Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!
Ұлы өкінішке орай, қазіргі күндері біз діннің қарапайым негіздерін де білмейтін надан адамдардың ислам үмметіне төнген ауыр мәселелерді талқылап-шешуге батылы барып жүргеніне жиі куә болып жатырмыз. Тағы да, осы адамдардың бар жеңілдікпен, қан төгу, мұсылман елдерінің басшыларын имансыздықта айыптау мен оларға қарсы шығу мәселелерін, олардың пайғамбарлардың мирасқорлары мен дін қорғаушылары болып табылатын үмметіміздің ғалымдарымен келіспей, тіпті өз түсініктері мен тәсілдеріне сүйеніп оларға қарсы жауап қайтарып жүргендерін көріп жүрміз. Бұл адамдар, айтқандары шындықпен сәйкес келсе де, ижтиһадтарын орынсыз жерлерде қолданады.
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: «Егер қазы (үкім шығаратын адам) ижтиһад (тырысу) жасап, бір үкім шығарса, әрі (шешімі) шындықққа сай келсе, онда ол екі есе сауаб алады. Ал егер ол ижтиһәд жасап, қателесіп қалса, онда бір ғана сауап алады» (әл-Бухари 7352, Муслим 1716).
Қадый `Ийәд былай деді: «Білім иелері: Бұл хадис ижтиһад етуге рұқсаты бар ғалым –қазыға қатысты екенінде еш қандай қарама-қайшылықтар мен күдіктер жоқ. Ал джәһил (надан) туралы айтар болсақ, онда ол кез-келген жағдайда да жасаған ижитиһады үшін күнә алады», — деген» (“Икмаль аль-му’лим” 5/572).
Имам Әбул-`Аббас әл-Қуртуби айтқан: «Осы хадистен алынатын ұлы пайдаларының бірі – ол қазы міндетті түрде ижтиһад жасай алатындардың қатарынан болу керек. Егер ол сондай болса (яғни мужтәһидтердің қатарынан), әрі бір үкім шығарса, онда міндетті түрде сауап алады. Дұрыс шешім үшін екі сауап, ал қателескені үшін бір сауап алады. Алайда, егер бұл джәһил (надан) немесе толық муджтәһид емес біреу болса, онда ол шығарған әрбір үкімі үшін, қабылдаған әрбір шешімі үшін күнәһар болады. Джәһил туралы айтар болсақ, онда ол бұған жауапты болмағандығы үшін сондай болады. Ал толықтай муджтәһид дәрежесіне жетпеген біреу болса, иджтиһад шарттарының орындалмағаны үшін күнә алады. Осы екі адам да, Аллаһтың түсіргенімен үкім етпейді. Бұған қоса, олар өтірікке негізделіп үкім еткен адамдар!» (“әл-Муфһим” 5/168).
Имам Ән-Нәуәуи быалй деген: «Ғалымдар айтатын: «Бұл хадисте, ижтиһад жасай алатын ғалым-қазы туралы айтылып жатқанында мұсылмандардың барлығы бір аузыздан келіскен. Ал енді оларға қатысы жоқ адамдар жайында айтар болсақ, онда оған үкім шығару рұқсат етілмейді, ал егер ол үкім шығаратын болса, онда ол ешқандай сауап алмайтыны аздай, дұрыс айтса да, қателессе де шешімі қабылданбайтын күнаһар боп саналады!» (“Шарх Сахих Муслим” 12/378).
Расында, Исламда анархия үшін орын жоқ, сол үшін әрбір адам өз орнын білу тиіс! Біздің уақытта «жастары кіші, ақылдары кем» адамдардың талқылап, шешім қабылдап жүрген мәселелері түгіл, Аллаһ Тағала олардан да жеңіл әрі маңызы аздау мәселелердің өзін талқылауды қайтарған! Әрі Аллаһ қарапайым мұсылмандарды емес, ішіндегі ең сауатсыздары біздің арамыздағы кез-келгенімізден де ізгі және дана болып табылатын пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларына сөгіс айтты.
