Жанкештілік актілерінің шығу тарихы

Сайтымыздың оқырмандарының назарына Умар әл-Ғаззидің “Өзін-өзі өлтіру актілерінің және жарылыстардың ауыр зардаптары” атты кітабын жариялауды жалғастырамыз

 ЖАНКЕШТІЛІК АКТІЛЕРДІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

 Өзін-өзі құрбан ету актілері АҚШ-тағы Азаматтық соғыс (1861-1865), сондай-ақ Екінші Дүниежүзілік соғыс (1939-1945) кезінде кең танылды. Қарсылық көрсетудің мұндай түрі әскери тактиканың ажырамас бөлігіне және әскери оқу орындары мен академияларда үйретілетін пәнге айналды.

Таяу Шығыста соғыс жүргізудің мұндай тактикасымен едәуір кейінірек танысты. Оны өз күресуінде алғашқы болып қолданған — шиғалардың «Хизбуллаһ» деген әскери тобы еді. Бұл 1982 жылы, Израиль армиясы Ливанға басып кіріп, Израиль танкілері Бейрутқа дейін барған кезде орын алды. Дәл сол кезде Бейрутты, Сайданы және Ливанның оңтүстігіндегі өзге де елді мекендерді қамтыған күшті қарсылық қозғалысы басталған еді. Қарсылық қозғалысы тез арада күшейе түсті, ал сол кезде шиғалардың «Хизбуллаһ» тобы өзінің ең алғашқы жанкештілік актісін жүзеге асырды. Жарылғыш затқа толтырылған үлкен жүк тасу көлігін жарудың нәтижесінде Сур қаласында әскери коменданттың резиденциясы қиратылды, окуппациялық армияның жүздеген солдаттары жарақаттанды және өлтірілді. Бірте-бірте мұндай актілердің саны өсе берді. Жанкештілік актілердің таралу қарқынының жылдам болуы мұндай операцияларға дайын болмаған окупанттар үстінен бірқатар жеңістерге қол жеткізуді қамтамасыз етті.

Біраз уақыт өткен соң бұл індет Палестинаға өтті және бұл – таң қаларлық жағдай емес, өйткені «Ислам жиһады» деп аталатын палестиналық ұйымның тамырлары мен қаржыландыру көздері шиғаларға барып тіреледі.

жалғасы бар

You may also like...