«Жанкештілік» актілерді жақтаушылардың дәйектері және оларды теріске шығару

Әбу Умар әл-Ғаззидің «Өзін-өзі өлтіру актілерінің және жарылыстардың ауыр зардаптары» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Кітаптың ең көлемді бөлігін ««Жанкештілік» актілерді жақтаушылардың дәйектері және оларды теріске шығару» атты тарау алады.Онда автор адасушылардың негізгі дәйектеріне бірме-бір тоқталып, оларды Құран және Сүннеттің мәтіндерімен және ғалымдардың пікірлерімен теріске шығарады.

Күмәндіден қашқақтаудың қажеттілігі

 Қазіргі заманның кейбір діндар-ғалымдары мұсылман адамға, егер ол осыны өзін құрбан ету ретінде жасаса, мақсатты түрде өзінің жанын қиюына[1] рұқсат етіледі деп есептейді. Алайда көптеген ғалымдар, соның ішінде имам Абд әл-Азиз ибн Баз, имам Мухаммад әл-Усаймин, имам-мухаддис Мухаммад Насыр әд-Дин әл-Әлбани, шейх Салих ибн Фаузан әл-Фаузан, шейх Абд әл-Азиз ибн Абдуллаһ Әл әш-Шейх т.б. сынды көрнекті діндарлар, мұндайға тыйым салған.

Рұқсат етілген мен тыйым салынғанның арасындағы маңызды келіспеушіліктері бар барлық нәрселер  күмәндіге (шубухат) жатады, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында рұқсат етілген де – айқын, тыйым салынған да – айқын, ал олардың арасында  ол туралы көп адамдарда білім болмаған күмәнді нәрселер бар.  Сондықтан, кім күмәндіден қашқақтаса, діні мен ар-намысын қауіп-қатерден қоршайды, ал кім күмәндіге түссе – тыйым салынғанға түсудің ернеуінде тұрады». әл-Бухари және Муслим.

Сауд Арабиясы Корольдігінің бас муфтиі шейх Абд әл-Азиз ибн Абдуллаһ Әл әш-Шейх қазіргі замандағы «жанкештілік» актілеріне байланысты былай деген: «Мен бұл операциялар үшін ешбір шариғи негізді білмеймін және оларды Аллаһтың жолындағы жиһад деп есептемеймін. Олар өзін-өзі өлтіруге жатады деп қорқамын». [2]

Бұл ап-айқын сөздер «жанкештілік» актілерді жақтаушылар жүгінетін ислам тарихынан алынған фактілер бұл актілердің рұқсат етілгендігіне дәлел болып табылмайтындығын нақты түсіндіреді. Демек, біз қарап жатқан актілер қашқақтау қажетті болған күмәнді нәрсеге жатады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Өзіңде күмән туғызатынды таста да, күмән туғызбайтынға жүгін». Бұл сахих хадисті әт-Тирмизи, ән-Нәсаи және басқа мухаддистер жеткізген.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), сондай-ақ, былай деген: «Өздерің мен тыйым салынғанның арасында рұқсат етілгеннің қорғанын орнатыңдар». Бұл сахих хадисті әт-Тирмизи және ибн Хиббан жеткізген.

Күмәнді нәрселерге жеңіл-желпі қарау — тақуа емес адамдарға тән сипат. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Аллаһтың құлы айыпталатын нәрселерден қауіптеніп қандай да бір айыпталмайтын нәрсені тастамайынша тақуалыққа қол жеткізбейді». Бұл хадисті әт-Тирмизи және басқа мухаддистер жеткізген. Әл-Хаким және әз-Зәһаби бұл хадисті сахих деген.

Мұның үстіне, сахих шариғи мәтіндер өзін-өзі өлтірудің тыйым салынғандығына нақты түрде нұсқайды. Сондықтан да келіспеушіліктің болғанын есепке алмаған жөн. Білім – білімсіздікке қарсы дәйек, соның ішінде осы мәселе бойынша да.



