Исламдағы қарулы жиһадтың мәні мен мазмұны

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

 1. Аллаһтың сөзін ұлықтау және көпқұдайшылдықты тамырымен жою

Аллаһ Тағала былай деді: «Сендер олармен (кәпірлермен) соғысасыңдар, немесе олар Исламды қабылдайды» (әл-Фатх 48: 16).

Аллаһ Тағала, сондай-ақ былай деп айтты: «Кітап берілгендерден Аллаһқа, Ахирет Күніне иман келтірмегендермен және Аллаһтың әрі Елшісінің харам еткен нәрселерін харам деп білмегендермен және де хақ дінді (Исламды) дін деп мойындамағандармен олар қор болған күйлерінде, өз қолдарынан салық бергенге дейін соғысыңдар!» (әт-Таубә 9: 29).

Аллаһ Тағала былай деді: «Олармен (көпқұдайшылдармен) бұзақылық қалмай, дін Аллаһқа тән болғанға дейін соғысыңдар. Егер олар тыйылса, дұшпандық тек залымдарға ғана» (әл-Бақара 2: 193).

Ибн Аббас, Қатада, Мужаһид, әс-Судди, Абуль-Алия, Зайд ибн Әслам, әл-Хасан және әр-Раби’ ибн Әнас: «Аллаһтың діні басқа діндердің барлығынан басым түспейінше көпқұдайшылдармен соғысу қажет», — деп айтқан! Қз.: “Тафсир әт-Табари” 2/194 және ”Тафсир Ибн Касир” 1/329.

Имам Ибн Жәрир әт-Табари былай деген: «Бұл «Пұтқа табынушылық жойылғанша және адамдар Аллаһтан басқа біреуге табынуды тоқтатпайынша соғысыңдар!» дегенді білдіреді. Пұттарға және жалған құдайларға табынушылық жойылмайынша және адамдар Жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етіп, мойынсұнбайынша». Қз.: “Тафсир әт-Табари” 2/194.

Хафиз Ибн Касир былай деген: “Аллаһ мүшриктермен фитна, яғни ширк жойылмайынша соғысуды бұйырды!” Қз.: ”Тафсир Ибн Касир” 1/329.

Хафиз Ибн ‘Абдуль-Барр былай деген: “Кәпірлермен олар Исламды қабылдамайынша немесе қорланған күйде жизья төлей бастамайынша соғысу керек”.

Мухаммад ибн әл-Хасан былай деген: “Жиһадтың мақсаттарынан – Ислам дінін ұлықтау және көпқұдайшылдарды қорлау!” Қз.: “әс-Сируль-кабир” 1/188.

Шейх Ибн әл-Қайим былай деген: “Жиһадтың мақсаты Аллаһтың сөзі барлық нәрседен биік болуы үшін және дін түгелімен Аллаһқа тән болуы үшін оны ұлықтау болып табылады”. Қз.: “Ахкаму әһли-зиммә” 1/18.

Шейх ‘Абдур-Рахман әс-Са’ди былай дейтін: “Жиһад кәпірлердің қанын төгу және олардың мал-мүлкін иемдену үшін жүргізілмейді. Жиһад Аллаһтың діні басқа діндердің үстінен салтанат құруы үшін және жер бетінде пұтқа табынушылық пен хақ дінмен үйлеспейтін нәрсенің барлығы жойылуы үшін жүргізіледі. Дәл осы – бүлік (фитна), ал егер осы бүлік жойылса, онда мұсылмандар қантөгіс пен соғысуды тоқтатуы қажет”. Қз.: “Тайсируль-Карими-р-Рахман” 78.

Абу Мусаның баяндауынан бірде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір адам келіп, мынандай сұрақ қойғаны жеткізіледі: «Бір адам олжа үшін соғысады, өзге біреу даңқ үшін, ал үшіншісі рия (өзгелерге көріну үшін көзбояушылық) үшін. Ал осылардың қайсысы Аллаһтың жолында соғысушы?!» Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім Аллаһтың сөзі барлық нәрседен ұлық болуы үшін соғысса, сол Аллаһтың жолында!», — деп жауап берді. Әл-Бухари 2810, Муслим 1904.

Хафиз Ибн Хажар былай деген: “«…барлық нәрседен Аллаһтың сөзі ұлық болуы үшін…», — деген сөздермен  таухид (бірқұдайшылық) тұспалданады, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай: ««Әй, Кітап иелері! Біздің арамыз бен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаһқа құлшылық етейік, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Аллаһтан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық», — деп айт» (Әли Имран 3: 63)”. Қз.: ”Фатхуль-Бари” 13/451.