Аллаһ Тағала былай деді: «Оларға (мұсылмандарға) қауіпсіздік пен төніп тұрған қауіп-қатер жайлы хабар жеткенде, оны жан-жаққа таратады. Егер де олар, оны елші мен араларындағы билік иелеріне қайтарғанда, онда оны зерттей алатын адамдар, ол туралы біліп алған болар еді» (Ниса 83).
Ибн `Аббас «араларындағы билік иелеріне» деген сөздердің мағынасы туралы: «Яғни, ақыл иелері және дін мен фиқһта түсінігі бар адамдар», — деген (“Тәфсир әд-Дуррул-мансур” 4/82).
Тағы да Хасан әл-Басри мен Қатада осы сөздер туралы: «Яғни, оны ғалымдарға қайтару», — деген (Ибн әл-Мунзир 2048, Ибн Әби Хатим 5689).
Ал ас-Судди мен Ибн Зәйд айтқан: «Яғни, оны шешсін деп, мұсылман басшысына қайтару» (“Тәфсир Ибн Әби Хатим” 5688, “Тәфсир Ибн `Атыйя” 2/85).
Имам әл-Бағауи мен Ибн `Адил «оны зерттей алатын адамдар, ол туралы біліп алған болар еді» деген сөздер жайлы былай деген: «Бұл, нені таратып, ал нені үндемеу керектігіне бағыттайтын ғалымдар» (“Тәфсир әл-Бағауи” 2/255, “Тәфсир Ибн `Адил” 6/522).
Сонымен, бізде «билік иелері» деген сөздердің сәләфтардан жеткен екі тәфсиірі бар, олар: ғалымдар мен басшылар!
Имам Әбу Хайән айтты: «Аяттың мағынасы: Егер мұсылмандар, оларға жеткен хабарларды талқылауға кірісуден бас тартып, ол мәселені зерттеп, сосын оның мән-жайын хабарлайтын елші мен билік иелеріне қайтарғанда» (Тәфсир әл-Бахр әл-мухит” 3/218).
Имам Джәмәлуддин әл-Қасими, өзінің тәфсирінде қауіпсіздік пен қауып-қатерге байланысты жаңалықтарды таратудың сөгіске лайықты болған көптеген себептерін атап өтіп былай деді: «Осының себебімен, Аллаһ бұны таратуды қайтарып, оған тыйым салды» (“Махасин әт-тоуил” 5/1411).
Шейх `Абдур-Рахман әс-Са`ди бұл аятқа қатысты мынадай сөздер айтты: «Бұл Аллаһтың осындай төмен қылықтары үшін өз құлдарына жасаған сөгісі! Егер мүміндерге, олардың қауіпсіздігі мен қуанышымен немесе қауіп-қатермен байланысты жалпылай игілікке қатысы бар маңызды хабар жетсе, онда олар оны асығып бірден тарата бермеуі қажет. Олар алдымен жаңалықтың сенімділігін анықтап, кейін оны білім-санаға ие, айналада болып жатқан жағдайлардан хабары бар, пайда мен зиян мәселелерінде түсінігі бар елшіге (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және адамдар арасындағы билік иелеріне тапсыру керек. Егер осындай адамдар бұл мәліметтерді тарату нәтижесінде мүміндерге пайда болады, олардың күш пен қуатттары артады, оларға қуаныш әкеліп, жауларға қарсы тұруға көмек болады деп шешсе, онда ол (мәлімет) халық деңгейінде жарияланады. Ал егер олар, оны халық арасында жаюдан еш қандай пайда болмайды, керісінше одан да қатты зиян болады деп шешсе, онда бұл жаңалық таратылмайды. Міне сол үшін Аллаһ Тағала: «оны зерттей алатын адамдар, ол туралы біліп алған болар еді», — деп айтқан, яғни өздерінің дұрыс көзқарастары мен ізгі білімдерінің себебімен зерттей алатын адамдар білу керек. Бұл тағы да, кез-келген мәселені оны шешуге шамасы жететін адамға тапсыру керек деген, ұлы қағидаға дәлел болады. Және осы адамдардан бұрын ешкімге маңызды сұрақтарды шешуіне болмайды. Себебі ол адамдар басқаларға қарағанда дұрыс шешімге жақынырақ әрі қателерден де қаттырақ сақтанған. Бұл тағы да, естіген нәрсенің барлығын тарата берудің тыйым салынғанына (дәлел). Мұсылмандар, сөздерін айтудан алдын, олардың пайда әкелетіні не әкелмейтіні жайлы ойлануы тиіс» (“Тәфсир әс-Са’ди” 185).