[1] Қалайша өзін-өзі өлтіру өзін құрбан ету болып саналатынын мен білмеймін. Бұл екі нәрсе үйлеспейді, өйткені өзін-өзі өлтіруші, бірінші кезекте, өзінен өзі құтылады. Қалайша ол өзгелер үшін құрбан бола алады? «Жанкештілік» актілерді рұқсат ететіндер оларды  өзін-өзі құрбан етумен салыстырғанда, мұндай актілерді орындаушылардың ниеті өзін-өзі өлтіру болмайтынынын меңзейді, өйткені олар бұған өздерін өзгелер үшін құрбандық етуді қалап барады дейді. Мұндай идеялар жауыздыққа кең есік ашады, өйткені олардың негізінде мүмін адам, егер оны өзін-өзі құрбан етумен ұқсас келетін жақсы ниет итермелесе, өзінің өмірін өзі тоқтата алады деген қорытынды шығарылуы мүмкін. Алдында біз жақсы ниет харам нәрсені халәл етпейді дегенге нұсқаған болатынмыз. Мысалы, мүмін адам солдат әйелден қандай да бір әскери құпияларды біліп алу үшін онымен достық қатынас орнатады және ол оған сенуге дайын делік, бірақ ол үшін әлгі мүмін онымен зина жасауы керек. Шариғат осындайға баруға рұқсат етеді ме?! Ешқандай күмәнсіз, мұндай нәрсеге жол берілмейді, тіпті егер адам ең ізгі ниеттермен әрекеттенсе де. Ал өзін-өзі өлтіру зинақорлыққа қарағанда едәуір ауыр қылмыс болып табылады. Сондықтан да, өзін-өзі құрбандық ету ретіндегі өзін-өзі өлтірудің тыйым салынғандығы туралы пікір зинақорлықтың тыйым салынғандығы туралы пікірден де дәйектірек болып табылады.

[2] Мен бұқаралық ақпарат құралдарының бұл актілердің барлығы уахабилер тарапынан ұйымдастырылады деп, адамдарды адасушылыққа салып жатқанынына таң қаламын. Сіздің алдыңызда шейх Мухаммад ибн Абд әл-Уаһһабтың шақыруының шынайы мәнін түсінбейтіндер «уаһһаби» деп атайтын мемлекеттің бас муфтиінің сөзі.

Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Әл әш-Шейхқа дейін тура осыны Сауд Арабиясының бұрынғы муфтиі шейх Ибн Баз және оның көрнекті оқушысы шейх Ибн Усаймин айтқан болатын. Ал, не үшін олардың барлығы бұл актілердің тыйым салынғандығы туралы айтқан еді? Өйткені Исламның шынайы үкімі осындай. Бұл мәселені ашып көрсетуге объективті және әділетті түрде кірісу және бұл екі ұғымның, яғни «уаһһабизм» мен экстремизмнің арасын жіктеп бөлу қажет. Бұл сөздер синоним еместігін және синоним бола алмайтынын  ұғып алу қажет, өйткені орыс тіліндегі Үлкен Энциклопедиялық Сөздіктің (Большой Энцеклопедический словарь) берген анықтамасы бойынша: «экстремизм – (әдетте саясатта) шеткі көзқарастарды, іс-шараларды жақтау («экстремизм – приверженность к крайним взглядам, мерам (обычно в политике)»), ал «уаһһабизм – Исламды (діни жаңалықтардан – ред. еск.) тазалауды және әдет-салттардың қарапайымдылығын жақтайтын діни-саяси ағым». (Қз.: Большой Энциклопедический Словарь под редакцией А.М. Прохорова)). Ал, «уаһһабизм» терминіне келер болсақ, РҒА Африка Институтының директоры және «Азия и Африка сегодня» журналының бас редакторы А.М.Васильев былай деп жазады: «Уаһһабизм» — бұл қозғалысқа оның қарсыластары немесе жай араб еместердің берген атауы» (»«Ваххабизм» — это название, данное этому движению его противниками или же просто неаравийцами»).

Басқа жағынан мына сұраққа жауап алу да қажет: егер осы операциялардың барлығының себебі «уаһһабизм» болса, онда не үшін олар «уаһһаби» мемлекетінің өзін сілкіндіруін тоқтатпайды?! Жауап анық: өйткені осылай аталатын «уаһһабизм» осы жиіркенішті қылмыстарға еш қатыссыз!

Бұл жерде анық және ашық түрде мынаны мәлімдеу қажет: экстремизмнің заманауи көріністерінің және «жанкештілік» деп аталып кеткен актілердің тамырын XX ғасырдың бірінші жартысында пайда болған адасқан ағымдардың идеологиясында іздеу қажет. Сөз, ең алдымен, Мысырда Хасан әл-Банна тарапынан құрылған «ихуан әл-муслимун» («Мұсылман-бауырлар») қозғалысы жайында болуда. Саид Кутб тарапынан жасалынған бұл қозғалыстың идеологиясы өз актілерін өткізуде ислам атын жабылатын қазіргі заман экстремистік ұйымдарының басым бөлігінің негізінде жатыр.

жалғасы бар

You may also like...