде, біріншіден, шақыруға, ықыластылыққа, шыншылдыққа және бекем сенімділікке мұқтаж. Ал билікпен соғысу үшін күш қолдану, тіпті олар – ауытқыған болса да, және тіпті – адасқан болса да, адам өлтіру мен жарылыстар мұсылман үмметі үшін қауіпті зардаптар әкеледі. Өйткені, осының себебімен Исламның жаулары мұсылмандардың қалаларын, олардың қажеттіліктері мен экономикасын иемденіп алуы мүмкін! Жас мұсылман үшін және мұсылмандардың топтары үшін Ұлы және Құдыретті Аллаһтан қорқу, ізгі алдыңғы буынның жолын пайдалану, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және сахабалар ұстанған нәрселерде тақуалық танытуға ұмтылу – маңыздырақ болады!»
Аудио таспаға сілтеме: http://www.youtube.com/user/Talibulilm99#p/a/u/1/pmDqIFtDOns
Алыңған көзі: salaf-forum.ru