Ибн Умардан Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Маған адамдар: «Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мухаммад – Аллаһтың Елшісі», — деп куәлік бермейінше, намаз орындап, зекет төлемейінше олармен соғысу бұйырылды». Әл-Бухари 2946, Муслим 1/22.

Дубайр ибн Хайя ‘Умардың  өз кезінде оларды Хосройға қарсы жорыққа жібергенін және оларға әмір етіп ән-Ну’ман ибн Муқарринді тағайындағанын баяндаған. Олар дұшпанның жеріне келген кезде оларға қарсы Хосройдың әміршісі қырық мың әскерімен шығып, аудармашылары: “Сендерден біреуі менімен сөйлессін”, — деген. Бұған әл-Муғира: “Қалағаныңды сұра”, — деп жауап берген. Ол: «Сендер кімсіңдер?», — деп сұрады. Әл-Муғира былай деп жауап берді: “Біз – кезінде қайғылы жағдайда болып, қасіретке толы өмір сүрген арабтардан болған адамдармыз. Аштықтан қайыс пен құрма дәнектерін шайнауымызға мәжбүр едік. Біз түйе мен ешкінің жүнінен тоқылған киім киюші едік, ал құлшылықты тастар мен талдарға жасайтын едік. Және біз осындай жағдайда жүрген кезімізде көктер мен Жердің Раббысы бізге өзіміздің ортамыздан әкесі мен шешесі бізге белгілі болған пайғамбарды жіберді. Раббымыздың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге сендер Жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етпейінше немесе жизия төлеуге келіспейінше сендермен соғысуды бұйырды”. Әл-Бухари 3160.

Сөйтіп, Аллаһ Тағаланың, Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), сахабалардың және үмметіміздің имамдарының сөздерінен біз жиһадтың әмір етілуінің мақсаты Аллаһтың дінін ұлықтау және көпқұдайшылықты (ширкті) тамырымен жою болды, ал онда Исламға және мұсылмандарға ешбір пайдасы болмаған кәпірлерді жай өлтіру және оларға зиян тигізу емес екендігін түсіндік!

Аталған аяттар мен хадистерде, сондай-ақ жиһадтың мәні мен мақсатын тек өзін қорғаумен шектейтіндерге де қарсы дәйектер бар.

2. Ислам дінін сыртқы  дұшпандардан, сондай-ақ ішкі дұшпандардан да қорғау

Аллаһ Тағала былай деді: «Сонда кім сендерге соқтықса, сендер де олар сендерге соқтыққандай соқтығындар және біліңдер, шәксіз Аллаһ тақуалармен бірге» (әл-Бақара 2: 194).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деп айтты: «Егер Аллаһ адамдарды бірін-бірі арқылы қорғамаса, монастырлар, шіркеулер, синагогалар  және ішінде Аллаһтың аты көпкөп зікір етілетін мешіттер құлатылар еді» (Хаж 22: 40).

Аллаһ Тағала былай деді: «Егер мүміндерден екі топ соғысса, дереу араларын жарастырыңдар; егер екі жақтың бірі екіншісіне қастандық жасаса, қастандық жасаушыларға қарсы олар Аллаһтың әміріне қайтқандарына дейін соғысыңдар» (әл-Хужурат 49: 9).

3. Жәбір және қысым көріп жатқан мұсылмандарға көмек көрсету

Аллаһ Тағала былай деді: «Сендерге Аллаһ жолында соғыспайтындай не болды? «Раббымыз! Бізді тұрғындары залым болған осы кенттен шығар! Және бізге өз қасыңнан бір би тағайында. Әрі өз қасыңнан бір көмекші бер!», — дейтін (Меккедегі) шамасыз ерлер, әйелдер және балалар үшін» (ән-Ниса 4: 75).

Имам әл-Мәрғинани былай деген: “Жиһад – бұл хақ дінге шақыру және оны қабылдауға қарсы болушылармен жанмен және мал-мүлікпен соғысу. Және ол (жиһад) (өзінің) болмысы үшін әмір етілген жоқ, өйткені онда зиян, яғни қалалардың қирауы және құлдардың жойылуы бар. Алайда ол Аллаһтың дінін ұлықтау және Оның құлдарынан жамандықты тойтару үшін әмір етілген”. Қз.: «әл-Һидая» 3/13.