Ал үмметтің жапылай мәселелерін талқылап, шешу құқығын өз арқаларына жүктеп алғандар, осы талдап жатқан аятымыздың түсу себебін біледі ме екен?! `Умар ибн әл-Хаттаб айтқан: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз әйелдерін (сабақ беру ретінде) қалдырып қойған кезде, мен мешітке кірген едім, ал адамдар тастарды жерге лақтырып: «Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз әйелдерімен ажырасты», — деп отырған. Сонда мен мешіт есіктерінің жанына тұрып, қатты дауыспен айқайладым: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз әйелдерімен ажыраспады!». Осыдан кейін «Оларға (мұсылмандарға) қауіпсіздік пен төніп тұрған қауіп-қатер жайлы хабар жеткенде, оны жан-жаққа таратады» аяты түсті» (Муслим 1479).
Егер Аллаһ Тағала пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мүміндер аналарымен ажырасуын талқылап, таратуды «қауіпсіздік» пен «қауіп-қатер» мәселелеріне жатқызса, онда джиһад, тәкфир, басшыларға қарсы шығу және т.б. мәселелер бұған тіптен, ең тікелей қатысы бар екенінде, еш күдік жоқ.
Міне осылай, белгілі мәселелерді, Аллаһ оларды сол істерде жауапты еткен адамдарға тапсыру жолымен үмметіміздің сәләфтары жүрген! Хишәм ибн `Уруә айтқан: «Мен ешқашан әкемнің өз пікіріне сүйеніп бір нәрсе жайлы сөйлегенін естімедім! Кейде одан бір нәрсе туралы сұрағанда, ол: «Бұны басшы шешеді», — деп жауап берген» (Ибн ‘Абдуль-Барр в «аль-Джами’» 2059).
Егер бұны, Мединанң атақты жеті фақиһтерінің бірі болған, `Уруә ибн Хишәмның өзі айтып жатса, онда біздің уақыттағы Аллаһ оларға тапсырмаған істерді өз арқаларына жүктеп алған надан жастар туралы не айтсақ болады?!
Әбу Һурайра жеткізген хадисте, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Расында, адамдарға сондай бір уақыттар келеді. Ол кезде (адамдар) өтірікшілерге сеніп, шыншылдарға себейтін болады; аманатшылдарға күдіктеніп, опасыздарға (аманаттарын) тапсыратын болады және сөз рууәйбидәға беріледі». Адамдар: «Ал рууәйбида деген кім?», — деп сұрайды. Сонда пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ғаламдық (глобальды) істер жайлы сөйлейтін ақымақ!», — деді (Ахмад 2/291, Ибн Мәджәһ 4036. Хадистің сенімділігін хафиз Ибн Хаджар, хафиз Ибн Кәсир, шейх Ахмад Шәкир мен шейх әл-Әлбәни растаған).
Ал енді біз, көптеген рууәйбидалардың ғаламдық істер жайында сөйлеп жүргеніне куә емеспіз бе?!