Алайда әскери жиһад мәселелерінде үш нәрсені ескеру қажет екендігінде күмән жоқ:

1. Бұл мәселелерді тек мұсылмандардың әмірлері және үммет ғалымдары шешеді!

Аллаһ Тағала былай деді: «Қашан оларға (мұсылмандарға) аманшылықтан немесе қауіп-қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны Пайғамбарға не өздерінің іс басындағыларына ұсынса, олардан оның мән-жайын зерттей алатындар білер еді» (ән-Ниса 4: 83).

Іс басындағылар – бұл ғалымдар және мұсылмандардың әмірлері. Қз.: “Тафсир әл-Қуртуби” 3/341.

Осы аят әмірлердің де, ғалымдардың да санатына жатпайтындар ауыздарын жабуы үшін жеткілікті емес пе?

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Ақиқатында, адамдар үшін олар өтірікшілерге сеніп, шыншылдарға сенуді қоятын; қиянатшылдарға аманат тапсырып, сенімге лайықтылар жайлы: «Опасыз ба?», — деп күдіктенетін; және сөз рууайбидаларда болатын сондай бір замандар келеді». Одан: “Рууайбида деген кім?”, – деп сұрағанда, ол: «Жаппай адамдарға қатысты мәселелер туралы сөйлейтін ақымақ!», — деді. Ахмад 2/291, Ибн Мәжаһ 4036. Хафиз Ибн Хажар, хафиз Ибн Касир, шейх Ахмад Шакир және шейх әл-Әлбани хадисті сахих деді.

Ал шейхуль-Ислам Ибн Таймия жиһад мәселелері бойынша былай деген: “Бұл нәзік мәселелердегі зерттеулер – үлкен ғалымдардан болған мамандардың жұмысы”. Қз.: “Минһаж әс-Ссунна” 4/504.

Шейх Ибн әл-Қайим былай деді: “Аллаһтың Кітабын, Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетін және сахабалардың айтқан сөздерін білуші – тек осындай адам ғана мұсылман үмметі душар болған күрделі мәселелерді (нәуәзил) шешуге құзырлы болып табылады және тек солардан ғана осы мәселелер бойынша пәтуа алуға болады”. Қз.: “И’ләмуль-мууакқи’ин” 4/212.

Шейх Мухаммад ибн ‘Абдуль-Уаһһаб былай дейтін: “Жиһад ісі әмірге жүктелген және сондықтан оның қол астындағылары ол шешкен нәрседе оған мойынсұнуы кажет”. Қз.: «Мәжму’ әл-муалифат» 2/360.

2. Жиһад жүргізу үшін күш-қуат қажет!

Бұл шарттың болуы усуль әл-фиқхты бір рет болса да өткен адамда күмән туғызбайды. Исламда қабілеттілік пен мүмкіндікпен шартталмайтын бірде-бір ғибадат жоқ! Осыған орай шариғатта ол жөнінде барлық ғалымдар бірауызды келіскен мынандай маңызды ереже бар: “Қандай да бір нәрсе, егер оны орындау үшін қабілеттілік болмаса, міндетті емес (уәжіп болмайды)!” Қз.: “Усуль әл-фиқх әл-мухимма” 37.

Аллаһ Тағала қабілеттілікпен тіпті тақуалықты да байланыстырып: «Шамаларың жеткенше Аллаһтан қорқыңдар!», — деді (әт-Тағабун 64: 16).

Шейх ‘Абдур-Рахман әс-Са’ди былай деген: “Аллаһ Өзінен қорқуды, яғни Оның әмірлерін орындауды және оның тыйымдарынан қашықтауды бұйырды және мұны қабілеттіліктің (қудраның) болуымен шарттады.  Бұл аят Аллаһтың құлы орындай алмайтын кез келген міндеттілік оның мойнынан түсетініне нұсқайды”. Қз.: “Тайсируль-Карими-р-Рахман” 974.

Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһ кісіге шамасы келмейтінді жүктемейді» (әл-Бақара 2: 286)

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деп айтты: «Аллаһ сендерге ауырлық жасауды қаламайды» (әл-Мәидә 5: 6).

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен тыйым салған нәрселерден қашыңдар, ал мен әмір еткен нәрселерден өздеріңнің орындай алатындарыңды істеңдер». Әл-Бухари 7288, Муслим 1337.

Шейх Ибн ‘Усаймин былай деп айтатын: “Жиһад (әрбір мұсылманға) жеке парыз (фарду кифая) немесе барлық мұсылмандарға ортақ парыз (фарду ‘айн) болсын, бәрібір, оның шарттары болуы керек, олардың ең маңыздысы –  қабілеттіліктің (қудраның) болуы. Және егер адамдарда қабілеттілік (қудра) болмаса, олар өздерін опат болуға тастамауы керек!” Қз.: “Бәбул-мәфтух” 2/420.

Ал шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Кімнің дінді күшпен және жиһадпен орнатуға мүмкіндігі болмаса (әлсіз болса), жүрегімен насихат айту, үммет үшін дұға ету және игілікті қалау сияқты  шамасы жететін нәрселерді істейді. Ол күші жететін игі істерді орындайды және оған күші жетпейтін нәрселер жүктелмейді!» Қз.: «Мәжму’уль-фатауа» 28/396.

3. Пайда мен зиян мәселесін ескеру, тіпті күш-қуат болғанның өзінде!

Ұлы Аллаһ: «Олардың Аллаһтан өзге сиынғандарын боқтамаңдар. Олар білмей шектен шығып Аллаһқа тіл тигізеді», — деп бұйырды (әл-Ән’ам 6: 108).

Имам әш-Шаукани бұл аятты тәпсірлеп, былай дейтін: “Бұл аятта «Егер ақиқатқа шақырып, бидғатқа тыйым салушы (адам) өзінің әрекеті одан да көбірек харам істелуіне, ақиқатқа қайшы келуге және одан да артық адасушылыққа салынуға алып келуінен қауіптенсе, онда ол үшін мұны тастау (қалдыру) абзал болады» дегенге дәлел бар. Тіпті бұл міндетті (уәжіп) болады”. Қз.: “Фатхул-Қадир” 2/214.

Пұттарды сөгу – о бастан рұқсат етілген іс, тіпті Аллаһқа жақындататын амал, бірақ, ол одан да зор жамандыққа, нақты айтқанда Аллаһтың өзіне тіл тигузуге  әкелуі мүмкін болғандықтан, бұл іс харам болады.

‘Аиша Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде оған: «Әй, ‘Аиша, егер сенің халқың соншалықты надандыққа (жәхилиетке) жақын болмағанда, мен міндетті түрде Қағбаны бұзуды бұйырар едім, ал кейін оған одан ажыратылған нәрсені қосар едім, және оның есігін жердің деңгейіне дейін түсірер едім, және онда екі: батыс және шығыс есіктерін жасар едім, және оны Ибраһим қалаған іргетастың негізінде қайта көтерер едім», — деп айтқанын баяндаған. Әл-Бухари 1586, Муслим 1333.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл сөздерді Меккені бағындырғаннан кейін, яғни мұсылмандарда күш те, билік те болған кезде айтты, бірақ бұған қарамастан, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), пайда мен зиянды ескеріп, пайдадан көбірек зиян келтіруі мүмкін болған нәрсені істеуден бас тартты.

Сондай-ақ, Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның сахабалары: “Біз не үшін екіжүзділерді өлтірмейміз?!”, — деп сұрағанда, ол: «Сендер сонда адамдар: «Мухаммад өзінің сахабаларын өлтіріп жатыр», — деп айтуларын қалайсыңдар ма?!», — деп жауап берді. Муслим 2584.

Екіжүзділер Аллаһтың дініне кәпірлерден де көбірек зиян тигізетін, бірақ, бұған қарамастан, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларды өлтірудің салдарынан келуі мүмкін болған зиянды ескеріп, оларды өлтіруге тыйым салды!

Пайда мен зиян мәселесі барлық кезде және барлық жерде ескерілуі керек: жиһадта да, күнәлі істерден тыюда да, кәпір болған әмірді құлатуда да, барлық нәрседе!