Осы жерде бір сұрақ туындайды: Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Ахырет күнінің жақындау белгілері туралы хадистерді не үшін айтқан, әрі олардың мағынасы не?
Ғалымдар бұның даналығын былай түсіндірген:
Біріншіден: Ахырет күнінің белгілері туралы хадистер, мұсылмандар оған дайын болулары үшін айтылған;
Екіншіден: пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) атап өткен нәрселер, міндетті түрде орын алатынына қарамастан, бәрі-бір де олардан аулақ болу үшін айтылған (“әл-Мууафақат” 2/450).
Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тағы айтқан: «Адамдардың алдында (үш адамнан басқа) ешкім сөз сөйлеймейді: мұсылмандардың басшышы (әмир), әмирдің бұйрығымен келген кісі және өзін (жұрт алдында) көрсеткісі келіп жүрген адам» (Ахмад 6661, Әбу Дәуд 3665, Ибн Маджәһ 3753. Хадистің сенімділігін хафиз әл-Хайсәми, хафиз әл-‘Ирақи, имам әс-Суюты, шейх Ахмад Шәкир, шейх әл-Альбани мен шейх Шу’айб әл-Арнаут).
Имам әл-Мунәуи былай деді: «Адамдардың алдында (үш адамна басқа) ешкім сөз сөйлейді» дегеннің мағынасы: адамдарға өсиет айтып, фәтуә бермейді. Әт-Тыби айтқан: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «сөз сөйлемейді» деген сөздері тыйымды білдірмейді, бірақ аталған адамдардан басқа біреулердің осылай жасайтынын теріске шығаруды білдіреді» (“Фәйдул-Қодир” 6/587).
Тыйым салудың себебі анық болды, өйткені адамдар, әсіресе мұсылмандарға қиссаларменсөз айтып, маңызды мәселелер жайында сөйлейтіндер (қуссас), үлкен бүлік туғызып мұсылмандар арасындаға бөлінушілікке себеп болып табылады. Осы себеппен, басшылардың қатарынан болған сахабалар кез-келген біреуге үмметіке сөз айтып шығуға рұқсат етпеген.
`Амр ибн Динәр айтқан: «Бір күні Тәмим әд-Дәри деген сахаба `Умар ибн әл-Хаттабтан адамдар алдында сөйлеуге рұқсат сұрады, алайда `Умар рұқсатын бермей қойды. Сосын ол тағы да сұрады, бірақ `Умар қайтадан рұқсат бермеді. Ал Тәмим одан үшінші рет сұраған кезде, `Умар: «Егер қаласаң», — деді де, өз мойнынан қолымен өткізді» (әт-Тәбәрани “әл-Кәбир” 2/49, әт-Туртуши «әл-Хауәдис уәл-бада’» 109. Хафиз әл-Хәйсәми бұл хабардың жеткізушілері Бухари мен Муслимнің жеткізушілері болып табылатынын айтқан. Қараңыз: “Маджма’у-ззәуәид” 1/189).
Хафиз әл-`Ирақи былай деген: «Әрқайсысы шыншыл әрі лайықты сахабалардың қатарынан болған кісіге, тыйым салған `Умардың бұл ісіне назар аударшы! Таби`индерден немесе олардан кейін келген адамдардың ішінен Тәмимге тең келетін біреу бар ма?!» (“Тәхзир әл-хәуәс” 223).