Имам әл-‘Изз ибн ‘Абду-с-Сәлам былай деді: “Дұшпанға шығын әкелмейтін кәпірлермен кез келген шайқасуды қалдыру қажет, өйткені өмірді қауіпке салу тек дінді ұлықтауға және мүшриктерге шығын алып келуге пайдалы болса ғана рұқсат етіледі.   Егер осылар болмаса, шайқасуды қалдыру міндетті болып табылады, өйткені онда адам жанының бос шығыны, кәпірлерге қуаныш әкелу және мұсылмандар үшін қорлық болады. Және бұл ешбір пайдасы жоқ нағыз зиянға айналады!” Қз.: “Қауа’идуль-ахкам” 1/95.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Бүлікшілердің тобымен соғысу бұйрығы қабілеттіліктің және күштің болуымен шартталады, әрі олармен жүргізілетін соғыс көпқұдайшылармен және кәпірлермен жүргізілетін соғыстан маңыздырақ емес, ал бұл да сондай-ақ қабілеттілілік және күшпен шартталатыны белгілі. Кейде шариғи пайда (кәпірлерге) алым-салық төлеуде де, немесе бітімдесуде де, немесе келісім-шарт жасасуда да болуы мүмкін, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осылайша бірнеше рет істегеніндей. Және егер имам (әмір) күштің бар екенін көріп, бірақ (шайқасудан) пайда  көрмесе, онда оны қалдыру абзалырақ болады! Және кім шайқасу пайдадан көбірек зиян келтіретінін көріп тұрса және бұл шайқас – бүлік (фитна) екенін көріп тұрса, ол әмірге бағынуға міндетті болмайды”. Қз.: “Мәжму’уль-фатауа” 4/442.

Шейх Ибн әл-Қайим былай деді: “Аллаһ Тағала мұсылмандарға Меккеде шайқасуға тыйым салды  және олардың шайқасуы зұлымдыққа сабыр ету қажеттілігінен де үлкен зиянға әкелмеуі үшін, оларға сабыр етуді бұйырды. Және олардың жанын, дінін және ұрпақтарын сақтаудың пайдасы оларға шайқасу алып келетін пайдадан басым еді”. Қз.: “И’ләм әл-мууақи’ин” 2/150.

Қорытынды

Сөйтіп, біз Аллаһ Тағала жиһадты ол Оның құлдарына бұл дүниеде де, Ақыретте де пайда келтіруі үшін әмір еткенін көріп тұрмыз. Ол Ұлы Раббыға жек көрінішті нәрселердің жойылуының және Аллаһ Тағала сүйетін нәрселерге жетудің себебі болуы үшін.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деген: “Жиһадтың шынайы мәні  Аллаһ Тағала жақсы көретін иманнан және игі амалдардан болған нәрселерге қол жеткізуге ұмтылуға, сондай-ақ Аллаһ Тағала жек көретін күпірліктен, бұзықтықтан және мойынсұнбаушылықтан болған нәрселерді тойтаруға күш-жігер жұмсау болып табылады”. Қз.: “Мәжму’уль-фатауа” 10/192.

Имам ән-Найсабури: “Дәлелмен және бірқұдайшылықтың жемістеріне шақырумен жүргізілетін жиһад өзінің нәтижесімен шайқастан жақсы. Сондықтан Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Алиге (Аллаһ оған разы болсын) былай деп айтты: «Ақиқатында, егер Аллаһ сен арқылы бір адамды тура жолға салса, бұл сен үшін үстілерінен күн көтерілетін барлық нәрседен жақсы!» Және қылышпен (жүргізілетін) жиһад оның алдында дәлелмен (жасалатын) жиһад болмағанға дейін көркем болмайды. Өйткені адам – ардақты жаратылыс, сол үшін оны кесірлі сипаттарынан оның өзін сақтай отырып тазарту мүмкін болса, ол оның болмысын жоюдан абзал. 

Өлексенің кейбір нәрселерге жарамды бола алатын терісін шариғат сақтауға қалайша бұйыратынын көрмейсің бе, бұл жөнінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Оның (өлексенің) терісін пайдалану үшін илеу арқылы тазартып алмайсыздар ма?!», — деп айтқанындай».  Қз.: “Тафсир ән-Найсабури” 4/209.

Хафиз әд-Думьяты былай деп айтты: “Жиһад – бұл құрал, бірақ мақсат емес. Ал шайқасудың мақсаты – тура жолға нұсқау және шахидтік өлім. Ал кәпірлерді өлтіруге келер болсақ, бұл өздігінен мақсат болып табылмайды. Ал сондықтан, егер тура жолға дәлел арқылы, жиһадсыз нұсқау мүмкіндігі болса, онда бұл жиһадқа қарағанда дұрысырақ және абзалырақ болып табылады!”  Қз..: “И’анату-т-талибин” 4/181.

Ал соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ!

Дереккөзі: саляф-форум.ру

You may also like...