Әбу `Амир әл-Хузани айтқан: «Бір күні мен Му`ауия ибн Суфьянмен бірге қажылық жасауға аттандым, сонда біз Мекке қаласына жетіп қалғанда, оған Бәну Маһзум тайпасынан шыққан бір қиссашы Меккенің тұрғындарына түрлі қиссалар айтып жүргені туралы хабар жетеді. Сонда Му`ауия оны шақырсын деп біреуді жібереді, сосын ол адамды ертіп келгенде, ол оған былай деді: «Саған бұны жасауға әмір етілді ме?». Ол : «Жоқ»,- деді. Му`ауия: «Онда менің рұқсатымсыз адамдар алдында сөз сөйлеуге сені не итермеледі?», — деп сұрады. Сонда әлгі кісі: «Біз, Аллаһ үйреткен білімдерді таратып жүрміз!», — деп жауап берді. Сонда Му`ауия оған былай деді: «Егер де мен осы жерге ертерек келгенімде, онда сенің денеңнің бір жерін кесіп алар едім!» ( әл-Хаким “әл-Мустәдрак” 1/128, Ибн Наср “әс-Сунна” 51. Иснад хасан).
Шейх Солих әл-Фәузан айтқан: «Жәһил (надан) мен білім іздену жолына жаңадан түскен адамдар иджтиһад жасай алмайды, әрі бұл оларға рұқсат етілмеген! Және бұндай адам дұрыс айтса да, қателессе де өз иджтиһадының себебімен күнәһар болады, өйткені олар өздері жауапты болмаған іспен айналысты!» (“Иннә һәзә әл-‘илм дин” 32).
Осыдан кейін, ислам үмметінің ғаламдық (жалпылай) проблемаларын талқылап, шешуді өз мойнына алғандардан сұрағымыз келіп тұр: «Сендер ғалымсыңдар ма, әлде мұсылмандардың басшыларысыңдар ма?! Қауіпсіздік пен қауіп-қатердің мәселелерін шешуде, Аллаһ оларды жауапты еткен адамдардың қай санатына жатасыңдар?!».
Ал егер сендер: «Бұны біз, замандас басшыларының барлығы – діннен қайтқан (муртадд), ал ғалымдар – сатқын болып кеткендіктері үшін жасап жүрміз», — деп жауап берсеңдер, онда бұның өзі де сендерге, ол туралы шешім қабылдауға шамаларың жетпейтін нәрселерді, арқаларына жүктеп алуға құқық бермейді! Бұл жағдайда, егер қазір шынымен де сендер айтқандай, басшылары — муртадд, ал ғалымдары – сатқын болып кеткен заман болса, онда сендер үмметтің басшылары мен ғалымдарының орнын өздерің толтырмақ ойларың бара ма?!
Енді, егер қазір шынымен де, сендер айтқандай уақыт болса, одан Аллаһ сақтасын, онда `Абуллаһ ибн `Амр жеткізген белгілі хадисі бойынша амал етуіміз керек. Бір күні, сахабаларының арасында отырған Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бүлік (фитна) туралы айта келіп, былай деді: «Қашан, адамдардың өз келісімдерін бұзатынын, сенімділіктен айырылғандарын және осындай болып кеткенін көрсең», — деп саусақтарын бір-біріне кіргізді. Сонда `Абдуллаһ тұрып, пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақындап, одан: «Сол кезде мен не істейін?!», — деп сұрады. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай жауап берді: «Өз үйіңде отыр, тіліңе байқап (сөйле) де, қайтарған нәрселеріңді қалдыр. Және өзіңе қатысты істермен айналысып, жалпылай (ғаламдық) істерді таста!» (Ахмад 2/212, Әбу Дәуд 4342, Ибн Мәджәһ 3957, әл-Хаким 4/525. Хадистің сенімділігін әл-Хаким, әл-Мунзири, әл-‘Ирақи, әз-Зәһаби, әл-Мунауи, Ахмад Шәкир, әл-Әлбәни мен Шу’айб әл-Арнаут растаған).
Міне бұл, қазіргі күндері, шынымен де ол туралы Аллаһтың алдында сұралатын өздері мен отбасыларын ұмытып, жалпылай істермен айналысып жүрген адамдардың әрекеттеріне толығымен қайшы келетін, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әмірлерінің бірі болып табылады: «Және өзіңе қатысты істермен айналысып, жалпылай (ғаламдық) істерді таста!».
Әрі соңында, әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтаулар болсын!